Мақал - мәтел: Сақтық, қырағылық

Мақал - мәтел: Сақтық, қырағылық

Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.

Алысқан жауға арқанды көрсетпе.

Сақтықта қорлық жоқ.

Оң көзіңе
Сол көзің қарауыл болсын.

Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.

Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.

Айтқан жерде бәле жоқ,
Ақ жүргенге жала жоқ.
Қауіп қайдан болса
Қатер сонан.

Бәледен машайық та қашыпты.

Аузы күйген үрлеп ішеді.

Жарақтыда жау жолықпас.

Жыланның уы басында,
Бейқамның жауы қасында.

Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.

Жауды аяған-жаралы.

Үйреніскен жау атыспаққа жақсы.

Мың жаудан бір жансыз жаман.

Сақтықты сұңқардан үйрен!

Жаман көзден,
Жалған сөзден сақтан.

Қалғымағанға қатер жоқ.

Арамзаның арқанымен құдыққа түспе.

Сақ жүрсең, сау жүрерсің.

Сақтықта, қорлық жоқ,
Сәлемде, зорлық жоқ.

Сақ жүрсең — нақ жүрерсің.

Сезікті секемшіл.

Ақырын жүрсең — малаяқ,
Қатты жүрсең - қу аяқ.

Сауысқаннан сақ бол.

Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.

Ордалы жыланмен ойнама.

Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.

Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.

Ежелгі жауда елдік жоқ.

Қастағы сояу көзді аңдиды.

Жыланның өзі өлсе де,
Құйрығы өлмейді.

Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер.

Ордалы жыланмен ойнама.

Сақтанған саламатқа жеткен.

Сақтансаң, құдай сақтар.

Иесі лайық тап болса,
Қара күшік сақ болар.

Айдап сал жаққан от жанса,
Сақтықтың суын сеп.

Болма босаң, сақта сақтық іргесін,
Төтен бәле иектеп ап жүрмесін.

Құдай баққанды,
Құдай сақтайды.

Бұл өмірдің балында ара бар, сақтан.

Әр істе сақтық керек.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Сақтық қырағылық туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар Сақтық қырағылық туралы мақалдар, мақал мәтелдер сактык туралы макал мателдер, Сақтық қырағылық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]