Қазақша мақал - мәтел: Көпшіл қауым
Көп түкірсе, көл болады,
Көп біріксе, ел болады.
Көп біріксе, ел болады.
Көп қорқытады, терең батырады.
Көп ісінде береке.
Көп алғыс көгертер.
Көп - дәнекер, көлді де бекітер.
Көп қараса, жоқ табылар.
Көп тепкен жерден көл шығады.
Көп күлкісі Күннен де жылы.
Көп ішінде жоқ болсаң,
Мін тағылар басыңа.
Мін тағылар басыңа.
Көп ауызы - зеңбірек.
Көп жүрген жер көңілді.
Көп Құдайдан бір жасы кіші.
Көп білсең де, көптен артық білмейсің.
Көптен жау құтылмас.
Көптен қоян құтылмас.
Көпке топырақ шашпа,
Көмусіз қаласың.
Көмусіз қаласың.
Көптің қолы көкке жетеді.
Көпті сөккен көгермес.
Көк толқыса, жер құлайды,
Көп толқыса, хан құлайды.
Көп толқыса, хан құлайды.
Көптік қайда болса, тоқтық сонда.
Көпті жамандаған көмусіз қалады.
Көпті жамандаған көмусіз қалады.
Көп ауыз сөйлесе,
Бір ауыз жым болады.
Көп дауыс қосылса,
Бір дауысты жоқ қылады.
Бір ауыз жым болады.
Көп дауыс қосылса,
Бір дауысты жоқ қылады.
Көпке күл шашпа.
Көптің көзі көреген, қолы береген.
Көпті жылатқан көп жүрмес.
Көп қаласа, көк тоқтыңды сойып бер.
Көптің аузы темір талқы.
Көптің қолы ұзын.
Көптен қулық артылмас.
Көзсіз күнелтсең де,
Көпсіз күнелте алмайсың.
Көпсіз күнелте алмайсың.
Шөп болса да, көп болсын.
Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір.
Көптің батасы бір.
Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.
Көптің қазаншысы бол.
Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол.
Аздың атасы бір, көптің көрі басқа.
Екінің бірі - егіздің сыңары.
Екеу - біреудің құдайы.
Екеуге иық көрсеткен біреу - өзінің соры,
Біреуге иық көрсеткен екеу - елінің соры.
Біреуге иық көрсеткен екеу - елінің соры.
Көптескен жау қашырады,
Көмектескен қонақ аттандырады.
Көмектескен қонақ аттандырады.
Жалғыздың өзі - сығай,
Екеудің бірі - жұбай,
Үшеудің бірі - шарана,
Төртеудің бірі - қаймана.
Екеудің бірі - жұбай,
Үшеудің бірі - шарана,
Төртеудің бірі - қаймана.
Дәрі — шөптен, ақыл - көптен.
Көптің мүлкін көргенсіз бөледі.
Жақыны көп жасқанбайды.
Үйде кісі көп болса, далада кісі тимейді.
Бұлтқа қарама, жұртқа қара.
Бірмен сырлас, мыңмен кеңес.
Жалғыз жүріп жол тапқанша,
Көппен жүріп адас.
Көппен жүріп адас.
Кепшіліктен береке кетпес,
Берекелі жерден мереке кетпес.
Берекелі жерден мереке кетпес.
Сайда саны көптің
Қырда жаны көп.
Қырда жаны көп.
Жалғыздың жағы жоғалса табылмайды,
Көптің оғы жоғалса да табылады.
Көптің оғы жоғалса да табылады.
Жақ-жақ жүргенше, тақ-тақ жүр.
Көргенді көпті жеңеді.
Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол көптен тіле.
Бірлігі мол көптен тіле.
Борай-борай қар жауса,
Бұл боран атты өлтірер.
Бұл боран атты өлтірер.
Аз кісіні көп кісі,
Бір сәтіне келтірер.
Бір сәтіне келтірер.
Құдайға жазсаң да, көпке жазба.
Көп аз қылған зорлығын айтады,
Аз көп көрген қорлығын айтады.
Аз көп көрген қорлығын айтады.
Көн құрысса, қалыбына барады,
Көпке түскен іс анығына барады.
Көпке түскен іс анығына барады.
Күлтөбеде күнде жиын.
Көтермен болса жұрт жаман.
Кептің ауызы дуалы.
Көгі көмектескен күрмекпен су ішеді.
Көп құмырсқа жабылса, түйені де өлтіреді.
Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген желдей.
Көшіп жүрген желдей.
Toп көрмеген,
Топта озбаған қорғаншақ.
Топта озбаған қорғаншақ.
Жұртымның жұртында қалайын.
Айырылма, жұртым, үйіріңнен
Айырылсаң үйіріңнен,
Қолың кетпес бүйіріңнен.
Айырылсаң үйіріңнен,
Қолың кетпес бүйіріңнен.
Көпті сөкпе, асты төкпе.
Көпке қорлық жүрмейді.
Жалғыздың ісі оңалмас.
Көптің ісі жоғалмас.
Көп талқысы - аққан сел.
Өзегің талса, өзен жағала,
Басыңа іс түссе, көпті сағала.
Басыңа іс түссе, көпті сағала.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: