Курстық жұмыс: Экономика | Шағын және орта бизнестi мемелкеттiк қолдау және дамыту

Курстық жұмыс: Экономика | Шағын және орта бизнестi  мемелкеттiк қолдау және дамыту

Мазмұны
Кiрiспе………………………………………………………………………………
1. Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң ролi ..................
2.Шағын және орта бизнестi мемелкеттiк қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру…………………………………………..
3. Қазақстан экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар
Қорытынды……………….……………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер…………..……………………………………….

Кiрiспе
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк қызметтiң мемлекет тарапынан қолдау және кәсiпкерлiктiң экономика өмiрiнде аткаратын ролiнiң ұшан-теңiз екендiгi дәлелдеудi қажет етпейдi. Казiргi заманда кемелiне келiп дамып тұрған өркениеттi елдердiң қайсысы болмасын кезiнде шағын жөне орта кәсiпкерлiктi дамыта отырып, айтарлыктай дөрежеге жеткенi баршаға мәлiм.
Кәсiпкерлiк қызмет (кәсiпкерлiк) бiз үшiн жаңа, бүгiнгi таңда экономикалық және теориялық тұрғыдан әлi де болса айтарлықтай, толығымен қамтамасыз етiле қоймаған өте тың құбылыс болып табылады.
Оның өзектi проблемалары әлi де болса жеткiлiктi денгейде зерттелмеген. Сонымен бiрге, кәсiпкерлiк қызметтi реттейтiн заңдардын даму мен жетiлдiрiлуiне арналған зерттеулердiң де жоқтың қасы екенiн бiлемiз. Бүгiнде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып жандандыру оны мемлекеттiк реттеу әдiстерiн жетiлдiру күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша бiрiншi кезекке қойылып отыр. Оған куә ретiнде Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi тарапынан жасалынып жаткан кәсiпкерлiктi қолдау оны жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық жағынан камтамасыз ету жөнiнде қабылданған экономикалық маңызы бар нормативтiк актiлердi атап өтуге болады. Сондықтан бiз кәсiпкерлiктi елiмiздiң шаруашылық кызметiнiн жандандырғыш күштерi деп бiлуiмiз кажет. Осыған орай айта кететiн бiр жәйт мемлекетiмiзде көсiпкерлiктiң жан-жақты қолдау табуын тек кәсiпкерлiктi дамьпу үшiн ғана деп түсiнбей сонымен бiрге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесiнiң де қомақты екенiн естен шығармауға тиiстiлмiз.
Демек нарықтық өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлердiң кызметтерiне айтарлықтай дәрежеде тәуелдi болады. Тағы бiр ескеретiн жәйт, бұрынғы тоталитарлы Қазақстан экономикасының жеке меншiкке негiзделген нарықтық экономикаға түрлендiрiлуi кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жандандырудың таптырмас көзi ретiнде көрiнiс тауып отыр.
Бұл жұмыста нарықтық экономиканы құрудағы шағын және орта бизнестiң үлесi мен жалпы кәсiпкерлiк қызметке мемлекет тарапынан қолдаудың экономикалық және теориялық жақтары қарастырылмақ.
1. Нарықтық экономиканы құрудағы төменгi және орта бизнестiң ролi
Кәсiпкерлiк деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушыларының өз қарамағындағы мүлiктерi мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берiлетiн несиелер есебiнен, ағымдағы заңдардың көлемiнде (шегiнде) жүзеге асырылатын (мүдделi) шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметтi айтамыз. Кәсiпкерлiк халыққа қажеттi тауарлар, өнеркәсiп өнiмдерiн және басқа қызметтер жөнiндегi қоғамдағы, мемлекетiмiздегi сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсiпкерге ғана емес халыққа да тиiмдi болып табылады.
Кәсiпкерлiк қызметтiң қандайы болмасын мемлекеттiң экономикасы аясынан өзiне тиiстi орнын, дәреже-деңгейiн тапқаны бүгiнде баршаға мәлiм. Сонымен бiрге қазiргi кезде Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiктiң дамыту бұл кезек күттiрмейтiн үлкен проблема деп айтуға болады.
Ал бүгiнгi таңда Қазақстандағы кәсiпкерлiктiң туындап, дамуы жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың өзегi ретiнде көрiнiс табуда. Өйткенi, нарық экономикасына көшудiң бiрден-бiр жолы мемлекет құрылымынадағы әртүрлi аяда қызмет атқаратын өндiрiс, кәсiпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесi бар кәсiпкерлiк құрылымдарын құру, дамьпу болып табылады. Демек, бұл кәсiпкерлiк құрылымдардың материалдық базасы жекеменшiк инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында (бастамасында) бiлiктi жөне қайратты кәсiпкер тұруы кажет. Осыған орай, мемлекетiмiздiң бiрнеше жыл көлемiнде жүргiзiлiп жатқан жекешелендiру саясаты қандайда болмасын аядағы мемлекеттiк меншiкке нсеiзделген монополизмдi жойып мемлекеттiк емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуiне бағытталған деп айта аламыз.
Бұл жайлардың айғағы ретiнде қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасы Елбасының тарапынан көрсетiлiп жатқан жәрдем, қамкорлықтарды айтуға болады. Бiрақ бұл жерде айта кететiн бiр жай кәсiпкерлiк қызмет жөнiндегi бiрнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актiлердiң қабылдануына және өркениеттi жекешелендiру саясатының бiрқалыпты жүргiзiлуiне қарамастан кәсiпкерлiктiң, әсiресе өндiрiс, өнеркәсiп аясындағы кәсiпкерлiктiң ойдағыдай дамымай отырғаны белгiлi.
Себебi бюрократиялық аппараттың әлi де азаймауы, мемлекет, қоғам мүддесiн көздейтiн жекешелендiру саясатын жергiлiктi және басқа деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай-ақ салық салмақтарының кемiмеуi.
Қазақстанда кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi заң жүзiнде белгiленген. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдiк жеке және заңды тұлға резидентгер болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлға-азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай айналыса беруiне болады. Ал ұжымдық кәсiпкорындар, кооперативтер немесе әкiмшiлiк-аумақтың кәсiпкерлiк қызметтерi өз меншiктерiнiң негiзiнде заңды тұлға құру арқылы кәсiпкерлiкпен айналысады. Ендi аздап осы кәсiпкерлiктiң мәнi мен маңызына тоқталайык, Бұл жөнiнде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлi көзқарастардан бөлек келешегi бар концепцияда адамның мынадай iс-қимыл-әрекетi өзiнiң сипатына байланыста мынадай екi негiзгi типке: бастапқы базистiк еркiн-ерiктi қызметке және қондырма ерiксiз қызметке бөлiнедi делiнген.
Сол бiрiншi ерiктi қызмет кәсiпкерлiкке жатады, өйткенi ол қызметтi жүзеге асырушы тұлғаның мүддесiне, жүзеге асыру жолдары мен әдiстерiн таңдау еркше, мақсат еткен нәтижесiне жетуiне, өзiнiң қаражат-мүлкiне негiзделген. Бiрақ қанша ерiктi қызмет болғанымен заңда бөлiненген шектен шықпаулары қажет. Өйткенi мемлекет мүддесiне, яғни ұйымдасқан қоғам мүддесiне зиян келуi мүмкiн.
Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын қызметтерге тұлғаның жұмысқа кiруi ерiктi сипатта болғанымен, басқару қызметi басқарушы органның мүддесiне соған жету жолында жүзеге асыратын фукнцияларына, әдiстерiне және т.б. негiзделгендiктен қызмет iстеу ерiксiз болып табылады.
Кәсiпкерлiк мемлекеттiң экономикасының басты элементi болып есептелiнедi, себебi ол өндiрiс аясындағы экономикалық кызмет ретiнде басқарушы қызметтен ерекшеленедi, мемлекеттiң өзi саяси билiктiң субъектi және мемлекеттiк меншiк иесi болғандықтан тiкелей шаруашылық кәсiпкерлiк (коммерциялық) қызметтерге араласпайды, ол тек әзiрше (мүмкiндiгiнше толығымен жекешелендiрiлген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетiп жатқан мемлекеттiк кәсiпорындар, шаруашьшық ұйымдары арқылы кәсiпкерлiк қызметке араласады.
Бұл турасында ҚР Азаматтық Кодексiнiң 10-бабында дәл айтылған сияқты . "Кәсiпкерлiк-меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңдар тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, кызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет". Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Осыған орай кәсiпкерiнiң кiм екенi жөнiнде түсiнiк бере кету қажет. Кәсiпкер деп өз атынан және өз қаражаттары (меншiктi немесе қарызға алған) есебiнен тауарлар мен өнiмдердi өндiру, сату немесе сатып алу жөнiндегi жұмыстарды орындау және кызмет көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметтi (кәсiпкерлiк кызметтi) ұдайы (тұрақты) негiзде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз .
Мемлекет тарапынан кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк берiлген, кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкiлеттi органдар қамтамасыз етедi.
Кәсiпкерлiк қызметте әрбiр жасалатын өрекет (iс-қимыл) жөнiнде
арнайы нормативтiк-құқықтық экономикалық маңызы бар акт қабылдау арқылы оны реттеу қажет.
Кәсiпкерлiктiң дамуына мол сенiм, мемлекет тарапынан кепiл,
экономикалық негiз ретiнде-жеке меншiк нысаны, құқықтық негiзгi
ретiнде-заңдар бар.
Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай-ақ осы қызметпен айналысуға патент алған кезден бастап
кұқылы. Патент бiр мезгiлде азаматтық кәсiпкер ретiнде тiркелгенi жөнiндегi куәлiк және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық
беретiн лицензия болып табылады.
Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында; мердiгерлiк шарт және өзге
де азаматтық-кұқықтық шартгар негiзiнде бiр жолғы жұмыс атқаратын;
көтерме және бөлшек сауда желiсiнен басқа өздерiне тиесiлi мүлiктi,
сондай-ақ өндiрiлген, өнделген, сатып алынған өнiмдердi, оған қоса импорттық өнеркәсiптiк және азық-түлiк тауарларын сол үшiн арнайы бөлiнген жерлерде немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар: жұмыс iстеп, қызмет көрсетудiң түсiмi жылына ең төменгi жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттiк тiркеуден босатылады, яғни кызметтерiн заңды тұлға құрмай жүзге асырады.
Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде пайда келтiрудi көздейтiн (коммерциялық) үқйым заңды тұлға болып табылады.
Кәсiпкерлiк кызметi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттiк кәсiпорындар, толық серiктестiктер, (коммандитiк) сенiм серiктестiктерi, жауапкерпiлiгi шектеулi серiктестiктер, қосымша жауапкершiлiгi бар ерiктестiктер, өндiрiстiк кооперативтер жатады.
Сонымен Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызмет екi түрлi бөлiнедi деп айта аламыз. Оны шағын және орта кәсiпкерлiк, яғни жеке кәсiпкерлiк сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпкерлiкке бөлу кәсiпкерлiктiң экономикалық негiзiнiң заңды маңызын бiлуге және реттеуге себiн тигiзедi. Кәсiпкерлiктiң түрлерi заңдар арқылы белгiленедi, сондықтан олар оның құқықтық негiзi болып табылады.
Мысалы, заң жүзiнде кәсiпкерлiктiң түсiнiгi берiлген және жоғарыда аталған субъектiлерден басқа да қызмет түрлерi мен субъектiлер туралы айтылған қызмет түрлергне мыналар жатады: инновациялық қызмет; ойын бизнесi; шоу-бизнес; венчурлiк фирмалар; шағын кәсiпкерлiк инфракұрылымы .
Субъектiлер: заңды тұлға құрайтын жеке адамдар және қызметкерлердiң орташа жылдық саны 100 адамнан аспайтын және активтерiнiң жалпы кұны орта есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылады.
Мемлекеттiк кәсiпкерлiктiң бiр түрi ретiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi айтуға болады.
Сонымен, кәсiпкерлiк қызметтiң басты көрiнiсi оның жеке меншiкке негiзделе отырса ерiктi және еркiн сипатта жүзеге асырылуы. Бiрақ кәсiпкер ретiнде мемлекет аумағында жұмыс атқаруына байланысты өз азаматымыз, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға болсын, сондай-ақ кандай да заңды тұлға болмасын өздерiнiң жүрiс-тұрыстарын реттейтiн заңдарға мойын ұсынулары қажет және олар сол заңмен белгiленген шеңберден шықпауға тиiстi. Ендi кәсiпкерлерге берiлген кейбiр құқықтар жөнiнде тоқтала кетейiн:
1. ҚР Заңдарына қайшы келмейтiн кәсiпорындар мен ұйымдардын кандай-да болмасын түрлерiн құру;
2. Өздерiнiң мүлiгiмен және заңды негiзде алынған мүлiктермен өзге шаруашылық субъектiлерiнiң қызметтерiне қатысу;
3. Екi жақтың келiсiмi бойына заңды тұлғалар мен азаматгардың мүлiктерiн пайдалану;
4. ҚР Заңдарына қайшы келмейтiндей контракт немесе езге де шарттар негiзiнде қандай-да болмасын мөлшерде жұмыскерлердi жалдау немесе жұмыстан босату;
5. Банк мекемелерiнде өз ақша каражаттарын сақтау үшiн шоттар ашу, есеп айырысу, несиелеу және кассалық операцияларының барлық түрлерiн жүзеге асыру;
6. Жұмыскерлерiнiң еңбектерiне ақы төлеу нысандарын, жүйесiн, және мөлшерiн сондай-ақ олардың басқа да табыстарын белгiлеу;
7. Шаруашылық қызметтерiнiң бағдарламасын қалыптастыру, шығарылған өнiмдi (жұмысты, кызметтi) тұтынушылар мен алып жеткiзушiлердi (сатушыларды) таңдау және шарт негiзiнде мемлекеттiк мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшiн жұмыстарды және жеткiзу қызметтерiн орындау;
8. Заңды тiкелей көрсетiлген жағдайлардан басқа кездерде өз тауарларының (жұмыс, қызметтерiнiң) тарифтерiн, бағасын расценкаларын өз бетiнен белгiлеу;
9 Өздерiнiң меншiк нысандарына негiзделiнген мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктерiн толығымен немесе жартылай сатып алу, өзге де мүлiктердi алу және оларға байланысты мүлiктiк құқықтарды иелену;
10. Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қалған кәсiпкерлiк қызметтiң табыстарын, пайдаларын еркiн пайдалану;
11. Мөлшерлерi бойынша шектелмеген табыс алу (табу);
12. Сыртқы экономикалық қатынастардың қатысушысы болу және валюталық операцияларды жүзеге асыру;
13. Әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру жүйелерiн өз беттсрiмен таңдап алу арқылы қолдану.
.,..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
» Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУДЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ
» Курстық жұмыс: Экономика | Инновациялық инфрақұрылым
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Шағын және орта бизнестi мемелкеттiк қолдау және дамыту курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]