Курстық жұмыс: Саясаттану | Шарль де Голльдің Еуропалық саясаты
Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................3-5I-тарау. Шарль де Голльдің Еуропалық саясатына байланысты басты тұжырымдамалары………………………………….6-11
1.1. Шарль де Голльдің сыртқысаяси доктринасындағы Еуропа.......6-9
1.2. «Еуропалық Еуропа» - АҚШ-на тәуелсіз Еуропа......................9-11
II-тарау. Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары..................................12-28
2.1 Франция мен ГФР арасындағы қарым-қатынастар..................12-16
2.2 1961-1962 жылдардағы "Фуше жоспарлары"...........................17-24
2.3 Англияға қатысты Шарль де Голльдің жүргізген саясаты….....24-26
2.4 Люксембург компромисі………………………………………....26-28
Қорытынды…………………………………………………………..29-30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................31-32
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік соғыстардың соңғысы әлемнің көптеген елдерінің мүддесіне әсер етті, соның алғашқыларының бірі Франция болды. Соғыстың аяқталуын ол жеңгендер жағында қарсы алса да, оған жеңілмеу және күресті жалғастыру көп күш жұмсауды талап етті. Барлық сындардан өтуге француз халқының ерлігі, батылдығы мен табандылығы және Иосиф Сталин, Франклин Рузвельт, Уинстон Черчиль сияқты атақты фигуралардың қатарында әлемдік тарихқа енген нағыз патриот Шарль де Голльмен елдің білікті ұйымдастырылған басқарылуы көмектесті.
Түрлі түсінік пен көзқарастардың тарихшылары мен саяси қызметкерлері де Голльдің көбіне болашақты алдын ала болжау мен осы болжам негізінде қимылдау дарындылығын атап көрсеткен. Көптеген француздық және шетелдік зерттеушілер де Голльдің қызметі мен көзқарасында екі маңызды құлқы: патриотизм мен реализм.
1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдардың ортасында Еуропаның Саяси одағын құру бойынша француздық инициатива бұл елдің ұлы держава ретінде саяси және экономикалық амбицияларымен, Еуропада және әлемде өзінің тәуелсіз жағдайын орнату талпынысымен және де ішкісаяси даму ерекшеліктерімен анықталды.
Шарль де Голльдің еуропалық саясатының басты бағыты АҚШ-тан тәуелсіз Францияның бастауымен «кіші Еуропа» негізінде Саяси одақ құру еді. Еуропаның Саяси одағын құру туралы француз бастамалары бұл мемлекеттің саяси және экономикалық шамданушылықтарымен, Еуропа мен дүниежүзінде өзінің тәуелсіз жағдайын нығайту мақсатымен түсіндіріледі. Генерал де Голльдің ұсынған еуропалық интеграцияның конфедеративті моделінде ортақ атқарушы және сот орғандарының болмауына байланысты конфедерацияның мүшелері өз егемендігін сақтайды. Қарастырылып отырған мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып табылады, себебі Еуропаның Саяси одағын құру күн тәртібінде тұр және еуропалық бірігу үрдісіне қатысып жатқан мемлекеттердің санының ұлғаюына байланысты бұл мәселе тереңдей түсуде.
Зерттеу объектісі. Францияның 1950-1960 жылдардағы саясаты және Шарль де Голльдің АҚШ-тан тәуелсіз Еуропаның Саяси одағын құру әрекеті кезіндегі саясаты.
Жұмыстың хронологиялық шекаралары 1958 жылдан 1968 жылдар аралығын қамтиды, себебі дәл осы жылдары билік басына генерал де Гольдің келуіне байланысты Францияның сыртқысаяси бағытының өзгерісі болады.
Жұмыстың мақсаты. Еуропаның Саяси бірлестігін құру жөніндегі Франция басшысы Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын зерттеу болып табылды. Осы қойылған мақсат шеңберінде келесі нақты міндеттер шешілді:
- Шарль де Голльдің АҚШ-тан тәуелсіз Саяси одақ құру жөніндегі бастамаларын қарастыру;
- Еуропаның Саяси одағын құрудың конфедеративті және федеративті принқиптерін қарастырған кездегі франко-бельгиялық және франко - голланд қайшылықтарының ерекшеліктерін көрсету;
- Францияның де Голь тұсындағы сыртқысаясатындағы приоритеттерін анықтау;
- Францияның еуропалық Саяси одақты фрако-герман негізінде құру әрекетіне анализ жасау;
- Францияның АҚШ-тан тәуелсіз болу мақсатымен Англияның «Ортақ нарыққа» кіруіне вето жариялауының себептерін қарастыру;
- 1965-1966 жылдары Франция мен ЕЭҚ мемлекеттері арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардың негізгі себептерін қарастыру.
Курс жұмысында отандық және ресейлік авторлардың еңбектері, сонымен қатар Бесінші Республиканың бірінші президенті Шарль де Голльдің естеліктері қолданды. Оның «Әскери мемуарлары» мен Еуропалық құрылыс жөніндегі тұжырымдамалары түсіндіретін «Үміттер мемуарлары» қолданды. Шарль де Голльдің естеліктері «еуропалық құрылысқа», әсіресе, Еуропаның Саяси бірігуінің қажеттілігіне байланысты автордың көзқарасын білуге мүмкіндік береді. «Үміттер естеліктерінде» Шарль де Голль конфедерация негізінде қаланатын бірлестік ретінде көретін Еуропаның саяси интеграциясының проблемаларына ерекше кеңіл бөлінеді.
Бірінші топқа Еуропаның тарихы мен еуропалық интеграцияның тарихы бойынша жалпы еңбектер кіреді; екінші топқа Францияның сыртқысаяси тарихы бойынша еңбектерді қамтиды. Отандық және ресейлік тарихнамада бірінші топқа интеграциялық үрдістердің жалпы мәселелерін қарастырған түрлі ғылыми мектеп өкілдеріне жататын еңбектер, зерттеулер тиесілі. Соның ішінде Ж.У. Ибрашев, К.Н.Макашева, Э.Т.Енсебаева, М.Быченко және т.б. редакциясымен жазылған «Анатомия Европейской интеграции» атты еңбегінде (Алматы, 2003) Еуропалық Одақ құру идеялары, алғышарттары айқын көрсетілген, Еуропаны біріктіру мәселелері қарастырылады. А.О.Чубарьянның «Европейская идея в истории. Проблемы войны и мира» (Москва, 1987) монографиясында еуропалық бірігу идеяларының соғыс пен бейбіт мәселелерімен өзара байланысының дамуы зерттеледі. А.И.Безруковтың «Проблемы западноевропейской интеграции» (Москва, 1987) және П.А.Зубченконың «Еуропейское сообщество на пути к единому рынку» (Москва, 1990) атты еңбектерінде интеграцияның жалпы теориялық сұрақтары қарастырылады, оның Еуропаның «үлкен» және «кіші» елдеріне экономикалық және әлеуметтік салдарлары, сонымен қатар еуропалық «Ортақ нарықтың» әлеуметтік экономикаға ену мәселелері қарастырылады. В.Г.Барановскийдің «Европейское Сообщество в системе междуранодных отношении» (Москва, 1986), «Западная Европа: Политическая и военная интеграция» (Москва, 1984) атты еңбектерінде Еуропаның Саяси Одағы құрылуының мақсаттары мен тапсырмалары қарастырылған, еуропалық елдердің әскери-саяси блок НАТО-да қатысуының анализі беріледі. Батыс Еуропаның 1950-1960 жылдардағы сыртқысаяси интеграциясының дамуының ерекшеліктеріне келтірілген бағалар «алтылық» елдерінің әр қайсысының интеграциялық бағытын түсінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар Еуропаның саяси интеграциясының мәселелеріне түрлі елдердің көзқарастарына анализ беріледі.
Екінші топқа Францияның сяртқысаяси тарихына, Бесінші Республика кезеңіндегі Шарль де Голльдің жүргізген сыртқы саясатына арналған еңбектерді жатқызуға болады. Ж.У.Ибрашевтың «Политическая концепция Ш. Де Голля» (Алматы, 1971) еңбегінде Шарль де Голльдің жүргізген саясаты, саяси концепциясы қарастырылады. И.А.Колосковтың «Внешняя политика Пятой Республики» (Москва, 1976), В.С.Шиловтың «Политические партии и внешняя политика Франции (1958-1969)» (Москва, 1977), В.П.Славенованың «Внешняя политика Франции» (Москва, 1981) атты еңбектерінде Францияның Бесінші Республика периодындағы сыртқы саясаты зерттеледі. Сыртқы саясат облысындағы, соның ішінде «еуропалық» саясат облысындағы әлеуметтік сфераның жалпыеуропалық экономиканың жаңа талаптарына адаптациясының қиындықтары қарастырылады. Аталған еңбектер де Голльдің еуропалық бағытының Францияның сыртқы саясатының басқа бағыттарымен өзара байланысын тереңірек зерттеп білуге мүмкіндік береді.
Курс жұмысы барысында тарихи оқиғаларға шолу жасалынып тарихи, конвент анализ әдістері қолданылды.
Курс жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Генерал де Голльдің Еуропа саясатына байланысты басты тұжырымдамалары деген бөлімінде француз президентінің басты тұжырымдамаларына сипаттама беріліп, олардың негізгі ойын ашады. Шарль де Голльдің өз тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары деген бөлімде француз-батысгерман қарым-қатынастарындағы келісушіліктер мен шиеленістер, «Фуше жоспарларындағы» басты идеялар, Францияның Англияға вето жариялауының негізгі себептері және 1965-1966 жылдары Еуропалық қауымдастықта болған ең ауыр дағдарысқа тоқталынады.
Курс жұмысы Шарль де Голльдің еуропалық саясатының басты бағыттарының мәнін ашуға тырысады.
I. Шарль де Голльдің Еуропалық саясатындағы басты тұжырымдамалары
1.1. Шарль де Голльдің сыртқысаяси доктринасындағы Еуропа
Еуропалық саясат де Голь үкіметінің сыртқысаяси қызметінің басты бағыттарының бірі болды. Айта кету керек, өткен жүз жылдықтың 50-60 жылдардағы сыртқысаяси концепциясын Екінші дүние жүзілік соғыс пен Төртінші республика кезеңінде құрылудан Бесінші республика кезеңінде іс жүзінде іске асырылуына дейін қарастыру керек. Еуропаға қатысты де Гольдің саяси концепциясында бірінші жағынан, Францияның еуропалық елдерге қатысты саясатын, екінші жағынан, Францияның еуропалық мемлекет ретінде еуропалық емес елдерге қатысты саясатын белгілеу қажет.
Сыртқы саясаттың құрылуының ұлттық ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады. Францияда ел ұлы әлемдік держава болып табылады деген тұрақты іштей келісім бар. Дәл осы де Голь «Франция тек алдыңғы қатарларда болған жағдайда ғана нағыз Франция болады» деп құрған голлистік дәстүр болып табылады.
Басқа елдермен салыстырғанда, Франция өзінің колониальды өткен шағы бойынша кінәлілігін аса сезінбейді, бұл оған әлемдегі ғаламдық рөлге талпынуға ілгерілік береді және жетекші батыс елдері мен «үшінші әлем» мемлекеттері арасында делдалдық рөлді атқарі талпынысында көрінеді. АҚШ-қа қарағанда, Франция ешқашан бір жақты гегемонизмге талпынған емес. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлы державалардың көпполярлық әлемдік құрылым шеңберінде тепе-теңдігі арқылы дәстүрлі қарастырылады. Осыдан Францияның жұмсақ балансталған саясатты жүгізу мен көпжақты одақтар пайдасына екіжақты одақтардан бас тартудың дәстүрлі талпыныстары шығады.
Франция сонымен қатар әскери құралдарды қауіпсіздік саясатын қамтамасыз ету негізі ретінде қарастырады, бұл НАТО және Еуропаның басқа мемлекеттерінен ұлттық қорғаныс мәселелерінде ерекшеліктерінде және өзінің жеке ядролық саясатын жүргізуде растығын табады.
Геосаяси тұрғыдан Франция өзін бір уақытта тек континенталды және теңіз держава ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен қатар бір уақытта Атлантикаға және Жерорта теңізіне шыға алатын жалғыз (Испаниядан басқа) еуропалық ел екендігін нақтылайды. Францияның мұндай жағдайы геосаяси спецификасын да алдын ала анықтады – біріншіден, өзінің бұрынғы колонияларымен байланысы, екіншіден, Францияның Жерорта теңізі, Солтүстік Африкамен қоса Таяу Шығыста және оған жақын акваторияларда аймақтық тәртіпті құруда қатысуы. Үшіншіден, Еуропада қауіпсіздік жағдайының ерекше маңыздылығы мен еуропалық істерде қатысу, мұнда Франция АҚШ, Ұлыбритания (англосаксондық топ), Германия және кейбір жағдайларда Ресейдің еуропалық тәбеттерін ұстап қалып отырып, өзін аймақтық көшбасты деп дәстүрлі санайды.
Франция соғыс аяқталғаннан кейін негізгі сыртқысаяси талпыныстарын өзінің колониялдық иеліктерінде күштік саясатын жүргізуге шоғырланды. Үндіқытай мен Алжирдегі соғыстардан қолы тимеген Франция Еуропада бірінен соң бірі позициялерын жоғалтты. Француздық қарулы күштердің НАТО-ға интеграциясы, яғни іс жүзінде АҚШ-тың бақылауы астына, 50-ші жылдардағы ремилитаризация және ФРГ-ның ұстанымдарының күшеюі Франция АҚШ пен НАТО-ға қатысты дербестігін ала алмауынсыз, өзінің дәстүрлі күштік саясатын қайта қарауынсыз өзінің мүдделерін қамтамасыз алмайтындығын көрсетті.
Шарль де Гольдің 1958 жылы билік басына келуі және Бесінші Республиканың режимінің орнауы Францияның ұлттық доктринасының радикалды қайта қарауының басталуын білдірді. Ұлттық доктрина негізіне де Голь «ұлттық тәуелсіздік» және «Франция ұлылығы» ұрандарын қойды. Ұлт идеясы абсолютті құндылықтар категориясына қойылды.
Де Голь сонымен қатар Францияның көп полярлық әлемдік тәртіпке ориентациялануын және әлемді биполярлы бөлуді қабылдамау ориентациясын жариялады. Де Голь бұрынғы саясатты қайта қарауды келесі схема бойынша құрды: АҚШ өзінің билеушілік жағдайын бара-бара жоғалтады, Ресей Еуропада біршама шегінеді, үшінші әлем өзінің тәуелсіздігін алады, бірақ пассивті болып қала береді. Әлемдік тәртіпке мұндай ұстаным Францияның негізгі миссиясын ірірек державалардың күштер балансында ойын және олардың қайсысы бірімен одақтан бас тарту ретінде анықтады. Мұнда Франция геосаяси факторларды ескеріп көпжақты одақтар құру үшін шықты. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді мақсаты ретінде де Голль әлемде басқарушы орындардың бірін ұлттық күш қуат құралдарын және тез экономикалық өсімді комплексті қолдану арқылы алу қажеттілігін анықтады. «Жоспарлау-келісім-ынтымақтастық» формуласы алға тартылды.
Алғашында (1958-1962жж.) бұл мақсат Францияның НАТО-да АҚШ және Ұлыбританиямен бірігіп «үш жақты көшбасшылыққа» негізделу шеңберінде іске асырылды. Бұған негіз ретінде Францияның ядролық статусы және әскери күшке арқа сүйеуі болып есептелді. Алайда, кейіннен әскери-стратегиялық автономияға АҚШ-тың НАТО-дағы басымдылығын баланстайтын еуропалық одақты параллельді іздеумен қатар ие болу бағыты басымдылыққа шықты. Ол үшін қарастырылды: 1961-1962 жж. Әскери-саяси одақ «алтылық Еуропасы» (Ұлыбританиясыз); француздық ядролық кепілдіктермен Франция мен ФРГ-ның «одақ негізі ретінде жалғыз және бірыңғай қорғаныс» жобасы (Елисей келісімінің француздық жобасы, 1962-1963 жж); франко-ағылшын ядролық одақ (60 жылдардың соңы – 70 жылдардың басы).
Францияның жеткіліксіз экономикалық қуаты, голлистердің ойынша, оған батыс әлемде дербестікті кепілдендірмеді, бұл елдің тек дипломатиялық, саяси және моральдік резервтерін күшейту ғана емес, сонымен қатар ядролық қуаттың қатаң демонстрациясының қажеттілігін тудырды: «Францияда ұлттық ядролық қаруының болуы Еуропа дамуының негзгі факторы болады».
Бұл көзқарастар француздық әскери доктринаның негізіне жатты, бұл доктрина КСРО-АҚШ сызығы бойынша стратегиялық тепе-теңдігінің басталуынан, Стратегиялық Ядролық Күштердің Жалпы Бағытталған Күштер үстінен приоритеті және әлемде ұлттық қауіпсіздікті тәуелсіз қамтамасық етуден шықты.
Де Голльдің доктринасы шақырушы біржақтылық пен ұлттық қауіпсіздік саясатына ғаламдық араласуға претензияларға негізделі арқылы іске асырылды. Бұл саясат Францияны қайтадан ішкі жағдайдың дестабилизациясына әкеп соқты және де Голль доктринасының көптеген конфронтациондық жағдайларын қайта қару талаптарын түсінуге әкелді. Деголльдік Еуропалық саяси одақ концепциясы, яғни суверенді мемлекеттер одағына негізделген конфедерациялар, «Мемлекеттер Еуропасын» құру идеясына негізделеді.
Шарль де Голльдің еуропалық жоспарлары екінші дүниежүзілік соғыс кезінде-ақ пайда болды. Бірақ сол кезде де Голль еуропаның бірігу формаларын айтпаған болатын. Оның еуропалық позициясын дұрыс түсіну үшін «Мемлекеттер Еуропасы», «Еуропалық Еуропа» және «Атлантикадан Оралға дейін» атты тұжырымдамаларын айта кету кереқ Бірінші тұжырымдама еуропалық мемлекетаралық институттарымен байланысты, екіншісі Батыс Еуропа мен АҚШ-мен қатынастарына қатысты, ал үшіншісінде Еуропалық географиялық шекаралар туралы айтылады.
Генерал де Голль өзінің сыртқы саясатының ең маңызды мақсаты ретінде «Рейн, Альпы және Пиренеи бойында орналасқан мемлекеттердің саяси, экономикалық және стратегиялық одағын құру» және осы ұйым үш әлем күштерінің біріне айналып, кеңес және англосаксон лагерлері арасында арбитрға айналу мүмкіндігін қарастырады. Бесінші республика өкілдері Батыс Еуропада ірі дербес топты құруды жоспарлады.
Бесінші республика құрылғаннан бастап, де Голль Батыс Еуропаның континентальды мемлекеттерді бірігуде еуропалық экономикалық қауымдастықты пайдалануға үлкен сенім артты. Бұл экономикалық топ алты мемлекетпен Франция, Италия, ФРГ, Бельгия, Нидерланды, Люксембургпен құрылды.
Бұған француз сыртқы саясаты негізінен алты мемлекетттің «еуропалық бірлестіктеріне» сүйенді: «Ортақ нарық», ЕКББ, Еуроатом. Осы бірлестіктерде Франция тәуелсіздігіне қауіп төндіретін ұлт ұстіндегі элементтері бар еді.
Осы жағдайларда Шарль де Голль «еуропалық» ұйымдардың француз басшылығымен тәуелсіз мемлекеттердің саяси блогын құру арқылы Францияның беделі мен қуаттылығын қайта жаңғыртқысы келді.
1961 жылы Шарль де Голль «кіші Еуропа» негізінде АҚШ-тан тәуелсіз Францияның бастауымен саяси блокты құру туралы өз жобасын алға тартады. «Батыс Еуропа мемлекеттерінің ынтымақтастығын қамтамасыз ету- бұл Францияның ойы бойынша қажет, мүмкін және саяси, экономикалық, мәдениет және қорғаныс салаларында тәжірибе жүзінде орын алады» - деген еді ол.
Батысеуропалық интеграциялық үрдістерге қарсы болмай, Шарль де Голль интеграцияланған Батыс Еуропаның басқа формасы мен деңгейін ұсынады. Ол «Мемлекеттер Еуропасын» немесе әрбір мемлекеттің ұлттық егемендігіне қол сұқпайтын батысеуропалық конфедерацияны құруды ұсынады. Ал «кейбір едәуір болса да ұлт үстіндегі органдарға» келсек «олардың тек техникалық құндылығы бар, бірақ саяси беделділікке ие емес және бола алмайды».
Шарль де Голль «Жалпы нарыққа» кірген мемлекеттерінің саналы түрде үделендіріліп жатқан үрдістің орнына интеграциялық саяси ынтымақтастықты ұсынды. Ал интеграциялық үрдістің өзіне келсеқ ол де Голльдің ойынша, эволюциялық түрде, жалпы нарықтық мемлекеттерінің халықтарының біртіндеп және жүйелі жолы арқылы дамуы керек және осындай бірігудің соңғы мақсаты ол батысеуропалық конфедерацияның құрылуы еді.
Алайда бұндай конфедерация, Ш. де Голльдің пайымдауынша, Батыс Еуропа елдерінің толықтай жақындасуы мен бірігуін қарастырмайды. Бұл осы халықтардың одағы болады. Осындай конфедерацияда немесе батысеуропалық мемлекеттердің одағында әрбіреуінің ұлттық ерекшелігі сақталынады.
Бірақ осындай жолмен интеграцияланған Батыс Еуропа еуропалық мәселелерді шешуде тәуелсіз болуы керек. Бұл ешбір еуропалық емес державаның еуропалық мәселелерді шешуде қатыспауы керек. Басқаша сөзбен айтқанда, Батыс Еуропа АҚШ-қа тәуелсіз болуы керек, осы ойын нақтылау үшін «Еуропалық еуропа» атты ұғым енгізеді.
1.2. «Еуропалық Еуропа» — АҚШ-на тәуелсіз Еуропа
Францияны біріккен Еуропаның басқарушысы ретінде қарастырған де Голль өзінің елін тек тәуелсіз ұлттық саясатты құқықты іске асыра алатын ғана емес, сонымен бірге Батыстың жалпы саясатын шығару міндеткерлігіне ие ұлы держава ретінде қабылдауына талпынды.
Бесінші республика орнала салысымен оның басқарушылары «ұлттық күш» - мемлекеттік саясат рангіне шығарылған француздық ядролық қаруды құру бағытын алды. 1960 жылы 13 ақпанда Сахарадағы Регган полигонында алғашқы француздық атомдық бомба сынақтан өтілді. Сосын Франция өзінің қарулы күштерін термоядролық қарумен (алғашқы сынақтан өту 1968 болды) және жеткізудің қазіргі заманғы құралдардың толық комплектімен қамсыздандырады: жерге негізделген ракеталар, стратегиялық бомбардировщиктер, суасты кеме-ракетатасушылар. Осылайша ол АҚШ пен КСРО-дан кейінгі үшінші ядролық державаға айналды, алайда оның қуаты бұл екі аса державалардың потенциалдарына жеткіліксіз. Елдің сапалы жаңа..........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан мен Еуропалық Одақ
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Еуропалық Одақ
» Курстық жұмыс: Тарих | КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама қайшылығы
» Курстық жұмыс: География | Еуропадағы интеграция
» Курстық жұмыс: Экономика | Евро айналымға шығаруға
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан мен Еуропалық Одақ
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Еуропалық Одақ
» Курстық жұмыс: Тарих | КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама қайшылығы
» Курстық жұмыс: География | Еуропадағы интеграция
» Курстық жұмыс: Экономика | Евро айналымға шығаруға
Іздеп көріңіз: