Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Э. Хемингуэй шығармаларындағы сатылы аударманың ролі.

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Э. Хемингуэй шығармаларындағы сатылы аударманың ролі.

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................4
Негізгі бөлім.
1 - ТАРАУ Э.Хемингуэй шығармаларындағы өмір шындығының бейнеленуі..............................................................
1.1. Э. Хемингуэйдің жазушылық шеберлігі................................................
1.2.“Шал мен теңіз” повесі аудармасындағы мәтін мағынасының дәл, көркем берілуі................................
2 -ТАРАУ. “Қош бол, майдан!” романдағы соғыс тақырыбының бейнеленуі....
2.1. Романның қазақ тіліне аударылуы және стильдік қателіктер себептері.....
2.2. Жазушының “ Килиманджаро қарлы тау” аудармасының сапасыздығы туралы.......................................
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......

КІРІСПЕ
“Егерде талайыңа таудай бақ қонып, жас
дәуреніңді Парижде өткізсең, сосын қай
жерлерде жүрсең де, ол өміріңнің ақырына
дейін өзіңмен бірге болады, өйткені Париж
өміріңнің тойындай әманда сенің жадыңда
жүреді жаңғырып”.
Эрнест Хемингуэйдің досына жазған хатынан (1950 ж.)
Американың ұлы жазушысы Э. Хемингуэй шығармалары адам болуға, адам болғанда да жүректі адам болуға, ел-жұртқа жақсылық істеуге, жазушы ар-абыройын биік деңгейде ұстауға тәрбиелейді. Өйткені, қай жердің, қай елдің оқырманы болса да, оның шығармаларынан рухани ләззат алып, қызыққа, хикаятқа толы өмірінен мол тағылым үйренетіні анық. / 1, 67/.
Жазушының балалық шағынан бастап аңшылықпен, балық аулаумен қатар аң аулау кәсібімен айналысуы және соғыста басынан кешкен жағдайларды, айқын әрі шынайы бейнеленгеннен шығармаларында көруге болды. Оның кітаптарын оқып отырып, көп нәрсені есте сақтап, оның прозасын басқа жазушылардың прозаларымен мүлдем шатастыра алмаймыз .
Өйткені өзгеге ұқсамайтын дара стильдік ерекшелігі бар. Жазушы балалық шағын Чикагоға жақын орналасқан Оук-Парк қаласында өткізді. Хемингуэйдің әкесі дәрігер болған, ал шешесі жас кезінде музыкамен айналысып, әнші болуды армандаған .
Сонымен бірге әкесі табиғат аясында болуды ұнататын, сол себептен де ол көлдің жағасына кішкене ғана аңшылық үйін салған еді. Атасы Эрнестке мылтық сыйлап, ол сол мылтықпен аңшылыққа шыққанды жақсы көрген.
Қаланың орта мектебінде оқып жүріп, ол кей-кезде үйден де қашып кететін кездері де болатын. Осылайша ол 1917 жылдың сәуірінде, АҚШ бірінші дүние жүзілік соғысты бастағанда, Эрнесті армияға алмай қояды, себебі оның көзі боксқа қатысып жүргенде жарақат алып, сол себептен жарамайды. Кейінен ол Италияда болып сол жақта қатты жарақаттанып, Миландағы госпитальда бірнеше айлар жатып, емденіп шығады.
Ол бүкіл Еуропа мен Амераканың халықтарының алдында сөз сөйлейді. Оның атақты шығармалары сол кездегі оқырмандар ғана емес, сонымен бірге қазіргі жас оқырман қауымға да үлкен мақтаныш деп айтсақ, қателеспейміз.
Шығармаларының көбісі басқа жазушылардың туындыларынан ерекшеленіп тұрады, өйткені шығармалары көбінесе соғыс пен махаббат, теңіз және табиғат тақырыптарына арналады . / 2, 13/
Жазушы өзінің шығармаларын жазудағы өнерін көптеген орыстың классик жазушыларынан, басқа да атақты француз жазушыларынан үлгі алды.
Мысалы, өткен ғасырдың талантты жазушылары Толстой, Тургенев, Генри, Стендаль, Флобер, Джейм, сияқты дарын иелерінен үйренген. “Көркем мәтін немесе көркем шығарма мен оқырманның арасында ешқандай делдәл болмауы керек” деген Э. Хемингуэйдің бұл ұстамдылығын, өзінің оқыту тәжірибесіне әкелді.
Осымен ол 1918 жылы шілде айының 8-күні қатты жарақат алады да, үш ай бойы Миландағы госпитальда жатады .
1919 жылы қаңтарда жазушы өзінің туған жері Оук Паркке келеді де, 1920 жылдың тағы қаңтар айында Торонтоға (Канадаға) көшіп келеді. “ Торонто дейли стар” деп аталатын газет баспасында жұмыс істейді. Күзде Чикагоға көшіп келіп, ол жақтағы “Коопертив Коммюнуэльс” журналында жұмыс істейді. Желтоқсанда ( 1921) “Дейли старға” Еуропаға тілші болып кетеді. Хемингуэйдің бір кезде ақындар мен жазушылардың сүйкті қаласы Парижде болған кезеңін суреттейтін “ Қызығы сол мол жылдар ” атты шығармасын оқығанымызда жақсы әсерге бөленетініміз рас. Дүние жүзінің қылқалам шеберлері бір көруді өмірлік арман етіп Парижді “Піл сүйегінен тұрғызылған мұнара ” деп атапты. Орыс ақыны Маяковскийдің өзі де “ Парижде тұрып өлер ем, Москвам егер болмаса ”, деп жырлағаны есімізде. Жазушы осы Парижде аяғынан тік тұрған әдебиетші болып, жазушылық өнерге біржола құлаш ұрғаның, оның жазған шығармаларынан айқын көреміз. Жиырма жасқа толған жазған шығармасы, Парижде өткен өмірін суреттеген жазушының “Қызығы мол сол жылдар” атты шығармасын өзі көз жұмғаннан кейн жұбайы Мэри 1964 жылы жарыққа шығарды. Ол орыс тілінде үш аудармашы азаматтардың аударуымен 1966 жылы басылып шықты. Э.Хемингуэй осы туындысында XX ғасырдың басындағы Париж тіршілігін, ондағы американдық жазушылар мен суретшілердің тағдырын, өз басынан кешірген оқиғаларды өте-мөте қызықты етіп суреттейді. Ол кезде ел-елдегі, жер-жердегі ойшыл ғұламалар, үлкен өнерге талпынған таланттың бәрі суреткерлер, жазушылар арманының ақ құсын іздеп, жан -жақтан Парижге сапар шегеді екен. Шығармашылық ізденіске, ой-парасатына зәру жас суретші де өнерлі адамдар арасында болуды аңсайды.
Белгілі американ жазушысы Шервурд Андерсон Хемингуэйдің талантың танып, оған өзі секілденіп біраз уақыт Парижге барып тұруға ақыл береді. Андерсон Париждегі Эзра Паунд, Гертруда Стайн, Силвия Биг, Томас Вульф секілді жазушыларға суретшінің болашағынан үміт күттіретінің айтып, орталарыңа алыңдар деп хат жазады.
Хемингуэй еңбек етуді жан-тәнімен сүйіп, өз шығармашылығына өте қатал қараған жазушы. Жұмыс істегенде әр нәрсеге көңілін бөлмей дос-жарандарын да көрмей, шын беріліп істейді екен. Содан ақ тер боп әбден шаршағанша отыра береді.
- “Мен нағыз шыңайы өмірдің ортасында тұрдым, - деп жазды ол осы Парижде өткен күндерін еске алып. Әрқилы адамдар болды, олардың құлқын түсінуге тырысып бақтым, қайсыбірі маған ұнамайтын, ал кейбіреулерін әлі күнге дейін жек көремін.” Парижде тұрғанда Хемингуэйдің отбасымен өмір сүруіне қаражаты тапшы болғанын білеміз. Ол мұнда алғашқы жұбайы сұлу, сымбатты Хедли Ричардсонмен некеге отырады. Сол кезде ең тамағы арзан, белгісіздеу оңаша кафені іздеп, сақал-шашын қидыруға да шамасы келмей, болашақ ұлы жазушының қала көшелерін жаяу аралайтын кезі болған. Кейде көшедегі саудакештерден қуырған картоп сатып алып қана күнелтеді.
Біраз уақыт таксидің шофері болып істейді, қыста Австрия мен Швейцарияның табиғаты тамаша таулы ауданына барып демалу үшін тау шаңғысы спортының нұсқаушысы қызметіне орналасады.
Жас Хемингуэйдің Парижде жүргендегі бар дүниесі бес жүз долларға сатып алған екі сурет қана еді. Оның бірі –Жан Миронның “Саяжай” деп аталатын, екіншісі - Хуана Гристің “Гитарашы” деген суреттері. Жұбайы Хедли Ричардсон екеуі ішпей-жемей жүріп, бұл суреттерді ең ақырғы қаражаттарына сатып алған екен. Осы суреттердің екеуі де өмірінің соңына дейін жазушының Кубаның астанасы Гавана маңындағы жеке меншік үйінің залында көрнекті жерінде ілулі тұрған. Қазіргі күнде бұл суретті әрқайсысы Америкада 100 мың доллар, тіпті одан да қымбатқа түсетін көрінеді. Қаражат тапшылығын көре тұрса да, Эрнест Хемингуэй шет елдердегі кейбір өзге жазушылардай жазғанын ешкімге сатпайды.
Мәселен, Париждегі “Херст” бірлестігінің бір баспагері Эрнест Хемингуейге келіп, өтімді шығарма жазса, ауқымды қаражат төлейтінін айтқанда суреткер қатты ашуланып, одан бірден бас тартқан. Өмір сүру үшін ат бәйгесіне барып, жүйрік деген аттарға бәс тігіп, немесе бокс жарысын ұйымдастырып, содан қаражат табуға болар. Бірақ, жазушының “ең қасиетті дүниесі – шығармасы, оны ешқашанда сатуға болмайды”, - дейді жазушы өнерін пір тұтқан ол.
Хемингуэй өзі Американдық жазушы бола тұра, Франция астанасы Парижді кереметтей сүйіп, дүниеде одан артық қала жоқ деп есептеген.
Көп жер көріп, саяхатта көп жүрсе де (Америкада, Мексикада, Францияда, Испанияда, Италияда, Англияда, Африкада, Кубада т. б. жерлерде болған) ойынан үнемі көкке асқақтаған Эйфель мұнарасы көрініп тұратын сәулетті, сәнді орындары көп сұлу қала – Париж кетпеген. Сол Парижде өзі жаудан босатқан сүйікті қалада өткен думанды күндер жазушының мәңгі есінен кетпейді. “Егерде талбойыңа таудай бақ қонып, жас дәуреніңді Парижде өткізсең, сонан соң қай жерлерде жүрсең де, ол өміріңнің ақырына дейін өзіңмен бірге болады, өйткені Париж өміріңнің қызығында әрқашанда сенің жадыңда жүреді жаңғырып”, - дейді ол кейінірек досына жазған бір хатында. /1,67/
Жазушы өзінің алғашқы шығармаларының бірі – “Қош бол, майдан!” атты романын осы Парижде тұрғанында бастап жазып, 1929 жылдың көктемінде Флорида штатынан Парижге қайта оралып келіп романың соңғы тарауларын осы қалада тәмәмдағаның аса мақтанышпен айтады. Бұдан біз Париждің өзге талант иелері сияқты, жас суретші үшін де көңіл көкжиегін ашқан, шабытына қанат бітірген қасиетті қала болғаның аңғарамыз.
1936 жылдың көктемінде жазушы “Эсквайр” журналында очерк жариялады. Бұл очеркте автор Гольфстримдегі балық аулау эпизоды туралы әңгімелейді. Қарт балықты ұстап алды. Шалды тапқанда, акуланың азығына айналған балықтан түк қалмайды, ал балықшы өксіп, жұбамай отырады. Осы ақиқат жағдай “Шал мен теңіз” повесінің сюжетінің негізіне салынды.
Бірақ, Стендальдің романы, оның газеттік ақпаратынан өзгеше секілді, повесть те очеркке ұқсамайды. Тек 1950 жылдың соңында ғана суреткердің бұрын табылған сюжетті көркем өңдеуге салады. 1951 жылдың 17 ақпаныңда жазушы қолжазбаны бітіріп, 1952 жылдың қыркүйегінде ғана “Лайф” журналында басылып шығады. /4, 5/.
Антифашистік тақырып жазуға көз жұмғанша жақын болды. 1953 жылдан 1960 жылға дейін Э. Хемингуэй Испанияға “Саясат туралы ауыз ашпау” шартымен бірнеше рет келген. Саясат туралы очерктер 1960 жылы “Лайф” журналында “Опасное лето” атымен жарияланды. Жазушы шын мәнінде саяси талқылаудан бас тартқан, бірақ, сындардың көрсетуінше, автордың франкистік режимге деген көзқарасты сол қалпында қойғанын дәлелдейтін сілтеулерде кездеседі. Жалпы алғанда, “Опасное лето” очерктік әдебиеттің озық үлгісі болса да, Э.Хемингуэй шығармашылығында елеулі орынды иеленбейді.
Суреткердің өмірінің соңғы онжылдығындағы шығармашылық белсенділігінің төмендеуі оның денсаулық күйінің нашарлауымен ғана түсіндірілмейді. Соғыстан кейінгі ақиқат әскери кезеңнің үмітін алдады, ақтап шыға алмады. Бұл да бір себеп болып табылады.
Ұлы жазушылар өз әдеби бағаларында көбінесе көбінесе субъективті болады. Бірақ, сараптаманы У. Фолкнердің сөзімен бітіргіміз келеді. Ол ешбір себепсіз жазушының шығармашылығының мәнін асқақтатады. “Бұл шығарманың кез-келгеніміздің туындымыздан үздік екенің уақыт көрсетер. Мен оны және өзімнің замандастарымды айтып отырмын”.
Э . Хемингуэй Мемуарлық очерктер кітабын жазу жұмысын 1957 жылдың күз айынан бастап, бірнеше үзілістерімен 1960 жылға дейін жалғастырды. Осы мерзімге дейін кітап аяқталып қысқаша авторлық алғысөзбен қорытылған еді.
1964 жылдың мамыр айында “Праздник, который всегда с тобой” деп аталатын кітабы дүниеге келді. Бұл кітапты құрайтын автобиографиялық очерктер, хаттар, 1921 жылдан 1926 жылға дейінгі Париждегі жазушы өмірін қамтиды. Бұл оның соңғы жарияланған үлкен әрі аяқталған туындысы еді.
1-ТАРАУ
Э.ХЕМИНГУЭЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕУІ
1.1. Э. Хемингуэйдің шығармашылық шебері
Жазушының шығармалары көбінесе шыңайы өмірден алынған, яғни адамның ішкі жандүниесінің күйі, және де іс-әрекетінің өзгеруі, көңіл-күйінің жағдайға байланысты әр түрлі болуы терең философиялық тұрғыдан қарастырылған. Сонымен қатар оның жазған әңгімелері мен очерктерінде көбінесе әйел бейнесінің айқындалуы суреткердің, яғни Хемингуэйдің ерекшелігі болып табылады. Мұндай бейнелерді аудармашы И. Кашкиннің мақалаларында айқын көрінеді. Ал кері әйел бейнесіне қарсы пікірді К. Симонов жазушыға мынадай пікір айтады.
Ол ; “Любовь к женщине занимает огромное место в большинстве книг Хемингуэя. И проблема человеческого мужества, риска, самопожертвования, готовности отдать жизнь за друга своего – неотделимы от представления Хемингуэя, о том, что следует назвать любовью и что не следует, о людях, с личностью которых слово “любовь” сочетается и о тех, с кем оно не сочетается и употребляется всуе ”. /5, 86/.
Жазушы шығармаларын оқи отырып біз батыр да өжет адамдармен бірге, өзімшіл және қорқақ кейпкерлерді аңғара аламыз . Сонымен қатар Хемингуэй көптеген елдерді аралаған, Мысалы ; Франция, Куба, Африка, Рессей, Германия, Американың жерлерінде болғандығын білеміз.
Хемингуэйдің көлемді шығармалары “Қош бол, майдан!”, “Шал мен теңіз” “Фиеста” сияқты роман, повестерін оқып отырғанда, біріншіден оқырман өзін бас кейпкердің орнына қойып, яғни кейпкердің бейнесіне кіріп кетіп бірге қуанатын жерінде, қуанып, ашуланған жерінде, қоса ашуланып кетеміз десек, қателеспейміз.
Мысалы “Шал мен теңіздегі” шал қаншама жанталасып, үлкен балықпен алпарысып жатқаның көз алдымызға елестетіп, бірге қиналып кетеміз. Ал сол балықты сондай азапты еңбекпен аулап, үйіне жеткізгенде, үстімізден жүк түскендей жеңілдеп, қуанамыз.
Міне, осындай шығармаларын оқып, суреткердің жазушылық шеберлігінің қандай деңгейде тұрғаның , біз айқын байқай
Жазушының көптеген әңгімелері өте қызықты, әрі шығармаларының дерлік көбісі табиғат, ерлік пен махаббат тақырыбына арналып жазылған. Сондай ақ бұл шығармалардың сапасы жоғары деңгейде болды.
Атақты испан суретшісі Луис Кантанильдің альбомының алғысөзінде жазылған “ Э. Хемингуэйдің “Все храбрые” атты очеркінде ; Соғыс – жиіркенішті әрекет. Ол өзін - өзі қорғау ретінде ғана ақталған. Соғысты суреттей отырып, жазушы шындықты жазуы тиіс, өйткені ол туралы өте көп жазылған.... ”
Бұл сөздер - суреткердің сенім сыры. Енді, романды қайтара оқып шығықан кезде ойымызда мыныдай сұрақтар орын алған еді;
нағыз әдебиеттің тірі ағзасына айналдырды ма, басқаша айтқанда, суретші испан соғысы туралы шындықты жазды ма ? Бар шындықты жазған жоқ, ол бір жазушыға бір шығармаға барлық шындық жетіспегендіктен де емес. Тіпті, Толстойдың өзі “Соғыс пен бейбітшілігінде” француздармен болған соғыс кезіндегі орыс қоғамының тарихын ашып бермеді.
К.Симоновқа жазылған хатта ; “Менің бірінші соғысымнан кейін, ол туралы тоғыз жылдай жаза алмадым. Испаниядағы соғыстан соң, бірден жазуға тура келді. Өйткені мен уақыт тығыз екенің білдім. Осы соңғы соғыста үш рет бастың ауыр жарақатын алдым, содан бас ауыруы мені үнемі мазалап жүрді. Бірақ, жазуға бел будым. Романның қолжазбасында 800 бет, соғысқа дейін әлі ұзақ. Ештеңе етпес, тірі болсам, соғысқа да жетермін. Жақсы кітап шығады деп үміттенемін ”.
Мұнда 1962 жылды жазушының өмірінің соңына дейін жазған романы туралы айтылса керек. Бұл роман “ Война на воде , на суше и в воздухе” деп аталған, бірақ аяқталмаған. Жақында бұл трилогияның “теңіздік” бөлігін – “ Острова в океане” романның оқып шықтық. Мұнда “суретші Томас Хадсонның Кариб теңізіндегі фашистік су асты кемелерінен жүргізген жеке соғысы” сөз болады./4, 78/.
Бірде Фолкнер жазушы туралы былай деп пікір айтқан : “Ол өз мүмкіндіктерін ерте түсінді және осы шектеумен қалды. Ол ешқашанда шектен тыс шығуға тырыспады. Тәуеклге бел буып, іске асыра алар еді”. Бұл сөздер әділетті емес екенін “Шал мен теңізді” оқи отырып, көз жеткізе аламыз. Бірақ суретшіден бағаның нақтылығын күту мүмкін емес, өйткені оның әлемі мен тұлғасының эстетикалық бағыты хемингуэйлік бағыттан тым алыс.
Бірақ Хемингуэйге үнемі төніп тұрған ақиқат қауіптісін Фолкнер дәл тапты. “Аралда” осы секілді арбауға автор қарсы тұра алмады. Бұл өкінішті –ақ, өйткені бұл жазушының өмірлік әрі шығармашылық тағдырының қорытындысы ретінде ойлап табылған туындылардың бөлігі ғой. Жаңа ойлар кітаптар мен очерктерде көрініс тапқан.
Әсіресе, “Қош бол, майдан” романының 1948 жылғы алғы сөзінде жақсы көрсетілген. Осы мерзімде “За рекой, в тени деревьев” туындысының алғашқы беттері жазылып жүрген еді. Сондықтан, романның кейпкері, екінші дүние жүзілік соғысты басынан кешірген адам – полковник Ричард Кантуэльдің автор өзінше қалыптастырған көзқарас ойын білдіруі таңқаларлық құбылыс емес. /6, 85/.
Бірақ шығармада жеке фразалар мен жеке суреттеулер қаншалықты керемет болса да, бұл әлі соғыс туралы кітап болып саналмады. Бұл осы кітапқа дайындық болып табылады. Ол әлі көркем ұғынуды талап етеді. ............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бердібек Соқпақбаев шығармаларының аударылуы
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ә.Нұрпейiсовтің«Қан мен тер»романындағы табиғат көрiнiсінің берілуі
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қазақстандағы аударма өнерінің даму
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қазақстандағы аударма теориясы мен практикасының негізгі бағыттары

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Э. Хемингуэй шығармаларындағы сатылы аударманың ролі. курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ әдебиеті жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]