Курстық жұмыс: Этнография | Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау
Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................3Тақырыпты тандау негізі. Тақырыптың өзектілігі. Ғылымилығы
І Бөлім. ТАРИХИ БӨЛІМ.
1.1. Тарихи мұралар................................................................................................6
1.2. Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы ..................................................................8
1.3. Ою-өрнектің атаулары, түстері мен бояулары .........................................12
1.4. Ою-өрнектің кестелік түрмен көркемделіп тігілуі. ....................................17
П Бөлім . КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
2.1. Коллекцияны шығару, жасау негізі............................................................22
2.2. Мата фактурасы мен түс гаммасын таңдау негізі.....................................23
2.3. Таңдаған модельдің техникалық эскизі мен сырт көрінісін суреттеу....28
2.4. Ұсынылған матаны тандау..........................................................................32
2.5. Киім жиынтығындағы ою-өрнек..................................................................35
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................38
Әдебиеттер............................................................................................................40
Кіріспе
«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты тақырыбын таңдау барысында киім үлгісінің бастамасы қазақтың тарихи бастауынан тұрады. Өнерді күнделікті қарапайым тіршіліктен бастау алып кейін,кеін мүлде бөлек жалпы тіршіліктен жоғарғы ұғымға айналуын өз адамзат ұрпағының алғашқы аталарынан бері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатса керек.
Адамзат аталары сұлу көріну немесе сәнді жру үшін киінбегені ақиқат. Олар суықтан сақтану, ұятты жерлерін жабу, жауларынан қорғану үшін аң терілерін, ағаш қабығы мен бұталардан т.б. табиғи материалдарды пайдаланады. Осылайша адамзатқа қызмет ететін сонымен бірге жасап келе жатқан өнерлердің қатарына тағы бір өнер «сән» өнері қосылады.
«Сән» өнер адамзат игілігіне қызымет етуде басқа өнер түрлерінен кем соққан жоқ. Қайта басқа өнер түрлеріне қарағанда күнделікті қолданыста жүрген және сан алуан сапалық жағынан керек болғанын айтуымыз да, мойындауымызда керек.
Тәуелсіз Қазақстанның жеке мемлекет етінде, басқалармен экономикада, білім мен ғылымда, рухани өмірде бой таластыруда талпынуы бізді ойландырмай қоймайды. Біз сән әлемінде де олармен иық тірестіруіміз қажет.Біздің отандық сәніміз қазір әлемдік сақынаға көтеріп үлгерді. Мейлі жас болсын, балаң болсын, бірақ өзімен санасуды сұрайды. Біздің ойдағы міндетіміз осы әлем алдындағы шыққан қазақ үлгілерімізді тереңдете беріктендіре түсіп, оған әлемнің құрметін қалыптастыру, мұның өзі сай келгенде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің абыройы мен беделі, жақсы атағы үшін керек.Қазір жастар яғни біздер сән әлемәндегі өзгерістер бірден аңғаруымыз керек және оны қабылдауға бейім тұрамыз. Киім киюдегі талғамдар мен мәдениетін өте жақсы қабылдаймыз.
Ендігі мақсат біз өзіміздің батылдығымызды, алғырлығымызды, шапшаңдығымызды дұрыс пайдалана отырып, сол тәжірбиенің нәтежесінде үлгілеріне жаңалықтарды, өзгерістерді, ерекшелендіре де батыл түрде енгізу керек. Ол жағдайда Қазақстанның экономикалық жөніндегі мәселелерін шешуіне біздер, суретші үлгілеуші дизайнерлер де үлесімізді толық тигізуімізге толық мүмкіндігіміз бар.
Диссертациялық жұмыстың «Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты тақырыбын таңдауда ең алдымен қай бағытта жұмыс істейтінін анықтау басты мақсат болып табылады. Бұл бағытта қазақ халқының ұмытыла бастаған ұлттық өнер қайта жаңғыртып,халықтың дәстүрін, байлығын сақтап, қазіргі жастарға жаңаша үлгіде жеткізу олардың бойына ұлтсыздық мәдениетін сіңіру біздің суретші-дизайнерлердің басты міндетінің бірі. Бұл орайда халықтың тарихын, ұлттық өнерін, мәдениетін, тілін, дастанын оқып білу қажет.
«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» жасалу барысында өте көп әдебиеттер мен музей экспонаттары және олардың көшірмелері өте үлкен роль атқарады. Бұл тек ұзақ ізденістің арқасында таңдап алған тақырыпты қорғап шығыуға болатынын көрсетеді.
«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты диссертциялық жұмыста концепцуалдқ білім, киім жиынтығын жобалау, конструкциялық, техникалық және эканомикалық білімдер қамтыды. Концепцуалдық бөлімінде тарихи аспектілерге, жобаның концепциясын жасаудағы жұмыстың өзіндік ерекшеліктері мен шығармашылық бастауы және қазіргі замандағы сән дамуына қысқаша талдау туралы қамтылған.
«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты диссертациялық жұмыстың киім жиынтығын жобалау бөлімінде жиынтықтың негізгі-ізденіс эскиздері мен фор-эскиздерімен жұмыс барысында сұлба, тепе-теңдік, ритмикалық ерекшеліктері, форма және пластикалық ұйымдастыру барысында текстура, фактура, архитектоника қамтылып, клористік шешімі мен жиынтықтағы ою-өрнек түрлері туралы сипатталған.
Құрастыру бөлімінде ең бірінші модельдің техникалық эскиз, сыртқы келбетін суреттеу, дайындау үшін тиімді конструкциялау тәсілі, әдіс таңдалынады. Осы әдіс-тәсілге қарай конструкцияның сызбасын салуға алғашқы берілгнедер көрсетіліп, техникалық конструктивтік-сәндік қосымшаға толық негіздеме берілген.
Ал техникалық бөлімде құрал жабдықтарды таңдау туралы материалдарға сипаттама беріледі.
«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты диссертациялық жұмыстың мақсаты сәнді жоғарғы технологиялық сапада тігілген киім жиынтықтарын шығару болып табылғандықтан, бұйымды өңдеу тәртібі,ондағы түйінді жерлерді өңдеу қолданылған тігін құралымен, өңдеу құралдары қамтылған.
Қазіргі жоғарғы оқу орындарында жаңа заман талабына сай жаңа материалдар даярлау көзделініп отыр. Жоғарғы мектеп реформасын іс-жүзіне асыру, оны болашақ жастарға жеткізу барлығымыздың міндетіміз. Осындай заман талабына сай мамандықтың бірі суретші-дизайнер, суретші-модельдер дайындау. Сондықтан таңдап алынған тақырып та, осындай жас мамандар даярлау, өзекті мәселелерді шешуге бірден-бір қасиеті деп білеміз
Бөлім I. Тарихи бөлім.
1.1. Тарихи мұралар.
Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан, бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұланғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысынана дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн көрген. Сыр бойындаы, Қазақстанныңь оңтүстігі мен Талас-шу атырабындағы жартылай, отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтн, өзінің қарапайымдылық, үйлесімділік және жүріп-тұруға ыңғайлықтарымен ерекше. Мұның өзі тұрмыс қажетімен басым көпшілігі көшпелі өмір сүрген көлік үстіндегі іс-қарекетінен туған жағдай. Бұл жайттардан қазақша киім табиғатындағы екі жақтылықты, тұрмыс қажетімен сымбаттылыққа, әсемділігіне құштарлығын аңғаруға болады.
Қазақ халқы, сонау көне замандардан бастап өмір сүрген ата-бабаларымыз өнердің қай түрі болмасын қасиеттеп, қадірлеп, тіптен пір тұтып, көздің қарашығындай аялап сақтаған. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері өте көп. Оның бәрін тоқталып айтып кетуге болар еді, бірақ ең негізгі әйелдер сырт киіміне тоқталай. Олар: бешпент, камзол, кеудеше, шалбар, белдемше т.б.
Бешпент ғасырлар бойына қалыптасқан ұлттық киімдерінің ортасында орны бөлек. Ол сонау мыңжылдықтардан осы заманға дейін ұлтымыздың басты киімдерінің бірі болып келеді. Сонау тастағы суреттердегі адамдардың киімінен бешпенттің сұлбасын байқау қиын емес.
Қазақ үшін ең жылыда жайлы материал-түйенің жүні бешпент үшін де керек. Бешпентті түйенің жүнінен басып, соның жұқа матасынан тіккен. Ерге қонғанда ыңғайлы, желең, жамылғанда әсем, мұндай бешпент түрлерін қазақ сахарасының барлық бұрыштарынан кездестіреміз.
Осы заманға сәндік үшін киюге болатын бешпент. Бешпент қыз-келіншектер, әйелдердің нәзіктігін, қайталанбас талғампаздық пен қайырымдылық райын көрсетеді.
Қазақ әйелдерінің киімінде камзолдың орны бөлек. Олда әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерді атқарған. Әйелдердің сырт киімі болып табылатын бұл бешпент тек қазақ халқы емес, басқа да түркі халқы киген.
Қазақ халқының ұлттық киімімен бірге тұрмыс жиһаздары, заттары адамның жан дүниесімен, әсемдікпен, өнермен жасалған. Оған алаша, текемет,төсек бұйымдарын, кебеже, киіз, ағаш төсек т.б. жатқызуға болады. Осы заттардың бәріне ою-өрнек, асыл тастар, құнды қалха, терімен жасалған Сондықтан менің ойымша қазақ халқының ұлттық киімдері мен заттарын, бұйымдарын біздер және келешек ұрпақ қастерлеп, құрмет тұтынуымыз керек. Ол деген елдің есеигенін, оның өскелең өмір танытады.
Костюмнің формасын, пішінінің сипаты бүтіндей және бөліктерге бөліп сипаттайтын болсақ-оның эстетикалық бейнесін көрсетеді және ол композициясының маңызды қасиеті болып табылатын жайт. Форма, пішініндегі сипаттылыққа пропорция және пластикалық жүйеде, яғни, басты форманы, пішінді құрайтын сызықтарды үйлесімді қоса білгенде ғана қол жеткізіледі. Суретші-дизайнерден тек қана заңдылықтарды және гармонияның түрлі құралдарын білуді талап етпейді, сонымен қатар форма, интуицияның, сезімнің және шеберліктің нақты шын дамуын қажет етеді.
1.2. Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы
Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті–б.з.б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында Ба¬тыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б.з.б. VIII—III ғасырларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары (массагет, яксарт, дай немесе даха, фарат, комар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспий және т.б.) туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қолжазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды "азиялық скифтер" деп, ал парсы тарихшылары "сақ" деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады .
Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпа-лар өнерінің ықпал-әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз таныр едік. Бұған дәлел — қазақтың алғашқы ою-өнрнек үлгілерінен андронов сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларынан ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құмыралардың біращзы геометряиыщқ ою-өрнекпен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Қиқымнан және "лотос қауызы" тәрздес етіп жасалған өрнектер (б.з.б. III—ІІ.ғ.ғ.) Теңлік қорғанынан табылған (Алматы облысы). Әдетте, өрнек ыдыстың мойнына, иініне немесе түбіне жақып жерге салынған. Құмыраға тең бүйірлі шимақталған үшбұрыш, сынық сызықтар, меандр, ойық үшбұрыштар немесе ыдыстың мойнынан бүйіріне қарай кеннелюр түріндегі ою-өрнек салу кола дәуірінде кең тараған. Неолит және қола дәуірінен бізге белгілі "ұлу" өрнегі қоғам таптык, құрылысұа бөліне бастаған кезде пайда болган деген болжам бар. Талдықорғаннан 1960 жылдары X.Арғынбаев тапқан қазанда "ұлу" ою-өрнегі бейнеленген. Бұл өрнектің элементі көптеген тайпалардың нышан таңбасы ретінде бейнеленіп келген. Ал ол Орта ғасырларда сәулет өнерінде кең қолдана бастады. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде, Батыс Қазақстандағы (XVIII-XIX ғ.ғ.) құлпытастарды көп бейнеленеді. Қола дәуірінде шеберлер көбінесе тұрмыс-тіршілікте қолданатын заттарға космогониялы, геометриялық және жан-жануарлар мен аңдардың, құстардың реалдық және мифтік суретін бейнеленген. Ал саз балшықтан жасаған кұмыраларды геометриялық ою-өрнектермен әрлеген.
Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән тума ерекшеліктері сол халытың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдемиетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Қазақ қолөнерінің ертеректе пайда болғанын Досбай тауларында бейнеленген суреттер, Ұлытаудан табылған керами¬ка ыдыстары дәлел бола алады.
Ежелден қалған ою-өрнектер туралы жазба деректер жоқ, демек өнердің осы саласы туралы деректерді ғалымдар көне ескерткіштерден алып, ел ауызынан жинап, бір жүйеге келтірді, сөйтіп ғылыми айналысқа түсірді. Ою-өрнек қалай және қандай себептен пайда болды? Бұл сұрақтың дөл жауабы әлі табылған жоқ. Бір ғалымдар, атап айтқанда, Л.Я. Штернберг: "ою-өрнектің алғашқы нұсқалары діни сенімге байланысты пайда бол¬ды" десе, А.В.Филипов: "ою-өрнек" ырғақ өнері мен нышандардың тұтасуынан туған дүние", — деп тұжырым жасайды. Ежелден қалған ескерткіштерде бейнеленген ою-өрнектер белгілі бір ұғымды білдіреді деген тұжырым ғылыми тұрғыдан дәлелденгенімен, олардың нышандық мәні, атаулары, нұсқалары, ортақ ою-өрнек нақыштары санаулы ғана.
Ғалымдардың пайымдауынша, ою-өрнектің пайда болуының бірнеше себебі бар. Адамзат ғасырлар бойы әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, сондықтан сұлу нұсқаны тұрмыстық заттарды безендіру үшін пайдаланған. Ою-өрнек өнерінде белгілі бір халыққа ғана тән негізгі көркемдік ерекшеліктер сақталады, сондықтан ол халықтың бейнелеу, сұлулықты..........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Мәліліметтер базасын басқару жүйелері
» Курстық жұмыс: Технология | Күре жолдар арқылы деректерді жобалау
» Курстық жұмыс: Информатика | Ақпарат жүйелерін жобалаудың әдістемелік негізін жүйелік қарастыру
» Курстық жұмыс: Информатика | ПРОЦЕССОРЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫ
» Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Аэропорт анықтама бюросы
» Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Мәліліметтер базасын басқару жүйелері
» Курстық жұмыс: Технология | Күре жолдар арқылы деректерді жобалау
» Курстық жұмыс: Информатика | Ақпарат жүйелерін жобалаудың әдістемелік негізін жүйелік қарастыру
» Курстық жұмыс: Информатика | ПРОЦЕССОРЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫ
» Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Аэропорт анықтама бюросы
Іздеп көріңіз: