Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Шағын бизнесті дамытудың перспективалары
Мазмұны
КіріспеІ. Тарау. Нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қалыптастыру
1.1. Шағын бизнесті дамытудың тарихы
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті анықтаудың алғы шарттары
1.3. Шағын бизнестегі кәсіпкерліктің түрлері мен субъектілері
1.4. Сыртқы орта және оның шағын бизнеске әсері.
ІІ. Тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
2.1. Республикадағы шағын бизнестің жағдайын талдау
2.2. Шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдаудың шаралары
2.3. Шағын бизнестің субьектілеріне арналған арнайы салықтық тәртіптер
ІІІ. Тарау. Шағын бизнесті дамытудың перспективалары
3.1. Шағын кәсіпкерлікті өндірістік және инновациялық қолдау
3.2. Кәсіпкерлікті қолдаудағы құрылымды дамыту
3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы құқықтық жағдайларды іске асыру
3.4. Шағын кәсіпкерлікті кадрлық және ғылыми-әдістемелер арқылы қамтамасыз ету
3.5. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Республикада жүргізіліп жатқан Қазақстан – 2030 стратегиясы және сонымен байланысты экономикалық реформалар Республикадағы шағын бизнестің құрылуы мен оның сапасының прогрессивті өсу сипатына қарқынды әсер етіп отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шағын бизнес – дамыған нарық шаруашылығының ажыратылмайтын элементі болып табылады. Оның арқасында экономика монополияға қарсы күшті потенциалдың көмегімен қажетті икемділікке ие болады. Шағын бизнес көбінесе экономикалық өсудің қарқынын, ұлттық кірістің деңгейін анықтайды және ішкі кірістің жалпы көлемінің 50% құрайды. Бұрындары ірі кәсіпорындар мен ұжымдырдың дамуына көп көңіл аударылса, қазіргі кезде көріп отырғандай тек, егерде нарықтағы тауарлар мен қызмет көрсетулер монополиялық құрылымды бәсекеге қабілетті механизммен қамтамасыз ететін шағын және орта бизнестің кәсіпорындарының қажетті санымен теңдестірілсе ғана аудандардағы тиімді нарықтық шаруашылықтың болуына көз жеткізіліп отыр. Сондықтан, нарықты сақтау қажет.
Шағын бизнестің ғылыми-техникалық прогресс бағытындағы көптеген жетіспеушіліктерді қамтамасыз етуде ролі өте зор. Ірі ұйымдар мен ұжымдар – нарықтың осындай ауыспалы жағдайында жаңа технологияларды және оның өндірістегі адекватты құралдарын тез қабылдауына қолайлы емес форма.
Сонымен қатар, шағын бизнестің ең қажетті мынандай қызметтері бар: қосымша жаңа жұмыс орындарын құру, ірі көлемдегі жұмыс күшін жұмысқа тарту қабілеті соның ішінде ұзақ мерзімдік жұмыссыздықтың нәтижесінде пайда болған әлеуметтік күшті төмендету және өндірістің құлдырауын болдырмау.
Осының барлығы соңғы уақытта Республикадағы кәсіпкерлік белсенділігінің кейбір құлдырауларының көтерілуіне байланысты өзекті мәселелерді талқылайды.
Қазақстандағы жалпы экономикалық дағдарыстың салдары шағын кәсіпкерлік қызметіне әсер етпей қоймады. Шағын бизнестің субьектілері өздерінің имманенттік жетіспеушіліктерінің басым бөлігіне өндірісті кеңейту мен үздіксіз қолдап отыру үшін үлкен көлемдегі қаражат бөлмейді. Көбінесе, құлдыраған шаруашылық жүйелер, дамымаған құрылым, кәсіпкерлерді сауда ортасына қарай тартып, өндірістік шағын кәсіпкерліктің даму құрылымын тежейді. Өздерінің заңды құқықтарын білмегендіктен ұсақ бизнесмендер: заңға қайшы келеді, мемлекеттік құрылымды ойрандатады, басқаруға теріс мінездегі қатынаста болады, осының барлығы мемелекеттің өндірістік индустриясының әзірге белсенді емес сау класының қалыптасуына кедергі келтіреді.
Қазақстанның экономикасының потенциалды өсуі отандық өндірістің дамуына байланысты. Бірақта ірі бизнес қазіргі бәсекеге қабілетті өндіріс үшін қажетті жағдайға қарсы келе алмайды және өте терең дағдарыста болады. Бұл жаңа технологияның, капиталдың, мамандандырылған жұмыс күшінің жетіспеушілігінен.
Отандық өндірісті дағдарыстан шығуға негізделген дамытудың ең тиімді бірден бір жолы, экономиканы перспективалы динамикада қолдауға қабілетті шағын кәсіпкерлік болып табылады, сонымен қатар біздің ұғымымыздан қалып кеткен «техникалық прогресс» түсінігін қолдану, өнімнің бұрынғы керек емес наменклатурасыннан құтылу және экономиканың барлық саласында мамандандырылған бәсекеге қабілетті өндіріс құру қажет.
Өтпелі экономика және отандық өнеркәсіптің дағдарысы жағдайында еркін кәсіпкерлікке көп үміт артылады. Жеке бизнесті дамыту бәсекенің кең түрде дамуына; экспорттық потенциалдың көтеріліне және оның құрылымының өзгеруіне; отандық өндірісте халықтың тұтынуына керекті тауарларды ішкі нарыққа қарқынды түрде енгізуге;
Елді мекендерді және кішігірім қалаларды әлеуметтік – экономикалық дамытуға; жаңа жұмыс орындарының санын көбейтуге әкеледі деп күтілуде.
І. Тарау. Нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қалыптастыру
1.1. Шағын бизнесті дамытудың тарихы
Шағын бизнестің ролін түсіну, оның қазіргі экономикадағы маңызын анықтау және оның дамуының беталысын анықтауды тек шағын бизнестің шығу тарихын анықтау арқылы ған біле аламыз.
Кәсіпорындар нарықта бір – бірімен бәсекелік күресте де бәсекелеседі, мұнда тек кімнің кірісі көп болса сол жеңеді. Егерде кәсіпорынның шығыны орташа шығыннан жоғары болса, онда банкроттық жағдайға келіп тіреледі. Сол үшін, бір кәсіпкер өзінің кірістерін өндірісті кеңейтуге бағыттау арқылы ірі кәсіпкерге айналады, ал басқалары құлдырап жатады. Өндірісті шоғырландыру және тауар өндірушілерді дифференциациялау осылай болады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында дүние жүзінде кішігірім кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы өндірістегі дағдарысқа алып келді.
Әсіресе 1873 жылғы дағдарыс айрықша болып табылады, өйткені сол кездегі ірі кәсіпорындар бағаны бақылау және нарықтық өтімдерді бөлу үшін картельдерге біріккен болатын.
Ірі кәсіпорындарды біріктірудің екінші түрі синдикаттар болды, мұнда өнімнің реализациясы жалпы өтімдік кеңсе арқылы қарастырылды, яғни синдикатқа кірген кәсіпорындар. Синдикаттар патшалық Ресейде кең таралымға ие болды.
Жаңа ғасырдың басында ірі кәсіпорындарды біріктірудің бірден – бір дамыған түрі – тресттар болды, осы кезде қатысушылар өздерінің өндірістік және коммерциялық еріктерін жоғалтты. Ең алғашқы трест 1870 жылы АҚШ-та пайда болды.
Жоғарыда аталғандардың барлығы ұсақ кәсіпорындардың өздерінің маңызын жоғалтуға алып келді. Сайып келгенде артықшылықтар ірі фирмалар жағынан көрінді. Ең алдымен бұл артықшылықтар ірі кәсіпорындардың техникалық артықшылықтарымен көзге түсті:
• сол кездегі техниканың көптігі ірі көлемдегі өндірісті талап етті, ал оған деген жоғарғы бағалар ұсақ фирмалар салаларына деген кіріс көздеріп жауып тастады;
• қымбат техника тек массалық өндіріс кезінде өтімді болды, ал өндіріс көлемін үнемдеу кез - келген өнімге деген бағаның түсуіне мүмкіндік берді, осының өзі де кішігірім кәсіпорындарды бәсекеге қабілетсіз жағдайға ұрындырды;
• тек алдыңғы қатарлы техника мен технология емес, сонымен қатар ең жақсы мамандандырылған жұмысшылар мен инженерлерді жинаған мықты еңбек ұйымдарыда ірі кәсіпорындардың жағында болды;
• ғасырдың басында ірі кәсіпорындар барлық жаңа және алдыңғы қатарлыларды таратушы болды, ал бұл үлкен көлемдегі қаржылық шығынды талап етті, бірақ сонымен бірге көптеген кірістер де алып келді;
Нәтижесінде шағын бизнес соңғы орынға қойылды және ірі кәсіпорындарға «жем» болды, дегенмен толықтай жойылап кеткен жоқ (мысалы, ғасырдың басында АҚШ-та 500мыңға жуық шағын кәсіпорындар болды).
1973-1975ж.ж соғыстан кейінгі кезеңде бүкіләлемдік дағдарыс болды, бұл энергетикалық, шикізаттық және тағыда басқа дағдарыстармен қабаттаса келді. Және де бұл дағдарысты нарықтағы және өндірістегі жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделіп кеткен шағын және орта фирмалар аз ғана шығынмен өткізді.
Шағын бизнес экономикадағы позицияларды жаулап алуы және дамуымен ғана емес, сонымен қатар ірі бизнес пен оның одақтастарының бәсекелесіне айналады, және ірі кәсіпкерлік пен барлық экономиканың дамуының ең керекті элементтерінің бірі болып табылады.
Бұл жағдайдың себеп – салдары қалай болады?
Ең алдымен экономиканы дамытудың парадигмасы өзгерді. Кәсіпорынның едәуір көлемін анықтайтын сандық көрсетілімдерінің приоритеті өнім, қызмет көрсетуді сипаттайтын сапалық көрсеткіштерге айналады. Мұндай жағдайда индустриалдық алыптардың мықты құрылымдары конъюктураның, тұтынушылық сұранымның аз ғана өзгеруін тез арада қабылдап алауға икемді, қайта пайда болған қажеттілікті қанағаттандыруға және осы жолмен нарықтың белгілі сегменттері мен клиенттердің белгілі ортасын бекітетуге икемді кішігірім фирмалармен салыстырғанда ұтылыста болады. Осының барлығы ірі бизнестің қайта құрудың қажеттігін сезінгеніен гөрі тезірек болады. Сол үшін, ірі бизнестің алыптылығы шаруашылықтың артықшылықты түрі ретінде өзінің тиімділігін жоғалтып алды.
Екіншіден, приоритеттерді ауыстырудағы шешуші ролді 70 жылдардың орта шенінде жаңа кезеңге айналған ИТР атқарады. Ол тек өндірісті мамандандыруды күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар көптеген салалардағы кәсіпорындардың қолайлы көлемін төмендетті, бұл сұранымның жекешеленуіне әкелді, өнімдер мен қызмет көрсетулердің өте үлкен наменклатурасын ұсынды, бірақ ең бастысы – шағын бизнеске оның көлеміне парапар техника берді. Бұлар микропроцессорлар, шағын құрал-жабдықтар, шағын ЭЕМ (ЭВМ) және тағы тағылар, енді қазір тіпті ірі өнеркәсіптердің салалары болып есептелінген металлургия, сонымен бірге ірі алыптармен бәсекеде теңдей түсе алатын, өзіне алдын ала тапсырылған металл тапсырыстарын орындай алатын және соған қарай ірі бизнестен оның нарығының жартысын тартып ала алатын шағын заводтар пайда болды.
Ақырында, тұтынушылардың да психологиясы өзгерді. Олар үйреншікті қалыптан алыстады, яғни, біркелкі киімдерді кигілері, бірдей машинамен жүргілері, бір реттік жихаздарды ұстағысы келмейді т.б. тұтынушылықтың жекешеленуі және сұранымның дифференциациясы пайда болды.
70-80 жылдардағы жағдайдың өзгеруіндегі алғы шарттары шағын бизнестің сәтті дамуына деген негіздері осылар. Бірақта шағын бизнестің өзінің секторы бірқалыпты емес, сондықтанда оның тыныс тіршілік жағдайы, дамуы және гүлденуі кәсіпорындардың әртүрлі топтары үшін, әртүрлі елдер және экономиканың әртүрлі сфералары үшін бірдей емес.
Шағын және орта кәсіпорындарды жағдайына байланысты екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топты ірі бизнеспен тура және жанама байланыстағы кәсіпорындар құрайды, яғни заңды түрде жеке бола тұрса да, олар ірі кәсіпорындармен келісім бойынша жұмыс істейді. Батыс әдебиеттерінде мұндай кәсіпорындарды орнын басушы немесе субтізбекті деп жиі атайды.
Қарастырылған кезеңде аталған кәсіпорын тобын дамыту үшін осы типтегі кәсіпорынға деген қатынасты дамыту жолында ірі бизнеске қызғушылық жағдайын тудыратын келесідей себептер белгіленген:
• шектеулі ортадағы деталдар мен түйіндер өндірісінің шағын және орта кәсіпорындарын мамандандыру ірі кәсіпорындардың оларды өздерінің цехтарында дайындауынан құтқарады;
• шағын фирмалардың икемділігі өндірісті қайта жаңартуға және үлгілерді ауыстыруына мүмкіндік береді, сондықтан қандайда болмасын жағдайда техникалық консерватизм мен ірі бизнестің қатты құрылымына қарсы тұра алады;
• шағын фирмалардың өнімдерінің өзіндік құнының төмендігі, арзан қол жұмыс күшінің жоғарылығы және төмен мамандандырудың арқасында, ірі бизнеске өз қорларын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар, осы кәсіпорында құралған кірістің жартысын өз падасына шешіп, қайта бөлуге мүмкіндік береді;
• ҒТП-нің жаңа кезеңі жаңа салалар мен жаңа тауар түрлерінің тұрақты пайда болуымен сипатталады, бұл жерде шағын кәсіпорындар бір жағынан – ірі фирмалардың тәжірибешісі ретінде, екінші жағынан – ірі бизнестен құрылған жаңа тауарларға қызмет көрсетуші фирмалар ретінде қатысады. Мысалы, ірі фирмалар видеотехника өндірісін жүсеге асырса, шағын фирмалар техникалық қиын тауарлар мен жөндеулерді қоспағанда видеожазулар, видеосалондар және т.б. жүзеге асырады.
Тауарлардың екінші тобын нарықта бір – бірімен және ірі бизнеспен тікелей бәсекеге түсетін заңды және экономикалық жеке кәсіпорындар құрайды. Мұндай кәсіпорындар тобының қарқынды дамуына әсер ететіндер:
• Тұтыну мен қызмет көрсетулерге деген сұранымға тез бейімделу және қанағаттандыруға қабілетті болу;
• Тұтынуға жақындық, ірі фирмаларға сол және басқа да себептермен тиімсіз сегменттердің орнын толтыру;
• т.б
Шағын бизнестің дамуы мен гулденуінде мемелекет саясатының маңызы зор. Соңғы кезде экономиканың алдында тұрған міндеттері ірі және шағын бизнеске қолдау көрсету. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан зардап шеккен европалық елдер соғыстан кейінгі кезеңде мемелекетте ірі бизнесті қолдау жағына шықты, өндірісті шоғырландыру процесінің жеделдетілген түрін қолдады, ірі ұлттық корпорациялар мен трансұлттыққа айналуға жәрдем көрсетті, ұлттық тауарлардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеруге қол жеткізді. Қазір барлығына дерлік әлемнің мемелекеттері шағын бизнесті қолдайды, әсіресе өздерінің тауарларының бәсекеге қабілеттілігімен байланысты инновациялық мақсаттарды көздейді.
Шағын кәсіпорындармен бірінші рет ұшырасқандар кейде аздаған қателер жіберуі мүмкін: олар шағын кәсіпорындарды мемелекеттік, жалға алынатын, бірлестік, отбасылық және тағы басқадай кәсіпорындардың бір түрі деп санайды. Бұл дұрыс емес, шағын кәсіпорындардың тізіміне олар кірмейді. Шағын – бұл түр немесе құқықтық – ұйымдық форма емес. Ол кәсіпорындардың көлемі. Шағын кәсіпорын – заң жүзінде белгіленіп қолданылатын кәсіпорын түрі. Іс жүзінде барлық кәсіпорын түрі: мемлекеттік, ұйымдық, бірлестік, кооперативті және т.б. оның өзі жұмысшылар санының алғы шарттарының бөлінуіне байланысты анықталады. Сондықтан, кәсіпорындардың шағын мемелекеттік, жеке шағын, шағын бірлестік және тағы сол сияқты түрлері болады.
Бұл жағдайда шағын кәсіпорындар үшін белгілі бір әмбебап, баға белгілеу жүйесінің жалпы түрі, материалдық – техникалық жетістіктер, еңбек ақысы, басқару және т.б. болмайтыны белгілі бола бастайды. Кәсіпорынның қызмет көрсетуінің осы жүйелерінің барлығы оның түріне байланысты анықталады.
Кейде шағын кәсіпорынның түрі қай ұжым оның құрылтайшысы болып қайта қарастырылады деген кеңге жайылған адасушылықтары болып жатады. Сөзсіз жағдайлар бұл жерде жоқ. Шағын кәсіпорын азаматтар, отбасы мүшелері мен басқа да бірлескен адамдар, мемлекет, жалға алу, бірлескен кәсіпорын, қоғамдық ұйымдар арқылы құрыла алады. Бұдан басқа, шағын кәсіпорын бірлестік ретіндегі органдар, кәсіпорындар, ұйымдар мен азаматтар арқылы да құрылады.
Егерде шағын кәсіпорындың құрылтайшысы мемелекеттік ұйым болғанымен, жаңа білім атап айтқанда шағын мемлекеттік кәсіпорын болады деген сөз емес. Артықшылығы, мемлекеттік кәсіпорыннан бөлінген құрам кооперативтермен жалға берілуі мүмкін. Құрылған кәсіпорын түрі – бұл кооператив.Бұдан басқа да нұсқалары болуы мүмкін.
Осы кезде құрылтайшылардың қатысушысы болған жеке және отбасылық жеке кәсіпорындар басқа түрде болуы мүмкін емес. Яғни шағын кәсіпорындардың осындай түрлеріде құрылтайшылар мен шағын кәсіпорындардың түрі сәйекес келеді.
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті анықтаудың алғы шарттары
Шағын кәсіпорын көлеміндегі кәсіпкерлік сапалық артықшылықтармен де ерекшеленеді.
Бірінші кезекте кәсіпорынды тікелей басқару және бірлестіктің құқықтық бірлігін айту керек.
Екінші сипаттама – кәсіпорынға келесідей шолу жүргізуге болады: оның көлемінің шектеулілігі қожайын мен жұмысшының арасында тұлғаның жұмысының мотивациясының шындығына және оның еңбегін қанағаттандыруды жоғарғы дәрежеде кол жеткізуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден – фирмадағы бағаға және тауарды реализациялаудағы жалпы салалық көлемге қандайда болмасын жағдайда әсер етуге рұқсат бермейтін кішігірім нарықтық қорлар мен өтімдер.
Төртіншіден – кәсіпкер мен клиент арасындағы тұлғаланған сипаттамадағы қатынас бұрындары айтылып кеткендей шағын кәсіпорын тұтынушыларға қызмет көрсетудің тығыз ортасымен салыстырып есептелінген.
Бесіншіден – кәсіпорын өміріндегі жетекшінің басты ролі: ол тек мүліктік нарықтағы шаруашылықтың нәтижесіне ғына толықтай жауапкер емес, сонымен бірге өзінің өндірістік процестегі және оның ұйымдарымен қатынастарды тікелей қарауға міндетті.
Алтыншы ерекше сипаты – отбасылық іс: ол кәсіпорынның барлық қызметіне соңғыларын тура кірістіргеннен гөрі, қожайынның туған – туыстарына мұраға қалып отырады.
Соңғы жетінші ерекшелігі қаржылық сипатымен байланысты. Егер «алыптар» биржаның қоры арқылы ерекше түрде керекті қорларды жинаса, онда шағын кәсіпорындар банктердегі салыстырмалы кішігірім несиелерге, өз қаражаттарына және «қалыпты емес» нарық капиталына (достарының, туған-туыстарының т.б. ақшалары) сүйенеді.
Сонымен қатар, тағы бір ерекшелігі ретінде негізгі қормен салыстырғанда айналым капиталының жоғарғы бөлігін ерекше айтуға болады. Егер ірі кәсіпорындардың бұл ара қатынасы 80:20 болса онда шағын кәсіпорындарда 20:80 құрайды.
Шағын кәсіпорынның қызметінің қатарынан ең алдымен экономикалық қызметін атап өту керек, оның ролі біріншіден - жұмыс беруші, екіншіден - өнім мен қызмет көрсетуді өндіруші, үшіншіден – ғылыми-техникалық прогрестің катализаторы, төртіншіден – салық төлеуші, бесіншіден – нарық қатынасының агенті ретінде көрінеді.
Әлеуметтік қызметінің де көптеген маңызы бар. Бірінші, кәсіпкерлік қызметтің шағын түрі арқылы көптеген адамдар өздерінің..........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экономика | Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кіші және Орта бизнесті несиелеу
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және талдау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
» Реферат: Экономика | Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кіші және Орта бизнесті несиелеу
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және талдау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
Іздеп көріңіз: