Курстық жұмыс: Бизнес | Шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту

Курстық жұмыс: Бизнес | Шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту

Мазмұны
Кіріспе -------------------------------------------------------- 5
I. Шағын және орта кәсіпорындар және оларды ақпараттық қамтамасыз етілуі ------------------------- 6
1.1. Шағын және орта кәсіпорын қызметінің экономикалық сипаттамасы------------------ 6
1.2. Ақпарат- кәсіпорын басшысының тұжы-рымдамалық ресурсы ретінде---------------- 9
1.3. Ақпараттық қызметтерді ұйымдастыру ------------------------ 11
II. Ақпараттық жүйені талдау және жобалау мәселелері
2.1. Жүйені талдау және жобалау құралы ----- 16
2.2. Кәсіпорындарда ақпаратпен қамтамасыз ету құралдарының блок-схемасы ------------------ 19
III. Шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту жолдары
3.1. Ақпараттық жүйені енгізу және пайдалану құралдары ----------------------------------------- 28
3.2. Ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін шешу жолдары------------------------------------ 31
Қорытынды ------------------------------------------------ 33
Пайдаланылған әдебиеттер --------------------------- 34

Кіріспе
Экономикалық өзгерістер процесі бүкіл басқару қызметін реформалаудан басталады. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде бәсекелік басымдыққа қол жеткізу үшін ақпараттық технологияларды, соның ішінде компьютерлік ақпараттық жүйелерді пайдаланудың қажеттілігі туындап отыр.
“Қоғамды ақпараттандыру ” дәуіріне қадам басқан кезде ақпараттық методологиялар мен құралдарды қолдана отырып, ақпараттарды ұйымдастыру және оларды тиімді басқару жөнінде негізгі түсініктерді қарастыру міндетін атқаратын ақпараттық менеджментті айналып өтуге болмайды.
Қазіргі жетекші ұйымның бөлімдерімен (оның ішкі өзгерістері) ұйыммен және оның сыртқы ортасы ( сыртқы өзгерістері) аралығындағы өзара байланысты үнемі талдай білуі тиіс. Ол өзі қабылдаған кез келген шешімнің қандай да бір себеппен ұйымның барлық аспектілеріне әсер ететінін ұмытпауы тиіс. Сөйтіп фирманың алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін өзара байланыстары мен өзара тәуелділіктерді ескере отырып бірегей жүйе ретінде айқындауы қажет.1
Курстық жұмыстың мазмұны шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз етуін қарастыру болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту өз кезегінде шағын кәсіпкерлік субьектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар тудырады. Курстық жұмыста шағын және орта кәсіпорындар қызметінің экономикалық сипаттамасынан бастап, бұл кәсіпорындарда ақпараттық қызметтерді ұйымдастыру, ақпараттық жүйені талдау және жобалау , ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту жолдары кеңінен қамтылған.
1.Шағын және орта кәсіпорындар және оларды ақпараттық қамтамасыз етілуі.
1.1. Шағын және орта кәсіпорын қызметінің экономикалық сипаттамасы
Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық
меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ, шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту өте қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Орнына шағын кәсіпорындар құрылды.
Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.
Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің (тұтынушылардың) сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік жене дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субьектілері жеке адамдар болуы да мүмкін.2
Шағын және орта кәсіпорындардың ел экономикасында рөлі аса үлкен. Біздің Республикада шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.
2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс істейтіндері – 329,1 мың болды. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны – 1,4 млн. адамды құрады.
Шағын және орта бизнес өкілдері 2000 жылдың ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы – 45,9 млрд. теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан республикасында “Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ” бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:
• халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
• қоғамдық бірлестіктердің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
• шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
• шағын және орта кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады3.
Шағын және орта кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке “ісін” ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын және орта кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.
Сонымен жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын және орта кәсіпорындар “жанама” ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық ұтыныстардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын және орта кәсіпорындар рөлінің өзгеруі ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.
1.2. Ақпарат –кәсіпорын басшысының тұжырымдамалық ресурсы ретінде
Ақпарат дегеніміз – қайта өңделген мәліметтер немесе мән-мағынасы бар мәліметтер.
Ежелгі дәуір саудагерлерінің айтуынша: “Біреуге қалдық болған нәрсе- басқаға байлық”. Осы ойдан біз “Біреуге мәлімет (дерек) – басқаға ақпарат” деп айта аламыз. Келтірілген мысалдағы қызметкерлердің жалпы табысы осыған мысал бола алады: жеке сандар - әр қызметкерлерге өзінің қанша ақша тапқанын білгендіктен ақпарат, ал басшы үшін бұл сандар – мәліметтер. Мәліметтерді ақпаратқа айналдыру тұжырымдамалы жүйенің негізгі элементінің бірі- ақпараттық процесс арқылы жүзеге асырылады. Ол компьютерлік элементтерін немесе олардың комбинациясын іске қоса алады.
Ақпараттық менеджменттің ісімен алғаш айналысқан кезде мәліметтерге сүйенді. Бұл шаралар 1970-1980 жылдардағы мәліметтерге сүйене отырып басқару жүйесін қабылдауға негізделген. Фирмалар өзінің мәліметтерін басқара алса, онда олар ақпараттарды басқара алады. Басқа ресурстар сияқты мәліметтер мен ақпараттарды басқаруға болатыны компьютерлер қолдана бастағанда анықтала түсті.
Ақпаратты өндіретін ресурстар арқылы ақпаратты басқаруға болады деген көзқарастар туындай бастады. Басқаша айтқанда, енгізу (мәліметтер) мен шығаруға (ақпараттар) жүргізгеннен, енгізуді және шығаруды түрлендіретін ақпараттық процессорға көңіл бөлген жөн. Бұл процессорға қондырғылар мен программалық жабдықтау, сонымен қатар және осы жүйені қолданатын, құратын адамдар да жатады.
Фирманың ақпараттық ресурстарына компьютер, программалық жабдықтау, ақпараттық мамандар, қолданушылар, қондырғылар, мәліметтер, ақпараттар кіреді.4
Фирма менеджерлері бәсекелестік басымдыққа жету үшін ақпаратты қолданғанда осы элементтің әрқайсысы ақпараттық ресурс екенін мойындағаны жөн. Мысалы, фирма персоналы – бағалы ресурс, оны дұрыс басқарғанда нәтижеге толық жетуге болады.
Ақпараттық ресурстарды басқаруға жауапкершілік ақпараттық қызметпен айналысатын компьютер мамандарының арнайы тобына жүктеледі және оны менеджер басқарады.
Фирма – жеке тұлғалар мен ұйымдар тәрізді элементтерден тұрады. Ресурстар фирма мен осы элементтер арасында қозғалып отырады.Анықталған стратегияның ізімен жүре отырып фирманы басқару қоршаған ортаға біршама әсерін тигізеді. Нарықтан жетістіктерге жету жолында менеджерлер фирма клиенттері мен бәсекелестердің әсеріне көңіл бөледі. Олар ақпараттық ағымдарды басқара отырып бәсекелесте жетістікке жету үшін тырысады. Бастапқы жағдайда күштер фирма клиенттерінің ақпараттық ағымдарына бағытталады және олардан алынады. Кең көлемдегі элементтерге: жеткізушілер, фирма компьютерлерінің арасындағы электронды байланыс және ұйымдар мен ұйымдардың арасында ақпараттық жүйенің қызметін жеңілдететін элементтер кіреді.
Фирманың ақпараттық ресурстарына- программамен қамтамасыз ету ақпараты, аппаратура, жабдықтар, мәліметтер, программалық жабдықтар, информатика мамандары және пайдаланушылар кіреді. Барлық деңгейдегі менеджерлер жоспарлаумен айналысады, бірақ жоғары деңгейдегі менеджерлердің жоспарының болашағы болуы тиіс. Бұл стратегиялық жоспарлар фирманың кем дегенде 5-10 жылдық болашағын анықтайды. Орындаушылар фирманың стратегиялық жоспарын құрастырып болған соң, осы жоспарға сәйкес әрбір қызмет көрсету аумақтарында жеке жоспарларды құрады. Фирманың мақсатқа жетуі үшін оның әр аумағы өз көмегін тигізеді. Фирманың болашақта қажет ететін ақпараттық ресурстардың программамен қамтамасыз етілуі- ақпараттық ресурстарды стратегиялық жоспарлау деп атайды. Ақпараттық ресурстарды стартегиялық жоспарлау жұмысы- барлық менеджер атаулының міндеті болып табылады, бірақ ұйымдардағы ақпараттық қызметтегі программамен қамтамасыз ету менеджері басты рөлді атқарады. БАҚ- басты ақпараттық қызметкер термині- ақпараттық қызметтегі программамен қамтамасыз ету менеджерлерін білдіреді. Компьютер пайдаланушыларына соңғы пайдаланушының жұмысы сияқты ешкім әсер ете қойған жоқ. Соңғы пайдаланушылар өздерінің көптеген жұмыстарының түрлерін дамытуда. Ешқандай тәуелсіз бұл тенденциялар жалғаса береді және олар фирмаға қосымша пайда әкеледі. Тексеруді басқара отырып қате істердің алдын алуға болады.
Фирманың менеджерлері ақпаратты стратегиялық ресурстарды мойындаған кезде, ақпаратты стратегиялық бағыттағы саясат өрби түседі. Бұл қызмет ақпараттық ресурстармен басқару ( АРБ) деп аталады. Бұларды ақпараттық ресурстарды стратегиялық жоспарлау ( АРСЖ) және басты ақпараттық қызметі ( БАҚ) тұжырымдама түрінде түсінуге болады. АРБ – тиімді пайдалану құрылымын қамтамасыз етеді.
1.3. Ақпараттық қызметтерді ұйымдастыру
КАЖ –ні ең алғаш қолдана бастаған фирмалар, бұл жүйенің қолданылуына жауап беретін жеке мамандар бөлімінің қажеттілігін сезіне бастады. Мәліметтерді өңдеудің бірінші бөлімі қаржылық басқарудың бөлігі және қаржы бойынша лауазымды тұлғаның біреуіне тәуелді болды. Қазір вице президент басқаратын ақпараттық –есептеу бөлімі ұйымдастыру бөлімдерінің негізгілерінің бірі.
Маман – информатиктер.
Маман- информатиктер термині КАЖ –нің жұмысына толық жауап беретін фирманың кез келген жұмысшысын белгілеу үшін қолданылады. Бұл мамандардың мынадай бес негізгі категориялары бар: жүйе аналитигі, мәліметтер базасының администраторы, желі маманы, программист, оператор. 1 –суретте осы мамандардың өзара қалай байланысқаны және пайдаланушы мен КАЖ –і арасындағы байланысты көрсеткен............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бизнес жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]