Мақал - мәтел: Кемеңгер, дана, данышпан, ойшыл

Мақал - мәтел: Кемеңгер, дана, данышпан, ойшыл

Кемеңгер келістіден шығар,
Қара байыр, желістіден шығар.

Хас кемеңгер қайғырса да, қуанса да, қалт етпес.

Кемеңгердің артынан көп ереді.

Кемеңгер кеңес таппай қоймас.

Ісмердің байлығы қолында,
Кемеңгердің байлығы жолында.

Кемеңгердiң артынан көп ередi.

Дана,
Дананы да туған ана.

Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.

Арттағыны қозғау — ағалық,
Алдағыны болжау — даналық.

Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.

Екі баланың арасындағы шал
Бала болады.
Екі шалдың арасындағы бала
Дана болады.

Ескісіз жаңа болмайды,
Есепсіз дана болмайды.

Елуінде — ер дана,
Елуінде — ел жаңа.

Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.

Көп жастың ішінде қария болса даң болар,
Көп кәрінің ішінде бір жас болса дана болар.

Бас-басыңа би болсаң,
Мана тауға симассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.

Лұқпанға ұлылықты үйрету —
Даналықты балалыққа телу.

Надан данамен өш.

Дана білсе де сұрайды,
Надан білмесе де сұрайды.

Дана да емес,
Шала да емес.

Батыр жауда сыналады,
Дана дауда сыналады.

Дәрі шөптен шығады,
Дана көптен шығады.

Аз-аздан үйреніп дана болар,
Бір-бір тамшыдан жиналып дария болар.

Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.

Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.

Данышпаныңды сөксең де, қор болмайды,
Дәлдірді көтерсең де, зор болмайды.

Данышпан айтса, ел айтқаны,
Елдің қамын жеп атйқаны.

Алып ел дүрліккенде көрінеді,
Данышпан жай тірлік күнде көрінеді.

Батыр жауда көрінеді,
Данышпан дауда көрінеді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Кемеңгер дана данышпан ойшыл туралы туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Кемеңгер дана данышпан ойшыл туралы туралы макал мателдер, Кемеңгер дана данышпан ойшыл туралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]