Курстық жұмыс: Тарих | Шыңжан өлкесіндегі қазақтар

Курстық жұмыс: Тарих | Шыңжан  өлкесіндегі  қазақтар

Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. Шыңжаңда қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы.
1.1 Шыңжаңда қазақ қоғамының пайда болуы.
1.2 Мин әулеті тұсындағы, қытайдағы қазақ қоғамы.
ІІ Тарау. Шыңжан өлкесіндегі қазақтар.
2.1 XХ ғасырдың басындағы шыңжаң қазақтарының оқу-ағартуы
2.2 Шыңжаң қазақтарының шаруашылығы мен мәдени болмысындағы ерекшеліктер
2.3 Шыңжаң қазақтарының салт дәстүрлері мен музыка өнеріндегі зерттеулер
ІІІ тарау . XXI ғасырдың басындағы қытай қазақтарының әлеуметтік -мәдени келбеті
3.1 Шыңжаң қазақтарының XXIғасыр қарсаңындағы жағдайы
3.2 Жаңа ғасыр басындағы қазақтардың әлеуметтік-мәдени өміріндегі өзгерістер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: «Шыңжаң қазақтары» Қазіргі ҚХР -ң азаматтығындағы қазақтар болып табылады. Шыңжаңдағы қазақтар да біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бір бөлігі. Олардың жалпы саны жергілікті халықтың 7% құрайды.
Орталық Азия территориясының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайдан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деп аталып жүрген бұл географиялық аймақ «Азия жүрегі», «Тоғысу нүктесі» деп аталып, онда өмір сүретін қандастарымыздың түрлі тарихи кезеңдердегі ауа көшуі, қоныстануы, олардың қазіргі таңдағы жағдайын айқындау зерттеу жұмысының негізгі өзекті мәселесі. Бүгінгі таңда шыңжаңда тұрып жатқан қандастарымыздың тарихи отаны -Қазақстанға оралу мәселесін, екіншіден қазақ – біртұтас ұлт, сондықтан да ұлттық тарихымыз біртұтас қазақ халқының жалпы тарихын қамтуға тиісті. Ол үшін алдымен ұлт өкілдері көбірек өмір сүріп отырған қазақ қауымдарын зерттеуге тура келеді. Демек зерттеу жұмыс осындай практикалық және ғылыми -теориялық қажеттіліктер негізінен туындаған маңызды мәселе болып табылады.
Шыңжаңның өткен тарихы буырқанған оқиғаларға толы болды. Бұл жерде отырықшы және көшпелі халықтардың мәдениеті түйісіп, өзіндік өркениет қалыптасты. Хань дәуірінен бері «Шыңжаң жері» орналасқан аймақты «Батыс Аймақ» деп атап оған тек 1984 жылы ғана Цин империясының тұсында провинция статусы берілуіне байланысты өзекті мәселенің бірі «Шыңжаңмен» шекаралас өткен дәуірлерде қалыптасқан тарихи дәстүрлі байланыстары бар тәуелсіз жас Қазақстан мемлекеті үшін де арта түсетіні сөзсіз. Шыңжаңның өткен тарихындағы Қытай мен Ресейдің, КСРО ның одағы жүргізген саясаттарының тарихи сабағы Қазақстан ҚХР -ң шыңжаң өлкесімен шекаралас болғандықтан, бұл өлкедегі саяси тұрақтылық біздің еліміз үшін де маңызды.
Шыңжаң өлкесімен ғасырлар бойы тарихи байланыстары жалғасып келе жатқан біздің еліміз ондағы өмір сүріп жатқан қандастарымыз тағдырымен санаса отырып олардың экономикалық мәдени, ғылыми- техникалық байланыстарды дамыту арқылы жаңа заманғы қарым – қатынастардың озық үлгілерін қолдана отырып көпвекторлы сыртқы саясат бағыттарын қалыптастыру.
Тақырыптың зерттеу деңгейі: Шыңжаң қазақтарының тарихын зерттеуге ХХ ғасырдың 40- шы жылдары назар аударыла бастағанды. Бірақ шын мәнінде Қытайдағы қазақтарды зерттеу ХХ ғ 80 жылдары басталды. Содан бері Қытайдағы қазақ тарихы бойынша бірқатар жалпы зерттеу еңбектері жазылып, жекеленген мәселелер бойынша ғылыми мақалалар жарияланып келеді. Кезінде патшалық ресейде немесе кеңес одағында Қытайдың ғылымы айтарлықтай дамығанмен, қытайдағы қазақтарды зерттеу олардың назарынан тыс қалып келгені мәлім. Әрине, біз Ресей ғалымдарының тақырыбымызға қатысты кейбір мәселелерді ерттеулерін жоққа шығара алмаймыз. Жапон тарихшысы Сагум Торудың да осы тарихқа қатысты зерттеулерін оң бағалаймыз. Сонда да Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы ( 1860 – 1920) әлі де толық зерттелмегенін көрсетуге болады.
Соңғы жылдары Қытайда 30-40 -шы жылдардағы Шыжаңдағы тұрғылықты ұлттардың ұлт -азаттық қозғалысына қатысты газет, журнал материалдары, ғылыми альманах, жекелеген, көпшілік авторлардың естеліктері жарық көрді.
Бұлар бұрын соңды ғылыми айналымға енбеген тың ережелер. Бұдан бізге бұрын кеңес одағында және бүгінгі тәуелсіз қазақстанда жарық көрген кітаптар шыңжаң тарихын зерттеуде 1940 -43 жылдары болып қайтқан кеңестік дипломат В.И. Иваннеконың, ғалымдар, В.А. Богословский, М.И. Сладковский, А.М. Дубинский, М.С. Каплуаның, М.Н. Минигуловтың, Г.М. Меңдіқұловтың еңбектерін атауға болады.
Зерттеу жұмысында «Проблемы Дальнего Востока », «Новая и новейщая история» журналдарында жарияланған Шыңжан тарихына байланысты статьялар мен архив материалдары жаңа әрі нақты деректермен қамтамасыз етілді.
Сондай -ақ Шыңжаңда, бұрынғы КСРО территориясында жарық көрген қазақ, ұйғыр, қытай, орыс тіліндегі деректер әр қырынан салыстыра отырып пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: тарихшылардың, саясаткерлердің қызығушылығын туғызып келген Шыңжаң қазақ диаспорасының пайда болып қалыптасуы, Шыңжаң құрылған кезден бастап, КХР -құрамына кезіне дейінгі күрделі тарихи кезеңнің оқиғаларын қазіргі заман, талаптары тұрғысынан жаңа методологиялық әдіс арқылы саралау, объективті және субъективті пікірлердің факторларын толық ашып көрсету, шыңжаңдағы орыс -қытай қатынастарының үрдісі мен сабақтастығының өткен жолына көз сала отырып, олардың ұлттық және мемлекеттік мүдделері тұрғысынан әрекет етіп, өзіндік саясат жүргізудің себептерін түсіндіру. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып аталған мемлекеттердің қыр -сырын толық түсіну.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан кейін Ресей мен Қытай билігінде болған қарау халқымыз тарихи даму процесінде айқын айырмашылық айқын сақталды. Осы күнге дейінгі Шыңжаң қазақтарының қоғамдық тарихын жан – жақты жүйелі зерттеу жұмысының басты мауқсаты. Себебі Қытайдағы қазақтардың тарихын, тіпті олардың бүгінгі болмысын тек бүкіл қытай қоғамының жалпы жағдайымен байланыстыра отырып талдау жасағанда ғана тиісті ғылыми тұжырымдар жасауға болады. Осы мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді орындауға талпыныс жасалынды.
- Қытай мен қазақтар арасындағы тікелей байланыстың қалыптасуын, қазақ шаруаларының шығысқа жылжып көшуін тарихи құжаттар негізінде анықтау.
- Шыңжаңдағы қазақтардың қоғамдық өміріне ықпал жасаған, Шыңжаң өлкесіндегі және халықаралық деңгейдегі ірі оқиғаларды ескере отырып ондағы қазақ қоғамымыздағы өзгерістерді ашу.
- Шыңжаңдағы Қазақтардың әлеуметтік жіктерінің өзара қатынастарын, олардың басқа халықтармен ұлтаралық байланыстарын, қазақстандағы қандастарымен жүргізген ара қатынастарын айқындау.
- Шыңжаңдағы қазақ қауымдастығының қазақ төңкерісіне дейінгі қоғамдық сипатын анықтау.
- Шыңжаң қазақтарының қоғамдық рухани мәдениетінің тарихи болмысын, олардың қоғамдық ой -санасының даму эволюциясын көрсету.
Тарихнамасы: «Тауарих хамса (бес тарих)» /1/ атты еңбек автордың өз басынан кешкен тіпті өзі куәгер болған ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғ басындағы Тарбағатай өңіріндегі орын алған қоғамдық ірі оқйғалардан және қытайдағы қазақтар туралы қомақты мәлімет береді.
Тарихи дерек, келелі кеңес /2/ атты еңбек қытай қазақтарының таяу замандағы тарихын, мәдениетін зерттеуге арналған. Тарихи материалдарға бай. Еңбекте ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ- ғы Алтай аймағындағы қазақтардың қоғамдық саяси және экономикалық өміріне ықпал жасаған өзгерістер баяндалған.
«Өмір естеліктері» /3/ атты ғұмырнамалық естелігінде ХХ ғ Шыңжаңда өмір сүретін қазақтардың оқу ағарту білім беру саласы, мәдениет істерінің даму барысы баяндалған.
История завоевания средней Азии /4/ еңбегінде ішінара жерлерінде шығысқа қоныс аударған қазақтар жөнінде жасалған мәліметтер бар.
«Воспоминания о моей службе в западной Сибири. 1853-75» /5/. Бұл еңбекте патшалық Ресеймен Чиң патшалығы арасында шекаралық келіссөздер материалдарында қытай жеріндегі қазақтардың саяси өмірі жөніндегі мәліметтердің қытайша құжатта жазылмаған, бірақ тарихта болған оқиғалардың мән жайын жан жақты түсінуге тигізер пайдасы зор.
Ш.Уалихановтың «Таңдамаларына» /6/ Бұл еңбекте Шығыс түркістанға барған сапарында Іле, Құлжада болған кездегі күнделіктері Іле аймағындағы қазақтар туралы тың мәліметтер береді.
Ал бұрынғы Кеңес одағының қытайтанушыларының біразы қазірге дейін Шыңжаң провинциясын зерттеп келеді. Г.В. Астафьевтің, В.А. Богословский және Д.В. Дубровскяның еңбектерінде ХХ ғ басындағы Шыңжаң тұрғындарының ұлттық құрамы, демографиясы сөз болады. Бірақ шыңжаңда тұратын қазақтардың қоғамдық жағдайынан ешбір дерек бермейді. /7/
Дегенмен де совет ғалымдарының ішінара еңбектерінен тақырыпқа қатысты материалдарды кездестіруге болады. Мысалы Э. Мамидованың мақаласы /8/ біздің тақырыбымыз көлеміндегі бір мәселені ашып қарастырған.
1916 жылы Қазақстан және Орта Азияда бас сағалап барған қазақтар жайлы отандық тарихшыраымыздың еңбектерінде айтарлықтай зерттелген. Мысалы М. Қойгелдиев, М.Қозыбаев, К. Нүрпейсовтың еңбектерінде /9/ терең зерттелген.
Шыңжаңның экономикалық сауда байланыстары Қасымбаевтың монографиясында көрсетілген.
Жапон тарихшылары ішінде Шыңжаңдағы қазақ тариыхын зерттеумен айналысқаны тек профессор Сгуги торо ғана /10/. Зерттеулерінде Чиң патшалығы кезінде шекара өңірінде тұрған қазақтардың жалпы қоғамдық жағдайын зерттеген.
АҚШ- тың қытайтанушы ғалымы Линда Бенсон /11/ өзінің соңғы жарияланған еңбегінде Шыңжаңда тұратын қазақтардың әлеуметтік ахуалын таныстыруға көп көңіл бөледі де олардың қоғамдық тарихына терең зерттеу жасамайды.
Хы Шуй, З. Ережепұлы және басқа авторлар бірлесіп жазған монографиясында /12/ Шыңжаңдағы қазақтардың көші -қон тарихы баяндалған.
1993 жылы Алматыда қытайлық тарийхшы Нығмет Мыңжан «Қазақтың қысқаша тарихы» /13/ еңбегінде Шыңжаңдағы керейлердің тарихынан сыр шертеді.
І Тарау. Шыңжаңда қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы.
1.1 Шыңжаңда қазақ қоғамының пайда болуы.
«Шыңжан қазақтары» немесе «Қытай қазақтары» деген ұғым ежелден қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан этимологиялық атау емес. Ол жаңа заманның туындысы, яғни ол ХХ ғасырдың орта шегіндегі тарихи себептің салдарынан қытайда қазақ қауымының пайда болуымен қалыптасқан атау.Олай болса қазақ қоғамы қашан, қалай қалыптасты? деген мәслеге тоқталайық.
Қытайдың мемлекеттік шекарасы ХІХ ғасырдың екінші жартысында тұрақтанған болатын. Бірақ қытайдың батыс өңірінің шекара линиясының бірлесуі мен қазақтардың бір бөлігінің қытайға тәуелді болуымен қатар болған құбылыс екендігін ескермеуге болмайды. Қытайдың Чиң патшалығы ХҮІІІ ғасырдың орта шетінде жоңғар хандығын жойып, ұйғырлар көтерілісін жаныштап Тянь -Шань таулы өлкесіне өз билігін орнату барысында қазақтармен дипломатиялық қарым -қатынас орнатты. Бұл кезде қазақ хандығы түлеу үрдісінде еді. Ол кезде Абылай хан бүкіл қазақ елін біртұтастандырып, қазақ хандығының этникалық территориясын қалыптастыруды өзінің басты мақсаты етіп қойған болатын. Бір -ақ ол кездегі жағдай оның іргетасын өзіне таяп келген Чиң патшалығымен Іледегі әскери қолбасшылармен бірқатар барыс келістер жасау арқылы олардың тамырын басып, байқап бағып, қы тайлар, «қазақтың хандық құқығына қауіпті болмаған соң» /14/, ол орта жүз ханы ретінде 1757 жылы Чиң патшалығымен ресми дипломатиялық қарым -қатынас орнатты.
1758 жылы Ұлы жүз ханы Әбілмәмбет те Чиң патшалығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Содан соң қазақ қытай арасында өзара байланыстар басталып, екі жақтылы экономикалық сауда саттық істері қанат жайды. Қытай, Чиң патшалығы 1758 жылы Үрімшіден, 1760 жылы Іледен, 1763 жылы Тарбағатайдан қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, малға мата айырбастайтын халықаралық айырбас сауданы кең көлемде өрістетті.
Ол кезде қазақ ханы Абылай, Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтарын қазақтардың атамекені, жоңғарлар жойылды, енді қазақтар сондағы көне жұртына қайтып баруы керек деген танымда болды. Абылай хан өзінің Чиң патшалығы ордасына алғаш жіберген делегациясы арқылы император Иянлұңға қазақтардың атамекені Тарбағатайды қазақтарға «жарылқап» беруін талап етті. Осыған орай Чиң патшасы ордасының қайтарған жауабында: «Абылай сендер шалғайда жатқан жат елсіңдер... Сенің елің бірге тарбағатай тегінде біздің байырғы жеріміз еді. Сол жерді патша бізге жарылқап бере салса -деген талабымызды жеткізді. Бұл өңір жаңа ғана тынышталған әлі иен жатқан өлке. Патша өкілі ол жерді сендерге қиып бере салар еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірмей -ақ елдесіп алдыңдар. Сондықтан ол жерді сендерге сыйға бере салу мемлекеттік тәртіпке қиғаш келеді... Егер сендер Әмірсананы тұтқындап әкеп бер деген біздің талабымызды орындайтын болсаңдар онда ол жерді сендерге жарылқап бере салуға болады» /15/ деп жазған. Міне бұдан Абылай ханның қазақтың этнотерриториясының көлеміне болған танымын және оны қалпына келтіруге тырысқан дипломатиялық талпынысынан байқауға болады. Абылай хан қазақтың шығыстағы ежелгі атамекенін Чиң патшалығынан сұрап ала алмайтын болған соң ол сол жерге шаруаларды біртіндеп сіңіру арқылы иелену әдісін қолданды. Абылай ханның мақсатты түрде орта жүзбен Ұлы жүздің бірқатар руларының шығысқа қарай жылжып көшу қозғалысын бастады. Шығысқа жылжып көшкен қазақтардың рулық құрамы аса күрделі емес. Жетісу өңірінен Ілені өрлеп көшушілер негізінен Ұлы жүздің ішіндегі Албан, суан кейбір тайпалары, орта жүздің найман руының Матай, Қаракерей және тортортуыл тармағынан таралған кейбір рулар, Уақ тайпасының ішінара рулары және он екі абақ керей елі болды. Сөйтіп, шығыстағы көне жұртқа өрлей көшкен қазақ шаруалары Чиң патшалығының Ертістен Ілеге дейін көлденеңдетіп жарысқан шекара обаларын қусыра қоныстап мал бақты. Кейбір рулар ол шекара обаларының арғы бетіне өтіп барып қыстап жүрді.
Бірақ Чиң патшалығы қазақтарды шекараның арғы бетіне өткізбеу саясатын қолданғандықтан, оның шекара қоғаныс әскерлері көктем шығып қар кеткен соң қарауылдарды байқауға барғанда, көздеріне шалдыққан арғы беттегі қазақ малшыларды қуып кері қайтарып тұрды. Бірақ қытай әскерлері қысқа салым ары қайтқанда, қазақ шаруалары қайтадан өрлеп көшіп, шекараның арғы бетіндегі жайлы жерге барып қыстайды, кейбір рулар жаз айында да тұрақтап қала берді. Осындай тартысты жағдай Чиң патшалығы шекара қарауыл обаларын орнатқан күннен бастап жыл өткен сайын күшейе түсті. Чиң патшалығының олардың барлығын түгелдей қуғындап кері қайтарып отыруға шамасы келмеді. Сонымен олар ендігі жерде Абылай хан арқылы арғы бетке асқан қазақтарды кері қайтармақ болды. Чиң патша ордасының шекара қорғаныс шоншары А. Түйеге түсірген жарлығында: «Дереу әскер жіберіп Тарбағатайдан кірген қазақ малшылардықуғындап шекарадан шығарып жібер. Абылайға адамдарын кері қайтарып әкетуді айт!» /16/ - деп бұйырады.
Абылай хан ол кезде шығысқа беттеген халқын кері қайтару емес, керісінше Чиң патшалығы ордасынан Ілені қазақтарға беруді талап етеді. Соған орай Чиң патшалығының ордасы 1760 жылы 8 маусым күні Абылай ханға жолдаған хатында: «Сенің елшіңнің айтуы бойынша, ойрат жері қазақ бос жатыр екен. Қазір Әбілпейіздің қол астындағы рулар, сондай -ақ қазақтардың Ілеге барып мал бағуына руқсат берілсе – деген екенсің. Тарбағатай қатарлы жерлер ежелден жоңғарлардың жерлері, патша ол жерді қалық қолмен тыныштандырған... Қазақтар сендердің жайылым жерлерің ұлан ғайыр кең дала болғандықтан, біздің шекара қарауылымыздан асып келуді ойлайтын жөндерің жоқ бұрынғы орындарыңда тұра берулерің керек-ті. Тарбағатай қатарлы жерлерді сұрағанда Абылай саған патша бермеген еді ғой. Қазір сен қалайша өз білгеніңше (шығысқа қарай) өріс жайып келесің!? Жоңғарлар кезінде бұл жерлерді күшпен тартып алғанда сендер олардың маңайына келе алмаған едіңдер. Патша Ілені тыныштандырғаннан кейін ғана сендер бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алдыңдар. Осыны неге қанағат тұтпайсыңдар» /17/ - деп жазған. Бұл мәліметтен, сол кездегі қазақтар мен Чиң патшалығы арасындағы жерге таласу күрделі бейбіт көріністе қатаң жүргііліп жатқандығын көрсетеді.
Чиң пашалығының алғашқы кезде өздері орнатқан шекара қарауыл обаларының орны тұрақсыз, әрдайым қозғалыста болады. Оны өздері «Ий дуң ка лүң» жылжымалы қарауыл деп атады. Өйткені Чиң патшалығының шекара әскерлері қарауыл обаларын жазда сыртқа қарай жылжытып апарып қоды да, қыста оны ішкі жағына қарай мыңдаған шақырым жерге жылжытып апарып қояды. Ал шекара қарауыл обаларының төңірегінде қазақ малшылары оған ілесе шығысқа қарай көшіп отырған. Бара бара Чиң патшалығы шекара өңірінде қалыптасқан жағдайды мойындауға мәжбүр болады да, өз құрамындағы шекара маңындағы жерлерге келіп мал баққан қазақтардың тиісті жер көлемін (салығын) алып олардың сонда қоныстануына мәжбүр болды.
Сонымен Чиң патшалығы ордасы қазақтарға: «малдарың жұтап, жылы қыстау іздеп, біздің қарауылдан өтіп келіп мал ақпақ боларсыңдар, сендер әуелі біздің жергілікті әбілерге хабарлап, оларға жер салығын төлеулерің керек» /18/ - дейді. Бұған қазақтар қарсы болмай олармен келіссөздер жүргізу арқылы, жер көлемі үшін әрбір жүз малға 1 малды ( жылқы) Чиң патшалығына өткізуге келісті.
Сөйтіп қазақтар сол барған жерлеріне тұрақтап, тұрып мал бақты. Чиң патшалығы шонжарлары олардан жер салығын жинап ала бастайды. Осыған орай Чиң патшалығының қазақтарға жолдаған жарлығында: «Сендер бірнеше ондаған жылдардан бері ептеп ішкерілеп жылжып еніе келесіңдер. Біздің генерал әмбіларымыздың өтініші бойынша әсілі сендерді жазаға тарту керек еді. Бірақ патша сендерге кең пейілділік жасады. Бұның бәрі патшаның жасаған шапағаты»- /19/ делінген. Демек, бұл деректен қазақтардың шығысқа жылжып көшіп атамекенге оралуын іс жүзінде Чиң патшалығының мойындағанын байқаймыз.
Одан кейін патшалық Ресей үкіметінің қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде яғни ХҮІІІ ғасырдың орта шетінде орыстың отарына айналудан ат бойын ала қашқан қазақ шаруалары шығысқа қарай үдере көшіп, Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге қарай ықтап бара жатты. Олар қытайдың қорғаныс әскерлерінің тосқауылдауына қарамастан, шекара қарауыл обаларының тұс -тұстан ары асып кетті. Сөйтіп ХҮІІІ ғ соңында Тянь -Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекенге қарай жылжып көше бастаған қазақтар ХІХ ғасырдың орта шетінде Чиң патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар аудандарына барып қоныс тепті.
Патшалық Ресей отаршылары ХІХ ғ 60 жылдары Қазақстанды толық жаулап алып, өзінің отарлаған территориясының шығыс жақ іргесін Чиң патшалығының қарамағындағы жерлерге апарып тіреді. Сонымен Патшалық Ресеймен Чиң патшалығы арасында шекара мәселесі туындап екі........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Шыңжан өлкесіндегі қазақтар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]