Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сен ұқтырдың)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сен ұқтырдың)

Мен бүгін ашулымын ашынғасын,
Ойым жоқ сенен өзге басымда шын.
Мейлі, сен не десең де ... Анық бірақ,
Өзіңді құшып-сүймей басылмасым.

Сен маған жасын болдың көктемдегі,
Қақ жарған жүрегіммен от кеудемді.
Бағым ба, қасіретім бе кезіктірген,
Бұрын соң қиялымда жоқ пендені.

Содан соң күйіп-жанып алауладым,
Ұмыттым ай, күн барын, самал барын.
Әйтеуір, алай-дүлей сол сезімнен,
Жаныма бір тыныштық таба алмадым.

Кезім жоқ сені ойламай көзімді ілген,
Сені аңсап елжіредім, егілдім мен.
Ризамын тағдырыма сен арқылы,
Махаббат деген күшті сезіндірген.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
медеу демеу медеуұлы Сен ұқтырдың өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Сен ұқтырдың

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]