Мақал - мәтел: Ас, тамақ, азық, ас-су, ауқат, дәм, тағам, шайнама, ішіп-жем

Мақал - мәтел: Ас, тамақ, азық, ас-су, ауқат, дәм, тағам, шайнама, ішіп-жем

Жаманға ас берсең,
Үйіңнен шықпайды.
Өліге ас берсең,
Түсіңнен шықпайды.

Сарқытта сыпа да, шыпа да бар.

Халық айныса, хан түзейді,
Май айныса, тұз түзейді.

Асың бар ма арпадай,
Асып жеуге келгенде,
Сары аяқ семіз марқадай.

Көже деген тоқ ас,
Түре келсең жоқ ас.

Еңкейген екі асайды,
Еңсесі түскен бір асайды.

Ат иесіз болмас,
Қазан күйесіз болмас.

Тарыны берген кісіден көрейін бе,
Жей білмеген кісіден көрейін бе?!

Пұл қадірін сатқан біледі,
Ас қадірін татқан біледі.

Жұтқаның - бұйырғаны,
Шайнағаның - күмән.

Жемес жерде ет бар,
Ішпес жерде су бар.

Ас иесінің әлі біледі,
Асатуды қолы біледі.

Бір мінсең де жорға мін,
Бүлкілдесін бүйрегің.
Бір ұрттасаң да май ұртта,
Кілкілдесін жүрегің.

Жалғыз биенің қымызы,
Қарындаспен қағыстырар.
Жалғыз түйенің шұбаты,
Ағайынды табыстырар.

Ас біреудікі болғанмен қарын өзіңдікі,

Өзімде жоқ көтен боғымен піссін.

Кісісі қандай болса,
Асы да сондай.

Қауынның пәлегі ащы, түйнегі тұщы.

Жылқы еті жесең, тісіңе,
жемесең, түсіңе кіреді.

«Жемеймін, жемеймін» деп,
жеңді білектей құйрықты тауысыпты.

Арамдық қып ішкен ас,
Ішіңе барып, болар тас.

Тойсам торғайдай тамағым жоқ.

Асығыс істеген жұмыс сәтті болмас,
Шала піскен тамақ тәтті болмас.

Қам қаймақ құстырмай қоймайды.

Құмаршықты, құмаршықтың ішінен
жылан шықты.

Ерді қорласаң, састырар,
Асты қорласаң, құстырар.

Ет сүйексіз, күріш күрмексіз болмас.

Қыдырып жеген жамбастан,
Шақырып берген жауырын артық.

Жаужұмыр жақсы болса, итке тастар ма еді.

Үйінде асы бардың берер батасы бар.

Аш болса, аңдайды,
Тоқ болса, таңдайды.

Мөлдек атып ішкен ас,
Мерт кетірмей тындырмас.

Кимесең де тоның жақсы,
Жемесең де наның жақсы.

Жаяушылық тартқанда,
Жүрмес есек ат болар.
Қарын қатты ашңанда,
Қара талқан қант болар.

Үйінде асы жоқтың,
Түзде досы болмайды.

Асқаныма риза болмасаң да,
Сасқаныма риза бол.

Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен,
Май түспес қара суды піскенменен.

Қамысты жаққанмен шоғы болмас,
Көк суды ішкенмен тоғы болмас.

Өгіз қарын майыңды өлгенде бастаймысың.

Келеді деп көп қойдым,
Келмеген соң жеп қойдым.

Кем жесең, төрге шығарады,
Көп жесең - көрге.

Малды тауысам десең, пұл қыл,
Астықты тауысам десең, ұн қыл.

Алтын қайшы пішкенге жақсы,
Алтын қасық ішкенге жақсы.

Тал таяқ болады,
Шал қонақ болады,
Нан тамақ болады.

Өзің жатық болсаң,
Ішкенің қатық болар.
Өзің қиық болсаң,
Ішкенің сұйық болар.

Жүгіріп айтқан сөздің мәні жоқ.
Жүгіріп жүріп жеген тағамның дәмі жоқ.

Қыдырып ішкен көженің қиюы жоқ,
Қыдырып айтқан биліктің керегі жоқ.

Қонаң көже қол жуғанша,
Кеспе көже күн батқанша.
Тары көже таң атқанша,
Бидай көже ел жатқанша.

Бал татыған балық сорпасын ішпейтін қарағым,
Қоңырсыған қой сорпасын ішіп қор болды-ау.

Омыртқаны ұстап отырғанша,
Қабырғаны қағып алып, тастай бер.

Қарның ашса, қазан ас,
Ет болмаса, сазан ас.
Сазан тамақ емес пе,
Сазан тамақ жемес пе?

Бақыр қазан қайнаса,
Бәріміздің ырысымыз.

Түскі асқа түстік жерден келеді,

Аты бардың тынысы бар,
Асы бардың ырысы бар.

Аз асқа жасауыл болма,
Көп асқа бөгеуіл болма.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Ас тамақ азық ас-су ауқат дәм тағам шайнама ішіп-жем туралы туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Ас тамақ азық ас-су ауқат дәм тағам шайнама ішіп-жем туралы туралы макал мателдер, Ас тамақ азық ас-су ауқат дәм тағам шайнама ішіп-жем туралы, Ас, тамақ, азық, ас-су, ауқат, дәм, тағам, шайнама, ішіп-жем

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]