Су туралы мақал-мәтелдер


Судың да сұрауы бар.

Қайнаған қара суда қасиет бар.

Сыйласқанның суын іш.

Сыйлап берсе суын іш.

Жылай - жылай арық қазсаң,
Күле - күле су ішерсің.

Жақсы - суы тәтті көлмен тең,
Жаман - желі қатты шөлмен тең.

Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады.

От — арық, су — семіз.

Сылдырсыз аққан судан без.

Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.

Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.

Сұмырай келсе су құрыр.

Су сүреңін табады.

Жайдақ су жай ағады.

Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ,
Тамда белдеу жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ.

Жүре - жүре арық қазсаң,
Күле - күле су ішерсің.

Сөз сағасы —
Құлақ,
Су сағасы —
Бұлақ.

Су ішетін арығы жоқ елдің
Сүзіп алатын балығы жоқ.

Таза болсаң, судай бол
Бәрін жуып кетірген.
Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрімізді өсірген.

Жаман сайдың суы тасыса
Өткел бермес.
Суы бардың — буы бар.

Жауынгер сапта ойнасын,
Ағын су жапта ойнасын.

Жатқан тастың астына су бармайды.

Су — ырыстың көзі,
Еңбек — кірістің көзі.

Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап от жанар.

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Қар суының тасқынын,
Қасқалдақ көрмес.

Суға кеткен тал қармайды.

Бұлаққа бұлақ қосылса,
Егізбіз дейді.
Көлге көл қосылса,
Теңізбіз дейді.

Су басынан тынады,
Балық басынан шіриді.

Арық қазған — су ішер,
Араздасқан — у ішер.

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Су жетпейін демейді,
Жар жеткізбейді.
Ер жігіт жетпейін демейді,
Мал жеткізбейді.

Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.

Судың терең, саязын
Ағысынан білерсің.
Аттың жақсы, жаманын
Шабысынан білерсің.

Түнгі су — ну,
Күндізгі су — бу.
Сүмбіле туса, су суыр,
Таразы туса, таң суыр.

Су патшасы — мұрап,
Түн патшасы — шырақ.

Су бергеннің — сауабы бар.
Су төккеннің жауабы бар.

Су кетсе, тас қалады
Сүрме кетсе, қас қалады.
От орнында күл қалады,
Су орнында гүл қалады.

Жемес жерде от бар.
Ішпес жерде су бар.

Мұздан өтсең ағып өт
Ойылғанша өтерсің.
Судан өтсең сабыр ет
Сарқылған соң өтерсің.

Өзен суға жарасқан
Қамысы мен қоғасы.
Кәрияға жарасқан
Аузындағы тобасы.

Ағын су жолын табады,
Ақ адам оңын табады.

Су жүрген жер молшылық —
Абат емей немене?!
Жақсылардың сөздері —
Қанат емей немене?!

Сусыз өмір жоқ,
Отсыз темір жоқ.

Су бар жерде ырыс бар:
Ұстап балық жейсің,
Ақ бидай егіп, нанын жейсің.

Су аяғы — құрдым.

Арық бар жерде су бар.
Су бар жерде ну бар
Тау бұлағымен сүйкімді,
Бұлақ құрағымен сүйкімді.

Ақпаса, су бұзылады.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Сұмырай келсе — су қат.
Ашаршылық келсе — ағайын жат.

Қанша қамыс жақсаң да шоғы болмас,
Қанша қара су ішсең де тоғы болмас.

Қылышты қынап сақтайды,
Суды мұрап сақтайды.

Ерінбеген, елекпен су ішеді.

Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.

Суды шым бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.

Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.

Су сағасы — бұлақ,
Сөз сағасы — құлақ.

Ұқпас құлаққа айтқан сөз,
Оқпанға құйған сумен тең.

Су да ылдиға ағады,
Кішіпейілділік адамға жағады.

Ел ағасыз болмас,
Су сағасыз болмас.

Білім - елге,
Су - жерге.

Су түбіне жетпейсің
Бойлағанмен,
Ой түбіне жетпейсің
Ойлағанмен.

Ақылы аздың — ашуы көп,
Таяз судың тасуы көп.

Терең құдықтың суы тәтті.

Қайғысыз — қара суға семіреді.

Шешінген судан тайынбас.

Қасында қара көп болса,
Нөкер емей немене?
Шөлдегенде ішкен су
Шекер емей немене?
Ат жалынан тапқан мал
Бекер емей немене?

Судан тонын аямаған,
Жаудан жанын аямас.

Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын сұм бөгер.

Ит аузы тигенмен
Дария суы арам болмас.

Сыйлап берген су да тәтті.

Арық қазбасаң су келмейді.

Ақ шалаға көрінді –
Алыс емес су жақын.

Ісім жақсы деме,
Көпке ойлат.
Суды саяз деме,
Құрығыңды бойлат.

Күнің шуақты болсын,
Көлің суатты болсын,
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің келісті болсын.

Сөз анасы — құлақ
Жол анасы — тұяқ.
Су анасы — бұлақ.
Көз анасы — шырақ.

Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

Жер - қазына,
Су - алтын.

Таспа, тасыған су да қайтар.

Қысқа шілдеде қу сақта,
Жаз шілдеде су сақта.

Күріш арқасымен күрмек су ішеді.

Сусыз жердің шөбі артық.

Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.

Дария жанынан құдық қазба.

Су аққан жерінен айнымас.
Су басынан буылады.

От арық, су семіз.

Нұрдың суы - нудың суы.

Қайырымсыз болса ханнан без,
Өткелсіз болса судан без,
Асусыз болса таудан без,
Пайдасыз болса байдан без,
Панасыз болса сайдан без.

Растық (шындық) жауған қардай, сүттен ақ, судан таза.

Атаным сай, атым сай, қашсам жаудан кетермін,
Кетпенім сай, шотым сай, қазсам суға жетермін.

Жаман сайға су түссе, өткел бермес көшуге,
Жаман кісіге мал бітсе сусын бермес ішуге.

Судың басы бұлақ болса да, аяғы құлар теңізге,
Жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге.

Қолға су құя алмаса да, ұялмайды.

Өлмеген құл алтын аяқпен су ішер.

Судағы қайыққа сенбе (кемеге)
Қойныңдағы қатынға сенбе,
Астыңдағы атыңа сенбе.

Су басынан бұзылар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел су туралы макал мател, пословицы на казахском языке су вода, макалдар су туралы мақалдар, мақал мәтелдер су туралы макал мателдер, су

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]