Мақал - мәтел: Туған жер, отан, ел

Мақал - мәтел: Туған жер, отан, ел

Туған жердің ауасы да шипа,
Туған жердің жуасы да тәтті.

Туған жердің тасы да таныс

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық

Туған жердің түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да дәрі

Туған жердің жуcаны жұпар

Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.

Туған жерге туың тік.

Туған елдің түтіні күйесіз.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Кімнің жерін жерленсең,
Соның жырын жырларсың.

Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне

Жақсы жігіт жер шолып,
Ақыр түбі айналар.

Жеріңнен аусаң, жақсы атыңды қалдыр

Бөтен жердің гүлініен
Туған жердің тікені артық

Барар жерің балқан тау,
Ол да біздің барған тау.

Әркімнің өз жері — жұмақ.

Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.

Туған жер алтын бесік

Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Атамекен — анаң екен,
Қысылғанда панаң екен.

Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.

Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Ата қоныс — алтын мекен.

Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.

Атамекен туған жер:
кір-қоңыңды жуған жер,
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.

Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.

Әркімнің өз жері — ұжмақ.

"Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз,
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз".

Бақа батпағына, балық көліне.


Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.

Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.

Дарақ бір жерден көгереді.

Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала каз көлін мақтайды.
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихан жерін мақтайды.

Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.

Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.

Жат жерде жаның қиналса —
ел қадірін білерсің.
Жұтым суға зар болсаң —
көл қадірін білерсің.

Жат жердің қаршығасынан,
өз жеріңнің қарғасы артық.

Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.

Ит екеш ит те туған жерін аңсайды.

Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.

Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.

Кісі елінде сұлтан болғанша,өз елінде ұлтан бол.

Мал екеш мал да от жеп, су ішкен жеріне тартады.

Өз інінде көртышқан да батыр.

Пәлен жерде пайда бар,
өз жеріңдей қайда бар?

Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.

Туған елдің тезегі де дәрі.

Туған елің болмаса,
Тумай-ақ қойсын күн мен ай.

Туған жерге туың тік.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

Туған жердің тасы да болысады.

Туған жердің торғайы да сүйкімді.

Туған жердің торғайы: тұрымтайдай көрінер,
құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.

Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі.

Туған жер — тұғырың,
Туған ел — Қыдырың.

Ұлтарақтай болса да
ата қоныс — жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
туып-өскен ел қымбат.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша Мақал - Мәтел: Туған жер, Қазақша Мақал - Мәтел, Туған жер казакша макал мател, пословицы на казахском языке, туган жер туралы макал мателдер, туған жер туралы мақал мәтелдер, пословицы на казахском о родной земле, пословицы на казахском о родине

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]