Сыйластық туралы мақал-мәтелдер жиынтығы

Сыйластық туралы мақал-мәтелдер жиынтығы

«Сіз» дегеннен не кетеді,
«Сен» дегеннен не бітеді?
Мың «сіз, бізден» бір шыж-быж артық.
Сыйласқанның итіне кет дегенің,
Өзіне кет дегенің.

Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
Әркім сыйлағанның құлы.
Жақсы сөзіңді сыйлар.

Жақсы - сыйлағанының құлы,
Жаман - қорыққанының құлы.
Тіріде сыйласпаған өлгенде жыласпайды.
Ел сыйлаған есікте отырмас.

Таныған жерде бай сыйлы,
Танымаған жерде тон сыйлы.

Жаман қорыққанын сыйлайды.
Жақсыны сыйласаң, есіңнен кетпейді,
Жаманды сыйласаң, есігіңнен кетпейді.

Екі кісі сыйласса,
Бір кісіге орын бар.

Сәлеміне қарай жауабы.

«Қарағым» деген жылы сөз,
Тон болып тәнді жылытпаса да, жанды жылытады.

Қиналып сұрағанға берсең,
Өзіңді сыйлағаның;
Әншейін сұрағанға берсең,
Өзіңді қорлағаның.

Ізеттінің інісі көп.

Үлкенді сыйлау - кісілік.

Сый - жеңгендікі, сөз - тергендікі.

Ерді асы үшін сыйлама,
Басы үшін сыйла.

Сынасуға жараған сыйласуға да жарайды.

Қызығын көрмеген малдан не пайда,
Сыйласып жүрмеген жаннан не пайда?

Танымас, танымасын сыйламас.

Бір күн дәм-тұзын татқанға қырық күн сәлем.

Сәлемнің де сәті бар.

Қырандарын қинаған,
Даласын да сыйламас.
Ұландарын қинаған,
Данасын да сыйламас.

Өзіңді өзің сыйламасаң,
Өзгеден сый күтпе.

Елді сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның.
Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды;
Кішіні сен сыйласаң,
Кісі сені сыйлайды.

Туғаныңмен сыйласпасаң,
Кең дүниеге сыймассың.

Жақыныңды жаттай сыйла,
Жат жанынан түңілсін.
Ауыл сыйласа, сен де сыйла,
Әкеңнен қалған құл емес.
Ауыл сыйламаса, сен де сыйлама,
Ол патшаның ұлы емес.

Атымды ата да, сыбағамды итке сал.

Сыйлап берген су
Сатып алған балдан тәтті.


Сәлемсіз кісі жоқ.

Сәлем де парыз, өлік те парыз.

Қадіріңді білгенге жұмса.
«Ар ма?» деген - әлге қуат,
«Бар бол!» деген - бәріне зият.

Үлкенге сәлем бер,
Кішіге қалам бер.
Көпті сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның.

Сыйлассаң - сыйлы боласың.

Үйсіз күй болмайды,
Күйсіз сый болмайды.

Сыйлап берсе, су да іш.

Сүйген құлдың аты көп.

Сұрап алған сыйлықтың қадірі жоқ.
Сыйлағанды сыйла, иілмегенді иле.

Ине де - сыйлық,
Інген де - сыйлық.

Сыйлай берсең, сараң да мырза болады.

Ел болам десең, сыйлас,
Қор болам десең, қастас.

Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.

Сиырға су көрсетпе,
Жаманға сый көрсетпе.

Киген тоның ескірер,
Кидіргенің ескірмес.

Сыйласаң ата-анаңды,
Кешірер сенің қатеңді.

Сыйға - сый, сыраға - бал.

Сый қылсаң, сыпыра қыл.

Сыйласқанның суын іш.

Сыйлап берген су тәтті.
Сый сатулы, қаза қарулы.

Сыйласқанға не жетсін,
Сөйлескеннен не кетсін?
«Сіз» деген - сыйластық,
«Сен» деген - анайылық.
«Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген - кемек.

Алғыс алған тек те емес,
Қарғыс алған көктемес.

Басыңды сыйлама, жасыңды сыйла.

Мәртебең биік болса,
Алыстан көреді.
Жақының да, жатың да,
Иіліп сәлем береді.

Сыпайы сөйлеу — сырбаздық,
Ағайын сәні - сыйластық.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сыйластык туралы макал казакша, мақал мәтелдер сыйластық туралы, достық сыйластық туралы мақал мәтелдер, сыйластық туралы мақал-мәтелдер, сыйластық туралы макал мателдер, пословицы на казахском языке об уважении, бауырластық туралы мақал-мәтелдер, достық туралы мақал-мәтелдер, татулық туралы мақал-мәтелдер, сыйластык, макал, макал-мателдер, мақал-мәтелдер, сыйластық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]