Мақал - мәтел: Аштық, ашаршылық

Мақал - мәтел: Аштық, ашаршылық

Ашта тойғаныңды тоқта ұмытпа.

Атақты ұры аштан өледі.

Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Жас жардың тозағынан да,
Аш қарын азабы жаман.

Тоқтық нанды кемітеді,
Аштық ішекті шірітеді.

Ашта жеген құйқаны –
Тоқта ұмытпа.
Тоқта жеген құйқаны –
Тіпті ұмытпа.

Аштықтың – тоғы,
Арықтың семізі бар.

Аштықта жеген құйқаның дәмі кетпес.

Аш қайғысын тоқ білмейді.

Айға сенген үсіп өлер,
Байға сенген аштан өлер.

Аштықта алтыннан жарты уыс жарма артық.

Аш қалдың –
Кеш қалдың.

Ер аштан өлмейді,
Намыстан өледі.

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

Ақыры байдың баласы аштан өлер.

Ac жоқта ашықсаң, табақты да жеп қоясың.

Ажалсыз аштан өлмес.

Аш асығыс,
Тоқ тыныш.

Аш адам — әлек,
Онымен тоқтың ісі жоқ.

Аш адамның тоқпен ісі жоқ,
Тоқ адамның ашпен ісі жоқ.

Аш болып тірі жүргенше,
Тоқ болып өлген артық.

Аш иттің көтін сұқ ит жалайды.

Аш кісі ұрысқақ,
Арық кісі тырысқақ.

Аш кісінің ашуы жаман.

Ашқан қарын тоймастай,
Тойған қарын ашпастай.

Ашығып жесең, нан да шекердей көрінеді.

Ашыққан естен қалмас.

Ашыққан ұры болады,
Ашынған тілді болады.

Ашыққан қарын тоймастай,
Тойған қарын ашпастай.

Байлық не дегізбейді,
Аштық не жегізбейді.

Сұмырай келсе — су қат.
Ашаршылық келсе — ағайын жат.

Ашаршылықта
Түйенің сіңірі де тәтті,
Тоқшылықта
Қозының құйрығы да қатты.

Ашаршылықты көп көрген
Өзі тоймай «мә» демес,
Жетімдікті көп көрген,
Үш шақыртпай «ә» демес.

Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес,
Қара қайыста соққан түйенің табы кетпес.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Аштық ашаршылық туралы туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Аштық ашаршылық туралы туралы макал мателдер, Аштық ашаршылық туралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]