Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Шарт конструкциясы

Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Шарт конструкциясы

Мазмұны
К і р і с п е
Бөлім I. Шарт туралы жалпы ережелер
1.1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы
1.2. Шарттардың түрлері
1.3. Нарықтық қатынастармен қатар дамыған кейбір шарттар ерекшеліктері
Бөлім II. Шарттың жекелеген элементтерінің ерекшеліктері.
2.1.. Шартты жасау.
2.2.Шарттың мазмұны мен нысаны.
2.3. Шартты өзгерту және бұзу
Қорытынды
Нормативтік құқықтық актілер:
Қолданылған арнайы әдибеттер:

К і р і с п е
Курстық жұмысын мазмұндамас бұрын, осы тақырыптың бүгінгі күндегі өзектілігіне тоқталған жөн.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде Азаматтық құқықтық қатынастарды, әр түрлі күрделі шаруашылық байланыстарды реттеу тәсілі ретінде азаматтық құқықтық шарттардың ролі жоғарлай түсті.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да болашақта болу мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасын өтпелі кезені үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады.
Азаматтық кодекстің жалпы бөлімін сипаттауда тауарларды өткізу жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді сонымен бірге тепе-тең айырбас негізінде құралатын кейбір қатынастарды реттеу шарт еркіндігін қамтамасыз ететіндей болып құрылғанын жалпылай атап өтуге болады, сонымен қатар оларға қатысушылардың құқығы бүтіндей салады және соған сәйкес шарттың қатынастардың жекеленген түрлеріне жауапкершілік тетігін толықтап реттеу және бекіту арқылы жоғары кепілді қорғалады.
Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле нысанының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы ұшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз.
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиясының мықты нарықтық экономикаға мемлекеттің белсенді роліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға шетел инвестицияларын тарту негізделеді.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы жеке құқықтық қағидалар негізінде қалыптасады және жеке заңды тұлғалардың бастамаларын ынталандыруға бағытталған. Жаңа азаматтық заңдарда мемлекеттің жеке шаруашылық қызметке тікелей бұйрық беру жолымен араласуын тоқтату, меншікке қол сұғылмайтындығы, жеке кәсіпкерлікті кеңінен дамыту, азаматтық құқықтың шарттар жасасу бостандығы азаматтардың мүліктік құқықтарымен мүдделерін тиімді қорғау секілді маңызды принциптер дәлелденіп, баянды етілген.
Осыған байланысты бұрын қолданылып жүрген заңдарға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер, сонымен қатар жаңа заңдарда осы заманға сәйкестендіріліп жаңа құқық нормалары пайда бола бастады.
Шарттардың жаңа түрлерінің құқықтық реттелуі және оның нарықтық экономиканың қарқынды даму сатысында теориялық және тәжірбиелік маңыздылығы шеңберінде танып білу, зерттеу, бүгінгі ғалымдарымыздың көзқарасынан тыс қалмаған өзекті мәселелердің бірі.
Сондықтан да менің курстық жұмысымды шарт конструкциясы туралы зерттеу жүргізіп түйіндеу және шарттың ерекшеліктері жайында жан-жақты қарастыруға тырысамын.
Куртық жұмысы Қазақстандық және алыс-жақын шет мемлекеттер ғалымдардың ғылыми еңбектеріне және Қазақстанның құқықтық базасына негізделе отырып, теория және тәжірибе арақатынасы бойынша ғылыми, логикалық, сараптау, анализдеу әдістері негізінде орындалды.
Бөлім I. Шарт туралы жалпы ережелер
1.1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы
1. Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланулы құқықтық икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде, құқықтық қатынастың өзі ретінде, ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстеріне тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378- бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мендеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату келісімі – шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: “шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады”. Сонымен бірге, “мәміле” ұғымы “шартқа” қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
"Шарт" термині азаматтық заңнамада әртүрлі мағнада қолданылды: өзінен міндеттеме туындайтын зандық факты ретінде; сол шарттық міндеттеменің өзі ретінде; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат ретінде.
Шарт — құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқ-тауына негіз болатын зандық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық қүқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады ( АК 7-бап).
Шарттардың бірнеше жылдар бойы қолданылып келуі, басқасымен қоса айтқанда, түрлі сипаттағы қоғамдық қатынастардың икемді құқықтық нысанға айнала білуі жөнінде сөз болатындығымен түсіндіруге болады. Шарттың басты міндеті заң шеңберінде мүмкіншілік шектері мен лайықты мінез-құлқы, сондай-ақ, тиісті талаптардың бұзушылық салдарына сілтеу арқылы адамдардың мінез-құлқын реттеуге тұйылады.
Кезінде заң мен шарттың өзіндік маңыздылығы жөнінде үш пікір айтылған. «Ерікті» теорияны жақтаушылар шартты өзара уағдаласушылардың ерікті актісі ретінде – түпкінегізі деп санаған, ал заң оның еріктігін толықтырып не шектеп отырады деп пайымдаған. Заң басымдығының теориясын жақтаушылар шарт заңнан құқықтық тиімділігінен туындайтынын негізге алған. Ал үшінші «эмпирикалық» теорияның жақтаушылары тараптардың еріктері сезімді түрде белгілі бір нәтижеге ғана бағытталған және мұнда шарттарының салдары оны жүзеге асыруға тараптардың ондай құралдар туралы түсінігі жоқ деп ой жібереді, кей кезде шын мәнінде ол түсініктің мүлде жоқ екені байқалады.
Шарттың реттеуші ролі оны заң және нормативтік актілермен жақындастыра түседі. Шарттың құқықтық нормадан алдымен екі ұстанымдық ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Біріншісі мінез-құлық ережесін сақтауға байланысты: шарт – тараптардың ерігін, ал құқықтық акті оны шығарған органның еркін білдіреді. Екіншісі кез-келген мінез-құлық ережесінің іс-әрекет шегін айырып отырады: шарт тарап болып саналмайтын оның тараптарының мінез-құлықтарын реттеуге есептелген және ол міндеттерді құра алмайды, тек құқықтарды құрайды, сонымен қатар, құқықтық және басқа нормативтік актінің негізінде баршаға және әрқайсысына жалпы бірдей ережелер туындайды (құқықтық актінің қолданысы жүретін кез-келген тұлғалар ортасы онымен белгіленбейді). Аталған екі ерекшелік те тек азаматтық-құқықтық шартты айрықшаландырады. Көрсетілген ерекшеліктері жоқ шартта (бұл жерде – бұқаралық-құқықтық шарттардың сан қилы түрлері) оны нормативтік актіден ерекшелендіріп тұратын шекара жоқ болып кетеді. Алайда нәтижесінде барлық жағдайда тараптардың ерігі бұқаралық шарттардың басты маңызы болып саналады.
Азаматтық құқықтағы шарт ұғымы бір-бірінен үзілмес өзара байланысқан екі элементтер тобынан тұрады. Оның біреуі шарттың заңдық құрылғысын, екіншісі – оның мәндік сапасын сипаттайды. Бұл элементтер тек қосылған жағдайда ғана азаматтық-құқықтық шарт белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдығы өзінің мәртебесіне ие болады. Мұндай ұғымның ғылымдық маңызы өте зор. Сонымен қатар, ол нарықтық экономика жағдайында шарттың қолдану аясы мен басты қызметтерін белгілей келе, тәжірибелік міндеттерді де шешіп отыр.
Шарттың заңдық құралғысы – шартқа қатысушылар арасындағы байланыстың қызмет етуін қамсыздандыратын құқықтық сипаттағы заңмен қарастырылған өзара байланысты компоненттер жүйесі. Бұл компоненттерге тараптардың келісімі мен оған қол жеткізу тәртібі, шарт мазмұнының құрылымы (қарыз беруші мен тұлғаның құқықтары мен міндеттері), шарттың орындалу тәсілі, шарттық міндеттемелерді орындамағаны және дұрыс орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілік шарттары мен көлемі жатады. Шарт қатысушылардың азаматтық айналымындағы белсендіктің мінсіз нысаны болып қызмет жасайды. Қоғам тарихындағы оның әлеуметтік-экономикалық өзгеруіне қарамастан шарт құрылғысы заң техникасының туындысы ретінде өз негізінде өте тұрақты болып қалып отырғанын атап өтудің маңызы зор.
Уақыт келе шарттар арқылы қоғамдық қатынастар жүйесінің дамуымен бірге жеке тұлғалармен қатар азаматтық құқықтың жеке субъектілері деп танылған – заңды тұлғалар әлеуетті қатысушылардың құрамы кеңейе түсті. Әсіресе шарттық құқықтарды құруда қолданылатын элемент комбинацияларын күрделендіретін заңнамада қарастырылған шарт үлгілері көп қилы болып кетті.
Рим құқықындағы шартқа деген көзқарас оларды үш түрлі пікірден құқықтық қатынастар туындайтын негіз ретінде қарауға мүмкіндік берді.
Белгілі бір өзгерістер бар шарт туралы көп мағыналы ұғым тәжірибелі түрде ҚР АК-де және басқа елдердің азаматтық кодекстернде іске асырылды.
Бұрынғы кеңестік және кеңес аумағындағы заңи әдебиеттерінде орын тапқан шарт туралы көп мағыналы ұғым бірқатар авторлардың жұмыстарында тізбектеліп келтірілген. Ол әсіресе О.С.Иоффе зерттеулерінде нақты берілген. Екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқық қатынасының туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін шарт деп мойындай отырып, Иоффе: «Кей кезде осы келісімнен туындайтын міндеттеменің өзін шарт деп түсінеміз, ал кейбір жағдайларда бұл терминмен барлық қатысушылардың еркі бойынша туындайтын актіні тіркейтін құжатты атаймыз» - деген.
Көзқарастар әдебиетінде айтылған мынадай мысалды келтіруге болады: «шарт заңды факті ретінде құқықтық қатынастар немесе шарттық құқықтық қатынастар ретінде шарттың пайда болуына негіз болады. Шарт заңды факті және құқықтық қатынастар ретінде – ол өзінше жекеше тұрғы, оның даму жолының сан қилы жақтары».
Дәл осы тұрғыдан Н.Е.Егоров та: «шарт деп міндеттеменің негізіндегі заңды фактіні, шарттық міндеттеменің өзі және міндеттемелік құқықтық қатынастарды орнату фактісі бекітілген құжатты атайды».
Сонымен қатар кейде әдебиетте шарт туралы түрлі ұғым теңдестіріледі.
Заңи әдебиетте термин бірнеше мағынада беріледі, оның ішінде келесі түсіндірмелерді атап өтуге болады:
1. Заңды факт ретінде шарт.
2. Мәміленің бір түрі ретіндегі шарт.
3. шарттан туындайтын азаматтық құқықтық қатынасты да «шарт» терминімен белгілейді.
4. Жазбаша нысанда шарттың мағынасы берілген құжат ретіндегі шарт.
Мұндай «шарт» терминінің көп мағыналығы ғылыми, оқулық әдебиеттерде және заң шығаруда қолданылады. Мысалы, 1993 жылы басылған оқулықта шарт екі немесе көп тарапты мәміле ретінде талқыланаты аталған. Алайда шарт ұғымын тек мәмілеге қиыстыру мүлде дұрыс емес. Мәміле дегеніміз құқық немесе міндеттемені белгілеуге, өзгертуге, алмастыруға бағытталған іс-әрекет. Шарт болса құқық пен міндеттемені белгілеп қана қоймайды, мағыналары келісімде бекітілген субъектілердің іс-әрекеттерін қарастырады. Шарт нақты не жасау керектігін және тараптарға іс-әрекет жасағанда қандай заңды талаптар қойлатынын анықтайды.
Бұл мәселе бойынша тағы бір пікір Р.О.Халфинамен айтылған. Ол шарт өзара жасалған мәміле деген ойға қарсы және шарт азаматтық құқықтық қатынастың өзгеруі немесе тоқтатылуына бағытталған тараптардың келісімі деген ойға да қарсы шықты. Р.О.Халфина шарт ұғымына екі немесе бірнеше тұлғалардың еркін келісіп шешуден басқа олардың өзара азаматтық құқықтары мен міндеттемелері енгізілуі қажет деп пайымдайды. Бұл жерде «әр тарап өзіне қабылдайтын құқық пен міндеттеме сан қилы болғанымен өзара келісілген және біріккенде біркелкі құқықтық нәтиже беруі қажет» екендігіне назар аударған.
Шартта құқық пен міндеттеменің қосылуы дау туғызбас деген ой туындайды. Алайда мұны шарт – мәмілеге емес, шарт – құқықтық қатынасқа жатқызу керек. Бұл жағдайда кез келген шарттық және шарттық емес құқықтық қатынастарда, туындауына қай заңды факті себепші болғанына қарамастан құқық пен міндеттеме бір-бірімен сәйкестенуі (байланысуы) қажет. Мұның қажеттігінің себебі, өйткені құқықтық қатынас басқаша түрінде мүлде жоққа шығады.
О.А. Красавчиков шарттың көп мағыналық ұғымының, бірақ басқа себептер бойынша, қарсыласы болып саналады. Оның ойы бойынша азаматтық заңнамада, сондай-ақ құқық ғылымында «шарт» терминін қолданғанда бұның екі түрлі – заңды факті және «құқықтық қатынастың әрекет ету нысандары» ұғымдары қосылып кетеді.
Құқықтық қатынастарды дамыта келе О.А. Красавчиков «Бір терминді түрлі талқыға салу көптеген түсініспеушілік пен теориялық және тәжірибелік тәртіптегі қиыншылықтарға ұрындыратынына күмән жоқ» деп қорытынды жасаған.
Рим құқығында құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру немесе тоқтатылу негізі ретіндегі шарт туралы ұғымға оның себепті емес екі белгісі жатады: біріншісі – келісім, екіншісі белгілі мақсаты бар келісімнің ерекше негізі. Осы соңғысы жөнінде К.А.Митюков «шарт меншіктік құқықтық қатынастардың саналы түрде өзгертілуі әрқашан белгілі бір заңдық мақсатпен жүргізіледі. Шарт құралы болып саналатын бұл мақсат оның материалдық негізі болып табылады.
Біреудің іс-әрекеті үшін жауапкершілігін көтеру немесе сыйға беруді рәсімдеу болмаса қолданыстағы міндеттемені қамсыздандыру, жалпы қандай да бір заңдық мақсатқа жету ниеті шарттың негізі болып саналады. Ол ниетсіз және себепсіз міндетемеге кіруге ерікті ұсыну мүмкін емес. Екінші жағынан негізінде заңмен тыйым салынған мақсат жатса шарт ешбір күшке ие бола алмайды» деп жазған.
Шарттар құқық пен міндеттеменің пайда болу негізі ретінде әр елдің қолданыстағы кодекстерінде бірдей мәртебеде емес. Біреулерінде келісімді реттейтін нормалар бір жағынан, оның пайда болу негізі – шарт мәміле екінші жағынан шартқа тікелей арналған тарауларға енгізілген. Басқаларында шарт туралы қағидаға арналған тарауда шарт мәміленің үлесіне тараптардың қажетті келісімін қалыптастыру тәртібін белгілейтін ережелері ғана тиетіні жөніндегі мәміле туралы Азаматтық кодекстің жалпы нормаларының күші шартқа жүреді.
Азаматтық-құқықтық шарт мәміленің аса көп тараған түрі ретінде азаматтық құқық пен міндеттемелердің белгіленуіне, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған екі және одан да көп тараптардың келісімі болып саналады. Сонымен қатар, жасалған шарт бойынша заңмен қарастырылған құқық пен міндеттемелерге тәуелді болады. Бұл жерде, Азаматтық кодекстің жалпы ережесіне, тиісті шартқа арналған міндетті құқықтың жалпы бөліміне енгізілген нормаларды қарастыратын құқық пен міндеттемелердің аталғанын айту керек.
Шарттың мәміле және міндеттеме сияқты құқықтық санаттарға қатысты ара қатынасын анықтап алудың маңызы зор. Шарт ұғымы кең ауқымды азаматтық-құқықтық мәмілесі ұғымынан ерекше: шарт – кез келген емес, тек ниет білдірген екі немесе бірнеше тараптардың еркі сәйкес келген жағдайда жасалатын мәміле.
Әдетте шартты екі немесе көп жақты мәміле деп түсінеді. Алайда шартты мәмілеге келтірген жөн емес. Мәміле дегеніміз құқық пен міндеттемелердің белгіленуіне, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған іс-әрекет. Шарт мәміле ретінде тараптарға белгілі бір құқық пен міндеттемелерді белгілейтінін атап өту керек. Бірақ тараптардың заңды байланыстарының шындық мәні осымен тоқтамайды. Өктемдік азаматтық-құқықтық нормалардың ауқымы сөзсіз шартты болып табылады. Бұған қоса атап өтетін жайт, нақты шартта басқа нұсқаулар жоқ болған жағдайда тараптар өз қатынастарын диапозитивтік нормаларға және өз араларындағы тәжірибе бойынша күнделікті іс ретінде қалыптасқан квазинормативтік реттеуіштерге бағынатынына келісетінін мойындайтындығы.
Ю.А.Тихомиров заң теориясын дәріптей отырып өзінің шарт анықтамасында, заң «шарттың атасы»деген.
Бірақ бұл салыстырманы жалғыстыра берсек, «шарттың анасы» екендігін анықтаймыз, одан нормативтік реттеуіштерді қолдануды қоса алғанда, шарттың түрлі салдары туындайды.
Көптеген шарттар келісімнен шығатыны кейбір авторларға, әсіресе ХХІ ғасырда, шарттық міндеттемелердің субъективтік табиғатына ерекше мән беруіне негіз болды. Олардың пайымдауы бойынша, шарт тараптар еріктерінің сәйкес келуінен тұрады, ал келісім ерікті және сәйкес келетін пікірлердің нәтижесі. Бұл доктринаның екі негізі бар. Біріншіден, ХІV ғасырда саяси философияда тұлға бостандығының тұжырымдамасына үлкен мән берген. Әр адам ерікті, өз мүддесін еркімен жүргізуге құқықты деп санаған, сондықтан, келісімде көрсетілгендей, тараптардың еркін білдіру құқықтың мақсаты деп білген және «шарт еркі» неғұрлым аз шектелу қажет деп пайымдаған.
Бұл пікірді 1776 жылы басылған «Халық байлығы» атты белгілі жұмысында Адам Смит айтқан, онда капиталистік кәсіпкерлікке алғаш болып түбегейлі талдау жасалған. Шарт еркі – тұлғаға ең тиімді болып көрінетін кез келген шартта шартқа отыру ХХІ ғасырдағы экономиканың ең басты мәселесі болды. Өнеркәсіп пен сауда табиғи қорды өктемдеу және пайдалану белсенді саясатын қолдайтын қоғамдық және экономикалық теориядағы мықты ойларды жақтады.
Сонымен, соңғы жылдары біздің құқықтық мемлекетімізде нарықты қатынастардың дамуына байланысты шарттық қатынастарды реттейтін азаматтық заңнама біршама өзгеріп өсе түсті, бірінші кезекте бұл түгелімен шартты реттеу мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің екінші бөлімін қабылдауына байланысты. Дегенмен, ол тәжірибедегі шарттық қатынастар дамуынан қарқынның озықтығына, шарттың жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты объективтік түрде қалыптасқан заңнамадағы аң таңлықтарды барлығын дерлік жаба алмайды.
АК-ның 148-бабының 1-тармағына сәйкес, мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (АК-ның 373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің нысаны және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" үғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа зандық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі.
Сондықтан, АК-ның 148-баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік қүқық қатынастары туыңдайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісіңде — сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады..
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады (АК-ның 228-бабы).
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес (АК-ның 228-бабы).
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға.................
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Шарт конструкциясы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар азаматтық кодекс жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]