Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі

Мазмұны
І. Кіріспе ................................................................................................ 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ш.Уәлихановтың еңбектері ............................................................. 4
2. Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі ........................................ 9
3. Ш.Уәлиханов қазақ психологиясын зерттеу ісінде ....................... 14
ІІІ. Қорытынды ................................................................................... 16
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................... 18

Кіріспе
Ш.Ш.Уәлихановтың өмірбаяны туралы. Ш.Уәлиханов (дұрыс есімі Мұхамед-Қанапия, ал Шоқан – анасының еркелетіп қойған аты) Құсмұрын бекінісінде 1835 жылы қараша айында туған. Шоқанның әкесі, ата-бабалары ескі сұлтандар әулетінен шыққан. Оның арғы атасы, орта жүздің ханы – Абылай Россиямен сауда және саяси байланыс жасап отырған.
Оның үлкен ұлы орта жүздің ханы – Уәли. Бұл байланысты одан әрі Уәлидың есімін алып, өзін «Уәлиханов» деп аталған.
Щыңығыс Уәлиев – Шоқнанның әкесі 1811 жылы Қызыл ағашта туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жасар еді. Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла мұрагер болуы керек еді, бірақ ол жер аударылып кетеді де, өзінің бұл правосына ие бола алмайды. Сөйтіп семьяға Уәлидің жесірі Шоқанның әжесі Айғаным (1783-1853) өзі бас ие болады.
Айғаным Сырымбетте 1853 жылы 19 қараша күні қайтыс болады. парасатты, терең ойлы Айғаным әрі көреген орыс тілін жете меңгерген, қазақ халқы мен орыс халқы арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын көздеген кісі.
Шоұанның жан-жақты дамып, орыс тіліне жақын болуының бірден-бір себепкері болды.
Білім маңызын терең түсініп, орысша оқыған Шыңғысты Айғаным 1827 жылы Сібірдің линиялық казактардың әскери училищесіне оқуға түсіреді.
Онда ол 7 жыл оқып, көркем өнер, тарих пен географиядан, ғылым әдебиеттен, өз елінің статистикасымен терең мағлұмат алады. Оқуды бітірген соң Аманқарағайға барып сонда ол майор шені, бертін келе полковник шені беріледі. Осында жастайынан атастырып қойған қалыңдығы Зейнеп Шарман қызына үйленеді.
1. Ш.Уәлихановтың еңбектері
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қоғамдық тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындау дәуірі еді.
Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл жол ашты.
Теріс бұтақ, Құндызды, обаған өзендері мен Құсмұрын көлін жағалай қоныстанған Атығай, қыпшақ, керек, уақы, руларының қалың елі осы Шыңғыс аға-сұлтанына бағынады.
Бұл жерлерді Шоқан жазғы демалысқа келіп жүрген кездерінде (1850-1852ж) өзінің жазулары мен суреттерінде бейнелейді.
1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрын болып Уәлихановтар семьсы осы бекініске көшті.
Мұнда Шыңғыс 20 жыл тұрды. Алғашқы үш баласынан басқасының бәрі осында туылды.
Шыңғыс семьясымен Сырымбетке 1853 жылдың шілді айында қайта оралады. Шоқанның жастық шағы көбінесе осында өтеді. Сырымбетте Шоқанның есіміне байланысты есте қалған жерлері көп, Сырымбет тауының басындағы биік жерлер, жартас ел аузында көп айтылды.
Шоқан сол төңіректе тау көрінстерімен туған елінің суреттерін әдетте осы жартастың үстінде отырып бейнелейді екен.
1960 жылы Шыңғыс Көкшетау округіне аға сұлтан болып сайланды. Бұған Қашқарға барған сапары табысты болып, беделі арта түскен. Шоқанның ықпалы да елеулі әсер еткен.
Шоқанның әкесі және ғалым мен ағарту ісінің қазақ еліндегі қамқоршысы ретінде ШЫңғыс Москва мен Петертургке, әсіресе, актропологиялық және географиялық қоғамдарға белгілі болған адам.
Шыңғыс Уәлихановтың орысша оқып білім алған бала жалғыз Шоқан емес, тағы да бірнеше баласы болды, інілерінің ең қабілеттісі Сақыпкерей еді. Ол жас кезінде қайтыс болған ол өзінің көңілдес досы, халық композиторы Ақын серімен бірге бірсыпыра ән мен күй шығарған. Ішіндегі әйгілері: «Айкөкек», «Сырымбет», «Көкенің аманаты» сүйікті ағасы Ш.Уәлихановқа арналған еді. Шоқанның тағы бір інісі Мақы Мақажан Уәлиханов (1844-1923) суретші болды.
а) Шоқанның жастық шағы
Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата-мекені Сырымбетте өткізген. Шоқан ең алдымен Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуларын меңгерді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетіле беруіне әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумасыннан дарынды, сезімтал балаға әжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға ескі хикаялары мен аңыздарын қызықты етіп әңгімелеп отырған.
Сол кез дің дәстүрі бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін білу парыз еді, сондықтан архив мәліметтерінің көрсетуіне қарағанда шығыс тілдерін оқып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін меңгерген.
Шоқанның жас кезінде қатты құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Жас Шоқан сұңқар салып, салттық құпуға өте құмар болған.
Шексіз де шетсіз кең жазира, жасыл орман өзен алабының қалың тоғайлары мен биік құздарды тамашалап, Шоқан өзінің сұлу табиғатынан үлкен ләззат алғандайды.
1847 жылдың күзінде туған елінен 1-ші рет ұзақ сапар шеккен он екі жасар Шоқан әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс достарының көмегімен баласын Сібір кадет корпусына түсіреді. Герцен мен Белинскийдің идеялары, сол кезде Шоқан оқып жүрген Сібір кадет корпусына да жетті. Омбы кадет корпусында аса көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Монғолиямен, ОРта Азияны зерттеуші П.Н:Потанин оқыды. Кадетте аса көрнекті тәрбиеленушілердің қатарына Ш.Уәлиханов пен П.Н.Потаниннің досы, ақырында атақты ғалым – публицист және статистик Н.Ф.Аненский де жатады. корпустың оқу программасында әскери пәндермен бірге жалпы тарих, орыс және Батыс Европа әдебиеттері, жалпы география, философия негіздері, химия, физика, арифметика, ал гебра, тригонометрия, геометрия, пәндері де қамтылған, сонымен бірге сурет салу, сызу, орыс француз тілдері де оқытылатын. Кадет корпусы сегіз жылдық оқу орны еді.
Қазақ әншілер мен жыршыларының Шыңғыстың үйіне әкесі келіп жүргендегі де Шоқанның халық поэзиясын қастарлеу сезімінің ерте оянуына елеулі әсер еткен. Ш.Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» және «Ер көкше» атты халық дастанынан ол тіпті бала кезінде жазып алып, кейін өзінің ұстазы Косылецкийге берген.
Шоқанның ғылымға ден қоюына, әкесінің алдыңға қатарлы орыс интелегенциясының өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді. Академик А.И.Шренк, Сібір казактарының облыстың басқармасында жұмыс істеген декабристер С.М.Семенов, В.М.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Қазан университетінің студенттері С.Соткиков, Н.Ф.Костылецкий, С.Сейфуллин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болған.
Шыңғыс Қазақстанда зерттеу жұмыстарын жүргізген орыс ғылымдары үшін түрлі мәліметтер жинап, дайындау ісіне кейде өзінің баласында қатыстырып отырған. Бірақ Шоқанның білімге құштарлығы барған сайын күшейе берді. Ол үлкен қалада оқуды армандайды. Онда екі даярлау класы, бес негізгі және алтыншы – арнаулы класс болды. Соңғысында әскери ғылымдар (тактика, артиллерия, далалық фортификация).
Азия елдері жөнінде Қытай, Индия, Ауғанстан, Персия терең мағұлмат алуға үлкен орын беріледі. Қолданбалы ғылымдар саласынан сызба геометрия, топография, архитек тура мейлінше ұсынылды. Программаға оқу пәндеріне қосымша ән, гимнастика, жүзу, би, қылыштасу, шабондоздық өнеріне жаттығу ойындары енгізілді.
Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін білмейтін, бірақ қиыншылықты тез жеңіп шықты. Ол үздік оқыды, құрдастарының алдына түсті. «Шоқан тез кемелденді» - деп еске алды, оның мектепте досы Г.Н.Потанин өзінің орыс жолдастарын басып озды. Оған көп адам ден қойып, зер салды, оның қабілеттілігі сондай, тіпті оқу орнына түсуден бұрын-ақ сурет сала бастаған еді.
М.И.Березиннің еңбектері Шоқанды ертедегі жазба ескерткіштері зерттеу ісіне құлшындырады және ол өзінің алғашқы ғылыми еңбектерін осы хан жаңалықтарын талдау мәселесіне арнайды. Костылецкий өмірінің соңына дейін крепостнойлыққа қарсы табанды күрескер болып қалды. Ол әділеттілікті жақтаған ақниет адам болды. Азаттық идеяларын ашықтан-ашық насихаттағаны үшін Костылецкий кадет корпусындағы қызметінен айырылып, күн көрісі, нашарлап, ақыры қайтыс болды.
Шоқанды туған баласындай көрген Гонсевский (аса білімді адам, тарих пәнінің оқытушысы) оны өзінің үйіне жиі-жиі шақырып, оған бейнебір қамқор адамындай баскөз болып жүреді. Гонсевский оған әртүрлі елдердің тарихы мен сонау ескі оған әр түрлі елдердің тарихы мен сонау ескі замандардан бастап ХІХ ғасырға дейінгі Еворпа мен Россияда болған қоғамдық қозғалыстар тарихы жөнінде талай-талай әңгімелер айтады. Жас Шоқан буржуазиялық қоғамды шыншылдықты бейнелеген философиялық трактаттармен әлеуметтік романдар ды терең зерттеп оқитын. Белинский мен Герценнің әшкерелеуші мақалалары мен Гогольдың зәрлі сыңағы Шоқанның көңілінен шығады. Шоқан негізінен орыстың ұлы ойшылдарын Белинскийдің, герценнің, кейнірек Чернышевский мен Добролюбовтың шығармаларынан өзінің философиялық танымдарды қалыптастырды Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясы Шоқанға күшті әсер етті. Ол бұлардың көптеген өлеңдерін жатқа білді. Шоқан Батыс Еворпа жазушыларынан Руссо, Дикенстің, Теккерийдің кейінірек материалист – философиялық еңбектерін зер салып оқыды.
Жазғы демалыста Ш.Уәлиханов Сахарадағы өзінің ауылы – Сырымбетке баратын, Сырымбеттің жазғы жайлауларын, мекен қоныстардың суреттерін салумен шұғылданатын. Қазақ этнографиясы жөніндегі Шоқан екеуінің жас шағындағы еңбектерін еске ала отырып, Г.Н.Потанин: «Сол кезден бастап біз дос болдық та, содан былай ойлаған атымыз, көзделген мақсатымз бөлек болып көрген емес, екеуіміздің де ықыласымыз түсіп, көңіл аударғанымыз бір мәселе болды. Ол қырғыз сахарасы мен Орта Азия», - еді деп жазды.
Өзінің туған елі мен шығыс елдерін зеттеу, тіпті кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ Шоқанның ойында болды. Ол «зерттелмеген Азияда» үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді армандайды. Корпустарының оқытушылары Шоқанды болашақ зерттеуші, тіпті, ғалым болуы ықтимал деп жүрген кезде, Шоқан не бәрі он төрт, он бес жасар болатын, - дейді Г.Н.Потанин.
Әйтсе де Шоқан Уәлиханов корпуста жүріп-ақ көп кітап оқып үлгерді. С.Ф.Дуров, П.Н.Семенов Тянь-Шаньский, Г.Н.Петанин, Н.М.Ядретцев, Уәлихановтың ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастары кадет корпустарда оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастайды. Шоқан корпустан жан-жақты терең білім, өзінің замандастарынан өрісі анағұрлым биік адам болып шығады. Шоқан кадет корпусын 1853 ж он сегіз жасында бітіріп, армиялық атты әскерлердің деген офицерлік атақ алды.
2. Ш.Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметі
Ш.Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі оқуды бітіріп, шығысымен-ақ бірден басталды. Ресми жағынан сібірдің қазақ әскерлерінің алтыншы атты әскер полкының официері болып тағайындағанымен, шынында, Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының жанында қалдырылады да, арада бір жыл өткеннен кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқарып отырған генерал. Гасфорттың адьютанты болып тағайындалды. Сонымен қатар өлкенің Бас басқармасы бойынша Ш.Уәлихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметі де жүктелді. Бұл ортаның көпшілігі қаризмнің отаршылдық аппаратын билеп төстеп отырған реакцияшыл офицерлер мен чиновниктер еді. Сондықтан ол өзіне қарама ортаға тап болды. Олардың басында генерал Гасфортпен Сібірлік қырғыздар облысын басқарған оның көмекшісі Фон Фридрихс тұрды.
Отаршылдық аппараттағы чиновниктердің қылмысты әрекеттері жөнінде Батыс-Сібір мен Қазақстанға келіп-кетіп жүрген прогресшіл ғалымдар мен (жолаушылардың) жазушылардың, саясатшылардың бәрі де жазған, о лардың жауыздығы жайлы Петербургтағы Д.М.Достаевский, А.Н.Майков, В.С.Курочкин, К.К.Путковский және басқа достарына Шоқанның өзі де талай ызалы хаттар жазған.
Тікелей Фридрихетің басшылығымен жұмыс істеуге тиіс болған Шоқанның жағдай өте ауыр болды. Шоқанның Петербургтағы достарына жазған хаттарынан көрінгендей, Дюгамель, Фридрихс және олардың сыбайластары Кройерус пен Кури өздерінің қылмысты істерін..............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ әдебиеті жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]