Мақал - мәтел: Оқ, аңшы

Мақал - мәтел: Оқ, аңшы

Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.

Оқ-дәріңді отқа жақ.

Атқан жерде оқ қалар.

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.

Жалғыздың жағы жоғалса да табылмас,
Көптің оғы жоғалса да табылар.

Бір оқпен екеуді сұлатты.

Жайдың оғы – жоғары ұшпас.

Оғы шалыс ұшпайтын аңшы болмас,
Жаңылыспайтын емші болмас.

Атқан оқ тастан қайтпайды,
Елші ханнан тілін тартпайды.

Айтқан сөз — атқан оқ.

Арғымаққа оқ түссе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ түссе,
Жамандай шуламас.

Атылған оқ қайтып оралмайды.

Бақылға бағыштаған оғыңды қатты жайға оқта.

Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Оқ туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар Оқ туралы мақалдар, мақал мәтелдер Оқ туралы макал мателдер, Оқ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]