Мақал - мәтел: Жау, дұшпан, қас

Мақал - мәтел: Жау, дұшпан, қас

Мың жаудан бір жансыз жаман.

Мұзға сүйенбе, жауға сыйынба.

Ағайын ала болғанда,
Ауыздағы ас кетер.
Аңдыған дұшпан көбейіп,
Жау қолында бас кетер.

Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл келеді.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл келеді.

Ағайын
бар болсаң, көре алмайды,
жоқ болсаң, бөліп бере алмайды.
жақсы болсаң, күндейді,
жаман болсаң, жүндейді.

Жауға аттанар жігіт шыбықты ат мінер.

Жау сырыңды алса, қырыңды алар.

Жауға жалынба, досқа тарылма.

Жаудан құр қайтқанша, жаралы қайт.

Жауды көрсең баспалат,
Құтылғанша асықсын.

Жау жоқ деме, жар астында,
Бөрі жоқ деме, бөрік астында.

Жау жоқта жарақ көп,
Жау келгенде таяқ табылмас.

Жауыннан қашқан жарға паналар,
Жауынан қашқан қайда паналар?

Жауды қара қашырды,
Батыр атағын Барақ алды.

Жалынсаң, жау басынар,
Басынар да, басыңа шығар.

Жел тұрды десе,
Үйіңе арқан сал.
Жау келді десе,
Қолыңа қылыш, қалқан ал.

Жыланның уы басында,
Бейқамның жауы қасында.

Оқ қадалса, денеңнен суырарсың,
Жүрегіңе кек қадалса, не қыларсың?

Жауға қойыңды қалдырсаң да,
Сойылыңды қалдырма.

Үндемесең, дау алар,
Жата берсең, жау алар.

Өткен-кеткен жауыңды,
Жамылғы алып қума.

Есік алдынан жел келгенше,
Үй сыртынан жау келсін.

Тынбаған дау жаман,
Қайта шапқан жау жаман.

Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолынан қалар.
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе,
Сырыңды алар.

Досыңның тонын тойға ки, қасың көрсін,
Ызалансын, жасысын, іші күйсін.

Талаптының пікірі аян,
Дұшпанның ақылы шаян.

Ұйқы деген дұшпан бар,
Жолдан, істен қалдырар,
Тұла бойды талдырар,
Дұшпаныңа алдырар.

Дәметпестен дәметкен,
Тарыққанның белгісі.
Жаудан күткен шарапат,
Зарыққанның белгісі.

Жауды көрсе, ердің жүзі қызарар ,
Жауға кірсе, жердің жүзі қызарар.

Дос адамның белгісі қарлығаштай
Қас адамның белгісі қара тастай.

Аспанға ұшсаң, аяғыңнан тартамын
Жерге кірсең, шашыңнан тартамын.

Дос болу оңай, сақтауы қиын,
Жау болу оңай, тоқтауы қиын.

Айдарлыны құл,
Тұлымдыны - тұл етеді.

Досқа - жаз, жауға - аяз.

Досың ұрса , аңқылда,
Дұшпаның ұрса, күйін

Жау да бір, жыртқыш аң да бір.

Есек тұсаусыз болмас,
Ер дұшпансыз болмас.

Аттылы ақысын жауға жібермейді.

Ақымақ достан ақылды дұшпан артық.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Жау дұшпан қас туралы туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Жау дұшпан қас туралы туралы макал мателдер, Жау дұшпан қас туралы, Жау, дұшпан, қас

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]