Мақал - мәтел: Ауыл

Мақал - мәтел: Ауыл

Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас,
Ауылың жоқ болса, бөркіңмен ақылдас.

Өткелді саяз деме,
Таяқ салып бойлат.
Ісіңді мақұл деме,
Ағайынға салып ойлат.

Аталастан ауылдас жақын.

Жаттан жеген майлы астан,
Жақынның жұдырығы артық.

Жар басына үй тікпе,
Жар құласа үй кетер.
Ала болса ағайын,
Рулы елден күй кетер.

Ауылдастың ауызы сасық.

Артқы айылдың батқанын,
Иесі емес, ат білер;
Ағайынның азғанын,
Жақыны емес, жат білер.

Ауылдасың жақсы болса,
Ағайының не керек?
Алған жарың жақсы болса,
Айтың-тойың не керек?

Үйдің жылы, суығын,
Қыс түскенде білерсің.
Кімнің алыс, жақынын,
Іс түскенде білерсің.

Ауыл аралас, қой қоралас.

Қорғанды шаһар қаласын,
қазақ емес, сарт білер;
Тас айылдың батқанын
иесі емес, ат білер;
Ер жігіттің қадірін
жақыны емес, жат білер.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Ауыл туралы туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Ауыл туралы туралы макал мателдер, Ауыл туралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]