Мақал-мәтелдер

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Мағынасы бар мақал-мәтелдер мында

Мақал-мәтел: Шындық, ақиқат

Шындық - сегіз, бақыт - егіз.

Шындық қамал бұзар.
Шындық - бір сөз, өтірік - мың сөз.
Шындық жоқ жерде сұмдық көп.
Шындық бар жерде,
Өтірік байқап жүреді.
Шындық жоқ жерде
Шіреніп, шайқап жүреді.
Шынға жерік - сырға берік.
Шындықтың шырағы сөнбейді.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Қазақша мақал - мәтел: Бала

Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.

Балажанды биелер құлындарын теппейді,
Балажанды адамды бала айналып кетпейді.
Мақал-мәтелдер
Толық
116 -67

Қазақша мақал - мәтел: Бақыт, Бақ

Қолыңда жарың болса,
Қараңғылық қашады;
Даналық көзіңді ашса,
Бақытсыздық қашады.

Ақыл қонбаған жігітке,
Бақыт та қонбайды.

Бақ келді деп таспа,
Жау келді деп саспа.

Батыр - ортақ, бақ- жалқы.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0