Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУДЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ

Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУДЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ

Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................
1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ НЕСИЕЛЕУ ҚАЖЕТТІГІ.................
1.1 Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің рөлі.................................................
1.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесі...............................
2 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ........
2.1 Шағын кәсіпкерлікті несиелеу ерекшеліктері............................................
2.2 Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеудегі жағдайы.............................
2.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру
3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУДЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ.............
3.1 Шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелері...................................................
3.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелеуді жетілдіру жолдары................................
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................

КІРІСПЕ
Елдегі шағын кәсіпкерліктің дамуынсыз Қазақстанда жоғарғы әсерлі ұлттық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдегі дамыған елдерде шағын бизнес көбіне экономикалық өсім ырғағын, ұлттық жалпы өнімнің 40-50 пайызын, ал кейбір салаларда – 70 – 80 пайызға дейін құрай отырып, оның құрылымын және сапасын анықтайды. Шағын кәсіпкерлік қоғамдағы орта топтың қалыптасуының негізгі іргетасы болып табылады және оның қызмет ету саласының ұлғаюы республикамызда айқын көрініп тұрған әлеуметтік жіктелудің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнес туралы тоқталып, оны дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екендігін атап өтті: «... біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек»[1].
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде шағын бизнес экономиканың ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына «тежегіш» болып тұрған себептер бірнеше.Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу жүйесі табылады.
Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан, ал оны мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда, республикадағы кәсіпкерліктің дамуы тарихы небары он жылдан астам мерзімді құрайды. Осы кезеңде кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бес мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және соның төртеуі толық іске асырылды, ал бесіншісі (2004-2006 жж. арналған) іске асырылуда.
Қазақстанда осы сектордың қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әсері жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы оның үлесіне тиетін Батыс Еуропаның, Американың және Оңтүстік Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған елдердегідей аса елеулі болмағанымен, шағын кәсіпкерлік біздің елімізде іскерлік өмірдің бұқаралық, серпінді дамушы бөлігі болып отыр.
Мемлекет басшысы шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қосылған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын шағын бизнесті қолдаудың таяу перспективаға арналған, оның ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.
Қазіргі уақытта елімізде екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету сапасы күннен-күнге жақсаруда. Банктердің негізгі экономикалық функциясы – кәсіпорындарды, ұйымдарды, кәсіпкерлік фирмаларды және жеке тұлғаларды, олардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруды жүзеге асыру үшін несиелеу болып табылады. Сондықтан да елдегі бірқанша банктер өзінің несиелеу қызметін жүзеге асыруда: көпшілік экономикалық жағдайларға байланысты клиенттерге қызмет көрсету, жаңа жұмыс бастаушы кәсіпорындарды несиелеу, халықты жұмыспен қамту деңгейін көбейту және олардың экономикалық өмірге икемділігін қамтамасыз етуде.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құнын несиелеуге ауыстыруға мәжбүр.
Сонымен қатар шағын бизнес кәсіпорындарының қормен жарақтануының төмен деңгейі оның еңбек өнімділігінің төмендігі салдарынан шағын кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілге қойып шағын кәсіпкерлікке несие берілуін тежейді.
Осы тұрыдан қарағанда менің жоғары оқу орнын бітіру жұмысым экономика дамытуда бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Менің дипломдық жұмысымда, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету және мемлекет тарапынан жасалған несиелеудегі жеңілдіктерді зерттеп, оның нәтижесін негіздеу басты мақсат ретінде көрсетілген.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде, шағын кәсіпкерлікті қалыптастырудың теориялық негіздері және оны несиелеу қажеттігі, Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы рөлі, шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесі туралы, ал екінші бөлімде, қазіргі жағдайда екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеу динамикасына талдау жасалған, шағын кәсіпкерлікті несиелеу ерекшеліктері қаралған. Үшінші бөлім, шағын кәсіпкерлікті несиелеудегі бірқатар мәселелер мен оларды жетілдіру жолдары келтірілген.
1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ НЕСИЕЛЕУ ҚАЖЕТТІГІ
1.1 Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің рөлі
Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңдегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге деген сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ та барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімнің 33 пайызын нақ сол сала қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ та шағын кәсіпкерлік ғылыми-зерттеу жұмыстарының 3 пайызын ғана жүзеге асырсада, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнертапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.
Бұл деректер шағын кәсіпорындардың экономикадағы елеулі рөлі мен маңызы туралы бұлтартпас дәлелі бола алады. Бірақ, мәселе, сандық көрсеткіштерде ғана емес. Бұл сектор өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымның негізін құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын және орта кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олардың экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру әлі жүріп жатыр. 1990-жылдардың басында Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әртүрлі құрылымдарға түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан аз жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатқызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.
Бизнеске қатынасына қарай, «шағын» деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін. Фирмалардың көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескерілді: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері - заңды тұлғалар ретінде құрылмаған жеке тұлғалар мен серіктестіктер немесе өндірістік кооперативтер түріндегі заңды тұлғалар, қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, орташа жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны есепті көрсеткіштің алпыс мың есесінен жоғары емес, кәсіпкерлік қызметімен шұғылданатын субъектілер жатады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асырады.
Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
толық серiктестiк;
коммандиттiк серiктестiк;
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
өндiрiстiк кооператив - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны барлық қызметкерлердi, оның iшiнде жеке еңбек шарты бойынша, жұмысты қоса атқару бойынша жұмыс iстейтiндерiн, осы субъект филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн ескере отырып анықталады.
Қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ондайларға жылдық айналым көлемiнде үлесi ең көп қызмет түрiнiң өлшемдерi бойынша жатқызылады.
Егер бiр немесе бiрнеше заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өлшемiне сай келетiн шаруашылық серiктестiгiн құрған жағдайда құрылатын субъектiнiң жарғылық қорындағы олардың үлесi 25 проценттен аспауға тиiс.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғаларды және:
есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;
акцизделетiн өнiмдер өндiрудi және (немесе) көтере сатуды (алтыннан, платинадан, күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар өндiруден басқа);
ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;
стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару саласындағы қызметтi;
банктiк қызметтi және сақтандыру рыногындағы (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа) қызметтi;
бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектілерi деп тануға болмайды.
Кәсіпкерлердің көпшілігі жоғары білімі бар және онысын жұмысында қолданады. Олардың жартысыан астамы өз білімін қанағат тұтады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан болмаса да, шетелдік ұйымдар тарапынан техникалық көмек көрсетілген жағдайда, бұл өздерінің кәсіби қызметі үшін жеткілікті, деп санайды. Сауалнамаға жауап берген кәсіпкерлердің 69 пайызының жоғары білімі болған. Олардың 42 пайызы техникалық, 12,7 пайызы қоғамдық, 6,9 пайызы экономикалық жоғары оқу орындарының түлектері. Тек 5,8 пайызы ғана орта мектепте алған білімімен шектеліп қалған.
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып кележатқан бөлігі болып отыр. Ең бастысы: шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. Өсім соншалықты жоғарыда емес, небәрі пайыздық бөлшегі ғана. Дегенмен, өсім бар. Оның ЖІӨ де өзіндік үлесі бар.
Бүгінгі күнде тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеді. Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі мемлекеттік кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандары арасында тауар айналымының ең жоғары деңгейі коммерциялық және делдалдық қызмет бөлігінде, сонымен қатар ол жұмыс орнының саны жағынан да алда.
Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ, шағын бизнеспен айналысатын әрбір үшінші адам сауда жүйесінде, әрбір бесінші адам өнеркәсіптік өндірісте, әрбір алтынша адам құрылыста еңбек етеді. Тұрғындардың жұмыспен қамтудың жалпы саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36,1 пайызы, өнеркәсіптік өндіріс орындарында 21,2 пайызы істейді, қалғандары түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Бұл деректерден сауда ісі әлі де басым екендігін, салалық құрылымдарда өндіріс көлемі әлі де өзгере қоймағанын көруге болады. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамту және фирмалар санының өсуі негізінен коммерциялық кәсіпорындар есебінен толығып, жалпы алғанда баяу өсуде. Сонымен бірге, өндірістік сипаттағы кәсіпорындар саны қысқарды. Өндіріс ғимараттары негізінен мемлекеттен немесе мемлекеттік кәсіпорындардан жалға алынса, негізгі құрал жабдық фирмалардың өз еншісінде. Оның көпшілігі бұрын да пайдаланылып келінген.дегенмен, өнімділігі мен техникалық жайы кәсіпкерлерді қанағаттандырады. Іс жүзінде жаңа қондырғылар алуда кедергі жасалған жоқ.
Шағын кәсіпкерлік, әсіресе агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кірігу жүйесіндегі шағын кәсіпорындардың осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл селоларды дамытудың басты бағыттары туралы» заңда: «Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтар, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушыларкооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ, ауыл-шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп, олардан алынғанөнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін.... шаруашылық нысандары кіреді», - деп атап көрсетілген.
Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы бар бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл шаруашылығының, сондай-ақ, қсақ кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Еліміздің тұтыну нарығының 70 пайыздан астамы ауыл шаруашылық шикізаттарынан дайындалған азық-түлік пен тауарлар есебінен молығады. Аграрлық сала қызмет көрсетудің және көптеген өнеркәсіптік саланың дамуына жағдай жасайды. Сол себепті де агроөнеркәсіп өндірісіне баса назар аударылып, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Ауыл-селоның қайта түлеп, өркендеуі үшін ұлттық саясат, біртұтас нормативтік-құқықтық база және нарық кеңістігі өте қажет. Экономиканың ауыл шаруашылығы бөлігіндегі көп қырлылық еркін және тауар өндірушілер болуға тиісті, меншіктің түрлі саласындағы ірі, орта және шағын кәсіпорындардың оңтайлы ұштастырылуын талап етеді. Олардың бәсекелестік негізінде, нарықты өркендетіп, оның дамуына қолайлы жағдай жасайды, сонымен бірге, дамудың болашағы мен тиімділігін айқындайтын ықпалдастықта болады. Шағын кәсіпорындар материал және қаржы ресурстарын ұтымды пайдаланып, ғылым мен техника жетістіктерін ескере отырып, өндірісті тұтынуы мүддесіне қарай неғұрлым тез бейімделетіндігін байқауға болады.
Нарықтық экономикаға көшуге орай көптеген жаңа шаруашылық түрлері пайда болды. Меншіктің мемлекеттік және кооперативтік түрлері қатарына жаңа түрлер көптеп қосылды. Олардың арасында жеке меншікке негізделген шаруа қожалықтарының өзіндік салмағы бар.
Батыста ірі және ұсақ өндіріс орындарының мәселелері кәсіпорын ауқымындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралау барысында шешімін табады. Аграрлық кәсіпорындарының көлемі, көбінесе өндіріс технологияларымен басқаруға жұмсалатын шығынға байланысты болады. Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар тиімді болып табылатын өндіріс түрлері аз емес. Көптеген ғалымдар нарықтық экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады., үшіншілері осы және басқа да меншік түрлерін мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез келегн түрі, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық түрлері үшін бірдей нарық шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор.
Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орта қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.
Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығын атай кеткен жөн. Алайда, шағын кәсіпкерліктің дамуына күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар. Несие алу мүмкіндіктерінің шектеулілігі; шағын бизнесті қорғау, қолдау жөніндегі заңдылық базаның шыңжаулығы; шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несиенің қысқа мерзімге ғана берілуі және несиені өтеу пайызының жоғары болуы; несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы; білікті кадрлардың жетіспеуі, тағы басқалар.
Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымдықалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау аясында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру; сақтандыру жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде нақты жұмыс істеп, даму үстінде деп сеніммен айтуға болады.
Нарықтық қатынастарды дамыту бағыты халық шаруашылығын монополиясыздандыру бағдарламаларын өнімнің әрбір түрін өндіруді басқа кәсіпорындарға беру жолымен жүзеге асыруды көздейді. Бұл тұрғыдан алғанда өз өнімін барынша тез игеретін және жаңартатын кәсіпкерлік ретінде шағын кәсіпкерлік қызметті барынша кең пайдалану белгіленіп отыр.
Бұл саланың дамуынсыз нарықтық экономикаға тәжірибе жүзінде өту немесе қалыптастыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуымен байланысты бірнеше заңнамалық актілер, кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламалары (1992-1994 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002.,2004-2006 жж.) қабылданды. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі рыногы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары айқындалды.
Шағын кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық негізі құрылды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде шағын кәсіпорындардың қызметін салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған белгілі бір ілгерілеу шаралары көзделген. Ұйымдық-құқықтық нысанына, кіріс деңгейіне қарай шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудың жеңілдетілген режимін беруге сараланған көзқарас, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін айрықша режим енгізу олардың ішіндегі маңыздысы болып табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген бөлімінде салық жүктемесін айтарлықтай төмендететін және салық салу ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУДЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар кәсіпкерлік жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]