Мақал - мәтел: Адам, пенде, кісі

Мақал - мәтел: Адам, пенде, кісі

Адам - түп ата, Хауа - түп ана.

Адам адамға, жан кеудеге мейман.

Адамына қарай сәлемі.

Адам қырықта - қылау, елуде - елік

Адам зоры - тоғын,
Жылқының зоры - соғым.

Адамға адам керек әрбір жайда.

Адамға тойымшылық керек.

Адам көпке, мал шөпке тоқтайды

Адам - ала, мал - құла.

Адамды кейде баршылық сынайды,
кейде жоқшылық сынайды.

Адам өзгенің қадірін өзі арқылы түсінеді.

Адам жаманнан жиренбей,
Жақсыны үйренбейді.

Адам - керуен, өмір - жол.

Адам мен адамның арасы жер мен көктей.

Адамның жүзіне бақпа, сөзіне бақ.

Адамның сырты алдамшы.

Адам көзі - таразы.

Адам мен адамды сөзі мен көркі теңейді.

Кісі қылығымен танылар.

Кісілікті кісі табиғатқа тартып туады.

Жуас кісі тыныштықты тілейді.

Сәулесі жоқ адамның бәрі соқыр.

Қадірлі кісі қартаймайды.

Адам жайын ауылдасы білмейді,
істесі біледі.

Адал адамның аты арып, тоны тозбас.

Ақ жүрек адам азбас.

Ең ақылды адам - ел билеуден аулақ болған адам.

Екі кісі бейім тұрса,
Есті кісі кейін тұрады.

Әркімнің атар таңы, батар күні бар.

Ғалам - адам үшін,
Адам - ғалам үшін.

Ойхой,дүние серуен,
Адам бір көшкен керуен.

Қағазға тіл бітірген - қалам,
Жансызға жан бітірген - адам.

Алланың шайтанынан адамның шайтаны күшті.

Қисық қабырғадан қыңыр адам қиын.

Жылан шаққан адам ала жіпті аттамайды.

Айыр құйрық шаяннан,
Айыр тілді адам жаман.

Жаман арба жол бұзар,
Жаман адам ел бұзар.

Жуас тананы патша мінеді,
Жуас адамды әркім іледі.

Жұмсақ ағаш құртқа жем,
Жуас адам жұртқа жем.

Екі аяқты адам түгіл,
Төрт аяқты мал да ақсайды.

Тауға тау қосылмас,
Адамға адам қосылар.

Ағаш қисығын тез түзетер,
Адам қисығын көр түзетер.

Бұтақ жайған ағаш қартаймайды,
Ұрпақ жайған адам қартаймайды.

Мың адам салған көпірді бір адам бұзады,
Бір адамның жаққан отына мың адам жылынады.

Бәйтерек бұтағымен,
Адам ұрпағымен жасайды.

Адам баласы үрген мес секілді,
Аузын ашсаң, босап қоя береді.

Темірді от,
ағашты мөр,
адамды сөз балқытады.

Адам қатесіз болмайды,
От түтінсіз болмайды.

Ақылсыз адам айқайлай,
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай,
Жан-жағын байқай келеді.

Адамнан адам асса да,
Ғаламнан аспайды.

Адырында арқар көп,
Адамында дарқан көп.

Адам баласы ит жанды.

Адамның жаны - Алланың аманаты.

Адамның ана сүйегін, әке қанын,
Тәңірі жанын береді.

Адамның қолы - гүл, маңдай тері - нұр.

Жылылық - күннен, мейірімділік - адамнан.

Үлкен десең, түйеге жүгін,
Сақалды десең, текеге жүгін.
Ақыл іздесең, адамға жүгін.

Адам шыдағанға құрыш шыдамайды.

Ашу қысқан адам Аллаға ала көзбен қарайды.

Бір адамның жаққан отына Он адам жылынады.

Киіміне қарап қарсы алады,
Ақылына қарап шығарып салады.

Адамнан адамның несі артық?
Бір-ақ ауыз сөзі артық;
Малдан малдың несі артық?
Бір-ақ асым еті артық.

Адамның аңырағаны - жуасығаны.

Кісі жапа көрмей, опа көрмес.

Сөздің дауылы кетіп, самалы қалды.
Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалды.

Сөздің көркі — мақал,
Ердің көркі - сақал.
Сақалы жоқ көселер - қасабалы тоқал.

Адам - адамға пана.

Адамның екінші табиғаты - әдет.

Немене, айтып — айтпай, дүние шолақ.
Адамның осы жүрген бәрі қонақ.

Әр адамның өмірде өз орны бар.

Әркімнің өзіне лайық қалыбы бар.

Адам жылап туады,
Жылап өледі.

Барлық адамзат бір бауыр.

Адамзат бірде теңіз, бірде самал.

Адамзат бүгін адам, ертең топырақ.

Адамның үш қасиеті:
қайтпас қайрат,
нұрлы ақыл,
жылы жүрек .
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Адам пенде кісі туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Адам пенде кісі туралы макал мателдер, Адам пенде кісі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]