Курстық жұмыс: Экономика | Халықаралық сауда қатнастарды экспортты қаражаттарының ұлттық жүйесі

Курстық жұмыс: Экономика | Халықаралық сауда қатнастарды экспортты қаражаттарының ұлттық жүйесі

Мазмұны
Кіріспе............................................................ 5
I Халықаралық несиелік есеп айырысу қатнастары........................................... 6
1.1 Экспортың несиелер......................................................................................... 7
1.2 Халықаралық сауда қатнастарды экспортты қаражаттарының ұлттық жүйесі........................ 13
Негізгі бөлім
II Халықаралық несиенің шарттары.................................................................. 15
2.1 Төлем және есеп айырысу әдістері............................................................... 17
2.2 Халықаралық есеп айырысу.......................................................................... 19
Қорытынды........................................................................................................ 21
Пайдаланатын әдебиеттер.................................................................................22

Кіріспе
Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан. Олар зайымдық қаражаттарды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық қажеттіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономикалық мазмыны, несиені беру көздеріне қарай жіктеледі. Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер-бір жағынан, экспорттық және қаржы несиелері мен зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және мемлекетаралық несие түрінде қарастырылған. Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады. Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері де өзгеруде. Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операйияға қатысушылар құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі жетілдірілді, кейбір қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді.
Импортерлерге өнім жабдықтаушыларының беретін несиелері, сондай-ақ импортерлердің ұзақ мерзімді несиелерді коммерциялық банктерден тікелей алуы (коммерциялық несиені) салыстырмалы түрде қарағанда сирек болатын құбылыс. Ең бастысы, сыртқы сауда операциялары кейде қолма-қол ақшаға, кейде қысқа мерзімде есеп айырысу формалары негізінде жүзеге асты.
1. Халықаралық несиенің формалары
Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан. Олар зайымдық қаражаттарды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық қажеттіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономикалық мазмыны, несиені беру көздеріне қарай жіктеледі. Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер-бір жағынан, экспорттық және қаржы несиелері мен зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және мемлекетаралық несие түрінде қарастырылған.
Енді осы екі несие формаларын жеке қарастырамыз. Халықаралық сауданы экспорттық несиелеудің ерекшелігі-оның кредитор елінен экспорттық жабдықтауымен өзара байланысты болып келуі, бұл несиелерді халықаралық несие нарығындағы ерекше категория ретінде бөліп қарауға негіз болады. Бұл жерде импортер мен экспортерлер де өздерінің шетелдік контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрсетуші банктерден тікелей несие алады. Несиенің берілуі сыртқы сауда контрактісінің жасалуымен байланысты. Несиенің көлемі, оның мерзімі пайызды төлеу және қайтару шартты экспортер мен импортер еліндегі экономикалық және саяси жағдайларға тауардың түріне, екі жақтың өзара қарым-қатынасына тәуекелді.
1.1 Экспортың несиелер.
Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады. Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері де өзгеруде. Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операйияға қатысушылар құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі жетілдірілді, кейбір қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді.
Импортерлерге өнім жабдықтаушыларының беретін несиелері, сондай-ақ импортерлердің ұзақ мерзімді несиелерді коммерциялық банктерден тікелей алуы (коммерциялық несиені) салыстырмалы түрде қарағанда сирек болатын құбылыс. Ең бастысы, сыртқы сауда операциялары кейде қолма-қол ақшаға, кейде қысқа мерзімде есеп айырысу формалары негізінде жүзеге асты.
Экспортты қысқа мерзімді қаржыландырудың (6 айға дейін) басты құралы сауда векселі болды. Бұл мәмілелер экспортер мен импортер арасындағы несиелік қатынастарын болуын қаламады және олар сыртқы сауда котрактілерінде көрсетілмеді. Несие беру негізінен ірі банктер арқылы жүзеге асты, олар экспортерлердің тауарды жөнелту туралы құжаттарына қарсы алған тратталарын есепке алып, тауарды сатушыларға траттарды ақша нарығында сатуға келісім береді. Несиелік операциялар импортер банкі мен вексель бойынша кепіл роліндегі келісім беруші банк арасында корреспонденттік қатынасқа негізделіп, экспортер үшін жабдықталуына мүмкіндік береді. Сол уақыттарда экспортердің банктері ұзақ уақыт бойы өздерінің қаражаттарының қозғалыссыз қалуынан қашып, сыртқы сауда мәмілелерінде жанама қатысушы ретіде ғана қалып отырды.
Экспортты несиелеу 50-жылдардан басталады. Оған сату нарығындағы күрестің шиеленісуі ықпал етті. Сыртқы сауда операцыаларын қаржыландыруға арналған жеке капиталдардың ұлттық нарығында шетелдік ұзақ мерзімді зайымдарды орналастыру несие беру құралының көзі ретінде соғысқа дейінгі ролін қалпына келтіре алды. Бұл негізінен, соғыс жылдарындағы инвесторлардың мұндай операцияларға деген сенімсіздігін өсуіне себеп болды. Дамушы елдердің экономикалық және саяси тұрақсыздығы инвесторларды ондай бағалы қағаздарды сатып алудан бас тартуға итермеледі. Мұндай зайымдарға кредитор-елдердің үкіметінен және сауда өнер кәсіп тарапынан қолдау болмады, сондықтан да оларды алушыларға сол елдің тауарларын сатып алуға мүмкіндік туғызды.
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландырудағы қажеттілік халықаралық коммерциялық несие берудің басқа да формалары есебінен қанағаттандырылды:
- шетелдік сатып алушыларға тауарларын шығаратын өндірушіге берілетін фирмалық несиелер;
- экспортталатын бұйымдармен көрсетілетін қызметтерді жабдықтаушыларымен сатып алушыларына берілетін банктік несиелер;
- әр түрлі мемлекетаралық келісімдер шегінде берілетін несиелер.
Экспортты фирмалық несиелеу 60-жылдардан бастап тез қарқынмен дами бастады. Осы кезде фирмалық несиелер машиналар мен құрал-жабдықтар экспорттың қаржыландырудың негізгі әдісі болды. Коммерциялық несиені фирмалық және банктік деп болу, импортердің несиені кімнен алатына қарай: жабдықтаушы-фирмадан немесе банктен алады. Егер сыртқы сауда контрактісінде жабдықталатан тауар уақыты кешіктіріліп төленетін болса, одан несие фирмалық болып саналады.
Экспортер мен импортердің арасындағы несие шарттында тауарды жабдықтау туралы жасалатын келісім бойынша міндеттеме формасы несие беру мерзіміне, мәміленің көлемі мен сипатына, екі жақтын өзара қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты. Тұрақты сауда қатынасы мен тауарды өнемі жабдықтау барысында несие ашық шот шартыменен беріледі де, соған сәйкес экспортер импортерге сатқан және жөнелткен тауарының қайтаруға міндетті. Бұл жерде банктер сауда контрагенттерінен есеп айырысуда таза техникалық делдал қызметін атқарады.
Фирмалық несие берудің ең көп пайдаланылатын қаржылық құралы борыш қорымен акцептелінген вексель болып табылады. Экспортер сатып алушыға контрактерінде қанша төлем көрсетілсе, сонша тратталарын береді. Бұрыш қордың немесе банктің акцептелген талабының болуы, экспортерге өзіне қызмет көрсететін банкте осы талапты кепілге беріп немесе оны есепке алу жолымен қарыз алуға мүмкіндік береді.
Батыс елдерінде аккредитивтік есеп айрысу формасы көмегімен фирмалық несиелерді қаржыландыру жиі қолданылады. Бұл жерде коммерциялық несиені беруге байланысты операцияға импортер мен экспортер банкі қатысады, себебі олардың арасындағы жасалынатын келісім негізінде экспортерге тауарды жөнелткендігі туралы құжатты беруіне қарсы аккредитив ашылады.
Фирмалық несиені беру туралы контрактіде сатып алушының қаншама мөлшерде қолма-қол ақшамен қатнасу үлесі айтылады, сөйтіп ол, өзінің алдағы мәмілеге қатнасына кепілдеме береді. Бұл сома әдетте контракт құнының 15-25-ын құрайды. Несиені өтеуге борышқордың міндетін жай ғана вексель формасына ауысады. Банктер вексельді есепке алғаны үшін базалық есеп мөлшерлемесін және қызметі үшін бір мәрте алым алады. Егер вексельдерді есепке алу банк жағынан экспортердің алдын ала міндеттемесі негізінде жүргізілсе, онда банк несие сомасының 0,1-0,25 мөлшерінде бір мәрте алым алады. Мұндай шығыстарды, сондай-ақ сақтандыру құнын экспортер тауар бағасына қосу арқылы сатып алушы есебінен оларды компенсациялайды. Фирмалық несие беру көбіне екі жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі, бірақ қазіргі кезде оның мерзімі 5, кейде 7-8 жылды құрайды.
Фирмалық несиелеу жүйесінің дамуы тұсында айрықша қиындықтар болған емес. Ірі экспортер-фирмалар өздерінің резервтік қаражаттарын пайдаланса, ұзақ және бір шама қаржылық қатнасына тұрақты фирмалар банкіндегі овердрафт бойынша (ағымдық шоттағы сомадан асатын мөлшерде алған қарыз) қаражатты қаржыға алуы немесе ақша нарығында қысқа мерзімді талаптарды сатып алушыға сату арқылы қаржыландырылды. Фирмалық несиелер тауарды сатуды қаржыландырумен тікелей байланысты қамтамасыз ете отырып, экспортерлерге сатып алушының міндеттемесін қайта қаржыландыруы бойынша шығындардың орын жабуға мүмкіндік жасады.
Шетелдік сатып алушылардың несие көлемі мен шартына қойылатын талаптардың артуына, сыртқы сауда нарығындағы бесекенің күшеюіне байланысты фирмалық несие берудің шектеулі мүмкіндігі көбірек айқындалады. Кейбір фирмалар меншікті қаражаттары есебінен сатып алушыны ірі соммада және ұзақ мерзімге несиелеуге қабілетті болды. Банктерден импортер векселін кепілге бере отырып немесе оларды есепке алу жолмен ұзақ мерзімді несие алу бегілі бір қиындықтарға әкеліп соқтырды. Банктер өз несиелерін 3-жылдан жоғары мерзімге бергісі келмеді, оның себебі қарыз алушылардың несиелік қабілеті туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі, оларды міндеттемелерінің өтімділік дәрежесінің төмендететіндігімен түсіндірді. Сонымен бірге, банктік қарыздар таурады жөнеткеннен кейін берілді.
Фирмалық несие берудің даму ауқымына оны ұйымдастырумен байланысты техникалық қиындықтар кедергі болды. Ең қиыны бұл несие бойынша жауапкершілікті бөлу еді.
Экспорттық қаржыландыру тәжірибесінің дамуымен экспорттық несиелерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі жетіліп, жабдықтаушының несиесі бойынша сақтандыру мөлшері өсе түсті (қазіргі уақытта еліне және мәміле шартына байланысты несие соммасы 80-нен 90 пайызға дейін сақтандырылды ). Мұндай жағдайда экспортерге қайта несиелеу және несиенің қалған бөлігі бойынша тәуекелден сақтану үшін қосымша қаражаттар іздестіруге тура келді. Мемлекет тек қана саяси тәуекелдерге кепіл беруі жүнінде өзіне міндеттеме алғандықтан да экспортер немесе оны қаржыландырушы банк коммерциялық тәуекелдер бойынша жауапкершілікті өздеріне алуға мәжбүр болды.
Осы міндеттемелердің барлығы 50-60 жылдарындағы экспортты қаржыландырудың жаңа әдістерін дамытуға жол берді, оның ішінде алдыңғы орын шетелдік сатып алушыларды тікелей банктік несиелеуге тиді. Осыдан банктер фирмалық несиелер арасында қызметтер бөліне бастады. Банктік несие ең бастысы кредитор-елдің өнімдерін сатып алушыларға орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді берумен аз соммада қысқа мерзімді несиелік мәмілелер қалады. Англия және Франция сияқты елдерде орта және ұзақ мерзімді несиелеудің жалпы көлемінде фирмалық және банктік несиелердің өзара қатынасы 2/1 теңеседі, соңғы жылдары тікелей банктік несиелердің (сатып алушыға берілетін несиелер) үлесіне сондай мерзімді экспорттық несиелерді 3-мы келеді.
Импортерлерді тікелей банктік несиелеудің кеңеюі осы шеңберде мемлекеттік қызметін бесенділігімен байланысты жеделдетілді. Экспорттық несиелер бойынша мемлекеттік кепілдемелер бертін несиелер көлемі қысқа мерзімде ұлғайтып, қарыз алушылар үшін олардың әлсіз құнын қамтамасыз етті.
Экспорттық несиелеудегі банктердің маңызының артуы халықаралық сауда нарығындағы банктік институттармен өнеркәсіптік фирмалар арасындағы өзара қатынасқа ықпал етті. Мысалы, соғысқа дейін және кейін де банктер халыаралық коммерциялық мәмілелерді несиелеуде еінші экспортерлер мен импортерлер анықтады. Кейіннен банктер шетелдік сатып алушыларға өздері шығып, олармен жасалатын мәміленің сипатын, ерекшеліктерін айтып түсіндіреді. Сөйтіп, егерде импортерді банк несиелердірсе, ол экспортерді банк оның қолма-қол ақшасымен төлейдіде, өз кезегінде экспортерді қаржыландырады, сонымен қатақ, банк оны артық шығындардан арылтып, несие бойынша барлық тәуеклден босатады және оның айналым қаражаттардың қозғалысын жеделтеді. Экспортер операциясын қаржыландыру оның банкте несие алу қабілетімен емес, яғни бірінші кезектк өндірістік мүмкіндіктермен шектеледі.
Сатып алушыға берілетін несиені кейде экспортер-елінің банкі, кейде экспортер-елінің банкі бере алады. Несие жай ғана банк аралық келісі-шарт негізінде рәсімделеді және борышты векселін кепілге алу арқылы беріледі. Бнактердің импортерге несие беруін ерекшелігі кредитор-банк елінен тауар сатып алумен негізінен инвеститциялық маңызы бар тауарларды: машина, құрал-жабдық технологиялық желілерді сатып алуымен тығыз байланыстырумен сипатталады.
Осындай түрдегі несиелер банктерден ұзақ мерзімге 5-15 жылға дейін және маңызды соммада беріледі. Соңғы жылдары несиелердің мерзімдері ұзарып және олардың соммалары іріленуде. Мысалы, батыстың өнеркәсібі дамыған елдері дамушы елдерге беруші экспорттық несиелердің 2/3 бөлігі 10 жыл мерзімге берілгендер. Осы жерден ұзақ мерзімді банктік несиелердің коммерциялық емес, инвеститциялық сипатқа йе болатындығы айтуға болады. Бұл туралы олрдың шетелде ірі обьектілер құрылысын қаржыландыру үшін тағайымдалатындығы, яғни қаражаттардың тек ғана кредитор-елінің құрал-жабдықтарын сатып алу ғана берілп қоймай, сол сияқты оның қарыз алушы елінде де құрылыс жұмыстарын атқарумен байланысты жергілікті шығыстарды қаржыландыру үшін берілетіндігіне көз жеткіземіз. Ондай несиелер де сондай шартпенен мемлекеттік институттар кепілдемесімен қамтамасыз етіледі.
Келісім-шартқа қатысушы жақтардың ара сындағы қатынас бірнеше кезеңге бөлінеді. Бастапқыда импортер мен экспортер арасында, сол сияқты кредитор-банкпен сатып алушы-банкі өкілдері арасында алдын ала келісім жасалады. Банк аралық келісімге қол қоймастан бұрын мәмілені несиелендірушу банктермен несиені кепілдендіретін ұлттық сақтандыру ұйымдары арасындағы келісімге қол жеткізуі тиіс. Содан кейін барып түпкілкті 3-келісімге қол қойылады: экспортер мен импортер арасындағы контрактты, кредитор банк пен импортер банк арасындағы қаржылық келісім және несиені сақтандыру келісімі.
Ертеректе импортерлерді шекелей несиелеу несиені бір мәрте сырқты сауда мәмілесімен байланыстыру жолымен жүзеге асырылған кейіннен банктерде өздерінің шетелдік қарыз алушыларына сыртқы сауда мәмілелерін төлеу үшін несиелік желі шегінде таралды. Бұл жерде несиелік желі шегінде алынған зайымның мерзімі мен щарты жасалған сыртқы сауда котрактісінде айтылады. Сөйтіп, сол несиелік желі шотына сатып алушы котрактіде келісілген тауарларды сатып алады. Несие есебінен қарыз алушы бір жыл ішінде белгілі бір фирмалармен өнімді жабдықтауға контракт жасауға құқылы.
Экспорттық несиелеуде еуровалюта нарығының несиелік операцияларында қолданылатын алтын несиелік желінің бір түрі дамыды.
Тікелей банктік несиелеудің әрі қарай жетілдірілуі нәтижесінде сыртқы сауда оперцияларын қаржыландырудың мынадай формалары: факторинг, форфейтинг, экспортты ынталандыруды жиі пайдалынатын лизинг соммалары пайда болды.
Форторинг-компаниясы экспортерге, яғни тауарды сатушыға несие шартымен бір қатар қызметтер көрсететін, оның ішінде қарыіды іздестіру экспорттық операцияларды есепке алу, несиелік бақылау және т.б өзіне экспортер алдында өз міндеттемесін не алатын мамандандырылған және көп қырқырлы қаржы мекемесі болып табылады. Өз клиентінің берешектерге деген талабын қанағаттандыру мақсатында, фирма клиентке берешектерден алған сайын ақша беруге немесе оған мәмілені жасасу барасында қолма-қол ақшамен тез арада төлеге міндеттеме алады.
Сатып алушының қарызды қайтаруына қол жеткізуі және несие бойынша теукелді өзіне қабылдай отырып факторинг компания өнеркәсіптік фирманың, коммерциялық банктің және сақтандыру колпаниясының экспорттық бөлімінің қызметін атқарады. Өзінің көрсететін қызметтерінің факторинг құны банктік қарызға қарағанда болып келеді. Факторинг компанияның беретін қаржаттарның үлес салмағы 20 пайызға жетеді. Оған алынған несие ақысымен қатар басқа да қосылмайды.
Факторинг жүйесі экспортердің қысқа мерзімді несие берудегі мүмкіндігін ұлғайтып, ал форфейтинг нарығындағы мәмілелер мүмкіндігін ұлғайтады, орта мерзімдік коммерциялық несиелеуге арналған қаражаттар көзі болып табылады. Форфейтингке байланысты операциялар айналымсыз қаржыландыру деген атпен дамыды, оның мәніне келсек, ол экспортердің импортерге қоятын талаптары бойынша құқығын форфейтер-банкіге беруін яғни соғының құқықты өзіне ұстап немесе халықаралық нарықта сата алумен сипатталады.
Сатып алынған бағалы қағаздардың орнына экспортерге оның құнын қолма-қол ақшамен есеп мөлшерлемесін шегере отырып, сондай-ақ міндеттемені төлемеу тәуекелін өзіне алғаны үшін сайқыны және экспортердің векселін сатып алуға міндеттемесі үшін бір мәрте алымды үстай отырып төлейді.
Факторинг бойынша пайдалынатын құралдар сауда векселін банктердің есепке алу барысында қолданылады. Мұндағы айырамашылық мынада, вексель беруші, яғни экспортер форфейтингте еш қандай басынан көшпесе, ал жай ғана есепке алу несеисінде борышқор векселін төлемегені үшін...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Халықаралық сауда қатнастарды экспортты қаражаттарының ұлттық жүйесі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]