Курстық жұмыс: Шаруашылық | Шошқа шаруашылығының маңызды және түрлері

Курстық жұмыс: Шаруашылық | Шошқа шаруашылығының  маңызды және  түрлері

Мазмұны
І Кіріспе
1.1 Шошқа шаруашылығының маңызды және түрлері
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Шошқаларды қарқынды бордақылау технологиясы
2.2 Шошқаларды бордақылаудың түрлері
2.3 Бордақы шошқаны бағудың түрлері
2.4 Бордақы шошқаны азықтандыру
2.5 Шошқа қорадағы микроклимат
ІІІ Қорытынды
3.1 Шошқаларды бордақылау бөлімшесіндегі менеджмент

Шошқа шаруашылығының маңызы
Халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында мал шаруашылығының тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсіруді дамытудың маңызы зор.
Шошқа еті мен майы тағамдық құнарлылығы мен дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мәселен, 1 кг шошқа етінде 2500 ккал, ал сиыр етінде - 1500 ккал энергия бар. Шошқаның тұтас етінде орташа алғанда 52 пайыз бұлшық ет, 38 пайыз май және 10 пайыз сүйек ұлпалары бар. Ет өнеркәсібінің бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтьшың және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеулеріне қарағанда шошқа еті бағалы белоктарға, барлық аминқышқылдарына, минералдық заттар мен В тобының витаминдеріне бай. Адам ағзасын ауыстырылмайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етудің маңызды көзі - тері май ұлпасы-қыртысмай жоғары тағамдық құнарлылығымен бағаланады.Қыстырмайдың бұндай тағамдық қасиетінің үлкен прайгикалық мәні бар, сондықтан да ол елеулі мөлшерде (20-25 пайыз) әртүрлі шұжықтарға қосылады. Шошқа еті мен қыртыс майының қорытылуы 90-98 %-ға дейін жетеді. Шошқа еті жақсы консервіленеді, оны тұздау мен қақтау бұл тағамның құнарын арттыра түседі. Шошқа етінен шұжықтардың әртүрлі сорттары, сан еттері, ветчина, рулеттер, буженина, грудинка, корейка жөне т.б. жоғары сапалы тағамдардың өте мол ассортименті дайындалады.
Шошқа еті мен майының жоғары тағамдық қасиеті дүниежүзінің көптеген елдерінде шошқа еті пайдаланудың үлес салмағының артуына себепші болып отыр. Мәселен, ет балансында шошқа етінің үлесі Данияда -69, ГФР-да -65,9, Польшада -60,5% болып отыр.
Шошқаны сойған кезде, оның майы мен етінен басқа терісі, қылшығы, ішек-қарны, қаны сияқты өнеркәсіпке қажетті көптеген бағалы шикізаттар алынады.
Жоғарыда айтылған дүниежүзілік ет өндірісінің құрылымында шошқа еті казіргі таңда бірінші орында, оның үлесіне 2000 жылы - 38,6 пайыз, сиыр еті - 32,2 пайыз, кұс еті - 20,6, қой еті - 4,3 және басқа еттер болған. Шошқа етін өндіруде алдыңғы орында Қытай- 17,3 млн т, АҚШ - 6,5 млн т, ТМД - 5,3 млн т, ГФР - 3,2 млн т, Франция - 1,9 млн т.
Дүниежүзінде шошқа етін өндіру 2000-2004 жылдар аралығында орташа есеппен 20,9%-ға көбейді. Қазіргі замандағы шошқа шаруашылығының өзіңдік ерекшелігі, саланы интенсификациялау, аналық табынды жақсы пайдалану, толықтырғыш шошқаны өсіру және жемдеудің қарқындылығын арттыру, әр жануарға есептегенде өнім беру өндірісін ұлғайту. Мәселен, 80-ші жылдардың басына қарай Ұлыбритания, ГФР, Франция, Дания сияқты елдерде аналық шошқадан 13-15-ден торай ала бастады және 1 кг өсімге жұмсалған азық шығыны 3,5 кг азық өлшемінен артпайтын, орта тәуліктік өсім 600 гр алуға қол жеткізе бастады. Шошқа етін өндіру әртүрлі елдерде үлкен ауытқушылықпен, бір адам басына шаққанда 33,2 кг жетті. Соңғы жылдардағы бұл саланың қарқындылығының маңызды көрінісі, шошқа басының өсуі және шошқа етін өндірудің жоғарғы темпін айтуға болады. Саланы қарқындатудың маңызды факторларының бірі шошқа шаруашылығындағы селекциялық-тұқымдық асылдандыру жұмыстарының жақсаруы, бұрыннан бар немесе жаңадан шығарылған тұқымдарды одан әрі жетілдіру.
Қазір жер жүзінде практикалық мәні бар шошқа тұқымдарының саны жүзден асады, ал аз санды және құрып бара жатқандары 400 тартады, ең өнімді тұқымдардан бірінші кезекте ірі ақ және ландрас тұқымдарының бас саны өсіп келеді. Мәселен, барлық асыл тұқымдардың ішінде біздің елімізде ірі ақ шошқа - 85%, ГФР мен Данияда ландрас - 90%. Соңғы кездері Пьтрен, Дюрок, Гемпшир және тағы басқалараның ареалы кеңейіп, молая түсуде. Бұған шошқа шаруашылығының барлық жерде дерлік ет бағытында дамуы ықпал жасап отыр. БҰҰ жанындағы азық-түлік және ауыл шаруашылығы комитетінің мәліметтері бойынша жер жүзіндегі шошқаның саны 850 млн бас. Оның ішінде бірінші орында Қытай - 340 млн бас, ТМД елдерінде - 79,5 млн, оның ішінде Қазақстанда - 2,9 млн. Мәселен, 2001 жылы жалпы шошқа етін өндіру арта түсіп отырғаны байқалады. Мысалы, 1997 жылы жалпы ет өндірісінде сиыр еті -30,1%, шошқа еті-38%, құс еті -29%. Біздің елімізде жалпы өндірілген ет көлемінің ішінде шошқа етіне тиесілі үлес 34%. Дүниежүзін тұтас қарағанда біздің елімізде шошқа етін өндіру біркелкі емес. Айталық, Европада шошқа еті 50,7%, Азияда 29,9%, Америкада 18,1%- Қазақстан шошқа етін өндіру жөнінен 8-ші орында. Мейлінше аз шығынмен өнімнің үзіліссіз жоғары өндірісін қамтамасыз ету үшін шошқаның физиологиялық ерекшеліктерімен өндіріс технологиясының арасында экономикалық тұрғыдан жарасым болу қажет. Шошқалардың физиологиялық және функционалдық ерекшеліктеріне сай жағдай жасау - олардың ғұмырын ұзартып, жоғары резистентті болуына, стресске қарсы тұрақтылығына әсер етеді, өнімділік-потенциалының мейлінше көрінуіне онды ықпал жасайды. Шошқа етінің өндірісі 7,3 млн т. дейін, оның ішінде Қазақстанда 300 мың тоннаға дейін жетуі тиіс. Ет өндірісін шапшаң молайту үшін шошқа шаруашылығын өндірістік негізде дамыту қажет. Қазақстанда белгіленіп қойылған және салынған шошқа өсіру кешені - 7; бірінші - 108 мың басқа . Қарағанды облысында, 54 мың бас Алматы және Семей облыстарында, 24 мың басқа Павлодар, ІІІығыс Қазақстан, Көкшетау, Қостанай облыстарында. Өндірістік технологияның тиімділігі жылына 108 мың басты жемдеуге арналған 26 кішігірім кешеннің жұмыстарының нәтижесімен дәйектеледі.
Соңғы уақытта шошқа етінің еншісіне Қазақстанда өндірілетін еттің 13% келеді, ал ТМД -да барлық өндірілетін еттің үлесінің 50%-на дейін шошқа еті құрайды. Солтүстік Америкада -36%, бірак Шығыста және Африка елдерінде әдет ғұрыпқа байланысты шошқа етінің үлесіне 7-ден 18%-ға дейін келеді. Басқа ауыл шаруашылық малдарының өсіп жетілуіне қарағанда да шошқа санының өсуі қарқындай түсуде.
Қазақстанның барлық облыстарында шошқа тұқымын өсірумен айналысады. Солардың ішінде шошқаның ірі ақ тұқымының маңызы жоғары, себебі Қазақстанда өсірілетін шошқа тұқымының 93%-ын осы тұқым құрайды. Ал, Қазақстанда шығарылған Жетісу тұқымы - 4,5%, ақсайдың қара ала тұқымдық шошқа тобы-0,7% үлесін құрайды.
Шошқа шаруашылығы республикамызда азық-түлік жоспарын шешуде өте маңызды роль аткарады. Осы міндеттерді шешуде және халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында, мал шаруашылығының ең тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсірудің маңызы зор.Қазіргі шошқа етін өндіру технологиясының негізі-кешендерде етті тоқтаусыз өндіру болып табылады, ол үшін шошқаларды бір цехтардан екінші бөлімге ауыстырып отырады: оларды қашыру, буаз аналық шошқаларды ұстау, туған аналықтарды күтіп-бағу, торайларды өсіру және бордақылау. Осы технологиялық цикл етті үзбей өндірудің кепілі болып табылады.
Торайдың тууынан бастап етке өткізу уақыты - 222 күнге созылады, олардың 26 күні-емізу кезеңі, өсіріп-бағу -80 күн, бордақылау - 116 күн. Өсіру және бордақылау өте жоғары өнімділікті талап етеді. Бір айлығында тәуліктік өсу - 230г, бағып-өсіру кезеңінде (26-дан 106 күнге дейін) - 400г, ал бордақылау кезеңіңде - 600-650г дейін жетеді. Үлкен кешендерде шошқаны ешқайда шығармай, ал буаз аналық шошқаларды 32 күнгі буаздығына және емізу циклын толық уақытқа дейін ұстайды. Ал бордақылау кезеңіндегі шошқаларды сұйық азықтармен (1 бөлім азыққа 3 бөлім су қосып) тамақтандырады.
Өндірістік негізде шошқа етін өндірудегі ең басты мәселе, шошқаларды құндылығы жоғары құрама жеммен қамтамасыз ету болып табылады, Қазақстанда "Алтын диірмен" корпороциясьшың 54 мың басқа есептелінген кешенінде 20-25 мың бас шошқа өсіріледі, бұл кешеннің жұмысы үздіксіз шошқа етін өндіру. Жоғарыда айтылған технологиялық циклдің барлығы дерлік жоғары деңгейде орындалады. Барлық шошқалар құрама жеммен белгіленген рецептура бойынша жемделеді. Айына 70 тонна ет үздіксіз технологиямен өндіріліп отырады.
Кейінгі 20 жыл ішінде шошқа шаруашылығы саласын жеделдетіп өсіру, негізінен өндірісті мамандандыру және шоғырландыру арқылы жүргізілуде. Сол шоғырландырудың арқасында әртүрлі аймақтарда негізінен шаруашылықтың үш түрі пайда болды.
а- бордақылау өндірісі - жас малдарды басқа шаруашылықтардан алып бордақылау;
б- репродукторлық шаруашылық, жас малдарды алып, 4 айлық жасқа дейін өсіріп, бордақылайтын шаруашылықтарға сатады;
в- ірі шошқа кешендері, өнімді жабық цикл жүйесімен өндіру. Бұл шаруашылықтарда жас малдарды өндіріп, өсіріп әрі қарай бордақылап сойысқа өткізеді.
г- асыл тұқымды шаруашылықтар, негізінен асыл тұқымды жас малдарды өсірігі басқа шаруашылықтарға сатады.
Жабық цикл жүйесімен ет өндіретін шаруашылықтар өте тиімді- Кеңес одағы кезінде осы жүйемен істейтін 108; 54; 24; 12 мың басқа арналған шаруашылықтар Қазақстан Республикасын Қарағанды (108), Алматы (54), Шығыс Қазақстан (24), Қостанай (12) облыстарында салынып, іске қосылды. Осы кешендерден тек "Алтын Диірмен" корпорациясы АҚ қарасты "Бекон" шошқа шаруашылығы (20 мың бас) жұмыс істеуде.
Кешендердегі технология үздіксіз шошқа етін өндіруге негізделген. Шошқаларды мамандырылған бір қорадан екінші қораға ауыстырып отыру, шошқа шаруашылығындағы технологиялық циклдың негізі болып табылады, яғни аналықтарды қашыру, буаз және емізетін аналық шошқаларды бағу, торайларды өсіріп, бордақылау кезеңдеріне бөлінеді.
Үлкен кешендерде барлық өндірістік топтағы шошқаларды сыртқа шығармай, әсіресе аналық шошқаларды 32 күндік буаз мерзімінен бастап емізетін кезеңіне дейін ұстайды. Торайларды 15 күнінен 106 күніне дейін құрғақ құрама жеммен, ал бордақылауға қойылған шошқаларды сұйық жеммен азықтандырады.
Шошқа етін өндірістік негізде өндірудің ең бастысы, оларды үздіксіз жоғары деңгейлі құрама жеммен қамтамасыз ету болып табылады. Құрама жемді рецептісімен жасай алмаған жағдайда шошқалардың сапалық көрсеткіштері төмендеп кетеді, әсіресе өсіп-өну цехінде, торайларды өсіріп, оларды бордақылаған кезде. Осының салдарынан малдардың жылжу технологиялық ритмі бұзылады, бұл соңында шаруашылықта шошқа етін өндіруге кері әсерін тигізеді.
Шошқа етін өндіруде екінші шешуші фактор - табынды мықты дені сау малдармен жаңалап отыру. Шошқаларды өндірістік фермалармен кешендерде жоғары қарқынды пайдалану, мегежіндердің қысыр қалуына және торайлардың өмір сүргіштік қасиетін төмендетеді.
Торайларды енесінен 26 күндік жасында айыру, мегежіндерді қарқынды пайдалануын 0,3-0,4% көтереді, бірақ торайлардың өсімі жоғары деңгейде азықтандырғанның өзінде 2 айлығында 10-12 кг салмақтан аспайды, ал 60 күнде енесінен айырған торайлар 18-20 кг салмақ тартуы керек.
Шошқа шаруашылығында әртүрлі механизацияларды пайдаланып, жұмыстарды автоматты түрде игеру, малдарға әртүрлі стресс жағдайларын тудырып отырады. Бұндай жағдайлар температураның әртүрлі өзгеруінен, вакцинация жасалғанда, тасымалдау кезінде, малдарды үлкен тығыздықта ұстауда агрегаттардың қатты дыбыстарынан болып тұрады. Шошқалардың әртүрлі тұқымдары өндірістік технологияға әртүрлі бейімделеді, кейде малдардың ауруларға қарсы тұру күштері төмендеп азып-тозып, көбінесе өлімге ұшырайды.
Шошқаның жаңа технологияға нашар бейімделуінің негізі белгілері: мегежіндердің көптеп қысыр қалуы, торайлаудың ұзаққа созылуы, каннибализм, ас қорыту органының ауруға шалдығуы (жара), салмақ қосудың төмендеуі және өнімді азықпен ақтау, етінің сапасының төмендеуі және тағы басқалар.
Кешендерде шошқа басының шоғырлануы малдәрігерлік-санитарлық нұсқаулардың заңдылығының сақталуын керек етеді, әсіресе басқа шаруашылықтан жас малдарды алып келіп, өсіру кезінде.
Шошқаларды қарқынды бордақылау технологиясы.
Шошқаны бордақылау - шошқа етін өндірудің қортынды нәтижесі. Шошқаны бордақылаудың негізгі мақсаты - жұмыс күші мен құралдарын мейлінше аз пайдалана отырып қысқа мерзімде сапалы ет пен май өндіру. Бордақылаудың оң нәтиже беруі бірнеше негізгі факторларға байланысты. 1. Жасына; 2. Шошқаның тұқымы мен тегіне; 3. Жемазықтың мөлшері мен сапасына; 4. Бордақылауды ұйымдастыру мен мазмұнына; 5. Жас төлдің бордақылауға әзірлігіне байланысты.
Жасына байланысты -малдың өсу карқыны белгілі бір кезеңге дейін сақталады да одан кейін тоқтайды. Демек организмнің жекелеген ұлпалары әртүрлі мөлшермен өсіп-дамиды. Міне, осы табиғи үрдісті дұрыс пайдалына білсе, бордақылаудың тиімді жолын табуға болады. Мәселен, жас малдың бұлшық ет ұлпалары майлық ұлпалары қарағанда әлде қайда жедел өсіп, дамиды. Бұл үрдіс (бұлшық ет ұлпаларының жедел өсуі) алты-жеті айға жеткенде бір шама тоқталады да, май жинау үрдісі қарқын ала бастайды. Сондай-ақ малдың жасына орай ұшадағы ет пен майдың ара салмағы өзгермелі болады, май көбейіп, ет азая түседі. Сондықтан малды жақсы азықтандыру мен бағып-күту, бірдёй болғанда салмақ қосуға, оның калориялығына, ет пен майдың мөлшеріне елеулі әсер етеді. Бұдан шығар қорытынды бордақыдағы шошқаға берілер азық пен оның рациондық құрамын анықтауда әр жастағы малдың азықтың құрамына деген сұранысы әртүрлі мықтап есте ұстау керек.
Жас малдарды азықтандыру кезінде мал ағзаларында өзгерістерді көруге болады. Торайлар 4-6 айлығына дейін бір азық түрімен азықтандырылып үйретілсе, кейін бордақылаған кезде осы жемдерді жақсы пайдаланып, қоректік заттарды жақсы сіңіреді. Жас малдарға ірі және балауса азықтарды пайдаланса кейін олардың тоқ ішектері мен қарны жақсы жетіледі, ал дәнді-дақылды азықтардан - ащы ішек тез дамиды. Бордақылауға әсерін тигізетін тағы бір жағдай - торайлардый; туған кездегі тірілей салмағы (1,2-1,3 кг). осындай салмақпен туған торай анасының қасында тез жетіліп, кейін тез бордақыланады. Шошқаның қарқынды өсуі оның тәуліктік қосымша салмақ қосумен өлшенеді және бордақылаудың ең басты экономикалық тиімділігі болып табылады. Осы көрсеткіш өскен сайын бір килограмм қосымша салмақ алуға жұмсалар жем, азық мөлшері кеміп бордақылау ерте аяқталады. Мысалы, үлкен ірі ақ шошқаны бордақылауды 3.1,0 кг............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Шошқа шаруашылығының маңызды және түрлері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар шаруашылық жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]