Курстық жұмыс: Экономика | Экономикадағы экололгиялық факторлар

Курстық жұмыс: Экономика | Экономикадағы экололгиялық факторлар

Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................3
І. Қазақстанның ұлттық экономикалық және экологиялық мәселелері........................................................4
ІІ. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері...............5
ІІІ. Экономикадағы экологияның негізгі бағыттары.
ІІІ.1. Экономикадағы экололгиялық факторлар.................................8
ІІІ.2. Экомиканың табиғат сыйымдылығы.........................................11
ІІІ.3. Экономиканың құрылымын экологиялық жағынан өзгерту.....11
ІҮ. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың негізгі принциптері........................................ 15
Қорытынды....................................................................................... 18
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................... 20

Кіріспе
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе – теңдікті сақтау міндеттері өзара байлапысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған түрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.
Қоршаған ортаны сауықтыру ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі - әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы өзара қайшылықтардың кедергісінен өту - өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ,. Осылардың шешімін табу үшін экономика саласындағы мамандардың экономика мен табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және экология негіздерінің ауқымындағы білімін талап етеді. Осыған байланысты табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, экология пәндерін оқытуда сабақ беру жүйесін өзгерту қажет.
Экономикалық жоғары оқу орындары мамандықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, нарықтың қатынасын өту кезеңдеріндегі қоршаған ортаны сауықтырудың экономикалық механизмдерінің маңыздылығы және табиғатты пайдаланудың тиімді жолдары да осы курстық жұмыста баяндалады.
І. Қазақстанның ұлттық экономикалық және экологиялық мәселелері.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы Кеңестер Одағы тарағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елдегі экономикалық қайта кұру, экологияның, территорияның, тарихтың және мәдениеттің бүкіл шындықтарымен қайшылықгы көріністе еді. Бұндай көріністен біздің елімізде ғана емес, тәуелсіздікке енді қолы жеткен басқа да республикалардың ортақ проблемасы еді.
Орта Азияның солтүстік аймақтарын толығымен қамтыған кең-байтақ қазақ жерлері - халқының және территорияның табиғи кұрылысы жөнінен де толығымен мал шаруашылығына арналған өлке. 1925-1929 жж. өте қатаң зорлыпен халық мал шаруашылығына негізделген тіршілігінен шеттетіліп, қазақ жерлері егістік жерлерге айнала бастады. Жердің және территорияның табиғи құрылысы есепке алынбастан, әдейі жоспарланғандай егін шаруашылығының көп су қолдануды қажет етуінен Сырдарияның суы егістік жерлеріне ағызылып, арал теңізінің кұрғауына және елде экологиялық тепе-тендіктің бұзылуына себепші болған.
Бұдан кейінгі кезеңдердегі өнеркәсіпке өту барысында Қазақстан өз ұлтгық мүмкіндіктері мен шындықтарына негізделген өндіріс құрылысьна қарай жоспарланбады. Әсіресе, елдің шикізаты өз қолында болған өндіріс салаларында толық бір интеграцияға жетуіне толық мүмкіндік берілмеді. Мысалы: Қазақстан өте бай темір қорларына ие болғанымен, өңделген темір қоспаларын темірді айыру ісі Казақстанда жасалынғанымен, болат өндірісімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берілмеді және бұл қоспалар Ресейдегі болат өндіру кәсіпорьндарына жөнелтіліп, ол жерде болатқа айналдырлды.
Энергияның мемлекет экономикасының өркендеуі үшін маңызы зор. Қазақстан болса жер асты және жер үсті байлықтарымен тура бір энергия қоймасы сияқты. Бірақ осыншама байлық болғанымен елдің солтүстік және оңтүстік аймағы екі бөлек энергия беру және тарту жүйесімен электрленген.
Солтүстікгегі жүйе Ресейдің, ал оңтүстігі Түркі республикаларының жүйесімен байланысатындықтан елдің екі бөлек жүйесі арасында өзара энергия алмасудың қамтамасыз етілуіне мүмкіндік болмаған. Кеңес жылдары кезінде Қазақстанда ұлттық экономиканың кұрылуына мүмкіндік берілмеген, тәуелсіздіктен кейінгі белгілі бір уақыттар арасында да елдің ұлттық экономикасы кепідікке түскен еді. 1991 жылы қол жеткізген тәуелсіздіктен бүгінгі дейін Қазақстан бүкіл бұл қайшылықты экономика мен өндірістерді қайта кұрылу істері белгілі бір жүйеге қойылды. Мемлекеттің ұлттық мүмкіндіктері мен ұлттық қажеттіліктері төңірегінде экономикалық негіз қайтадан ұйымдастырыдды. Қайта ұйымдастыру шаралары Қазақстан ұлттық экономикасының бүгіні мен келешігінде қиындықтарды шешуіне мүмкіндік туғызуда.
ІІ. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері.
Туған еліміздің экологиялық ахуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Heгe десеңіз, экологиялық ақпараттарды игеру үшін экологиялық білім қажет. Қазақстанның экологиялық жағдайына қосымша талдау жасағанда мынаны байқауға болады.
Солтүстік Қазақстан бойыша құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиянды экологиясы
айтпаса да түснікті. Батыс Казақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн. га., жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн.га. жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халықка әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га. жер радиоактивті ластануда. Семей қаласынан небәрі 120 шақырым жерде орналасқан сынақ полигонда 40 жыл ішінде 485 ядролық жарылыс жасадды. Олардың 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астындағы сынақтар еді. Қуаты бірнеше килотоннадан 1,5 мегатоннаға дейін болды. Бұл цифрлар ұлттың жанын жегідей жейтін аса ауыр қасіретті көрсетеді. Қазақтар ядролык, қарудан көп зардап шеккен жопондықтардан кейінгі екінші орын алады. Одақтың басшылығымен және әскерилермен болған төзімділікпен жүргізген шиеленісті күрестен кейін, 1991 жылғы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен полигонды жапты.
Ал Каспий теңізінің 268 млн. га. жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты, ондағы техногендік, өндірістік ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсаздануьна, жайылымдардың тозуына жоғар деңгейде әсер етуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га. жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. ға. сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі — суармалы жерлердің тозуына әкеп соқты. Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына апат әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүниежүзіндегі экологиялық лас қаланың қатарына жатады.
Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн. т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,3 млн. адам мутангез ауруын шалдыққан.
Елбасының қолдауымен 1999 жылы біздің республикада "Экологиялық қабылданған. Мектептер үшін экологиялық білім бағдарламасы, оқулықтар мен оқу кұралдары жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстанда 2030 бағдарламасын іске асыру бағытында орындалып жатқан игі істер асыру бағытында орындалып жатқан игі істер болса керек. 2003 жылы Н.Назарбаев "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына" (№1241 Жарлығымен) қол қойды. Бұл Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық ахуалды жақсартудың шараларын белгілеген аса маңызды кұжат. Бұл құжаатты мемлекет деңгейінде, соның ішінде Білім және ғылым министрлігі іске асыруға міндетті. Бірақ әлі де сөзбұдайға салып, қабылданған көп кұжаттың бірі ретінде қаралып келеді.
Табиғат — біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологаялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондыктан экологиялық күрес - өмір үшін күрестің негізі болып табылады.
ІІІ. Экономикадағы экологияның негізгі бағыттары.
ІІІ.1. Экономикадағы экололгиялық факторлар.
Экономика саласында жаңа экологиялық-экономикалық жобаларды қалыптастыру үшін экономикалық дамуды экологиялау қажет болады. Қоғамның техносферамен және оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына экономиканың барлық құрылымдары мен салалары - өндіріс, бөлу және тұтыну қамтылған. Осыған байланысты экономиканың дамуы адамзат қоғамындағы қажеттіліктің шексіздігі, ал қажеттілікті қанағаттандыратын материалдардың ресурстар шектеулілігі туралы түбірлі жағдайды мойындауымыз керек. Ол жағдай шектеулі ресурстармен қажеттілікті неғұрлым толық қанағаттандыру үшін экономикалық процестерді оңтайландыру, тиімділігін арттыру қажетілігін туғызады.
Экономиканың табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі экология заңдылықтарына бағынышты екені ұзақ уақыт мойындалмай келді. Бірақ, соңғы он жылдықтарда өндіргіш күштердің қарқыны өсуіне байланысты бұл тәуелділік айқын сезіле бастады. Мысалы, топырақтың бір пайыз төмендеген құнарлығын бұрынғы қалпына келтіру үшін жұмсалатын шығындарды 10% арттыру керек. КСРО-да өткен ғасырдың 20-шы және 90-шы жылдары аралығында 1 центнер дәнді дақылдар өндіруге жұмсалатын қаржы 1100 есе өсіпті. Кесілген орманның орнына қолдан отырғызылған немес қалпына келтірілген орман бұрынғы табиғи күйіне келмейтіні белгілі болды. Осы мысалдардың өзі табиғат ресурстарын ысырапшылдықпен пайдалану қымбатқа түсетіні, ең бастысы — зор әлеуметтік-экологиялық және экономикалық зиян әкелетінін көрсетеді. Бұл мәселені әлеуметтік-экономикалық саланы экологиялау арқылы шешуге болады. Ол үшін:
- экологиялық факторлар мен ресурстарды, оның ішінде қалпына келетіндерін басқа экономикалық категорияларды байлықтың басқа категорияларымен тең қарастыру;
- ресурстарды пайдалану мен өндіріс экономикасын экологиялық шектеулерге және төлем жүйесін кеңіте отырып, табиғатты тепе-теңдік жағдайында пайдалану принципіне бағындыру;
- табиғат қорғау қызметтерін экономикаға тікелей қосу, технологиялық қайта жарақтау негізінде өндірістің сапалы өсу стратегиясына өтуі.
Қазіргі күнге дейін табиғаттан қанша ресурс алуға болатыны, оған қаншалықты әсер етуге болады және оның салдары қалай болатыны айқындалған жоқ. Біздің экономикамыз ресурс тұтынушы бағытта екені белгілі. Бірақ, ресурс тұтынудың артуы ұлттық табыстың өсуіне шамалас емес. Яғни, мәселе пайдаланған ресурс көлеміне емес, экономикалық құрылымға байланысты. Қазіргі қалыптасқан үрдіспен экономиканың қарқынды дамуына табиғат ресурстары жетпейді. Оның үстіне көптеген ресурстар сарқыла бастады және пайдаланылуы шектелді. Экологиялық мәселелерді талдау және экономиканың ресурс үнемдеуші түрақты даму жолына түсу үшін жаңа шешімдер қажет екенін талап етуде. Қазіргі нарық жағдайында қанша өнім шығару емес, табиғатқа зиян келтірмей қанша ресурс пайдалануға болады, табиғаттың қалыпты жағдайын өзгертпей қаншалық әсер етуге болады деген мәселені шешу керек. Ол үшін өндірістің алғашқы факторларын соңғы тұтыным өнімімен байланыстыратын мақсатты бағдарламалар керек. Осы өндірістік тізбектің (өндіру, тасымалдау,
өңдеу, тұтыну) өне бойында ресурс үнемдеу жолдарын, өндірістің тиімділігін арттырудың негізінде ең соңғы өнімді тұтынуды азайтуды ойластыру қажет.
Шешім қабылдаудағы маңызды мәселенің бірі - ҒТП нәтижесінде табиғат ресурстарын қаншалықты жасанды ресурстармен алмастыруға болатындығы. Ондай мүмкіндіктер өте шектеулі, ал кейбір адамға аса маңызды табиғат игіліктерін және экологиялық
жүйені ештемемен алмастыруға болмайды. Мысалы, отын ресурстарын бір-бірімен алмастыруға немесе олардың орнына күннің немесе желдің қуатын пайдалануға болады, ал табиғи ландшафты, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, олардың тұқым қорларын, ішетін суды, демалатын ауаны, өзен қабатын, т.с.с. жасанды заттармен алмастыруға болмайды. Тіпті, жасанды заттардың өзі алғашында табиғаттан алынады.
Қазіргі экономикалық теорияның кемшіліктерінің бірі экологиялық факторларды экономикалық категорияларға қосу, өйткені маркстік саяси экономия экономикалық категорияға адамның еңбек нәтижесін ғана қосты. Шындығында құндылықтар табиғат ресурстары мен экологиялық жағдайлардың қатысуымен құрылған нәтижелер мен шығындар жиынтығы. Жасалуына белгілі түрде табиғи ортаның факторлары мен жағдайы қатыспаған құндылық жоқ.
Экономиканың маңызды көрсеткіші - елімізде өндірілген тауар мен қызметтің бағасы. Бірақ өнімнің әр өлшемін өндіргенде одан 10 еседен артық қалдық шығарылады, ал табиғатты пайдалануда одан бірнеше есе көп. Бұл қалдықтар, табиғи ортаны ластап, тіршілік жағдайын қиындатумен бірге адамдардың игілігін кемітеді. Бірақ, зиян жалпы ұлттық өнімнен шегеріліп алынбайтындықтан халықтың жағдайы өспеді. Әзірге қол жеткізгеніміз ары қарап өндірісті экологиялау, табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін және табиғи ортаны ластағаны үшін төлем белгілеп, табиғат пайдалануды мемлекеттік тұрғыдан реттеу болып отыр.
ІІІ.2. Экомиканың табиғат сыйымдылығы.
Табиғат сыйымдылығы дегеніміз игіліктерді: тауарды және қызметтің бір өлшемін алу үшін қанша табиғат ресурстары жұмсалатынын білдіреді. Кең мағынада өндірістің табиғатқа әсерін де осы ұғымға сыйғызуға болады, яғни тауардың немесе қызметтің бір өлшеміне есептегенде табиғатқа қанша әсер етеміз.
Жоғарыда айтылған экологиялық мәселелерді шешудің бағыттары экономикалық дамуды экологиялаудың негізгілері болып табылады. Экологиялық мәселелерді шешудің ең тиімді экологиялық және экономикалық бағыты - «табиғат - тұтынушы емес» әрекеттер мен салаларды дамыту. Ең бірінші кезекте табиғатқа тікелей байланысты емес экологиялық мәселелерді шешу нұсқаларын жүзеге асыру керек. Тікелей табиғат қорғау шараларын өндірістің басқа аз қалдықты технологияларын іске асыру мүмкін болмағанда қолдану керек. Жоғарыдағы экономиканы экологиялау бағыттарының ауқымы әр түрлі. Балама нұсқаларды жүзеге асыру - макроэкономикалық және салалық деңгейде мүмкін. Ресурс үнемдеуші, аз қалдықты технология кәсіпорын және аймақ деңгейінде жүзеге асырылады. Тікелей табиғат қорғау шаралары да осы деңгейде қолданылады.
Экологиялық мәселелерді шешудің балама нұсқалары ең бірінші кезекте экономиканың құрылымын өзгерту мүмкіндігіне байланысты.
ІІІ.3. Экономиканың құрылымын экологиялық жағынан өзгерту.
Қазіргі экологиялық-экономикалық және әлеуметтік талаптар табиғат ресурстарының бар-жоғына қарамастан экологиялық мәселелерді тез де тиімді шешімін қажет етеді.
Экономиканың тұрақты дамуы үшін ұсыныстың үстемділігінен бас тарту керек. Осы уақытқа дейін ұзақ мерзімді экономикалық дамуды анықтаушы жалпы тұтыну емес, жалпы ұсыныс болып келді.
Аса зор масштабта ең көп пайда әкелетін қару-жарақ, есірткілер, алкоголь ішімдіктері, шылым, дәрі-дәрмектер шығарылады. Осыған байланысты егер өндіріске және адамның денсаулығы мен өмірін сақтау талаптарына сай келмейтін болса, ұсыныстың сұраныстан кез келген басымдылығы экологияға қарама-қарсы. Міне, сондықтан да экономиканы экологияландыру жаңа тұтыну талаптары мен экологиялық және медициналық-биологиялық бақылаудағы сұранысты ұсыныспен қатаң түрде үйлестіруден бас тартуды талап етеді. Қоғамды артық тұтынуды тықпалайтын жарнамалардан қорғау керек. Ұсыныстың үстемділігіне адамдардың жоғары түтыну мәдениетін қарсы қою керек.
Әлеуметгік экологияның ең бір қиын мәселесі - адамдардың еліктеуші тұтынушылығын және тұтыну құрылымын өзгерту. Тұтынудың шексіз өсуін тоқтату қиын, ал тұтынуды шектемей экономиканы экологиялау мүмкін емес бос қиял болып қалады.
Мәртебе үшін тұтынуға еліктеушілікті өзгерту өте қиын. Автомобильдердің көбеюі қоршаған ортаға жағымсыз екені белгілі, бірақ автомобил сатып алу көпшілігінде көлікке қажеттіліктен гөрі мәртебе үшін болады.
Қазір автомобильдердің табиғи ортаға зияндылығына қарамастан әлем елдерінің өндіріс потенциалының 20%-ы автомобиль шығаруға жұмсалады. Бір тонналық автомобиль шығару үшін оны қамтамасыз ететін өндірістерде 25 т-ға дейін қатты және сұйық қалдықтар шығарылады. Автомобильді пайдалану үшін жолдар, гараждар жөндеу, май құю инфрақұрылымдары салынып, оларға жер бөлінеді. Үлкен қалалар автомобильдердің түтініне тұншығуда және бұған қоса көлік құралы ретінде жеңіл автомобильдердің экономикалық тиімділігі барлығынан төмен. Жеке тұтынушы үшін ол екінші қатардағы қажеттілік екені сөзсіз. Бірақ, осындай жағымсыз факторларды мойындау тұтынушылардың оны жеке мәртебесі үшін пайдалануын, сұранысын кеміте қоймас. Бүл жерде автомобильді тұтынымнан шығаруға тырысқаннан гөрі оны табиғатқа зияндылығын азайтқан - отынын басқа зиянсыз қуат көздерімен ауыстырған тиімдірек болады.
Әлем елдерінде қару-жарақ қолданудың нақты деректерін ешкім білмейді. Қару пайдалану барлық елде мэжбүрліктен деп айтылғанымен қару қолдану әйтеуір бір себептермен ақталып түсіндіріледі. Барлық елде Қорғаныс министрлігі бар, ал ешбір елде шабуыл министрлігі жоқ, соған қарамастан қақтығыстар болып жатады. Егер ешкім шабуыл жасамаса кім кімнен қорғанады? Қару-жарақ тұтынуға барлық мемлекеттер қатысады және ол қару құралдарын шығаруды арттырады. Кезінде КСРО әскери өндіріс кешені алып елдің материалдық және интелектуалдық ресурстарының едәуір бөлігін тұтынды, қару-жарақты көптеп шығарып, оларды сынап Ресейдің, көршілес елдердің қанша жерін, экологияны бүлдірді, халыққа әлеуметтік экологиялық-экономикалық зиян келтірді. Милитаризация мен экономиканы экологиялау бір-біріне қарсы әрекеттер, біреуі болғанда екіншісіне орын жоқ.
«Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуы қорғаныс кешеңінде өндірісті қысқартып, оны басқа бағытқа қайта жарақтауға мүмкіндік берді және экологияны жақсартуға жол ашты. Қорғаныс кәсіпорындары бағытын өзгертіп табиғат қорғау технологиясы мен құрал-жабдықтарын, жаңа ресурс үнемдеуші технологиялар шығара алады және мұндай өндірістерді ұлғайту мүмкіндігі бар. Өйткені бұл салада куатты ғылыми-техникалық потенциал, озық технологиялар, маман кадрлар жинақталған. Елде табиғи ресурс-тарды жэне қоршаған ортаны, аз қалдық технологияны шығаруға лайықталған экологиялық машина жасау саласының дамуы, экологиялық жарақтануға бетбұрыс жасау табиғат қорғау ісінде мейлінше зор тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Экологиялық мәселелердің шешімі ретінде экспорт саясатын өзгертуді жатқызуға болады. Қазіргі кезде жағымсыз экологиялық жағдайда табиғат сыйымдылығы жоғары, қоршаған ортаға зиян келтіруші өнімдерді экспортқа шығару едәуір күшейіп отыр. Мысалы, тропикалық орман ағашқа оталып, экспортқа шығарылады. Дамушы елдердің экспорттық тауарлары -негізінен табиғат ресурстары шикізаты. Қазақстанның да экспорттық потенциалының басым бөлігі - қалпына келмейтін табиғат ресурстары. Экспорттың 45%-ы отын ресурстарын құрайды. Сыртқа шығарылатын кендерді, концентратты, металды, тыңайтқыштарды және т.б. есептегенде шикізат экспорты 80%-дан асады. Сыртқа шығарылатын шикізат көлемі өзіміздің өндірісте өндеуден өткізуден анағұрлым артық. Сонымен қатар технологиялық өнімдер (машина және құрал-саймандар) экспорты.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экология | Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
» Курстық жұмыс: Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі балаларды жан - жақты тәрбиелеу
» Курстық жұмыс: Экология | Экологияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны
» Курстық жұмыс: Экономика | Ұлттық экономика және оның қызметтерінің деңгейі

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Экономикадағы экололгиялық факторлар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]