Курстық жұмыс: Криминология | Халықаралық экстремизм және терроризм

Курстық жұмыс: Криминология | Халықаралық экстремизм және терроризм

[b]
Мазмұны
Кіріспе
Қазіргі заманда болып жатқан экономикалық, саяси, ақпараттық, мәдени және діни кеңістіктің жаһандануы әлемдік үрдістердің маңызды факторы болып табылады. Бұл құбылыс жағымды аспектілермен қатар белгілі бір негативті жағдайларға да әкеледі.
Адамзат өткен ғасырдағы қырғи- қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағы да жаңа бүкіләлемдік мәселемен тікетіресті. Енді қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелер халықаралық экстремизм мен лаңкестіктің агрессивті көріністері және соның ішінде діни-саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, ваххабизм және т.с.с түрлі-түрлі пішіндер болып табылады.
Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен лаңкестік тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында өте жиі орын алуда. Хақ дін исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында көптеген ойлар да, зерттеулер де бар екені мәлім. Дін мәселесінің ушығуы өзінен өзі пайда болған жоқ. Ол – ұлттық тәрбие, тіл, діл мәселелерімен астарласып жатыр. Сондықтан осы сұрақтың астарына үңілерде жоғарыда айтылған мәселелерді тұтастай қамти қарастыру керек сияқты. Сонымен қатар ислам дінінің атын жамылып, оның заңдары мен қағидаларын бұрмалап, іс-әрекет жасап жүрген діни экстремистік және лаңкестік топтардың саны көбейіп келе жатыр. Ал нақтылай атап өтетін болсақ «Аль-Каида», «ХАМАС», «Мұсылман-ағайындар », «ЭТА», «Аль-Джамаа аль-Исламийя», « Ансар аль-Ислам», « Хизб-ут-тахрир аль-Ислами» және т.б.
Экстремизм мен терроризм сонау заманнан-ақ қолданбалы әрі тиімді қару ретінде рөл атқарған болатын. Әсіресе ХХ ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси жүйенің радикализациялануы кезінде экстремизмнің қалыптасыуы орын алады. Бірақ, сол уақытта, бұл мәселе, қазіргі кездегідей өте күрделі мәселе болмағаны, сонымен қатар оның жан-жақты қарастырылмағаны тарих беттерінен көрінеді. Ал қазіргі ғаламдану кезінде, осындай экстремистік ұйымдардың көбеюіне байланысты, бұл қиын және өзекті мәселе ретінде әрбір мемлекеттің күн тәртібінде тұрғаны және соған қатысты күн сайын конференциялар, шақырулар өткізіліп, көптеген декларациялар, конвенциялар қабылданып жатқаны бәрімізге де мәлім.
Бітіру жұмыстың өзектілігінде осы жоғарыда айтылып өткен мәселенің қазіргі кезде әлем қауымдастығының алдында тұрғанын зерттеп өту.
Зерттеу нысаны – «Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами» партиясының экстремистік ұйым болып қалыптасыуы және діни экстремизм мәселесі.
Зерттеудің мақсаты – діни экстремизм мәселесін және оған байланысты формаларды, соның ішінде, терроризм, фундаментализм және т.б. жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеп қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың міндеттері:
- Экстремизм түсінігін және алғашқы қалыптасуын және оның басқа да формаларын зерттеп қарастыру.
- Діни экстремизм мен саяси экстремизмді салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен қайшылықтарын талдау.
- Діни экстремистік ұйымдардың, соның ішінде Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами партиясының қалыптасу және күшею себептерін зерттеу.
- Хизб-ут-Тахрир партиясының Орталық Азия мен Қазақстанға кең таралуын көрсету және мемлекеттердің ұстанымдарын талдау.
- Діни экстремизмнің факторларын және экстремизмнің мемлекеттік мүдделерге қауіпінің геосаяси негіздерін көрсету.
- Лаңкестік пен экстремизмді бір-біріне ұқсастығын көрсету және халықаралық немесе мемлекеттік ұйымдардың күресу бағыттарын зерттеу.
- Саяси қақтығыстағы діни экстремизмге баса назар аудару.
Жұмыстың деректі негізі - құжаттар, құран, үнпарақтар, Ата заң, конвенциялар, бағдарламалар.
«Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресу жөніндегі Шанхай конвенциясы» (Шанхай, 15 маусым, 2001жыл)
«Лаңкестікпен күресу туралы халықаралық конвенция » (15 желтоқсан, 1997жыл)
«Лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі халықаралық конвенция» (9 желтоқсан, 1999жыл)
Резолюция БҰҰ 57/145 «қазіргі глобалды қауіптер мен шақыруларға жауап бере отырып» (16 желтоқсан, 2002 жыл A/RES/57/145)
«Халықаралық терроризм мен экстремизмді жою жөніндегі шаралар туралы декларация» (15 қазан, 1994 жыл)
БҰҰ шеңберіндегі әлемдік қауымдастық халықаралық лаңкестік пен экстремистік көріністерінің күшеюі, сонымен бірге ядролық компоненттердің таралуы және есірткі бизнесінің күшеюінің мүмкіндігіне алаңдайтынын білдірді.
ХХІ ғасырдың қауіптері мен жаңа шақыруларға жауап беру қабілеттігін жоғарылату мақсаты мен және халықаралық лаңкестікпен күресу, сонымен бірге басқа халықаралық және аймақтық ұйымдармен әрекеттестікті нығайту мақсаттары атап өтілген. 90жж БҰҰ шеңберінде қабылданған құжаттарда лаңкестіктің жаңа формаларының пайда болуын шектеуге ұмтылыс жасалады.
Мұсылман қауымының қасиетті кітабы «Құранда» «Дінде зорлық жоқ», «Саған әмір етілгендерді ашық жариялап, көп құдайға табынатындарға теріс қара» (15:94)деп оң бағытын сілтейді.
Хизб-ут-Тахрир партиясының ұнпарақтарында көбіне бүкіл әлемнің мұсылмандарын біртұтас исламдық халифат құруға шақырады, үгіт-насихат айтады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жұмысты жазу барысында отандық, ресейлік зерттеушілердің еңбектері қолданыс тапты.
ХХ ғасырдың 60 жж басынан бастап діни экстремизм мәселесіне байланысты кеңестік зерттеушілер бірқатар кітаптар, мақалалар жазған. Мәселенің жеке аспектілері Э.Г.Филимонов, В.Н.Арестов, А.С.Онищенко жұмыстарында қарастырылған. Э.Г.Филимонов діни экстремизмді діни бірлестіктердегі фанатикалық элементтердің идеологиясы ретінде анықтайды. В.Н.Арестов, А.С.Онищенко діни экстремизмді қоғамға қарсы бағытталан саяси феномен ретінде қарастырады.
Е.И. Степанова «Қазіргі замандағы лаңкестік » атты монографиясында лаңкестікті және оның әр түрлі формаларын жан-жақты талдап зерттеген.
Отандық зерттеушілер А.Д. Дарменов, Б.С.Жүсіпов экстремизм түсінігіне және онымен күресудің криминологиялық аспектілеріне, Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне таралу себептеріне басты назар аударады.
Жұмыстың әдістемелік негізіне тарихи, саластырмалы талдау, контент-анализ әдістері қолданылды.
Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, сілтемелер және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, экстремизм түсінігін анықтау және сонымен байланыстырылатын, фундаментализм, радикализм, ваххабизм және терроризм түсініктері талдап қарастырылды. Діни экстремизм және саяси экстремизмнің байланыстары және қайшылықтары, экстремистік ұйымдардың кейбір көріністері мен мақсаттары, себептері мен салдары жөнінде айтылды.
Екінші тарауда, Хизб-ут-Тахрир аль-ислами партиясының экстремистік партия болып қалыптасуы, оның күшеюінің себептері және алғашқы негізін салушылары жөнінде айтылды. Сонымен қатар, Таяу шығыста пайда болған осы экстремистік партияның Орталық Азия мен Қазақстанға таралуы және аймақтағы мемлекеттердің осы мәселеге қатысты ұстанымдары қарастырылды.
Үшінші тарауда, халықаралық терроризм және экстремизм мемлекеттік мүдделерге қауіп төндіретіні және ұлы державалардың геосаяси мақсаттарға жету үшін діни факторды маңызды құрал ретінде қолдануы және әлеуметтік қозғалыстардың қоғамдық-саяси, құқықтық, экономикалық және идеологиялық әдістері арқылы лаңкестік пен экстремизм құбылыстарымен күресу механизмдерін құруы туралы айтылды. Сонымен бірге, саяси қақтығыстағы лаңкестік пен экстремизм елдер мен аймақтардың тұрақты дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне ең маңызды күрделі қауіп ретінде қалыптасуы жөнінде қарастырылды.
І Тарау «Экстремизм» түсінігін анықтау мәселелері
1.1 Экстремизмнің пайда болуы және түсініктемесі
Қандай да бір құбылысты зерттеу үшін, оның өте маңызды белгілерін анықтап ұқсас және шектес құбылыстармен салыстыру керек, және соның негізінде берілген түсініктің құрылымын құруға тырысу қажет. Ең алдымен бізге «Экстремизм» түсінігін анықтау маңызды мәселе болып табылады. Әдебиетте (бұл жағдайда ғылым ілімінің кең салалары туралы айтылады - әдебиеттану, саясаттану, құқық және т.б.) берілген түсініктің анықтамалары әр түрлі және көп жағдайларда қарама- қайшы келеді.
Бұндай жағдай көбінесе обьективті сипатта болатынын ескеру керек. Бұл күрделі және көпжақты құбылысқа әр түрлі зерттеушілер өздерінің көбірек қызықтыратын жақтарын зерттейді. [1]
Алғашқы сәтте бұл түсініктің мән- жайын анықтауға тырысу керек. Содан кейін әдебиетте айтылған пікірлерді талдау негізінде сырттан ұқсас, бірақ экстремизмнен маңызды ерекшелігі бар түсініктерден бөліп қарау керек.
Қазіргі шетелдік сөздер сөздігінде экстремизм латын тілінен шыққан- төтенше көзқарастар мен шаралар жолын ұстаушылық деп түсіндіріледі. Сондықтан да, «радикализм» және «терроризм» сияқты түсініктерді синоним ретінде қолданатындықтан экстремизм түсінігінің ерекшелігін көрсету қажет.
Қазіргі әдебиеттерде көзқарастар, тәсілдер өзгерген. Мысалы: «радикализм»... бұл саяси жүйені немесе негізгі түпкі қоғамдық институттарды өзгертуге бағытталған әлеуметтік- саяси идеялар мен іс- қимылдар... қазіргі кезде радикализм қойылған мақсаттарға сәйкес келмейтін.
Теориялық және практикалық әлеуметтік мәселелерді шешу үшін төтенше зорлық әдістер мен құралдарды қолданумен өзгешеленеді. Ал осы жағдайда экстремизм мен радикализм түсініктерінің араласуы анық көрінеді. Олардың түпкі ерекшелігі сонда, егер бірінші заң шеңберінде болса, соңғысы заңсыз тәсілдермен де жүзеге асырыла береді. [2]
Экстремизм және терроризм түсініктері әдебиеттерде көп жағдайларда араласуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде «экстремизм» және «терроризм» түсініктеріне біртұтас түсініктеме жоқтығынан осы жағдай тереңдетіледі. Бұл екі түсінік бір- бірімен байланысты, қауіпті әлеуметтік құбылыстарға қарсы тұру мәселелерін шешуге қандай да бір жалпы тәсіл шығару қиындай түседі.
Сонымен бірге, тәжірибеде экстремистердің күштеу іс- әрекеттерін өте жиі Терроризм деп атайды. Ол көп жағдайларда саяси экстремизмнің жолаушысы болып табылады. Терроризм түсінігіне қысқаша тоқтау қажет, себебі «экстремизм» түсінігіне қарағанда бұл термин құқықтық құжаттарда көп көрініс табады. Соның ішінде халықаралық құжаттарда, бірақ оның мәні әр түрлі зерттеулерде әр түрлі түсіндіріледі. Сонымен, Американдық мамандардың берген түсініктемесі кең қолданылады: ... саяси жүйеге қарсы немесе үкіметке қарсы іс- қимылдар жасайтын жеке тұлғалардың немесе топтардың саяси мақсаттарда күш қолдануы немесе қолдану қауіпі. [3]
«Экстремизм» және «терроризм » түсініктері қалай дара байланысқанын қарастыру керек. Әдебиеттерде, сондай-ақ ғылыми әдебиетте, олар синонимдер ретінде қарастырылады, бірақ олардың ерекшеліктері анық. «Экстремизм» өзінің мазмұны бойынша «терроризм» түсінігінен өте кеңірек, себебі дәл сол террор арқылы экстремистік ұйымдар алға қойған мақсатына жетеді. Көрсетілгендегідей, экстремизм қандай да бір идеологияның бар екендігін білдіреді. Ал, терроризм болса, көп жағдайда экстремистік идеологияға сүйенетін іс-қимылдар жүйесі ретінде шығады. Бірақ, экстремизм тек қана теоретикалық концепцияларды шығарумен ғана шектелмейді. Ол алға қойған мақсаттарға жетуге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді де жобалайды. [4]
Лаңкестікті экстремизмнің негізгі бөлігі ретінде және қоғамның әлеуметтік-саяси өміріндегі өте анық және батымды көрініс ретінде көрсетуге болады. Сондықтан, «терроризм» және «экстремизм » түсініктерін өзара тығыз байланысқан деп айтуға болады, бірақ зерттеулердің өзіндік обьектісі болып шығуы мүмкін. [5]
Әдебиеттерде «экстремизм » сөзі төтенше көзқарастар мен шаралар жолын ұстаушылық ретінде түсіндіріледі. Оның мағынасына қарама-қарсы келетін түсініктер «ұстамдылық» және «центризм ». Сондықтан, солшыл және оңшыл күштер экстремистік болып есептеледі. Француз революциясы кезінен бастап, «оңшыл» термині «фундаментализм» және «традиционализм» ұстанатын консерваторларға қатысты қолданылады. Мұраға қалған салт-дәстүрлер мен діндерге қарсыларды «солшыл» деп атайды. Бұл атаулар құрылтай жиналысының отырыстарынан бастау алады, онда мемлекетті діннен бөлу мәселелері талқыланған, және залдың оң жағында консерваторлар және діни фундаменталистер, ал сол жағында олардың қарсыластары-секуляристер болған.
Сонғы кезде экстремизм түсінігі діни экстремизм ретінде түсіндіру пікірлері тараған. Бірақ та, бұл өте шектеулі түсініктеме тек қана дінді емес, сонымен бірге саясатты және қоғамдық қатынастардың басқа салаларын қамтитын өте кең түсінік. Экстремизм әр түрлі діндердің жолын ұстаушыларға да қарсыластарына да қатысты болуы мүмкін, және де саясатқа да, партияларға және бүкіл мемлекетке де қатысты.
Ислам діні, ұстамдылық дін ретінде экстремизмге және шектен шығушылыққа тиым салады.
Мұқтаждық және экстремизм ешбір құқықтық негізсіз бір жақтың екінші жаққа қарсы агрессия қолданған кезде лаңкестікке айналады.[6] Экстремизм билік алдындағы саяси күштерге емес, жалпы демократиялық мемлекеттерге қауіпті. Экстремистік идеяларының тарауы бүкіл қоғамдық саяси өмірдің бұзылуына әкеледі, демек, адамдар құқықтырын қамтамасыз етуге міндетті мемлекеттік институттардың бұзылуына әкеледі. Нәтижесінде;
- саясаттағы рұқсат етілген дәрежесі төмендейді, олай балса, конфронтациялық әдістер дами бастайды;
- қоғамдағы шыдамсыздылық атмосферасы қиындай түседі, демек, саяси жүйе тұрақсызданады;
- зорлық-зомбылық мақсаттарға жету үшін өте қолайлы әдіс болып қабылданады. Бұл нәрсе жастарға өте ерекше әсер етеді. Ал, экстремистік қозғалыстардың ұйымдастырушылары мен идеологтары бұны өте жақсы пайдаланады.
- ақырында, азаттық өмірдің үстемдік себебі қорқыныш болады, ал, бұл экстремистер билікті жаулап алу үшін жақсы себеп. Бірақ, қандай бір экстремизм қарсыластардың бар болуын мойындамайтын саяси жүйені орнатуға бағытталған экстремизм болып табылады.
Экстремистік көріністер адамдардың құқықтарына тікелей қысым жасайды. Саяси экстремизмнің анық белгілері неде көрінеді? Қоғамдық дамудың жолында кездесетін барлық проблемалардың себебін бөлек әлеуметтік, этикалық және діни топтарды кінәлауда, қандай да бір топты мемлекеттің немесе жалпы адамзаттың дұшпаны деп көрсетуде, қандай да бір топтың өкілдерін қудалау не жою мақсаттарын жариялауда көрінеді. Әрине, әлемдік қауымдастықтың қабылдаған адам құқықтары доктринасының жалпы принципі бұзылады. Адамның тартып алынбайтын табиғи құқықтарының бірі, ой- пікірі мен сөз бостандығына, өз пікірлерін еркін айту құқығы болып табылады. Осының барлығын жалпы рухани және саяси еркіндікке құқық деп айтуға болады.[7] ............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Халықаралық экстремизм және терроризм курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар криминология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]