Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Қыр асып сырласайық)
Санамда сұлу даусың,есте белгің,
Өзің үшін мен бар ма кешпеген мұң.
Жолыға алмай өзіңмен қан жылаған,
Өз жанымды, айтшы сен, ескерер кім?
Ойымда да, түсімде сенің бейнең,
Жыр жолдары өзіңсіз терілмейді ен.
Жанарыңнан, жарқыным, жабырқаған,
Жүрегіме шуақ-нұр төгілгей де ем.
Даусың да сол,менің есімдесің,
Ой-санамды жаулаған не сыр менің.
Өлең жазсам мен саған сағат сайын,
Мерейіңді мен биік өсіргенім.
Қарақат көз, көрікті,қарағым-ау,
Жабырқаған жаныма қара мынау.
Жүрек асық өзіңе жылытқанша,
Оған қалай қыл бұрау саламын-ау.
Сала алмаймын,қажетсіз сала алмаймында,
Жұпсыз аққу,айтшы сен,бар ма айдында.
Көп болды ғой жолығып сырласпадық,
Қиындық бар, қарғам-ау, қандай мұнда.
Келші бүгін кездесіп, сырласайық,
Жүректердің лүпілін тыңдасайық.
Тыңдасайық, жадырап бір жасайық,
Сөйтіп көңіл шаңын бір қағысайық.
Өзің үшін мен бар ма кешпеген мұң.
Жолыға алмай өзіңмен қан жылаған,
Өз жанымды, айтшы сен, ескерер кім?
Ойымда да, түсімде сенің бейнең,
Жыр жолдары өзіңсіз терілмейді ен.
Жанарыңнан, жарқыным, жабырқаған,
Жүрегіме шуақ-нұр төгілгей де ем.
Даусың да сол,менің есімдесің,
Ой-санамды жаулаған не сыр менің.
Өлең жазсам мен саған сағат сайын,
Мерейіңді мен биік өсіргенім.
Қарақат көз, көрікті,қарағым-ау,
Жабырқаған жаныма қара мынау.
Жүрек асық өзіңе жылытқанша,
Оған қалай қыл бұрау саламын-ау.
Сала алмаймын,қажетсіз сала алмаймында,
Жұпсыз аққу,айтшы сен,бар ма айдында.
Көп болды ғой жолығып сырласпадық,
Қиындық бар, қарғам-ау, қандай мұнда.
Келші бүгін кездесіп, сырласайық,
Жүректердің лүпілін тыңдасайық.
Тыңдасайық, жадырап бір жасайық,
Сөйтіп көңіл шаңын бір қағысайық.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзің бе, әсем...)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сенің даусың естілді мені іздеген)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзіңсіз өмір тамұқтай)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзгенің керегі жоқ)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Түсіме кірдің сен бүгін)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзің бе, әсем...)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сенің даусың естілді мені іздеген)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзіңсіз өмір тамұқтай)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзгенің керегі жоқ)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Түсіме кірдің сен бүгін)
Іздеп көріңіз: