Мақал - мәтел: Ризық, нәсіп, несібе, ырыс, береке

Мақал - мәтел: Ризық, нәсіп, несібе, ырыс, береке

Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.

Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп.

Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.

Қарманған қарап қалмайды.

Қимылдаған қыр асады.

Ерте тұрған өкінбес.

Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.

Түсі келіспей, ісі келіспес.

Қасықтап жинап,
Шөміштеп төкпе.

Киіз кімдікі болса,
Білек соныкі.

Қысқа шілдеде қу сақта,
Жаз шілдеде су сақта.

Ебептен себеп, балшықтан мұрат.

Кезі келсе кетпен шап,
Майрылмаса, қайырылсын.

Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Аттының несібесі — алтау,
Жаяудың несібесі — жалқы.

Бала өз несібесін ала туады.

Әркім өз несібесін теріп жейді.

Жаяудың несібесін атты жемес.

Егіз лаққа – айыр жусан.

Әулиенің кереметі тартар,
Байдың несібесі тартар.

Ырыс қашса да, туыс қашпайды.

Мал азығы — ырыс қызығы.

Су бар жерде ырыс бар:
Ұстап балық жейсің,
Ақ бидай егіп, нанын жейсің.

Еңбектен қашпа,
Ырысыңды шашпа.

Ез —езер,
Езерден ырыс безер.

Ұлың үйленсе — ырысың,
Қызың орын тапса — өрісің.

Жақсы адам туса —
Көптің ырысы,
Жазғы жаңбыр жауса,
Көктің ырысы.

Ел қонысын тапса,
Ер ырысын табады.

Ырысын молдан пішкеннің
Мұртын балта кеспес.

Итті тепсең — ырысыңды тебесің.

Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің ырысы жарымайды.

Ерте тұрған жігіттің
Ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің
Бір ісі артық.

Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

Айтылады тілменен сөз, сыр ішің,
Жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Ризық нәсіп несібе ырыс туралы туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Ризық нәсіп несібе ырыс туралы туралы макал мателдер, Ризық нәсіп несібе ырыс туралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]