Қазақша мақал - мәтел: Өтірік
Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ.
Өтірік өрге баспайды.
Өтірікші мен өсекші егіз.
Өтірік айтқан жерде көп тұрма.
Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді.
Өтіріктің құйрығы бір тұтам.
Өтірікші алдымен өзін алдар.
Өтірікшінің куәсі қасында.
Өтірікшінің сөзіне нанба, қисынына нан.
Өтірікші уәдешіл.
Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салатын.
Отқа сүйреп салатын.
Өтірікші бел асырғанмен ел асырмайды.
Өтірікші өлген кісіні куә етеді.
Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке ізіңмен барады.
Кешке ізіңмен барады.
Екі суайт бірін-бірі иландыра алмайды.
Дерексіз сөз нанымсыз.
Ер өтірік айтпайды, ез өтірік айтады.
Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.
Өтірікті шындай,
Шынды Құдай ұрғандай етіп айтады.
Шынды Құдай ұрғандай етіп айтады.
Сор сараңнан, өтірік арамнан шығады.
Күмән иманнан айырар.
Қастағы сызу көзді алдайды.
Көз көрмесе, сөз құлақты алдайды.
Екі рас бір өтірікке желім болады,
Екі өтірік бір расқа ірің болады.
Екі өтірік бір расқа ірің болады.
Кішіні алдап үйренген,
Үлкенге де ауыз салады.
Үлкенге де ауыз салады.
Алдау бар жерде ақиқат жоқ.
Өтірікшіні сөзінен емес, көзінен таны.
Көргені жаман көпті алдар.
Уәде күпті.
Оңай сенген оңай өледі.
Өтірік - ұят, шындық - зият.
Көп жүргеннің сирағы көрінер.
Алдау - зұлымдық, алдану - аңғырттық.
Екі өтірік бір антпен тең.
Өтірік түбі - шын, бақсы түбі - жын.
Жоқты бардай, ақсақты тыңдай етеді.
Жатқа сыр айтпа, өзің өтірік айтпа.
Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенін қайтесің?
Адамды алдау - арыңның алдында күнә,
Ағаны алдау - ананың алдында күнә.
Ағаны алдау - ананың алдында күнә.
Мақтаншақтың өтірік айтқызады,
Өтірік көңіл қайтқызады.
Өтірік көңіл қайтқызады.
Өтірік айтып пайда тапсаң,
Ақырында залал табарсың.
Ақырында залал табарсың.
Рас айтып залал тапсаң,
Ақырында пайда табарсың.
Ақырында пайда табарсың.
Шындыңты қолдау - абырой,
Жалғанды қолдау - масқара.
Жалғанды қолдау - масқара.
Айт, арапада өтірік сөйлегеннің
Намаз күні жүзі қара.
Намаз күні жүзі қара.
Кесек-кесек дау, жанжал,
Кері кеткеннің ауылында.
Кері кеткеннің ауылында.
Кесек-кесек өтірік,
Кері кеткеннің ауызында.
Кері кеткеннің ауызында.
Құрыққа сырық жалғайды.
Екі шын сөзге бір жалған сөз қосса,
Жұнтиып тұрар.
Бір шын сөзге екі жалған сөз қосса,
Бұлтиып тұрар.
Жұнтиып тұрар.
Бір шын сөзге екі жалған сөз қосса,
Бұлтиып тұрар.
Өткір пышақ қынға қас,
Өтірік сөз жанға қас.
Өтірік сөз жанға қас.
Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа шынықты айтпа.
Дұшпаныңа шынықты айтпа.
Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді шын табар.
Өтірік сөзді шын табар.
Анығын айту - адалдық,
Ала сөйлеу - арамдық.
Ала сөйлеу - арамдық.
Адам құрсақтан арымайды,
Құлақтан ариды.
Құлақтан ариды.
Өтірікшінің сөзі өрге баспас.
Өтірікші - Құдайдың дұшпаны.
Бекерден Тәңірім безер.
Өтірікші түске дейін өзіне де сенбейді.
Өтіріктің адымы қысқа.
Өтірік ырысты байлайды.
Өтіріктің алды - мұз, арты - ор.
Өтірік шындықтың қасына түнейді
Бір Тәңірде ғана жалған жоқ.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: