Курстық жұмыс: Экономикалық өсу | Экономикалық өсу
Мазмұны
1.Кіріспе2.Негізгі бөлім
1.1.Экономикалық өсу: мәні, мазмұны
1.2.Экономикалық өсудің типтері
1.3.спубликасындағы тұрақты эканомикалық өсу факторы
3.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
I) Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Экономикалық өсу: үлгілері және факторлары” деп аталады. Бұл жұмысымда мен жалпы экономикалық өсу дегеніміз не, оның түрлері үлгілері (модельдері) мен факторларына және де осы тұрақты экономикалық өсудің өз еліміздегі мәселелеріне кеңінен тоқталып өтпекшімін.
Экономикалық даму не үшін қажет? Ел нақты экономикалық даму кезеңінде өмір кешсе, онда бірқатар жаңа мүмкіндіктер ашылады. Тауарлар және қызмат көрсетуларге әркімнің қолы жетіп, оларды таңдауға мүмкіндік туып, халықтың өмір деңгей көтеріледі. Елдің ішіндегі өмір деңгейін төмендетпей, басқа елдерге көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Басқаша айтқанда, “пісірген бәлішің” үлкенірек болса, оның өзінен артылып қалған бірнеше бөлігін экономикалық қуатын өсіргісі келіп отырған мемлекеттерге де беруге болады.
Экономикалық даму дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді. Алайда, бұл тұста ол бәліш үлкен болған сайын, әркімнің үлесі де молырақ болатыны тағы да даусыз.
Экономистердің түсіндіруі бойынша үлкен өлшемді “Экономикалық бәліш пісіру” процесі (яғни ЖІӨ-ді көбейту) экономикалық даму болады. Ол үшін қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану керек әлде мемлекеттің өндіріс қуатын көтеру керек. Немесе, экономистерше айтқанда, елдің өндіріс мүмкіндігінің шекарасын жылжыту қажет.
II) 1.1. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны
Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада “экономикалық өсу” термині елдің Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) немесе Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда, ЖІӨ (ЖҰӨ) көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезінде, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.
Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) – нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы (өзгешелігі), Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ), сондай-ақ ел азаматтарының шетелдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп тастайды.
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория “экономикалық өсу” категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады? Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстесивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өніміділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Экономикалық даму, әдетте, келесідей іс-әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін.
• Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын
адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.
• Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре
бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
• Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары
жақсартылған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда, бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.
• Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну
тауарларын өндіріп қоймай, онымен қатар қоғам өзінің ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және т.с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
• Кәсіпорынның ақша қаражатын жұмасуын өсіру. Кәсіпорын еңбек
өніміділігін арттыру үшін жаңа сапалы құрал-жабдықтар алу, ғылыми зерттеулер мен дайындықтар жүргізу, жұмысшыларды оқыту және басқа да жолдарын пайдалануға қаржыны тиімді жұмсауға міндетті. Оған қосымша бұл тұста үкімет тарапынан кәсіпорындарды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру мақсатында бөлінетін қаржыларды да қодану қажет.
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауды ескерсек те,ұзақ мерзімді экономиканың тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ,
ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы
құрлымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б ) Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
• Неокейнстік
• Ноеклассикалық
• Тарихи-әлеуметтік
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын жеңілдетеді.
II) 1.2. Экономикалық өсудің типтері
Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар:
1. Ұсыныс
2. Сұраныс
3. Бөлу
Ұсыныс факторлары болып табылатындар:
• Елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы
• Елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы
• Негізгі капиталдың көлемі
• Технолгия
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.
Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:
• өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар
бойынша нақты бөлу;.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен оның негізгі көрсеткіштері
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық өсу жағдайы, үлгілері, көздері
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық өсу теориясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық даму теориясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен оның негізгі көрсеткіштері
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық өсу жағдайы, үлгілері, көздері
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық өсу теориясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық даму теориясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
Іздеп көріңіз: