Қазақша мақал - мәтел: Қайраттылық, әлділік, әлуеттілік, жігерлілік, күштілік, қажырлылық, қуаттылық, мықтылық

Қазақша мақал - мәтел: Қайраттылық, әлділік, әлуеттілік, жігерлілік, күштілік, қажырлылық, қуаттылық, мықтылық

Күш атасын танымас.

Күштінің қолы ұзын.

Жас әкетпейді, күш әкетеді.

Түс білмейді, күш біледі.

Екі ұштыны бір күшті қосар.

Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.

Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.

Күшін білмеген күшенер.

Мықтыға момын күш қылмас.

Аты, тоны бар кісіде,
Әзіретәлінің күші бар.

Күштінің арты диірмен тартады.

Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.

Әлі келген алып та, шалып та жығады.

Әл керек, айбар керек,
Әлсіз айбар неге керек?

Әлді берер, әлсіз безер.

Әлі жетпеген ақыретшіл.

Әлсіз әр уақытта да айыпты.

Қолынан келген қонышынан басар.

Берсе - қолынан, бермесе - жолынан.

Жұмса жұмырығында, ашса алақанында.

Екі шайнап, бір жұтады.

Ұстаған жерде қолы,
Тістеген жерде тісі қалады.

Екі қылыш бір қынапқа сыймайды.

Қылыштың міндеті - кесу,
Қолдың міндеті - шешу.

Бір мылтықтың аузына мың кісі сыяды.


Кішкене тастан қауақтай бас жарылады.

Теңіз кешкенге өзен сирағынан келмейді.

Кеме келсе, қайық судан шығады.

Біреуге біреу сүйеу.

Сүйеніші күшті болса,
Сүйек жұтса да, қақалмайды.

Сыйынғаннан сүйенгенің күшті болсын.

Жұдырық жең ішінде түйілер.

Жүректің жолы ыстық,
Білектің жолы суық.

Тоқпағы күшті болса,
Киіз қазық жерге кірер.

Тоқалы күшті болса,
Бәйбіше байдан безер.

Сен тұр, мен атайын.

Алмасты алмас кеседі.

Тасты тас қозғайды.

Болат бүгілмес, шорт сынар.

Болат біз қап түбінде жатпас.

Тізерлеп жүріп күнелткеннен,
Тік тұрып өлген артық.

Қарабет болып қашқаннан
Қайрат көрсетіп өлген артық.

Өткір кездік қап түбінде жатпас.

Бастыны еңкейткен,
Тізеліні бүктірген.

Ағаш та ұстаған жерінен сынбайды.

Шарға ұстаған қара балта.

Шар болат шоқта шыңдалады.

Болат егеуге келсе де, илеуге келмейді.

Қолы ұзын сүйгенін алар,
Қолы қысқа тигенін алар.

Қаттыны жұмсақ жеңеді.


Белдескеннің белін сындырар,
Тірескеннің тізесін бүктірер.

Өліспей беріспейді.

Қарусыз кісінің қайраты зая,
Қайратсыз кісінің айбаты зая.

Асауға - тұсау.

Өткір қырғыш қазан түбін теседі.

Мың асуға бір тосу.

Көкжал туған қой терісін жамылмас.

Кімді қор тұтсаң, соны зор тұтарсың.

Жығылсаң, нардан жығыл.

Палуанға оң, терісі бірдей.

Асу бермес асқар жоқ.

Жығылғанды жер көтереді.

Жығылған күреске тоймас.

Тез қасында қисық ағаш жатпас.

Жіңішкені үзу оңай,
Жұқаны таптау оңай.

Арба кімдікі болса,
Күпшек сонікі.

Арба иесі - күпшек,
Киіз иесі - білек.

Барымтаға - қарымта.

Жығылғанға - жұдырық.

Палуанға да күш керек.

Көкірек шіркін дікең қағады,
Күресуге дәрмен жоқ.

Бармақ мықты болса,
Саусақтардың жұдырық болуы оңай.

Күштінің қолы мықты.

Тос болғаныңда төзіп бақ,
Балға болғанында соғып бақ.

Тереңдігі теңіздей,
Қайраты қара өгіздей.

Ақ білектің күші,
Ақ найзаның ұшы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қайраттылық туралы мақал мәтел макал мател, әлділік туралы мақал мәтел макал мател, әлуеттілік туралы мақал мәтел макал мател, жігерлілік туралы мақал мәтел макал мател, күштілік туралы мақал мәтел макал мател, қажырлылық туралы мақал мәтел макал мател, қуаттылық туралы мақал мәтел макал мател, мықтылық туралы мақал мәтел макал мател, пословицы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]