Мақал - мәтел: Антоним, Синоним, Омоним

Мақал - мәтел: Антоним, Синоним, Омоним

Жаман сөз жылатады, Жақсы сөз жұбатады.

Білімді – алтын көзі ашылатын, Надан жан – қара бақыр шашылатын.

Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл.

Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады.
(Сәйф Сарайи)

Дұшпанға тастай қатты бол, Досыңа балдай тәтті бол.

Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады.

Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.

Әдепті бала -арлы бала
Әдепсіз бала -сорлы бала

Көз қорқақ-қол батыр.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Өз елім-өлең төсегім.

Ер - намыс құлы.

Ер қаруы бес қару.

Күш атасын танымас.

Ата қоныс алтын мекен.

Аққуды атпа, Досыңды сатпа

Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіртіп айтады.

Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.

Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Баланың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.

Ащы мен тұщыны татқан білер,
Жақын мен алысты жортқан білер.

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Жаман сөз – жанға кірген тікен,
Жақсы сөз – таптырмайтын ем.

Жақсы адам тауып айтады,
Жаман адам итше қауіп айтады
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
синоним туралы макал мател, Синоним бар макал мәтелдер, синоним туралы мақал мәтелдер, мақал мәтелдер синоним, синоним бар макал мателдер, омонимы бар мақал мәтелдер, антоним сөздері бар мақал-мәтелдер, пословицы на казахском языке с омонимами, пословицы на казахском языке с антонимами, пословицы на казахском языке с синонимами, макал мателдер омоним, макал мателдер синоним бар, макал мателдер омоним бар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]