Курстық жұмыс: Экономика | Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................ 3ІІ-Тарау Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық-географиялық жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттары......................................................................................4
1.1. Облыс экономикасына жалпы сипаттама.......................... 4
1.2. Су ресурсының шаруашылықтағы маңызы.......................................................... 7
1.3. Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелері......................................................8
ІІ-Тарау Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы………………………………..... 27
2.1. Шардара ауданынан жалпы сипаттама………………………... 27
2.2. Шардара су қоймасындағы балық шаруашылығы және оның даму мәселелері................................32
2.3. Шардара су қоймасында балық шаруашылығының даму келешегі...................................35
2.4. Шардара су қоймасында суды қорғау мәселелері..................... 36
Қорытынды....................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................ 48
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Балық шаруашылығы – балықты өндіру және өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің бір саласы. Тамақ өнеркәсібінің бір саласы ретінде балық шаруашылығы ХYII - ғасырда пайда болды. Балық шаруашылығы Қазақстан республикасы территориясында негізінен Каспий және Арал теңіздерінде жүргізілді. Шардара су қоймасында балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400-ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Шардара су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Оңтүстік Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Шардара су қоймасы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балықты ең көп аулайтын су қоймасы.
Жұмыстың мақсаты: Шардара су қоймасында балық аулаудың тарихы мен қазіргі жағдайына тоқтала отырып, мұнда балық аулаудың облыс экономикасындағы алатын орнын айқындау.
Жұмыстың міндеті: Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына жалпы сипаттама бере отырып, оның экономикасында тамақ өнеркәсібінің алатын орнын анықтап, Шардара су қоймасында балық аулау шаруашылығының даму жағдайына талдау жасау.
Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы мен қазіргі жағдайы туралы көптеген мәліметтерді Қазақстан республикасы балық шаруашылығының ғылыми - зерттеу институтының мәліметіне алуға болады. Бұл мәселемен осы аталған институттың ғалымдары Сариев Б. және Жамалов С. айналысқан.
І-тарау. Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттары
1.1. Облыс экономикасына жалпы сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері жазықты, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен Сырдария, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған./1/
Оңтүстік Қазақстан облысының көп ғасырлық тарихы бар. Мұнда Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл өлке ертедегі мәдениет пен цивилизацияның орталығы. Ертедегі Оңтүстік Қазақстан облысында көне түрік қағанаты заманында көне мәдениет ошақтары - Исфиджаб (Сайрам), Отырар, Сығанақ, Яссы, Әулие-Ата қалалары дамыған. Мұнде әлемдік маңызы бар ғылыми және білім орталықтары болған.
Оңтүстік Қазақстан облысы ауқымды өндірістік-экономикалық әлеуетімен, еңбек ресурстарының көптігімен ерекшеленетін аумақ.
Оңтүстік Қазақстан облысы әруақытта өнеркәсіп ошақтары мен аграрлық секторы қатар дамыған аймақ ретінде көзге түседі. Облыстың динамикалық және комплексті дамуында қажетті шикізаттар жеткілікті мөлшерде кездеседі. Мұнда силикатты шикізаттар, түсті металдардың кен орындары және уранның республика бойынша 50 % бар. Қолайлы ауа райы мен ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің молдығы ауыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға жағдай жасайды. Соңғы 15 жылда ірі өнеркәсіп орындарының тоқырауына қарамастан облыс индустриалды - аграрлы өлке болып табылады. Бүгінгі күнде Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша трансформатордың 98 % , дәрі-дәрмектің 70 %, республикада өндірілетін минералды сулардың жартысына жуығын, мотор майлары мен бензиннің 40 % , республика бойынша мақта және оның өнімдерінің барлығын береді.
Оңтүстік Қазақстан облысы экономикалық дамуы жөнінен 2006 жылғы мәлімет бойынша тұрақты дамыған, дағдарыстан шыққан облыс болып табылады. 2005 жылмен салыстырғанда өнім 110,8 пайызға артқанын байқауға болады. Яғни, облыс экономикасы жыл сайын өркендеп келе жатыр.
Оңтүстік Қазақстан ежелден өнеркәсібі ерекше дамыған өңір саналады. Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірумен танылған. Еліміз егемендік алып, экономикамыз ілгерілеген сайын облыстың экономикасының өркендеп келе жатқанын байқауға болады.
Облыстың өнеркәсібі өз өнімдерін әлемнің 37 еліне экспортқа шығарады, 66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта өнімдері - 43,3 % , металлургия өнеркәсібі - 14,5 % , минералдық өнімдер - 17,2 % , мал және өсімдік өнімдері - 17,3 % , химия өнімдері - 4,3 %. Ал импорт құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар мен аппараттар 42,8 % , химия өнімдері - 18,8 % құрайды. Облыста қазіргі таңды «Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды - инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жасалған. Өнім сапасын халықаралық стандартқа сай ету жұмыстары жан-жақты жандандырылуда. /2/
Адам өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін көп суды қолданады. Ол тұрғындарды сумен қамсыздандыру, түрлі өндірістерді, жерді суғару, көлікті және балық шаруашылығын дамыту, денсаулық сақтау мен туризм үшін қажетті. Сусыз өмір сүретін қандай да бір шаруашылық саласын көру мүмкін емес.
ХХ ғасыр өндірістің күрт өсуімен, әсіресе, суқоймалық салалар мен энергетиканың ұдайы дамуы мен сипатталады. Бұл өспелі көлемде интенсивті суды тұтынуға алып келе жатыр, сондықтан қазір су қорларының таусылып қалмауының алдын алу үшін тез арада шаралар қолдану керек.
Қазіргі жағдайда, әсіресе халық шаруашылығының болашақта дамуын қарастырғанда, су шаруашылық комплекстерінің маңызы зор, олар ауыл шаруашылығының қажеттілігін ескере тұра су қорларының пландық дамуына арналған әлеуметтік-экономикалық және техникалық жұмыстар жүргізуі қажет. /3/
Су шаруашылық комплексінің мүшелері: сумен қамту, су тарту, гидротехникалық мелиорация, гидроэнергетика, су көлігі, сал ағызу, балық шаруашылығы, денсаулық сақтау, су туризмі. Сонымен гидротехникалық мелиорацияға тек жер суаратын және құрғататын жұмыстары емес, тағы судың кері әсерін тигізбеу шараларын іске асырады су тасқынынан сақтау, су эрозиясымен, селмен, сырғымамен, жағалаулардың бұзылуымен, батпақтылықпен және сортаңданумен күрес.
Қазіргі кезеңде әр су шаруашылық комплексі келесі негізгі шарттарды қанағаттандыруы керек:
- судың мөлшері мен сапасына байланысты мүшелердің сұранысын орынды түрде қамтамасыз ету;
- табиғи жағдайдың күйреуіне және ағынды су мен су қоймаларды сақтауға кепілдік беріп, олардың ластануы мен құрғауына жол бермеу керек;
- барлық мүшелердің пайдалануына өте үлкен нәтижелікті қамтамасыз ету;
- су шаруашылық құрылғыларлың (бөгендер, гидростанциялар, насос құрылғылар, каналдар, құбырлар және т.б.) тиімді пайдалану жүйесіне кепілдік беру және олардың беріктігін қамтамасыз ету.
1.2. Су ресурсының шаруашылықтағы маңызы
Қазір республикада ірі су комплекстері көп. Электроэнергияны өндіруге байланысты, осы су торабы зоналарында басқа комплекс мүшелерінің сұраныстары жақсы шешілуде, атап айтқанда: қалаларды, өндіріс орындарын, жылу электростанцияларын, жер суландыруды, су көліктерін және сал ағызуларды сумен қамсыздандыру. Осы құрылған су қоймалардың көпшілігінде қайта балық өндіруге жағдайлар бар.
Су шаруашылық комплекстерді құрғанда әр өзен бассейні бір су шаруашылық жүйе ретінде қарастырылады, барлық элементтері - өзендер, көлдер, жылғалар, әуіттер, суқоймалар, батпақтар және жер асты сулары бір - бірімен байланысты және өзіндік гидрологиялық тепе - теңдігін сақтайды. Сондықтан бір немесе бірнеше элементтерді пайдаланғанда, толық жүйенің нормальді іс-әрекетін бұзбау керек. /4/
Су пайдалану мен қайтымсыз шығындар үздіксіз өсуде, сондықтан суды өте бағалы шикізат түрі деп қарастыру қажет. Оның шығындалуы және су көздерінің ластануы мен құрғауынан сақтау үшін радикалды шаралар қолдану керек.
1.3. Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту мәселері
Тамақ өнеркәсібі – аграрлық - өнеркәсіптік кешеннің негізгі өңдеуші саласы. Оны өңдеу үшін қажетті шикізат (астық, ет, сүт, қант қызылшасы, картоп) алып отыратын ауыл шаруашылығымен, шаруашылықтың басқа салаларына қарағанда өте тығыз байланысты. Бұл сала өсімдік және мал шаруашылығына едәуір әсер етеді. Ол ең алдымен, өнімнің қолданылу аясын кеңейтіп, ауыл шаруашылық өндірісінің тауарлығын арттырып, жаңа шикізат базаларының дамуына ықпал жасайды. /5/
Тамақ өнеркәсібінің жеке салаларының орналасуы мен даму ерекшеліктері:
а) қант
б) ет және консерві
в) ұн тарту және жарма
г) балық
д) май шайқау
е) сүт және май өңдеу
ж) жеміс және консервілеу
Шикізат және тұтыну факторларының әсері дәрежесі бойынша тамақ өнеркәсібін үш топқа бөлуге болады.
1. Шикізт көздеріне (шикізат жұмсау мөлшері жоғары) жақын орналасқан - қант, спирт, май шайқау, сүт-консерві, крахмал - сірне жасау сияқты салалары.
2. Дайын өнімді тұтынатын жерлерге жақын орналасқан салалар – наубайхана, сыра қайнату, сүт, макарон, кондитер бұйымдарын дайындау салалары.
3. Шикізат көзіне де, тұтынушыларға да жақын орналасқан – ет, балық консервілеу, ұн тарту, шарап ашыту, темекі өңдеу сияқты салалар.
Пайдаланылатын шикізатының сипатына қарай тамақ өнеркәсібінің құрамына 20 - дан астам шағын сала кіреді. Олардың саны жаңа бағалы тамақ өнімінің пайда болуына және ұзақ мерзімге сақтауға келетін өнімнің (түрлі консервілер, концентраттар, бұқтырылған және тоңазытылған ет, балық, жемістер және т.б.) көбеюіне қарай өсіп отырады. /6/
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары технологиялық процесс сатылары бойынша маманданады. Осы тұрғыдан оларды өзара байланысты екі топқа біріктіруге болады. Бұл топтарға енетіндер:
1. Өңделмеген шикізатты пайдаланатын май шайқау, қант, жарма, шай, консерві, балық өңдеу сияқты салалар.
Бұл жағдайда ауылшаруашылық шикізатын алғаш ұқсататын кәсіпорындар сол шикізат көздеріне жақын орналасдаы.
2. Наубайхана, кеспе, кондитерлік бұйымдар жасау, шай өлшеу сияқты алғашқы өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар. Олар тұтыну аймағының ортасына орналасады.
Балық және балық өңдеу өнеркәсібі облыста Шардара су қоймасында дамыған.
Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы маңызды және жақсы дамыған экономикалық аудандардың бiрi. Ауыл шаруашылығына мамандануы Оңтүстік Қазақстанға шекаралас жатқан Орта Азияны еске түсiредi. Бұл – Қазақстанның бағалы техникалық және дәндi дақылдар өсiретiн суғармалы аймағы. Республикада бақша, жүзiм өсiру мен қой шаруашылығынан бiрiншi орынды иемденедi. Шардара су қоймасының суы ауыл шаруашылығы жерлерін суарумен айналысады.
Оңтүстік Қазақстан азық - түлiк және жеңiл өнеркәсiп дамыған орталық. Тау кен өнеркәсiбi де жоғары деңгейде жолға қойылған (полиметалл, фосфорит, қорғасын өндiрiсi).
Қазақстан Республикасы егемендігін алған жылдан бастап аграрлы реформалар жасай бастады. «Жер реформасы туралы» және «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы» заңдар қабылданды. 1992-1997 жылдары «Кәсіпорындар туралы», «Жол туралы», 2003 жылы «Жер кодексі» заңы, сонымен қатар көптеген ауылшаруашылығын қайта қалыптастыру бойынша нормативтік және құқықтық құжаттар қабылданды. Мұндай ресми құжаттар агро өндірістік, экономикалық және еңбек қатынастарының түбегейлі өзгеруіне бағытталды, агроөнеркәсіп өндірісінде жеке меншік бағыттың жедел қалыптасуына, шаруашылықтың жаңа түрлерінің құрылуына құқықтық тұрғыдан негіз болып табылады. Мұның өзі Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің дамуында көптеген өзгерістерге әкеліп соқты.
Келешекте агроөнеркәсіп экономикасының дамуы жоғарыдағы қабылданған заң құжаттарын іс - жүзіне асыру дәрежесіне тікелей байланысты. Агроөнеркәсіп өндірісінің келешектегі экономикалық өсуі, олардың өндірісті кооперация негізінде дамытып, дайын өнім дайындау, бұларды сақтау, өңдеу және өңделген дайын өнімдердің сатылуын жақсы жолға қоюға байланысты. /7/
Агроөнеркәсіп өндірісін кооперация негізінде дамыту, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтары мен шағын, маманданбаған, шаруа (фермер) қожалықтарының тауар өндірісін ғылыми ұйымдастырудың ең ескі түрлерінің бірі күйінде қалып келеді.
Дамыған шетел өндірістерінде кең тараған кооперативтердің бірі ауыл шаруашылық кооперациясы. Оларда табысы мол кооперация қызметін атқарушы кәсіпорындар ішінде, азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу және өңделген дайын өнімдерді сататын кооперативтер көптеп ұйымдастырылған. Мысалы, Батыс Еуропада ауыл шаруашылық кооперативтері төмендегі түрдегі қызметтермен шұғылданады:
- сүт өнімдерін өңдеу;
- ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін, материалды -техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, ішкі нарықта өнімді сату және экспортқа шығару;
- астықты жинау және өңдеу;
- ет және ет өнімдерін өңдеу;
Кооперативтер малды сатып алып, етін қайта өңдейді, ішкі және сыртқы нарықта ет және ет өнімдерінің сатылуын ұйымдастырып қадағалайды.
- Жеміс - жидек, жүзім өндіру және оларды өңдеу.
Ауыл шаруашылық коорперациясының өзіне тән ерекшеліктері төмендегі бағыттармен жүзеге асады:
- өндірістік кооперативтерге мүше болу еркін және кооператив мүшелерінің экономикалық мүддесіне негізделінуі керек.
- шаруашылық кооперативтерін басқару жүйесі тұрғыдағы демократиялық келісушілікке қарай өзін - өзі басқару туындайды.
- Коорперация мүшелері қажетті деңгейде табыспен қамтамасыз етіледі.
Тауар өндірушілердің кооперация негізінде бірлесуі, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұрмыс жағдайының тез арада жоғары деңгейге көтерілуіне қолайлы жағдай туындайды. Мұндай бағыттар мен шаралар Дания елдері кооператив қозғалысындағы тәжірибеден көруге болады. /8/
Алғашқы ауыл шаруашылық кооперативтері Данияда ХІХ ғасырдың соңында басталса, содан бері олар елдің әлеуметтік -экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. Оларда, кооперативтер арқылы өндіріс, жоғарғы деңгейде, тұрақты дамуы қалыптасты.
Дания кооперативтері қазіргі кездерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, шикізатты өңдеу және сатудан басқа, өндіріске құрал -жабдық, саймандарды үлестіру, несие беру, сақтандыру тағы басқа қызметтерді атқарып келеді.
Ауыл шаруашылық кооперациясы Израил агроөнеркәсіп кешенінде де маңызды орында. Бұл елдің табиғи ресурстары, әсіресе су мен егін егетін жері тапшылықта болғанымен, олар агроөнеркәсіп өндірісін интенсивті жүйеде жүргізу арқылы ауыл шаруашылығын, жоғары табысты салаға айналдырды. 80 % ауыл шаруашылық өндірісі, бұл жерде, екі кооперативтік құрылым: Киббуца және Машаваларда жүргізілуде.
Біріншісі, жеке жанұяға қатысты шаруашылықтардың өндірістік, тұтынушылық, әлеуметтік, қоғамдық қызметтерін бірге ұйымдастыру мақсатында, толық коммуна түріндегі, кооперативтік бірлесу болса, екіншісі, бір топ жеке шаруа (фермер) қожалықтары өнімдерін сату және өндірістік құрал - жабдық, саймандарды сатып алу мақсатында, кооперация негізінде бірлескен. Израил агроөнеркәсіп өндірісінде, әр жылғы ауыл шаруашылық өнімінің экспортқа шығарылуы орта есеппен 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұлардың тәжірибесін үйрену Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытуға зор әсер етеді.
Қазақстанның меншіктіктің көп түрлілігі жағдайында, ауыл шаруашылығын кооперация негізінде дамыту, аграрлық сектордың жаңа сапада қайта қалыптасуына алып келеді. /9/
Біздің пайымдауымызша өндірістік кооперативтер басқа да құқықтық ұйымдастыру түрлерімен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындары деңгейінде немесе шаруа (фермер) қожалықтарының бірлесуі негізінде құрылуы, яғни көлбеу кооперациялық бірлесуі арқылы дамуы керек.
Қазақстанның салалық және аймақтық ерекшеліктеріне тән кооперативтік шаруашылықтар арасында тік байланысты кооперация құрылымдарын (ауыл шаруашылық және тұтыну кооперативтерін) дамытуға болады.
Ауыл шаруашылық кооперативтері, шаруашылық өнімдерін: астық, мақта, сүт, ет және тағы басқа өнімдерді үлкен көлемде өндіруде, толық кешенді технология жүйелерін пайдалану бағытын өз уақытында ұйымдастыру керек. Олар кооперациялық бірігу негізінде, арнайы, қажетті, өнімділігі жоғары техника, технологияларды өз уақытында сатып алып, өндіріске білікті ауыл шаруашылық мамандарды қатыстыру арқылы, өзіндік құны төмен, бәсекелестікке жауап берерлік сапалы өнім шығаруға мүмкіншілік туғызар еді.
Шаруа (фермер) қожалықтары мен тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары өнімділігі жоғары, арнайы техника мен машиналарды алуға, білікті ауыл мамандарының қызметінен пайдалануға қаржылық мүмкіншіліктері жоқ. Сондықтан қазірше қолда бар, ескі техникалардың қуатын толық және тиімді пайдалана алмауда. Себебі, шағын ұйымдардағы, техникаларды пайдаланатын жер және өндіріс көлемі өте төменгі дәрежеде және шағын аймақтарға орналасқан.
Бұның барлығы, өндірісте қол еңбегі үлес салмағының артуына, өнімнің өзіндік құны деңгейінің жоғары болып, сапасыз өнім өндірілуіне әкеп соқтырады. Олардың өндірген аз мөлшердегі ауыл шаруашылық өнімін, қаладағы тұтынушыларға жеткізу, сату, олар үшін, үлкен шығын және қиыншылыққа айналуда, себебі алып - сатушы қызмет атқаратын делдал кәсіпкерлер мен кәсіпорындар, көп көлемде, көтерме бағада, арзан өнім сататын, сенімді, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындармен жүргізгісі келеді. /10/
Жоғарыда да айтылғандарды қорыта келгенде:
- агроөнеркәсіп өндірісінде кооперациялау процесін дамыту, кең көлемде арнайы техника, технологияларды бірлесе пайдаланып,...............
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: География | Канада мемлекетіне экономикалық географиялық сипаттама
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастары
» Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
» Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы корпорация
» Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамыту
» Курстық жұмыс: География | Канада мемлекетіне экономикалық географиялық сипаттама
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастары
» Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
» Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы корпорация
» Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамыту
Іздеп көріңіз: