Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық және әлеуметтік прогресі

Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық және әлеуметтік прогресі

Мазмұны
І Кіріспе……………………………………………………2
ІІ Негізгі бөлім:
а) Экономикалық және әлеуметтік прогресі……6
ә) Тікелей инвестиция тарту бағдарламасы…..14
б) Шағын және орта бизнес туралы………….…..18
ІІІ Қорытынды…………………………………………22
Қолданылған әдебиеттер……………………………24

Кіріспе
Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздегі нарықтық қатынастарының кеңеюі жағдайындағы мемлекеттің экономикалық функциясын жүзеге асыру жән оны күшейту, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету.
Бұл реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Транзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге дейін аралық бекеттерде қайта отврғызбай және қайта тиемей тасымалдау.
Транзит операциялары – жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты, материалдарды , отынды және басқа материалдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар.
Транзиттік тауар айналымы-көтерме сауда айналымының бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен, өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады.
Нарықты мемлекеттік реттеу- нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет , құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады.
Нарықтық экономика- нарықпен қатар тауарлар мен қызметтерді өндіру,тұтыну, бөлу, оны бағдарламау және реттеу саласын біріктіретін экономика.[2, 217 б.]
Экономикалық реттеу екі нысанда -өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі.
Экномиканы мемлекеттік реттеу қаржылылқ реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында :” Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік,тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда , 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та,бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда біз 225 пайыз ұлғайтуға қолжеткіздік, ал былайғы дүниеде ол 1.3 еседен аз болды,” –деген.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік –экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құрды.
Қазір Ұлттық қор 5 миллиард 300 миллион доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын- валюта резервтері, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. [1,9 б.]
Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер , Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты.
Сонымен әлемдік экономиканың бір бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына енбей қоймайтынымызға анық көз жетті.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан терең экономикалық қайта ұйымдастырулар экономиканы мемлекеттік реттеудің негізінде жатқан постулаттар мен қалыптасқан стереотиптерге сынмен қарауға мәжбүр етті. Нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің заңдылықтарын зерттеу экономикалық қызметті басқарудың тиімді әрекет жүйесін құруға жол ашты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізі шаруашылық байланыстары мен өзара әрекеттестіктері мақсатты бағытталған тәртіпке келтірудің процесі ретінде оның маңызын көрсетеді. Өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттік реттеу бұл нарықтық қатынастар жүйелері мен субъектілеріне мемлекеттік мақсатты бағытталған ықпал етуі. Ол нарықтың өзін -өзі реттеу механизмімен бірлесіп, аймақтық экономика дамуының қуатты фыакторы ретінде қатысады.
Мемлекеттік реттеу- бұл экономикада жүргізілетін процестердің мемлекеттің экономикалық саясатына бағыныстылығы.
Нарықты экономикалы елдердің тәжірибесі экономикаға мемлекеттің белсенді араласуының объективті қажеттілігіне куәлік етеді. Ол қоғамдағы мемлекет пен нарық субъектілерінің ортақ және өзара қарама-қайшы мүдделерінен көрініс табатын өндірістік қатынастарға негізделген. Бірақ та, тиімді мемлекеттік реттеу оған сәйкес келетін жағдайлар болған кезде ғана жүзеге асырылады.Бұлардың ең бастылары:
• Экономикадағы, қаржы, заң шығару, ішкі және сыртқы саясаттардағы негізгі стратегиялық бағыттарды қалыптастыру, мен олардың ықпал етуінде, басқаруда мемлекеттің басты тетіктерді өзінде қалдыруы;
• Экономиканың мемлекеттік секторының, яғни тікелей мемлекеттік реттеу объектілерінің бар болуы (қорғаныстық өнеркәсіп, көлік, байланыс);
• Мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін атқаруы үшін аймақтық, салалық және әлеуметтік бөлімдердегі орталықтандырылған қорлар арқылы бөлінетін, елеулі қаржы ресурстарын шоғырландыруы.
Сонымен, экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп тұрмыз.
Негізгі бөлім.
А) Экономикалық және әлеуметтік прогресі
Бүкіл дүниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді.
Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе, ал орта айлық жалақысы 6 есе жуық, ең төменгі жалақы 25 есе, зейнетақыларының орташа айлық мөлшері 4,6 есе, жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісіге келетін салымдардың көлемі тиісінше 35 және 37 есе өскені туралы айтылып тұр.
Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.
Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра бастады.
Бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап алды, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол ашты.
Биылғы жылдың ортасына қарай нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдарды сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек . Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, айқындайтын болады.
Жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі – Ұлттық инновациялық жүйе болып табылады.
Индустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.
Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.
«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.
2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:
Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау.
2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан (1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды.
Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды.
Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.
Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.
2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.[8,5 б.]
Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.
Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа (19.8%) келеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%).
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
» Реферат: Экономика | Жүктерді тасымалдаудың технологиясы және ұйымдастыру
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс әрекетті бағалау

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Экономикалық және әлеуметтік прогресі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]