Курстық жұмыс: Экономика | ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Мазмұны
КІРІСПЕІ ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
1.2 Нарық жағдайындағы фирманың даму стратегиясы
ІІ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
2.1 Өндірістік шығындар туралы концепциясы
2.2 Шығындардың түрлері, фирмадағы шығындар және еңбек өнімділігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБЕТТЕР
КІРІСПЕ
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардын. немесе кәсіпкерліктің үш түге атап кетуге болады
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік
• серіктестік немесе партнерлік,
• корпорация (акциөнерлік қоғам)
Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілік — капиталының аз мөлшерде болуы Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандай болмасын өзі жүргізе алады Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз он және одан көп адам иелік ететін бизнес Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады Артықшылығы ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшы-лығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
• фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;
• фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүлікгерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағьш анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.
І ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі — акциөнерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;
• акциөнерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акциөнерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер зандық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
• басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;
• корпорацияның тұрақты кызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акциөнердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:
• акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі — корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
• экономикалық бейәрекеттердін, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;
• меншіктену мен бақылау кызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ыңталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан көп.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise — жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture — бел байлау, төуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзиигке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың, баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.
Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналасатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келіседі, күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.
Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазакстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:
• Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;
• халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;
• ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші бизнестің әлеуметтік-саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылатын «орташа» таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму карқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.
• Бұның ішкі және сырткы себептері аз емес: Ішкі факторлар:
• старттық капиталдың жетімсіздігі;
• банкілермен байланыстың нашарлығы. Сыртқы факторлар:
• қиынсыз салық жүйесі:
• зандардың шикілігі, тұрақсыздығы;
• «криминалдық прессинг».
Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш бағыт жүргізу қажет:
• шағын бизнестін ішкі ортасын жақсарту керек;
• нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;
• шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту. Орташа бизнестің ролі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға арналған техника жасау, қала сағаттарын жөндеу) т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Енлі мынадай сұрақтардың реті келіп түр:
1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?
2. Фирмалар не үшін құрылады?
3. Нарық мүшелерінің әрқайсысын минифирма болдырып, меліктен барлық экономика «жаппай, түгел» нарық түрін алмайды?
Баршаға мәлім, нарық бостандық әкеледі, ал әкімшілдік, иерархия, бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостанлықка шек қояды. Мәселе нарық механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың әр мүшесі өздерінің жеткізушілері мен жабдықтаушылары және сатып алушылары туралы, келімсөз жүргізу және келісімшарт талаптарының орындалуы туралы информация алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар трансакциондық (лат. transact!o «келісім») шығындар деп аталады.
Бұл шығындар нарықтық агенттердін бір-бірімен қатынастарын келістіру процесінде пайда болады. Егер экономика тек жалғыз физикалық тұлғалардан тұрьш, «жаппай, тағы» нарық болса, миникелісімдер өте көп болғандықтан, трансакциондық шығындар тым көп болар еді. Фирманы ұйымдастыру, осы шығындарды төмендетудің әдісі болып табылады. Фирмалар нарықтық механизмді шектеп, жою мақсатымен, нарыктық үйлесімнің қымбат болғандығына жауап ретінде құрылады деген тұжырымдар жоқ емес. Шынында, трансакцияларды нарықтың кемегінсіз, фирманың ішіңде жасау арзан түседі екен. «Иерархия» (фирма) мен нарықтың бір-бірінен артықшылығы жоқ.
Нарықтық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру арқылы, фирманың қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті шығындары мен әкімшілік бақылауды қолданудың шекті шығындарының тендесу нүктесі арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін «иерархия» (фирма) пайдалы болады, ал содан кейін — нарық пайдалы. Фирманың оптимадтық көлеміне өндірістің саласы, технология, фирманың интеграциялану дәрежесі, т.б. әсер етеді.
Фирма теориясында фирмалар тік және көлденен интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді.
Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.
Көлденең интеграция — бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі — ди-версификация (ағылшынша diversification — саналуан, көптүрлілік). Бұл, бір-бірімен технологиялық, байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон-де-Немур» химиялық тал жіп (талшық), дәрі-дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірістерін біріктіріп отыр.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уакытқа дейін ол ерекше ұйымдық-құқыктық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді.
Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның (адамның) компаниясын» құруды кездейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық, емес ұйым ретінде — меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
Нарықтық түсінім жағынан «кәсіпорын» кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастыру — құқықтық формасы емес, ол тек мүліктік кешен — ғимараттардың, құрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол унитарлық болады, өйткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде (мемлекеттің, муниципалдык, құрылымдардың) болады, сондықтан жұмыскерлердің арасында бөлініске түспейді.
Унитарлық кәсіпорынның бір түрі — федералдық қазыналық кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.
Өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп тұтатын ұйымдар жатады.
Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің. арасында бөлуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымдардың формалары:
• шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
• өндірістік кооперативтер;
• мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар. Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:
• толық серіктестік;
• сенімді серіктестік (коммандиттік серіктестік
• жауапкершілігі шектелген қоғам;............
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Менеджмент | Жетістікке жеткен менеджердің сапасы
» Курстық жұмыс: Менеджмент | МЕНЕДЖМЕНТ -- ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН БҮГІНГІ КҮН КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ.
» Курстық жұмыс: Менеджмент | Фирманыц менеджменті
» Курстық жұмыс: Менеджмент | Фирманы үйымдастыру
» Курстық жұмыс: Маркетинг | ФИРМАНЫ БАСҚАРУ
» Курстық жұмыс: Менеджмент | Жетістікке жеткен менеджердің сапасы
» Курстық жұмыс: Менеджмент | МЕНЕДЖМЕНТ -- ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН БҮГІНГІ КҮН КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ.
» Курстық жұмыс: Менеджмент | Фирманыц менеджменті
» Курстық жұмыс: Менеджмент | Фирманы үйымдастыру
» Курстық жұмыс: Маркетинг | ФИРМАНЫ БАСҚАРУ
Іздеп көріңіз: