Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өлең жаздым өзіңе)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өлең жаздым өзіңе)

Жан сергіткен өзіңсің,тау самалым,
Жетерлігін, білмеймін қашанға әлім?
Өлең жазып өзіңе барам әлі-ақ,
Қарсы алмасың, белгісіз,қарсы аларың.

Күттің кеше, бәлкім сен бірсікүні,
Менсіз өткен мезі етіп тіршілігің.
Терезесін ашайын көңілімнің,
Шуақ болып жаныма кірші,күнім.

Дедім бе екен, кімге енді ақтарылам,
Сені іздедім қаланың бақтарынан.
Күнде күтіп, күнім-ау, жанарымды,
Өзің келер Оңтүстік жаққа бұрам.

Болғаннан соң қуаныш,сезім де кем,
Мұңды күйдің пернесін безілдетем.
Бақытым да, бағым да, байлығым да,
Біле білсең тек сенің өзіңде екен.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
медеу демеу медеуұлы Өлең жаздым өзіңе өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Өлең жаздым өзіңе

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]