Мақал - мәтел: Абырой, бедел, мәртебе

Мақал - мәтел: Абырой, бедел, мәртебе

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Абырой – ар еңбегі.

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.

Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.

Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.

Адамгершілік абырой әпереді.

Әйелдің абыройы – дақ түспеген ары.

Абыройыңды жасыңнан сақта.

Абыройды ақ отау жапты.

Арлы болмай, абыройлы болмайсың.

Абыройлы жігіттің
Алғашқы ұрлығы ашылсын.

Адамға тілене беру — ұят:
Тапқан наны көбейгенімен,
Абыройы азады.
Көп тілену — жұмыс емес кәделі,
Нан көбейер, бірақ азар беделі.

Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.

Екі атақ дүниеде құрған сәулет:
Олардың бірі – бедел, бірі – дәулет.

Ұстаздың абыройы болмаса – шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

Адамға тіліне беру – ұят: тапқан наны көбейгенімен, абыройы азады:
Көп тілену – жұмыс емес кәделі –
Нан көбейер, бірақ азар беделі.

Жігітке абыройдан айырылғанша,
Жанынан айырылған артық.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел бедел туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер туралы макал мателдер, Абырой, бедел, мәртебе, мақал мәтел Абырой туралы макал мател, мақал мәтел мәртебе туралы макал мател

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]