Мақал - Мәтел: Су, өзен, көл, бұлақ
Көл көлге құяды,
Сел селге құяды — шұқанаққа дым да жоқ.
Сел селге құяды — шұқанаққа дым да жоқ.
"Көлмін" деп көпіресің ішінде бір балығың жоқ.
Көл тартылса кұс қашар.
Казғанмен су шықпайды қыр басынан
(Біржан сал)
Қара суға жапалақтап қар жауса қара балық ұрық салады.
Құдық қазсаң көлді каз,
көл суалмай суалмас
көл суалмай суалмас
(Ақтамберді жырау).
Қыдырдың қасыңда болғанша,
бұлақтың басында бол.
бұлақтың басында бол.
От — арық, су — семіз.
Өзен ақса — көл,
Дария ақса — сел.
Дария ақса — сел.
Өзен бойы тұрғанда
өзге жерге қонбаңыз.
өзге жерге қонбаңыз.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
Өзен-суға жарасқан қамысы мен қоғасы,
Қарияға жарасқан аузындағы тобасы.
Қарияға жарасқан аузындағы тобасы.
Өзен суын жаңбыр тасытады,
Адам қадірін еңбек асыртады.
Адам қадірін еңбек асыртады.
Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында,
Іздеген бақыт табады жалықпаса жасында.
Іздеген бақыт табады жалықпаса жасында.
Ағын су арнасын табады.
Ағын су бал татыр,
Ақ шабағы май татыр.
Ақ шабағы май татыр.
Ағын су жолын табады,
Ақ адам оңын табады.
Ақ адам оңын табады.
Ақ қар көп болса — ақ нан көп.
Ақпаса су бұзылады.
Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар.
Арық бар жерде су бар,
Су бар жерде ну бар.
Су бар жерде ну бар.
Арық қазбасаң су келмейді.
Бұлағы болмаса өзен де саркылар.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Бүлаққа бүлақ қосылса — "егізбіз" дейді,
Көлге көл қосылса — "теңізбіз" дейді.
Көлге көл қосылса — "теңізбіз" дейді.
Дария арам болмайды ит қанша сигенмен.
Дария басы — бұлақ.
Дария толы су болса ит тілімен су ішер.
Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық
(Кыпшақ Сейітқұл).
Иірімі жоқ судан иірілген балық не табады?
Көлдің көркі — құрақ,
Таудың көркі — бұлақ.
Таудың көркі — бұлақ.
Көл жағалағанның көні кеппес.
Сағадағы су ішеді,
Аяқтағы у ішеді.
Аяқтағы у ішеді.
Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап от жанар.
Жел қуалап от жанар.
Сасық суда жайын жоқ,
Олжа малда қайыр жоқ.
Олжа малда қайыр жоқ.
Саяз су сарқырап ағады.
Су аққан жерінен ағар, шөп шыққан жеріне шығар.
Су ақса — сайына,
Жылқы жоғалса — үйіріне.
Жылқы жоғалса — үйіріне.
Су анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.
Сөз анасы — құлақ.
Су аяғы — құрдым.
Су байлық — алты айлық,
Қар байлық — үш айлық.
Қар байлық — үш айлық.
Су бар жерде ырыс бар:
ұстап балық жейсің,
ақ бидай егіп, нанын жейсің.
ұстап балық жейсің,
ақ бидай егіп, нанын жейсің.
Су басынан бұзылады.
Су басынан тынады,
Балық басынан шіриді.
Балық басынан шіриді.
Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің жауабы бар.
Су төккеннің жауабы бар.
Су бермегенге сүтіңді бер —
ақ ниетінді білсін.
ақ ниетінді білсін.
Су болмай балық аулауга болмас,
Жүз жыртпай дау даулауға болмас.
Жүз жыртпай дау даулауға болмас.
Суға кеткен тал қармайды.
Суға салған тонның енді аяйтын несі қалды?
Суға тері и болмас,
Сұғанақ жігіт би болмас.
Сұғанақ жігіт би болмас.
Судағы балыққа қуанба, өлі сенікі емес.
Су — диханның каны,
Жер — қолыңдағы наның.
Жер — қолыңдағы наның.
Судың басы бұлақ болса, аяғы құяр теңізге.
Жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге.
Жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге.
Судың да сұрауы бар.
Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын сұм бөгер.
Ердің жолын сұм бөгер.
Судың терең саязын ағысынан білерсің,
Аттың жақсы, жаманын шабысынан білерсің.
Аттың жақсы, жаманын шабысынан білерсің.
Судың түбін шым бекітеді,
Сөздің түбін шын бекітеді.
Сөздің түбін шын бекітеді.
Суды өзі кешіп ішпей мал қоңданбайды,
Шөпті өзі орып жемей мал жонданбайды.
Шөпті өзі орып жемей мал жонданбайды.
Суды шым бөгейді, дауды қыз бөгейді.
Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
Сөзді шын тоқтатар.
Су жүрген жер молшылық, абат емей немене.
Жақсылардың сөздері қанат емей немене.
Жақсылардың сөздері қанат емей немене.
Су жүрген жер шүлен.
Су — зер, сушы — зергер.
Су кезегінен қалған он екі ай аш.
Су келтірер мәрт кісі,
Егін егер ер кісі.
Егін егер ер кісі.
Су кетсе тас қалады,
Сүрме кетсе қас қалады.
Сүрме кетсе қас қалады.
Су — қан, еңбек — жан.
Су қатайса мұз болар
(Марабай ақын).
Сулы жердің қасиеті сағасында,
Нулы жердің қасиеті ағашында.
Нулы жердің қасиеті ағашында.
Сулы жер қүрақсыз болмас,
Таулы жер бүлақсыз болмас.
Таулы жер бүлақсыз болмас.
Сулы жер — нулы жер,
Бұлақты жер — тұрақты жер.
Бұлақты жер — тұрақты жер.
Сумен ойнама — батарсың,
Отпен ойнама — жанарсың.
Отпен ойнама — жанарсың.
Су патшасы — мұрап,
Түн патшасы — шырақ.
Түн патшасы — шырақ.
Су перісі сұлтан.
Сусағанның түсіне су кіреді.
Су сағасы — бұлақ,
Сөз сағасы — құлақ.
Сөз сағасы — құлақ.
Су сүреңін табады.
Сусыз жердің оты арам.
Сусыз жердің шөбі сұйық,
Суайт адамның сөзі сүйық.
Суайт адамның сөзі сүйық.
Сусыз өмір жоқ,
Отсыз темір жоқ.
Отсыз темір жоқ.
Су тасыса жиегіне,
Ер тасыса еліне.
Ер тасыса еліне.
Су түбіне жетпейсің бойлағанмен,
Ой түбіне жетпейсің ойлағанмен.
Ой түбіне жетпейсің ойлағанмен.
Суы ащы теңізден томар да болса көл артык,
Суы бардың буы бар.
Суымен Жайық әдемі,
Ескегімен қайық әдемі.
Ескегімен қайық әдемі.
Су ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
Еңбек кірістің көзі.
Су ішетін арығы жоқ еддің сүзіп алатын балығы жоқ.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Сылдырсыз аққан судан без.
Терең құдықтың суы тәтті.
Терең судың ағысы білінбес.
Терлей-терлей тоған байласаң қызара бөртіп су ішерсің.
Толықсып акқан дария — мейірманды қария.
Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.
Шөлдегі шұқанақ суға тоймас.
Шөлдеп ішкен қара су шекер емей немене.
Тебінгенмен біткен мал бекер емей немене.
Тебінгенмен біткен мал бекер емей немене.
Шөл жағалап қонба, көл жағалап қон.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: