Қазақша мақал - мәтел: Өсиет

Қазақша мақал - мәтел:  Өсиет

Көп тыңда, аз сөйле.

Көрпеңе қарай көсіл.

Жаманға жалынба, адамға табынба.

Жат үйінде жатық бол.

Бүлінгеннен бүлдіргі алма.

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Әдепті әдепсізден үйрен.

Сақылардан сұлтан ал,
Құтпан жалдан ұлтан ал,
Пат құндыздан ұлпан ал.

Кекшіл болма, епшіл бол.

Досым көп деп мақтанба,
Малым көп деп мақтанба,
Білгішсініп сұқтанба,
Бәріңнен де зор бар.

Болған іске болаттай бол.

Атлас кисең, бөзіңді ұмытпа.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Қайратың жетпесе, амалына бақ.

Кесірлімен керіспе,
Керме иықпен егеспе.


Кіреріңде шығарыңды да ойла.

Жаманмен егескенше, жақсымен кеңес.

Отты жалынмен сөндірмейді.

Толмасқа құйма, тоймасқа берме.

Жарамды киім тапсаң, жалаңашқа жап.
Байыдым деме,
Кедейлік басыңа жетер.

Жетістім деме,
Қара жер түбіңе жетер.
Жақсыны мақта,
Нашарды жақта,
Бұққанды теппе,
Жақынды сөкпе.

Өз айыбыңды өзгеден көрме,
Кісі айыбын көздеме.

Нәрсенің сыртына қызықпа,
Асылы ішінде болар.
Жүрсең саяқ, жерсің таяқ.
Жылы орныңды суытпа.
Малды теппе, ақты төкпе.
Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтыдағы атанды жық.

Жоғарыласаң аспа,
Төмендесең саспа.
Жақынды жаралама,
Алысты қаралама.
Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа.

Жақсылық қылсаң - өзіңе,
Жамандық қылсаң - өзіңе,
Аспанға қарап оқ атсаң,
Қайтып тиер өзіңе.

Жастың жолын кеспе.

Тойсаң тоба қыл.

Әліптің артын бақ.

Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

Жанжалдың шоғы қызарса,
Ақылдың суын сеп.
Желмен жарыспа,
Көлеңкеңді қума.


Оқ жетпес жерге қылыш суырма.

Етігіңді шешпей суға түспе.

Пысық болам деп пұшық болма.

Әуелі көпке сал, ұнамаса, қайтып ал.

Біреудің қолымен от көсеме.Орташа болсаң, ақыңды ешкім жемес.

Өзі сөнейін деп тұрған отқа су бүрікпе.

Жақыннан қарасаң да,
Алысты байқа.
Көргенсіз дегенге қорланба,
Тексіз дегенге қорлан.

Әкеңнің қадірін әке болғанда білерсің,
Жастықтың қадірін қартайғанда білерсің,
Жақсының қадірін жамандық көріп білерсің.

Аманат, аманатқа қылма қиянат.
Пышағыңды мұқалтпа,
Не кеспесті біліпсің?

Сырын білмей сыр айтпа,
Не деспесті біліпсің?

Біреуге ор қазба,
Қазсаң терең қаз,
Өзің түсуіңе жақсы.

Буынсыз жерге пышақ ұрма.

Асусыз болса, таудан без,
Пайдасыз болса, байдан без,
Панасыз болса, сайдан без.

Өткен іске өкінбе,
Жетпесті қума.
Арың сөйлеп, семіз шық.

Есіктен орын тапсаң, төрге озба.


Есіктен кіріп «төр менікі» деме,
Ылдидан келіп «өр менікі» деме.

Бар болсаң «жоқпын» деме,
Жоқ болсаң «тоқпын» деме.

Парақордың тобасына сенбе,
Айлакердің көз жасына сенбе.

Бармын деп тасыма,
Жоқпын деп жасыма.

Бармын деп мақтанба,
Жоқпын деп қорланба.

Айтпас жерде аузыңды тый,
Қышынбас жерде қолыңды тый.

Тас лақтырғанға ас лақтыр.

Таспен атқанды аспен ат.
Жалғаймын деп үзіп алма,
Түзеймін деп бұзып алма.

Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.

Битке өкпелеп тоныңды отқа жақпа.
Көргенсізбен құрдас болма,
Опасызбен сырлас болма.

Алты жыл аш болсаң да,
Ата салтын ұмытпа.

Киім пішсең, кең піш,
Тарылтуы оңай.
Темір кессең, қысқа кес,
Ұзартуы оңай.

Қож басқанша қоз бас.
Бойың қысқа болса, түйеге мін,
Бойың ұзын болса, есекке мін.

Түстік өмірің болса,
Күндік дүние жина.

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес,
Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.


Боларыңда болып өт,
Бозжорғадай желіп өт.

Кісінің үлкені де бол,
Кішінің тілін де ал.

Ақсаң, селдей бол,
Ессең, желдей бол.

Алтын алма, алғыс ал,
Алғыс алтын емес пе.

Қараңғыда қалтырағанша,
Жарықта жалтыра.

От жақпа - пісерсің,
Ор қазба - түсерсің.

Қазақбайдың ұлы болғанша,
Халықбайдың құлы бол.
Алғыға қарап пікір ет,
Соңғыға қарап шүкір ет.

Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың.

Шалқайғанға шалқай,
Төбең көкке жеткенше.

Иілгенге иіл,
Басың жерге тигенше.
Шалқайғанға шалқай,
Ол Пайғамбардың ұлы емес.

Еңкейгенге еңкей,
Ол әкеңнің құлы емес.

Алтын тон кисең,
Атаңды ұмытпа,
Орманға барсаң,
Балтаңды ұмытпа.
Көшсең, апаттан құтыласың,
Қашсаң,.жаудан құтыласың.

Әкімге ісің түспесін.

Тым биік болма,
Құлап сүйегің сынады.

Тым аласа болма,
Төбеңе әркім шығады.
У ішсең де уытын тауып іш.

Өзіңді сөзіңмен кем көрсетпе.

Жаман ініге аға болма.

Ақырын жүріп, анық бас.
Асып қарама, басып қара.

Бал тәтті екен деп,
Бармағыңды жұтып қойма.

Жоқтау айтқанға тоқтау айт,
Қайғысын қозғама,Қайратын қолда.

Әкімнің көзінде болма,
Көңілінде бол.

Айланы алысқа құр,
Пайданы жақынға қыл.

Жамандықты ұмыт,
Жақсылыққа ұмтыл.

Өткеннің жақсылығы - тағылым,
Жаманы - сабақ.

Асқақтасаң, асқаққа асыларсың,
Бәсең болсаң, бәйгеге қосыларсың.

Жаманмен егес, жақсымен кеңес.

Шықсаң белге, көзің сал елге.
Жылағанды сұрама,
Күлгенді сұра.
Жылағанның мұңы бар,
Күлгеннің сыры бар.
Тәнің таза болғанша,
Жаның таза болсын.
Малсыз деп ерден түңілме,
Ерсіз деп елден түңілме,
Елсіз деп жерден түңілме.

Тоз болып иілгенше,
Шорт етіп сынған артық.
Дүние жинап не етерсің,
Бір күн тастап кетерсің.

Білек болмай, тілек болмас.

Тал шағында бүкпесең,
Таяқ шағында иілмес.
Көрмесең, білмесең - сарт боласың,
Бармасаң, келмесең - жат боласың.


Жорғалымен жолдас болма,
Атақтымен ойнас болма.

Елден бұрын елпеңдеме.

Айқайға «аттан» қоспа.
Өзі жарымағаннан сарқыт дәметпе.

Жорықта алдыңа,
Жолда артыңа қара.

Үлкеннің жолын кеспе,
Көрінбей қаласың.
Кішінің жолын кеспе,
Көмусіз қаласың.

Боларыңда болып өт,
Бозжорғадай желіп өт.

Болмасыңды білген соң,
Болатын ердің қосын жек.

Ерегесте ентігіп,
Ел алдына түспе.

Ұстамын деп жең түріп,
Үлгісіз тон пішпе.Бір нәрсені ұмыт - біреуге жасаған жақсылығыңды.

Бір нәрсені ұмытпа - біреуден көрген жақсылығыңды.

Жықсаң да, жығылсаң да,
Алысқаның арыстан болсын.

Таудың жолына түспе,
Жаудың қолына түспе.

Айдауылдың алдына түспе,
Аламанның талауына түспе.

Тегі жаманды тең көрме,
Төріңе шығады.

Тілеуі жаманды ес көрме,
Төбеңе шығады.

Отқа түссең, шайдай бол,
Пышаққа түссең, қойдай бол.

Тебегеннен теріс жүр.
Бақ келсе аспа,
Сыр келсе саспа.

Сыйлағанды сыйла,
Илегенді иле.
Аяқты шалма, қапы қалма.
Жапа қылғанға опа қыл.
Жарысқа түспе,
Атың ариды, тоның тозады.
Ұлыстың ұлы күні алдыңа келсе,
Атаңның құнын кеш.

Кекірейген кердеңнен қаш.
Жоғалғанды жоқтама,
Жоққа өкінбе.
Жылағанды жуат, жығылғанды тұрғыз.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет,
Өзің болғанша,
Болғанның атын ертте,
Болсаң, аударып тастап кетпе.

Қару алсаң, мылтық ал,
Жаяу жүрсең-таяғың,
Қарның ашса - тамағың.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өсиет туралы мақалдар, осиет туралы макал мател, пословицы на казахском языке о наставления, пословицы на казахском языке о завете, өсиет, мақал, осиет, макал мател

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]