Қазақша мақал - мәтел: Ауру, дерт, кесел, науқас, сырқат, індет

Қазақша мақал - мәтел: Ауру, дерт, кесел, науқас, сырқат, індет

Ауру кірді - әлек кірді.

Аурудың да атасы бар.

Ауру - астан.

Ауру - өлімнің алғашқы елшісі.

Ауру - өлімнің түрткісі.

Ауырған азап шегеді.

Ауру қадірін сау білмес.

Ауру желмен кіріп, термен шығады.

Ауру жан иесіне тәтті.

Ауру атанды да жығады.

Ауру өсиеті ізгілік болар.

Азған денеге ауру үйір.

Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі.

Ауырып тұрдым - аунап тұрдым.

Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.

Ішкі дерт сыртқа шықпай қоймайды.

Ауырған кісіге бал да ащы.

Жөргекте жабысқан ауру өлмей қалмас.

Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

Көзі ауырған Күнді көрмейді.

Асқынған ауру насырға шабады.

Сынықтан өзге аурудың бәрі жұғады.

Ауру жүйкені бұзады,
Жүйке ұйқыны бұзады.

Ауруды елемеген өлер,
Дауды елемеген төлер.

Ауырса кім азбайды,
Жарлы болса кім тозбайды?

Біреудің көзілдірігін киген өз көзін бүлдіреді.

Ауру - азығымен.

Ауруды жасырма, әшкере қылады,
Өлімді жасырма, масқара қылады.

Қай жерің ауырса, жаның со жерде.

Мешелден жөтел кетпейді.

Бас ауырса, жан қорқар.

Іші кеткеннің арты білер.

Көкірек ауру күнде өлер.

Тұмаудың түбі - құрт,
Тұманның түбі - жұт.


Күнің тұман болсын,
Ауруың тұ.мау болсын.

Елемеген ауру жаман,
Ескермеген дау жаман.

Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.

Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.

Қайталаған дерт жаман,
Қайта бұзылған серт жаман.

Ауру шықпаған жаннан дәмелі,
Жалқау бітпеген малдан дәмелі.

Дос-жаран ауырып қалғанда,
Елемей селсоқ жүрерсің.

Әлекке ауру салғанда,
Қадірін жанның білерсің.

Шықпа, жаным, шықпа.

Аурудың зардабын ауру баққан біледі.

Арық семіреді,
Ауру жазылады.

Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады.

Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.

Қырын алған қырқында таз болады.

Сынық арба көп көшер.

Бас ауырып, балтыр сыздар.

Кейде тән ауырмаса да, жан ауырады.

Қисық көз қыли,
Дәл ортасын көре алмайды.

Қулық та дерт.

Арамдықты адалдық жеңеді,
Жамандықты амандық жеңеді.

Сәтін салған ауруға не болса сол ем.

Аурудың емі - саудың сәлемі.

Ауруға емші көп.

Сұрап алған аурудың емі табылмас.

Тер шықпаған аурудан дерт шықпайды.

Емнің алды - еңбек.

Демі бардың емі бар.

Бақсыға ауруды қаратсаң,
«Пақыр, - дейді,
Қара ешкінің өкпесімен қақтыр», - дейді.

Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

Ауруды өткізіп алсаң, тәуіпке өкпелеме.

Емнен жаман жазыла бастаса,
Жақсылығыңды ұмыта бастайды.

Науқастың беті бері қараса,
Шақыртпай тәуіптің өзі келеді.

Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы жақсыға барады.

Сабырсыз бақсы жолда отырып бал ашады.


Ауру азайса, тәуіп ауырады.

Тәуіптің жақсысы,
Ауруға ауру қоспағаны.

Тәуіптік таздың қолынан келсе,
Алдымен өз басын емдер еді.

Өз қотырын өзі қасиды.

Лұқпанның өз емі өзіне қонбайды.

Кепшіксіз бақсы болмас.

Бақсының емі өзіне қонбайды.

Иесіз ауруды жалғыз бақсы бағады.

Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый.

Ебептен - себеп,
Балшықтан - мұрат.

Көнені керек етпесең,
Жаңа табылмайды,
Байлауды керек етпесең,
Жара жазылмайды.

Ақсақтық ақырын бақ.

Атың жоқ болса, аяғыңа мін,
Аяғың жоқ болса, таяғыңа мін.

Сақау алыстан сайрамаса,
Үйіне жеткенше дауысы шыңпайды.

Тегін кісі таз бола ма?

Тақырбас тазды күндейді.

Тақырбастан тарақ сұрама.

Таз тазға күлер.

Таздың барар жері - бөрікші.

Таздан тарақ сұрама.

Таз басқа қайызғақ тұрмайды.

Таздың басынан емге бит таппассың.

Таз әңгі, соқыр мәңгі.

Таз ашуын тырнаумен алады.

Жартаста шөп болмайды,
Айнатазда шаш болмайды.

Тазша бір іс істейді,
Құдай оны қолдаса.

Ойдағы таз аз ба еді,
Қырдағы тазды мұнда әкеп?

Әжептеуір ән еді,
Пұшық мұрын бүлдірді.

Пұшыққа айна ұсынсаң, ашуландырасың.

Кемтар керілмейді, мал-дүниеге берілмейді.

Жақсы таз басын жасырмайды,
Жақсы қатын асын жасырмайды.

Арқаланылған ақсақ соқырды жолға салады.

Аяғы үлкен сыйғанын киеді,
Аяғы кіші сүйгенін киеді.

Ақсақтың аяғы жетпесе де, таяғы жетеді.

Қара көзден нұр кетсе,
Жарық күнің түн болар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ауру туралы мақал-мәтелдер, дерт туралы мақал-мәтелдер, кесел туралы мақал-мәтелдер, науқас туралы мақал-мәтелдер, сырқат туралы мақал-мәтелдер, індет туралы мақал-мәтелдер, ауру туралы макал-мателдер казакша, дерт туралы макал-мателдер казакша, кесел туралы макал-мателдер казакша, наукас туралы макал-мателдер казакша, сыркат туралы макал-мателдер казакша, индет туралы макал-мателдер казакша, пословицы на казахском языке про болезнь боль, пословицы на казахском языке о заболевание, Ауру туралы, мақал-мәтелдер, Ауру, дерт, науқас, кесел, сырқат, індет, макал-мателдер казакша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]