Қазақша Мақал - Мәтел: 1 Қазан - Қарттар күні (қарттық)

Қазақша Мақал - Мәтел: 1 Қазан - Қарттар күні (қарттық)

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.

Ат қартайса – ұрыншақ,
Ер қартайса – жаңылшақ.

Сақалға ақ түсті – Көңілге дақ түсті.

Көп жасаған
Құрдасынан айрылады.
Жұғымы жоқ – Жолдасынан айрылады.

Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.

Сексен – жермен жексен.

Кәрінің бары — игі.

Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай.

Отырса — от басында
Көшсе — көш басында.

Сексенде сегіз байлық,
Сегіз жарлылық.

Есік алдында төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.

Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.

Шөп те басынан қурайды.

Өсетін елдің қарты
Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты
Қазымыр болар.

Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды.

Асырын асаған,
Жасырын жасаған.

Кәрі жатса – қунайды,
Жас жүрсе – қунайды.

Аға – бор,
Іні – тас.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Қатарынан қалған кәрі жетім.

Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Көрген, көргенін істейді
Көсеу түрткенін істейді.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Өткен өмір – Өшкен көмір.

Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.

Қарты бар елдің
Қазынасы бар,
Қызы бар елдің
Базынасы бар.

Үлкен пышақ —
Ұялғаннан өтеді.

Алпыс — дер шағы,
Жетпіс — мәр шағы,
Сексен — жер шағы
Тоқсан — шер шағы,
Жүз — қор шағы...

Шалды шақыр, асыңа келсін,
Шалдығына күл, басыңа келсін.

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.

Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.

Әзілің жарасса,
Атаңмен ойна.

Жасыңда жалықпасаң – Қартайғанда тарықпайсың.

Бүгінгінің қартымыз,
Кешегінің артымыз.

Көп жасаған құрдасынан
Көп сөйлеген жолдасынан айрылады.

Ағадан – ақыл
Атадан – нақыл.

Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.

Жасында байқары жоқтың
Жасы жеткенде айтары жоқ.

Қартайдым деп, қайырма,
Жас бала бар артында,
Жалғызбын деп, қайырма
Жақсылар бар артында.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
1 Қазан Қарт Қария туралы Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) (О пожилой человек), Қарт Қария туралы Мақал-мәтелдер, (Пословицы на казахском языке) (О пожилой человек), Қазақша Мақал - Мәтел: Қарт Қария, Қазақша Мақал - Мәтел, карт кария туралы казакша макал, қарттық туралы мақалдар, қарттар туралы мақал-мәтелдер, карттар туралы макал мателдер, пословицы на казахском языке о пожилом человеке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]