Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Жоғалтып алғандаймын бірдемені)
Телефоны құрғыры үндемеді,
Қуантатын шырылдап күнде мені.
Жұмысым да өнбейді осы күні ,
Жоғалтып алғандаймын бірдемені.
Үндемеді, әйтеуір, үндемеді.
Ұмытып кетті ме екен, мүлде мені?
Сәтті күндер біртіндеп сарғыш тартып,
Ұлғаюда көңілдің мұң желегі.
Тағдыр ма бұл, тұрақсыз, ойнамалы,
Үміттімін бір болар тойдан әлі.
Бір сарынды жырлардан жалықты ма,
Әлде, мүмкін, шынымен ойламады.
Көңілді боп жүрмейді жанның бәрі,
Қуанышты бар тағы, бар мұңдары.
Тілерім тек тыныштық болғай да бұл,
Бұрқап соғар дауылдың алдындағы.
Қуантатын шырылдап күнде мені.
Жұмысым да өнбейді осы күні ,
Жоғалтып алғандаймын бірдемені.
Үндемеді, әйтеуір, үндемеді.
Ұмытып кетті ме екен, мүлде мені?
Сәтті күндер біртіндеп сарғыш тартып,
Ұлғаюда көңілдің мұң желегі.
Тағдыр ма бұл, тұрақсыз, ойнамалы,
Үміттімін бір болар тойдан әлі.
Бір сарынды жырлардан жалықты ма,
Әлде, мүмкін, шынымен ойламады.
Көңілді боп жүрмейді жанның бәрі,
Қуанышты бар тағы, бар мұңдары.
Тілерім тек тыныштық болғай да бұл,
Бұрқап соғар дауылдың алдындағы.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефоны құрғырың үндемеді)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйеді жүрек тек сені)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Қолыңды ұсын)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Қолыңды ұсын)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүймесем сені егер мен)

Іздеп көріңіз: