Мақал - мәтел: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып

Мақал - мәтел: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып

Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.

Орамал тонға жарамаса да,
Жолға жарайды.

Ас көп болса, кәде көп.

Жігіттің бір жұрты нағашысы.

Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.

Қостың кішісі болғанша,
Иттің күшігі бол.

Қотыр қолға қола сақина.

Үлкен үйдегі күлсе,
Кіші үйдегі езу тартады.

Ел-елдің заңы басқа,
Иті қара-қасқа.

Нағашымен күрессе,
Жиені жығылар.

Жек көргеннің жұмысын, кетерінде
сұра.
Жақсы көргеннің жұмысын,
келгеніңде сұра.

Сақтағанын жесе, сағынғаны келер.

Сыпайының сыры мол.

Қолыңмен істегеңді,
Мойныңмен көтер.

Жығылған үстіне жұдырық.

Алған бір жазықты.
Алдырған екі жазықты.

Аққа қара жұқпайды.

Ұсынған мойынды алмас кеспес.

Естіген құлаққа жазық жоқ.

Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.

Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

Жорғаң қатты болса, бәске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.

Ескерген ескі асынан сақтайды.

Берген қолым алған.

Сұрап бергенше,
Соғып бер.

Соймаса қан шықпайды,
Құр тілден май шықпайды.

Қонаққа «Кел» демек бар,
«Кет» демек жоқ.

Қонағыңның алтынын алма, алғысын
ал.

Тойдың болғанынан, боладысы қызық.

Тойға барсаң бұрын бар,
Бұрын барсаң орын бар.

Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.

Тойға барсаң, тойып бар.

Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан жаңа.

Заманына қарай амалы.

Заманына қарай заңы,
Тоғайына қарай аңы.

Заманы бірдің амалы бір.

Ет жемесе де, сорпа ішкендей
болды.

Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.

Ет дегенде бет жоқ.

Тойган тамақ түске жетпес,
Ықьшас естен кетпес.

Асыңа тойғызбасаң да,
Ақниетіңе тойғыз.

Барым әзір, жоғым жай.

Ас иесімен тәтті.

Досыңның асын, қасыңдай іш.

Амандық ағадан.

Тойған үйге тоғыз бар.

Шақырған жерден қалма,
Шақырмаған жерге барма.

Асаған. білмес,
Тураған білер.

Ас иесінің әлі біледі,
Асатушының қолы біледі.

Алты жасар бала алыстан келсе,
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.

Барымен базар, жоқты қайдан
қазар.

Пышағы бар сүйгенін жер,
Пышағы жоқ тигенін жер.

Құр қасық ауыз жыртар.

Күн жазға айналды,
Ет азға айналды.

Құс жаман шажа,
Дос жаманы бажа.

Келіншектің бетін кім бұрын ашса сол
ыстық.

Келгенше қонақ ұялар,
Келіп болған соң үй іші ұялар.

Қонақ атаңнан да ұлы.

Қонак құдайдың еркесі.

Қонақ аз отырып,
Көп сынайды.

Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.

Тас түскен жеріне ауыр

Қонақ қойдан да жуас,
Май берсе де жей береді.

Қонақ бір күн қонса құт,
Екі күн қонса жұт.

Қонақ жаман болса,
Үй иесі қыдырар.
Үй иесі жаман болса,
Қонақ қыдырар.

Қонақ келсе, ет пісер,
Ет піспесе, бет пісер.

Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.

Жасы құрдас, құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Мың «сіз-біз» ден
Бір шыж-мыж артық.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
адет туралы макал, жаман әдет туралы мақал, әдет ғұрып туралы мақал мәтелдер, салт дәстүр туралы мақал мәтелдер, салт дастур туралы макал мател, адет гурып салт дастур макал мател, адет гурып туралы макал мател

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]