Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Айтматов шығармашылығы «Жанпида» романы

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Айтматов шығармашылығы «Жанпида» романы

Мазмұны
І. Кіріспе
Ш.Айтматов шығармашылығы 2
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. «Жанпида» романындағы табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым қатынас. 24
2.2. «Жанпида» романындағы апиыншылық мәселесінің көтерілуі. 36
2.3. «Жанпида» романындағы кейіпкерлер әлемі 41
ІІІ. Қорытынды 50
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 56

І. КІРІСПЕ
Ш.Айтматовтың жас кезінде әкесі мен анасының тәрбиесінде заман ағысымен орыс тіліне, орыс әдебиетіне, орыс балалар әдебиетіне ден қоюы, оның қиялына қанат бітірді. Екінші жағынан, әжесі Айымқан Сатанқызы, сол кісінің қызы Қарақыз Айтматова - бірі егде, бірі жас екі жанашыр жақын жандардың Ш. Айтматовтың жас шағындағы аса аяулы қамқоршылары болуы жазушының адамгершілік тұрғысының, шығармашылық ойлауының қалыптасуы мен дамуына зор ықпал етті. Ата-тек, ата-баба тарихына, ауыл-аймақ шежіресіне, ертедегі аңыз-әңгімелерге, ертегілерге болашақ жазушы осы екі кісіден қанып өседі, ана тілінің ажарын, сұлулығы мен байлығын, көңілді тербеп, көзден жас ағызатын құдіретін осы жақындарынан таниды. Халықтың ғасырлар бойы сұрыпталып, тазарып, жетіліп, ақырында саф алтындай асыл құндылыққа айналған рухани байлығын, дәстүрлі мәдениетін, салт-дәстүрін, сөз өнерін бойына сіңіріп өскен жастың ұлттық сана-сезімі де осы кезеңде қалыптаса бастаған еді. Жазушының шығармашылығы үшін мұның маңызы жоғары болды.
Жазушының әжесі дүниеден озады, 1937 жылы әкесі, партия қызметкері, Мәскеудегі Қызыл профессура институтының тыңдаушысы, репрессияға ұшырайды. Бала Ш. Айтматов әкесінің қарындасы Қарақыз Айтматованы пана тұтады. Ауыл адамдарының ықыласы да бала Айтматовтың көңіліне жарық пен жылу құйғанды. Көп ұзамай соғыс басталды. Соғыстың суығы, қазасы мен азасы, бейнеті ешкімді айналып өтпеді. Ш. Айтматов та оны көресідей көрді. Балалық, жастық дәурені осылай өткен болашақ қаламгердің жігіттік шағы да қайнаған өмір ортасында өтті. Техникум, институт, Мәскеудегі Жоғары әдеби курстар. «Әдеби Қырғызстан» журналында қызмет ету, «Правда» газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі болу - бұлар да үлкен өмір сабақтары еді. Осы өмір жолдарының барлық кезеңдерінде де Ш. Айтматов - бойына бала кезінен жарығын түсірген әдебиетке деген сүйіспеншілігіне адал болды, одан бір сәт те кез жазбады. Жазушының шығармашылық лабораториясының шыны мен сыры оның өмірінің осындай кезеңдерінің шындықтарынан, көргендері мен көңіліне түйгендерінен бастау алады. Сондықтан да жазушының шығармашылық лабораториясында, шығармаларының жазылу процесінде оның өз өмірбаянының шындықтары маңызды қызмет атқарады. Сондықтан суреткердің өмір жолы мен шығармашылығын тығыз бірлікте қарастырудың мәні жоғары. Автор бала кезінде өмірді жарқын, ырысты жағынан көрген болса, соғыс кезінде оның қатал шындықтарын таниды. Халықтың азап пен тозаққа белшесінен малынып тұрса да жаманшылық алдында жасымай, небір қиындықтарды қыңқ демей көтеріп, хас батырша қайрат қылған қаһармандығын көріп, біледі. Осының бәрі кейінірек жазушының «Бетпе-бет», «Құс жолы», «Жәмила», «Шынарым менің, шырайлым менің» шығармаларында көрініс тапты. Оның көпшілік шығармаларында ауыл өмірі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезең шындықтары, қарапайым еңбек, шаруашылық адамдарының өмірі суреттелген. Ш.Айтматов ауылда өсіп, соғыстың ауыр жылдарында және одан кейінгі қиын кезеңде еңбек етті, азамат ретінде қалыптасты. Сондықтан ол шығармаларында өз өмірінің шындықтарына сүйенеді. Ш.Айтматов - өмірден өткергені мен сезініп-түйгендерінің жазушысы. Оның шығармашылық таңдауы - өз көкірегінде көптен сақталып, қордаланып жиналған әсерлердің негізінде жазу. Тақырып, идея, образ - бәрі де осы негізден бастау алады. Бұл жазушының шығармашылық лабораториясында біртұтас жүйе ретінде қалыптасқан. Уақыт өткен сайын қаламгер шығармашылық еңбек үстінде естелікке, өмірбаяндық шындықтарға үңіліп отырады.
«Прототип» бөлімшесінде Ш. Айтматовтың шығармаларындағы адам образына жасалған талдаулар кейіпкерлердің шындық өмірден алынғандығын, әсіресе, соғыс уақыты мен соғыстан кейінгі кезең суреттелген повестері мен әңгімелеріндеп характерлер түптұлғалардың өз күрделілігімен, тіпті өмірдегі есімдерімен берілгендігін көрсетті.
"Ерте келген тырналар" повесіндегі Тайырбек. Бәйтік, Сұлтанмұрат, Ажымұрат сынды кейіпкерлер - автордың өз замандас, құрдас достарына құрмет сезімінен туған бейнелер. Бірақ шығарма қаһармандарының атын бірге жүрген тең, тұстас достарының есімімен атағанымен, оларда автордың өзінің ойлары мен толғаныстары, сезімдері бар. Бұл бейнелерде жазушының өз өмірінің шындықтары маңызды орын алады деп танитын болсақ та, көркем туынды автордың өз замандастарына, достарына деген құрметі мен алғысы, мақтанышы мен шындығынан жаралған десек те, еш айыбы жоқ. Себебі шығармада автордың өзінің де, соғыс кезіндегі жасөспірім барлық балалардың да, ер адамдар орнына қалған әйелдер, соғыстан мүгедек болып қайтқан жауынгерлер өмірінің де шындығы жатыр, оны бөліп-жару мүмкін емес. Баршаға ортақ осы тағдыр жазушының шығармашылық лабораториясында қорытылып, оның суреткерлік дүниетанымына сәйкес қайта жасалуы - күрделі процесс. Онда автордың ойлау ерекшелігі, сезіну табиғаты, суреткерлік мұраты, адамгершілік ұстанымы - бәрі де белсенді қызмет атқарады.
«Қош, Гүлсарыдағы» Танабай бейнесінің түп негізі - Кеңес (Ибраим) деп айтуымызға болады. Танабайдың Кеңес өкіметін орнату жолында қиыншылықты бірге тартқан, тәркілеу кезінде орта шаруалы жағдайда болған ағасы Құлбекті де айдатып жіберуі, қызуқандылығы, кеңес өкіметі үшін көзсіз берілгендігі, досы Шораны да «иің жұмсақ» деп жазғыруы, бірбеткейлігі, туралығы, өкімет тәртібін сақтауда, халық игілігін қорғауда кейде шектен шығып кетуі жазушының естелігінде ерекше сипатталатын Кеңесті (Ибраим) елестетеді, еске түсіреді. Кеңестің (Ибраимның) жазушы шығармашылығына әсері болғаны даусыз. Әрине, Танабай - типтік тұлға. Оның бойында Кеңестің де, басқалардың да бойында болған белгілер кездеседі. Бірақ оның басты сұлбасы, негізі Кеңес тұлғасымен тектес.
Жазушы естелігінде тағы бірнеше есім аталады. Ауылдық кеңес төрағасы Тұрдыбаев Қабылбек, жаралы жауынгерлер: Әлішер Айдаров - соғыстан жақында оралған, тіпті оқ тиген қолы да таңулы және қос балдаққа сүйенген Нүкеев Қалый. Қабылбек өзінің сауатсыз екенін, ал екі жауынгердің мүгедек екенін айтып, өзін ауылдық кеңестің хатшысы болып жұмыс істеуге шақырғанын еске алады автор. Мұндағы мүгедек жауынгерлердің аянбай еңбек еткені «Жәмила» повесіндегі Орозмат бейнесінде адамдық және басқарушылық барлық сипатымен терең де жан-жақты көрініс тапқан. Бұл жерде соғыс уақытында бірнеше еселенген колхоздың қыруар жұмысының біріне бірде дауласып, бірде ұрсып, енді бірде жайлап әңгімелесіп түсіндіріп, әйтеуір адамдарды өз уәжіне иландырып, ісін басқарып жүріен, өзі қан майданның дәл ортасынан келген мүгедек басқарманың жанға жақын бейкесін көреміз. «Ерте келген тырналар» повесіндегі басқарма бейнесінде алынған Тәнәлиевтін портретін жасауда жазушы өмірде болған кісілердің (прототиптің) сыртқы бейнесіне көбірек сүйенген. Соғыс уақытындағы төрағаның, басқарушының ішкі мінез ерекшелігін, бейнесін көрсетуде түптұлға ретінде автор Тұрдыбаев Қабылбектің өміріне, кісілігіне ерекше ден қойған. Жазушының көркем шығармаларында да басқарушы өмірдегі Қ. Тұрдыбаев секілді әрдайым халықпен бірге, қуанышын да, қайғысын да бөліседі, аянбай еңбек етеді, ісімен де, сөзімен де елге үлгі, жұмысқа қажет болған жағдайда адамды ақылмен көндіреді, ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары болып көрінеді. «Бетпе-бет» және «Ерте келген тырналар» повесіндегі Мырзақұл мен Тінәлиев, «Ғасырдан да рак күн» романындағы Шора бейнелері осыны көрсетеді.
Ш. Айтматовтың «Бетпе-бет» повесіндегі Мырзақұлдың прототипі Мырзабай Үкиев деп айтуымызға болады. Жазушы, әсіресе, Мырзабайдың туғақ жерге арналған бір жырын бүкіл ауыл жатқа айтқанын, әрбір кездесу, әрбір қоштасу кезінде осы ән жырланғанын ерекше сезіммен еске алып отырады. Естеліктегі Мырзабайдың туған жерге арналған жыры, оның әрбір ерекше басқосуларда айтылуы туралы өмірдегі осы оқиға жазушының повесінде көркем суреттелген. Повесте Мырзабайдың жырын майданға аттанып бара жатқан он сегіз жасар жас жігіттердің ішінен қоштасу кезінде Жұмабай айтады. Жазушының автобиографиялық естелігін оқи отырып, Жұмабайдың шындық өмірден алынғанын, яғни автор өмір сүрген ортада прототипі бар екенін көреміз. Повесте Жұмабай Мырзақұлдың інісі ретінде бейнеленген. Қаламгердің автобиографиялық еңбегі мен көркем шығармасындағы баяндауларды салыстырып қарастырсақ, жазушы өзінің кейіпкері Мырзақұл бойына Мырзабайдың ішкі жан-дүниесінің тазалығы мен қайырымдылығын, адамгершілік тұрғысын, сонымен бірге, сыртқы кейпін дарытады. мүгедектігін де сырт қалдырмаған. Оның бейнесі шығармада басты ойды, автордын адамдық, адамгершілік туралы биік көзқарасын танытуға қызмет етеді.
«Бетпе-беттің» туу тарихы, оның тақырыбының анықталуы жазушы өмірінің шындықтарымен тығыз байланысты. Соғыстың адам баласының басына салған салмағы әркімнің жүрегін жандырып, өзегін талдырғаны белгілі. Оның оты мен жалыны жасөспірім Ш. Айтматовты да шарпып өтті. Соның бәрі жазушы Ш. Айтматовтың ойын қозғап, сол кезеңнің суығында тоңып, ыстығында күйген, қанатын жалын шарпыған замандастарының басынан өткен ауыртпалықты баяндауға мәжбүрлегенін ешкім жоққа шығара алмайды. Соғыс елдегі әр адаммен бетпе-бет келгені, одан бір де бір жанның, бір де бір жанұяның тыс қалмағанын жазушы «Манас Атаның ақ қар, көк мұзы» атты мақаласында еске алады. Расыңда соғыс салмағы бүкіл елдің басына түскен шақта, жеке адамның одан тыс қалуы мүмкін бе? Егер әлдекім одан тыс қалғандай болса, уақыт, халық алдында оның жағдайы, жайы қандай болмақ? Осы секілді сұрақтар тізбегі жалғаса бермек. Ол сұрақтарға жауап берудің жазушы үшін жалғыз ғана жолы бар. Ол - шығарма жазу. Біздің топшылауымызша, «Бетпе-бет» осылай туды. Шығарма тақырыбы автордың өмірден көргендері мен көңіліне түйгендерін пайымдап, бағалау жолындағы ойлары мен толғаныстары негізінде туған.
«Тип» деп аталатын үшінші бөлімшеде жазушы романдарында типтік бейне жасау жолдарын сараптауға назар аударылады. Суреткер типтік образ жасауда жоғары адамгершілік қасиеттерді басты нысана тұтады.
Жазушының «Құс жолы» повесінің кейіпкері Қасымның прототипі Тойлыбай Үсібәлиев деп тануға болады. Жазушы өзінің «Жәмила» повесі туралы бір сөзінде «мен соның комбайны туралы жаздым» деп көрсеткенмен, повесте комбайнер туралы бір ауыз сөз кездеспейді, мұндай оқиға жоқ. Екіншіден, комбайнер туралы тек «Құс жолы» повесінде ғана баяндалған. Жазушы қызу етін орағы кезіндегі ел еңбегінен, көрген-ұққанынан, кейіннен аты аңызға айналған Тойлыбай Үсібәлиевтің өз көңіліке ұялаған бейнесінен аталған повесінде кісілік келбеті өте биік типтік образ жасаған. Повесте Қасым және онын комбайншылық еңбегі ерекше қанық суреттелген. Бұл жерде жазушы өмірде өзі көріп, білген кісінің мінез-құлқын, адамгершілік байлығын өз кейіпкерінің характерін даралау барысында барынша тиімді пайдаланған.
Жазушының естелігінде соғыс жылдарындағы әйелдер жөнінде айрықша құрметпен айтылған. «Бетпе-бет», «Құс жолы», «Жәмила» повестеріндегі Сейде, Толғанай, Жәмила - типтік көркем образ дәрежесінде биік жырланған. Жазушы көркем туындыларындағы әйелдер бейнесіне өзінің барлық алғысын, мақтанышын, таңданысын және оған деген аянышын бірдей сыйдыруды мақсат тұтады. Аталған кейіпкерлердің де өмірде прототиптері бар. Негізінен, Ш. Айтматов өз шығармаларында бұл кейіпкерлерінің портретін даралап бермейді. Бірақ шығармадағы мінездері мен сөздерінен, іс-әрекетінен, яғни ішкі дүниесі мен болмысынан Толғанайдың да, Сейде мен Жәмиланың да сыртқы кескін-келбетін, образын дәл елестете аламыз. Олардың өмірдегі түптұлғаларының фотосуреттері де осындай бейнені көрсетеді. Типтің арғы жағынан прототиптің елесі көрініп тұрады.
Ш. Айтматов өз шығармаларында соғыс кезінде халыққа зұлымдық жасаған, өз жеке бастарының ғана қамын ойлаған адамдар туралы да баяндап отырады. Жазушының «Құс жолы», «Бетпе-бет», «Ерте келген тырналар» повестерінде соғыстақ бой тасалап, бұғып қалған қашқындар бейнелері де берілген. Ішкі жаулар бейнесі «Құс жолы», «Ерте келген тырналар» повестерінде адал өмірдің берекесін ұрлаған бұзушы күш бейнесінде көрініс береді. Негізінен, жазушы шығармашылық еңбегінде, ең алдымен, соғыс уақытындағы ерекше еңбек еткен, қайсар мінезімек адамгершілік биігінен табылған, өзі өмірде ұстаз және мақтаныш, үлгі тұтқан адамдардың өмірін жырлауды басты шығармашылық мұраты, суреткерлік мақсаты деп таныған. Қаламгер жасаған типтердін негізін солар құрайды. Жазушының көркемдік дүниетанымы мен шығармашылық енбегі тығыз байланысты. Еркін шығармашылық еңбек өмір шыңдықтарына негізделе отырып, суреткердің дүниетанымы тұрғысынан сараланады. Автордың көркемдік жинақтауларында, шешімдерінде, ойдан шығаруларында оның дүниетанымы шетпуші қызмет атқарады.
Ш. Айтматовтың шеберлік талантына бас идіріп, жазылу құпиясын білуге асықтыратын «Қызыл алма», «Бетпе-бет», «Құс жолы», «Жәмила», «Шынарым менің, шырайлым менің» сияқты шығармаларындағы сюжет шындық өмірдегі оқиғалармен астасып жатыр. "Бетпе-бет" шығармасында өмір шындықтарының көркемдік шешім табуында басты орын алатын оқиға жазушы өз көзімен көріп, өз көңілімен таныған шындықтан алынған.
Ал «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесінде «Владимир Сангиге» деп арнайы көрсетілген. Бұл арнау жазушының өзінің қаламдас................
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Ш.Айтматов шығармашылығы «Жанпида» романы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ әдебиеті жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]