Курстық жұмыс: Тарих | Чжоу Эньлайдың революциялық қызметі

Курстық жұмыс: Тарих | Чжоу Эньлайдың революциялық қызметі

Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................3-8
1-тарау.Чжоу Эньлайдың революциялық қызметі
1.1. Чжоу Эньлайдың саяси портреті.............................................................9-13
1.2. Вампу әскери мектебінің құрылуы.......................................................14-18
1.3. Біріккен майданның құрылуы...............................................................16-19
2-тарау.Чжоу Эньлай мемлекет төрағасы.
2.1. Ч.Эньлайдың мемлекеттік және саяси рөлі..........................................20-25
2.2. Ч.Эньлайдың дипламаттық рөлі............................................................26-56
Қорытынды......................................................................................................56-59
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................60-61

КІРІСПЕ
Бұл тақырыпты алуымыздың негізгі себебі бүгінгі таңда дүниежүзінің терезесі тең елдерінің қатарына ұзақ жылдар бойы антиманжурлық, антиимпериалистік және революциялық күрес жолымен жеткен Қытай Халық Республикасының мемлекет болып құрылуына ат алысқан революционер, мемлекет қайраткері, дипломат Чжоу Эньлай еңбегін көпшілік қауымға таныстырғымыз келеді. Қазіргі кезде өз егемендігін қолына алған Қазақстан 70 жылдан аса советтік империяның бұғауында болып келді. Ал Қытай елі соңғы 100 жылда әсіресе 19-ғасырдың соңы 20-ғасырдың басында Шығыста шиеленіске түскен елдің бірі болды. Мұны Қытай революционер қайраткері Чен Бо-да: "Қытай халқы өз еліне басқыншылық еткен барлық елдермен соғысты. Қытай жері революциялық күрес ең ұзақ уақыт жүргенжер" - деп жазды.
В.И.Ленин: "Қытай халқы ғасырлар бойы жаншып келген құлдығына бас ұрмай, бостандық пен теңдігін армандап қана қоймай, Қытайдың қанаушыларына қарсы күреске шықты"-деп көрсетті.
Қытай - көп ғасыр бойы манархиялық дәстүр сақтаған, шаруалар қауымы әліде жойылмаған, жартылай отарлық ел болды.
Қытай пролетариатының күреске шығуының да негізгі себебі осы болды. Халық манжурлық және өз жеріндегі феодалдық қанауда болды. Жұмысшылар өнеркәсіп орындарында ұсталды. Деревнядағы кедейлер қанаушылыққа ұшырады. Осындай себептен Қытай еңбекші бұқарасы революциялық күреске араласып, әскери күшке айналды. Олар комунистік партиясын құрды, ол партия Қытай революциясында жетекші роль атқарды. Қазіргі кезде ҚХР-да Қытай революциясытуралы көптеген зерттеулер мен мақалалар, бұрын бұл салада ғылыми талдау аз жасалынған жаңа материалдар, сонымен қатар Қытай революциясындағы сол кездегі басшы қайраткер ролін ашу қолға алынды. Арада пікірталас пайда болды. Мұны Батысгерман тарихшысы Т.Шидер сөзімен айтқанда: "Тарихтың жекелеген фазалары соңғы бөлшектеріне дейін түсіндірілсе де тарих жұмбақ күйінде қала береді.
Тарихи әдебиеттердің бір бөлігі, әсіресе 1979-1981 жылдардағы "мәдени революция" кезіндегі Қытай коммунистерін ақтауға байланысты саяси компаниялардың мақсаты "мәдени революция", кезіндегі тарихи оқиғадан алыс тұрушылықтан бас тарту болды. Бұл Қытайдағы революцияляқ қозғалысты жаңаша түрде қарауды талап ететін орын.
Соңғы кезде Қытайда "Қытай комунистік партиясының тарихы" туралы лекция жарық көрді. Оны Шанхай, Пекин, Цзимин, Ханчжоу сияқты ірі оқу орындарының орталықтары дайындады.
Бұл революция және оның жетекшілерінің тарихы туралы концепция негізгі 3 кезеңнен тұрады:
1. ҚКП-ның Орталық комитетінің 3-пленумы аралығы.
2. УІ пленум мен 12-сьезд аралығы.
/1981ж. шілде-1982ж қыркүйек/
3. Қытай комунистік партиясының 12-сьезінен кейінгі кез.
Бірінші кезеңнің ерекшелігі "мәдени революция" кезін ғана сынға алушылық емес, сонымен бірге бір жақты пікірде болған 50 жылдардағы көзқарасты қайта қарау. Мұның ең бір шарықтау кезі 1980 жыл және 1981 жылдың бас кезі. Бұл кезде Қытай тарихшыларының көп жылғы еріксіз үндестіктерін жеңіп, тарихи шындыққа бет бұру болды.
Орыс тарихшысы А.И.Данилов: "Тарихи әлем-оқиғаларға толы әлем. Олар жоқ жерде өзгеріс, қозғалыс, даму тіпті тарихи шындықта жоқ" - деп жазды.
Шындығында, Қытай революциясының жеңісі дүниежүзінде халқы жағынан көп қоныстанған Қытай елінің көп жылдар бойы күреспен жеңіп алған бостандығы болды. Қазан революциясынан үлгі алды.
Соңғы жылдары Қытай революциялық қозғалысындағы комунистік партия жетекшілерінің ролін ашу үшін Батыстың прогрессивті тарихшылары қолға алды. Ол Франсуз тарихшысы Жан Шэно, Итальян тарихшысы Энрика Пишел және басқалары.
Орыс тарихшылары Қытай революциясын үш кезеңге бөлді: 1903-1917:, 1917-1927:, 1928-1949:
Бірінші кезеңді буржуазиялық деп сипаттауға болады,оның қозғаушы күші болып антициндік, антимонархистік 1911-1913ж Синхай револютциясы болды.
Екінші кезең буржуазиялық-демократиялық деп аталды. Бұл кезең халық белсенділігі артты, оның шарықтау шегі 1925-1927ж, бірқатар әлеуметтік мәселені алға қойған жаңа типті өкімет әкелді.
Үшінші кезең революциялық процесс буржуазиялық қоғамды төңкерген, капиталистік жолдан шыққан уақыт болды. Әр кезеңнің өз алдына қойғанмақсаты болды. Революцияның соңғы кезеңі халықтық-демократия-лық сипат алды. Бұл "халықтық-демократиялық өкімет" түсінігі біздің қоғамымызда әр түрлі пікірге тап болды.
Орыс тарихшылары В.И.Гунин мен А.В.Милек - сетов: "Бұл революция демократиялық ревалюция" - деп жазады.
Ал, тарихшы В.Ф.Ли "Социальная революция и власть в странах востока" еңбегінде: "Халықтық демократияның пайда болуы социалистік Қайта құрудың алғышарты" - деп түсіндіреді.
Менің пікірімше бұл революция халықтық-демократиялық революция. Осы революцияда өз елінің ұлттық тәуелсіздігі үшін күрескен революционер, мемлекет қайраткері, дипломат Чжоу Эньлай өмірі мен қызметі Қытай халқының ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз байланысты.
Ч.Эньлай - өмірінің соңына дейінсовет халқының шынайы досы болды. Академик, қытайтанушы С.Л.Тихвинский: "1919 ж 4-май қозғалысынан бастап 1976 ж өмірінің соңына дейін 60 жылдан аса уақытта Қытайдағы ХХ ғасырдың барлық оқиғалары Ч.Эньлаймен бірге өтті" - деп жазады.
Кеңес тарихшылары да, қытай тарихшылары да Ч. Эньдайдың сыртқы саясаттағы көзқарасы, өз отанының ішкі саясатындағы рөлі туралы осы күнге дейін монография, журналдық статья өте аз жазғанын айту қажет.
Осы жұмысты жазу барысында қажетті мағлұматтарды академик С.Л.Тихвинскийдің жәнебасқа да кеңес тарихшыларының еңбектерінен алдым.
Қытай коммунистік партиясы 1921 ж құрылды. Оның көрнекті қайраткелері Мао Цзе-дун, Чжоу Эньлай, Чжу Де және Лю Щаоци және т.б. болды. Бұл қайраткерлердің өмірі мен бүкіл қызметі Қытай революциясының ірі оқиғаларымен және жас қытай мемлекеті құрылғаннан кейінгіоның құрылысымен тығыз байланысты. ҚХР жарияланғаннан кейін Америка интервенциясын және Қытайдың өз ішіндегіазамат соғысын біржолата тоқтатып, демокра тиялықүкімет құруға өз үлестерін қосты. Халықаралық коммунистік және жұмысшы қозғалысымен тығыз байланыста болды. Бұрынғы Кеңес және Қытай тарихи саяси шығармаларында Ч.Эньлай өмірі Мао-Цзе-дунмен ұқсас болса да "мәдени революция" көлеңкесінде қалып қойды.
С.Л.Тихвинский өзінің естеліктерінде Қытайдың басқа мемлекет қайраткерлеріне қарағанда Ч.Эньлаймен 1949-1950 және 1957 жылдары,одан кейін де бірнеше рет кездескенін жазады.
1988 жылы Веймарда өткен Еуропа қытайтанушыларының конференциясында академик С.Л.Тихвинский: "Қытай халқының ұлт-азаттық күресіндегі Ч.Эньлай рөлі туралы баяндама жасады".
1990 жылы С.Л.Тихвинский Токиода болып, "Ч.Энь лайдың 1918-1919 ж. Жапонияда болғаны туралы деректерді жинау барысында Жапонияның марксист-профессоры Кавака Хадзимнің "Чжоу Эньлай" туралы еңбектерімен танысты".
Қазіргі кезде Қытай профессоры Цзи Чжунзидің "Биография Чжоу Эньлая" еңбегінің 1-томы Пекинде жарық көрді. Ол 1898-1949 ж аралығын қамтиды.
ҚХР жарияланғаннан кейін Чжоу Эньлай мемлекет және партияның басшы органдарында қызмет атқарды.
Елдің экономикасын, ғылымын, мәдениетін, қорғанысын нығайтуға, социализмнің негізін салуға үлкен күш жұмсады.
Қытай Халық Республикасының дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттермен терезесі тең мемлекет болуға Чжоу Эньлайдың экономика мен саясаттағы еңбегі орасан зор.
1-ТАРАУ
Чжоу энлаидың революциялық қызметі
1. Чжоу Энлайдың саяси портреті
Әрбір тарихи тұлғаның әлеуметтік-саяси еңбегін дұрыс түсіну үшін ең алдымен оның өмірін, өмір сүрген дәуірін және өскен ортасын анықтап алу қажет.
Осыған орай мен де Қытай халқының көрнекті саяси қайраткері Ч.Эньлай өміріне қысқаша тоқталып өткім келеді.
Ч.Эньлай 1898ж 5 Наурызда Цзянсу провинциясының Хуайань қаласында кедейленген шэньшень семьясында дүниеге келді. Әкесі провинциядағы қаржы басқармасының ұсақ чиновнигі болды. Шешесінен ерте айрылды. 10-жасынан бастап Солтүстік-Шығыс Қытайдағы Маньчжурия полисейлік офисер қызметін атқарушы атасының қолында тәрбиеленді. Осы жылдары ол шетел миссионерлерінің қолдауымен ашылған бастауыш мектепке барды. Бірқатар Қытай классикалық әдебиеттерімен бірге, Еуропа авторларының еңбектерін және тағы басқа оқыды. Осы жерде алғаш рет Қытайдың Маньчжурларға қарсы патриоттық публицистикасымен танысты. Мектепте ағылшын тілін оқыды. 1913ж Ч.Эньлай Америка миссионерлеріне қарасты Нанкиндегі орта мектепті 4ж оқыды. Бұл Қытайдағы революцияның басылып қал ған жылдары еді. Елде Солтүстіктің шетел импералистерімен біріккен реакциялық күші болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Еуропа державаларының қатысуын пайдаланып Жапон үкіметі Қытайдың экономикалық және саяси жағдайына ене бастады.
"1915ж Қаңтар айында Жапон үкіметінің Қытайға "21талап" қоюы, Қытайдың алдыңғы қатарлы азаматтарына, соның ішінде оқушы, студент жастардың қарсылығына тап болды. Антижапондық қозғалыс өріс алды. Бұл қозғалысқа өзіндік үлесін Ч.Эньлай да қосты. Ол калектиппен бірге болу және еңбекті бағалау керек деген мектептегі ассоасияны ұйымдастырып, осы жерде шығатын журналдың редакторы болды. Журнал Қытай үкіметінің жапон агрессорларына қарсы шықпайтынын қатты сынға алды. Сун-Ятсеннің еңбектерін оқыды. Демократиялық идеяларын таратты.
1917ж жазында Ч.Эньлай Нанкин орта мектебін өте жақсы аяқтады. Жапонияға барды, осы жерде К.Марксиің "Капитал" еңбегімен танысты. Университетке дайындығын тастап, Жапониядағы Қытай студенттерінің өміріне белсене араласты. Олармен бірігіп жапон үкіметінің Қытай армиясымен Қиыр шығысқа және Сібірге, Совет Одағына қарсы интервенция жасау әрекеттеріне қарсылық білдірді.
Ч.эньлай орыс революциясы туралы хабарларды, В.И.Лениннің Қайраткерлік жолын қызыға оқыды. Бұларды Жапонияның социалистік баспасөз орталықтарынан алды.
1919 ж апрельде Ч.Эньлай Тяньцзинге оралды. Осы жылы "Версаль бітіміне және оның шарттарына" қарсы шығушылардың бірі болды.
Бұл осы жылғы Қытай студент жастарының баскөтеруімен болған "4-май қозғалысы" еді. Бұл қозғалысқа белсене қатысушылардың ішінде кейін Қытай коммунистік партиясының көрнекті қайраткері болған Мао Цзедун, Ли Да-Чжао, Цой Цю-бо, ЧЭньлай т.б. болды.
1919ж күз айында Ч.Эньлай жаңадан ашылған Нанкан университетінің студенті болды. Студенттік газетте, ол сосиализм идеаларын, шетел импералистерінің Қытай жүмысшыларының арзан еңбегін пайдаланып отырғанын, олардың жалақысын көтеру жолындағы күресін жазды.
1919ж 6 Сентябрьде Тяньчлизде патриоттық студенттер Ассосасия-сының құрылуына байланысты жиналыс өтті. Оған Қытайдың алғашқы марксистерінің бірі, Пекин университтерінің профессоры Ли Да Чжао шақырылды. Ол кездерде Ч.Эньлай "Коммунистік Манифесті" және марксизм ілімінің негізін салушылардың бірі Ч.Дусюмен кездесті.
1920 жылдың январь айында Жапон товарларына байкот жариялауға митнгі болды. Басқа студенттермен бірге Ч.Эньлайда тұтқындалды. Түрмеде ол өзінің жолдастарына марксизмды, экономика және право жөнінде сабақ берді, өздігімен білім алды..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Тарих | Француз буржуазиялық революция. Халықаралық қатынастарға тигізген әсері
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер
» Курстық жұмыс: Тарих | ГЕРМАНИЯНЫ БІРІКТІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БИСМАРКТЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
» Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Чжоу Эньлайдың революциялық қызметі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]