Мақал - мәтел: Қорлық, жәбір, жапа

Мақал - мәтел: Қорлық, жәбір, жапа

Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.

Жатқан жапа көреді,
Жүрген опа көреді.

Әуелі жапа көрмей, опа болмас.

Қызың кер әдеп болса — қорлық,
Балаң бейәдеп болса — қорлық.

Өтпес жарлық — бойға қорлық.

Жабағы тайды қорлама
Жазға шықса, ат болар,
Жас жігітті қорлама
Жұртына ертең бас болар.

Отың жанбаса — қорлық,
Құсың алмаса — қорлық.

Сақтықта, қорлық жоқ,
Сәлемде, зорлық жоқ.

Ел барда, ер қор болмас,
Ер барда, ел қор болмас.

Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық.

Кімді қорласаң, содан зар тартарсың.

Асты қорлама құстырар,
Ерді қорлама тыштырар.

Ерді қорлама састырар,
Асты қорлама құстырар.

Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.

Ат сұраған қорлық емес,
Ер–тоқым сұраған қорлық.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Қорлық жәбір жапа туралы туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Қорлық жәбір жапа туралы туралы макал мателдер, Қорлық жәбір жапа туралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]