Қазақша мақал - мәтел: Жалқаулық, еріншектік

Қазақша мақал - мәтел: Жалқаулық, еріншектік

Жалқау - өзіне жау.

Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.

Жалқау асын жатып ішеді,
Қарызға батып ішеді.

Жалқауға сөз, шабанға қамшы өтпейді.

Жалқаулық - жаман ауру.

Жалқауға от басы - айшылық жол.

Жалқауға күнде той.

Жалқаудың соры - байлығы.

Жалқаудың жауы - жұмыс.

Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады.


Жалқауға дәулет орнына ұйқы береді,
Жаманға ақыл орнына күлкі береді.

Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.

Жалқау көп ұйықтайды, іс жақпайды,
Жұмыс тапсырса, мойынсұнбай қылжақтайды.

Ұйықтаған ұйқы алады,
Ұйықтамаған жылқы алады,
Еріншек дүниеден құр қалады.

Қорқаққа пана болмас қалың тоғай,
Жалқауға бүгінгіден ертең оңай.

Еріншекке есік асу,
Жалқауға бұлт жүк.

Тұр, тұрдан хабар келсе,
Ұйқыдан маза кетеді.

Жалқау кісі - жарым кісі.

Ұйқышыл жастық таңдамайды.

Еріншек дүниеден құр қалады.


Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,
Жалқау ұйқыдан қирап тұрады.

Еріншекке табалдырық та асу.

Жалқау қатынның төсегі жиылмас.

Екі желеу, бір сылтау.

Диқан нанын жейді,
Жалқау арын жейді.

Ісі жоқтың асы жоқ.

Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқау абырой кетірер.

Еріншек егіншіден,
Елгезек масақшы артық.

Омырауына отын жарсаң да оянбас.

Жаманға жан жуымас,
Жалқауға мал жуымас.


Жантайып ішкен жақсы екен, жатып ішер ас болса.

Жан жоламас жатқанға,
Жөргем ілінер жүргенге.

Еріншекке күнде ертең.

Еріншектің ертеңі көп,
Жеңілтектің селтеңі көп.

Еріншектің ертеңі таусылмас.

Ертеңі көбейген істе береке болмайды.

Еріншекке жоқ сылтау.

Еріншек түске дейін ұйықтайды,
Кешке дейін есінейді.

Еріншектің қолы жетпейді,
Үлгісіз нұсқа бітпейді.

Жалқау тек жатар,
Бастан ырысы қашар.


Еріншектің ісі екі.

Су түбінде ақбалық,
Аузыма сал балық.

Жалшыға да малшы керек.

Отыр көтенім он ай.

Түн кезе берген,
Түбінде шайтанға жолығады.

Еріншек екі істер,
Ақыры бармағын тістер.

Әлсіз ат - сүріншек,
Ақымақ адам - еріншек.

Ерінбеген емер,
Қажымаған жеңер.

Тілде бар да, істе жоқ.

Ас ішіп, аяқ босатар.


Сыныққа сылтау іздейді.

Жауырды жаба тоқиды.

Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүреді.

Күмісбике күнде ауру.

Істемеген тістемейді.

Жүрсең мандырсың,
Жатсаң қалғырсың.

Екі себеп, бір сылтау.

Аты - бал, ісі - сал.

Қарап отырғанша сағыз шайна.

Сылбырдың сылтауы таусылмаиды.


Жортқан озар, жатқан тозар.

Шапқан озар, жатқан қалар.

Шуда жіптей созылған.

Аш ішектей шұбатылған.

Ит семірсе, керіледі.

Надан семірсе, ерінеді.

Айдабол, ас ішкенде пайда бол.

Айдапсалдан аз өлер.
Көресалдан көп өлер.

Таздың шашы өспес,
Айдапсалдың малы өспес.

Сен салар да, мен салар,
Атқа жемді кім салар?


Қақпай жатып қоңырауы сылдырлайды.

Жан аяр жау жеңе алмас,
Еріншек егін еге алмас.

Саудың асын ішіп,
Аурудың ісін істейді.[/quote]
Бағайын десе малы,
Ауырайын десе ауруы жоқ.

Қаңбақтан қашсаң дөңбекке.

Мойынға байланған кәрі жілік.

Аз жұмысты қиынсынсаң,
Көп жұмысқа тап боларсың.

Жабайы шөп егінді аздырар,
Еріншектік ерді аздырар.

Байы өлген қатын келіншек болады,
Кедей болар жігіт еріншек болады.

Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.

Жүріп шаршаған тұрып тынығады,
Тұрып шаршаған отырып тынығады,
Отырып шаршаған қалай тынығады?


Күркіреуі бар да, жауары жоқ.

Алма піс, аузыма түс.

Тоғышардың ту қойы қысыр қалады.

Шошқа тағаладың ба?
[quote]Жалқаудың арбасы зар жылайды.

Кері кеткен кеусен сұрауға да ерінеді.

Ауруда алғау жаман,
Адамда жалқау жаман.

Күн жауғанда қойнында,
Күн ашықта мойнында.

Жалқаулықтан кісі өлмейді,
Кісі өлмегенмен ісі өнбейді.

Ерінбеген арыстанның аузындағыны алады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пословицы на казахском про лень, жалқаулық туралы мақал мәтелдер, макал мателдер жалқаулық туралы, жалкаулык туралы макал, жалкау туралы макалдар, ериншектик макалдар, еріншектік туралы мақал мәтелдер, еріншек жалқау туралы мақал мәтелдер, жалқаулық, еріншектік, мақал

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]