Курстық жұмыс: Тарих | Фашистiк Германияның өркендеуi

Курстық жұмыс: Тарих | Фашистiк Германияның өркендеуi

Мазмұны
Кiрiспе
1. Тарау. Германияның әлеуметтiк саяси бағыты.
1.1 Германиядағы саяси дағдарыстың әсер етуi.
1.2 Фашизмнiң етек алуы. Германиядағы капитализмнiң тұрақтануы.
1.3 Экономикалық дағдарыс және фашизмнiң келуi.
II Тарау. Фашистiк Германияның өркендеуi.
2.1 Адольф Гитлердiң өкiмет басына келуi.
2.2 Фашистiк Германияның саяси бағыты.
2.3 Фашистiк Германияның экономикасының өрлеуi.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi.

Кiрiспе
ХХ ғасырдағы Германиядағы ең елеулi оқиғалардың бiрi фашистердiң билiк басына келуi болды. Фашистердiң билiк басына келуi тек Германиядағы саяси өмiрдi ғана түбiрлi өзгерiске ұшырытып қана қоймай, бүкiл европадағы, сәл кейiнiрек бүкiл дүние жүзiндегi саяси өмiрдiң шиеленiсiп кетуiне әкелдi. Фашистер Гермениядағы билiктерiн қанағат тұтпай, әлемдi билеу идеясын тудырып, нәтижесiнде әлемге қасiрет әкелген екiншi дүниежүзiлiк соғыстың тұтануына тiкелей себепкер болды. Сондықтан осындай агрессияшыл өкiметтiң әлеументтiк – экономикалық және саяси қызметтерiмен танысу, оны зерттеп бiлу, болашақта мұндай қатерден сақтануға, бұндай жолдан аулақ болуға септiгiн тигiзерi анық.
Германияның экономикалық-саяси тұрақтануы елде ірі буржуазияның империалистік бағыттағы сыртқы саясаттың қалыптасуына әкелді. 1924 жылғы желтоқсан айындағы рейхстаг сайлауында iрi буржуазия партиялары жеңіске жетті. Германияның канцлері Лютер үкімет құрды. Үкіметтің құрамында ірі буржуазия болды. ГСДП-сы бұрынғыша оппозицияда қалды. 1925 жылы елдің президенті Эберт өліп, оның орнына реакциялық топтан кайзер генералы монархияны жақтаушы Гинденбург сайланды. Германия үкіметінің сыртқы саясаты Версаль бітімін жою үшін күреске шығып, қайта бөлу бағытында жүргізілді. Лютер үкіметі елдегі фашизмге арқа сұйеп, Ұлтшылдық саясатты жалғастырды. Фашизм ұйымдасқан түрде саяси күшке айналып, 1925 жылы А.Гитлер Ұлттық социалист неміс жұмысшы партиясын (НСДАП- неміс сөзінен қысқартылған) құрды.
Капитализмнің уақытша тұрақтану кезінде Германияның сыртқы саясаты нығайып, АҚШ үкіметінің қамқорлығына бөлене бастады. 1924 жылы Лондон конференциясында «Дауэс жоспары» Германияның репарациялық төлеуін жеңілдетіп, ішкі экономиканың тұрақтануына әкелді. 1925 жылы Локарно конференциясында Франция, Бельгия және Ұлыбритания Германияның батыс шекарасының қауіпсіздігіне кепілдік берді. Сөйтіп, Германияның империалистік топтары шығыс саясатын еркін жүргізуге мүмкіндік алды да, 1926 жылы Ұлттар лигасына толық мүшесі болып қабылданды. Империалистік елдердің қолдауымен 1927 жылдан бастап Германияға қойылған әскери шектеу алынып тасталды. Германия өзінің армиясын көбейтуге және қаруландыруға қол жеткізді және Рур облысынан Франция мен Бельгия әскерлерін шығаруға келісті. Версаль бітіміндегі әскери шектеу тежеле бастады.
Германиянын сыртқы істер министрі Штреземан «Рапалло келісімін» пайдалана отырып, КСРО елімен достық қатынасты дамыта түсті. Сөйтіп Батыс пен Шығыс елдері арасында екі жақты саясат жүргізді. Кеңестік Ресеймен сауда-экономикалық қатынастың дамуын Германиядағы демократиялық күштер ГКП-сы мен жұмысшы табы қолдап отырды. Германия империалистік елдер арасында бірінші болып Кеңестік Ресеймен достық қатынас орнатқан ел болды. Рапалло келісімінен кейін 1925 жылы Герман-Кеңес сауда келісіміне қол қойылса, 1926 жылы екі ел арасында бейтараптық келісімге қол қойылды.
Екі жақты саясат Германияның экономика-сауда қатынасының дамуына, Еуропадағы бейбітшілікті сақтауға мүмкіндік жасады.
Зерттеудiң хронологиялық шеңберi осы дүниежүзiлiк дағдарыстың болып өткен 1929-1933 жылдар аралығын қамтиды.
Курстық жұмыстың құрылымы - жоспардан, кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Германияның әлеуметтiк саяси бағыты.
1.1 саяси дағдарыстың әсер етуi.
«Спартак одағы» Кеңестің I съезінде жеңіліс тапқаннан кейін, революцияның сабақтарын ескере отырып, маркстік партия құру керек екенін түсіне бастады. 1918 жылдың соңында желтоқсан айының 30-ы күні партия конференциясында Германия коммунистік партиясының құрылғандығы жарияланды. Конференция жұмысында РЛюксембург партияның бағдарламасы туралы соз сөйлеп, ГКП-ның негізгі мақсаты - социалистік революция арқылы пролетариат диктатурасын орнату екендігін айтты. Конференцияда сөз сөйлеген К.Либкнехт партияның Ұлттық жиналысқа көзқарасы туралы айтып, Ұлттық жиналыс сайлауына бойкот (бас тарту) жариялады.
Коммунистік партия конференциясында қабылданған шешімдер сол кездегі тактикалық қателіктерге апарды. Бұқара халық үшін күресте өздерінен өздері оқшауланды. Кейіннен В.И.Ленин бұл қателіктерді «солшылдардың балалық ауруы» деп бағалады. Германия коммунистік партиясы Еуропа елдерімдері тұңғыш маркстік партия болды. Ол таптық мүддеге бағытталып құрылып, марксизм-ленинизм ілімін жақтап неміс пролетариаты арасында кең түрде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
1919 жылдың басында Германияда революциялық толқулар күшейе бастады. ГКП халықты қарулы көтеріліске шақырып, үгіт-насихат жұмысын белсенді түрде жүргізді. Буржуазия революциялық қозғалыстан сескеніп, жұмысшы табына қарсы күреске шығуға дайындалды. Кеңес съезінде жеңіліс тапқан революциялық топтар билікті қарудың күшімен алуға шықты. Халық көтерілісінің басталуына Берлин қаласының полиция бастығы Э.Эйхгорнның жұмыстан босатылуы себеп болды. Берлин жұмысшы табы және солшыл саяси күштер ТСДП және ГКП үкіметке қарсы саяси талаптар қойып, ереуілге шақырды. Эйхгорнның қайта жұмысқа алынуын талап етті, контрреволюцияға Қарсы қайтадан қарулы көтеріліске шақырды. Қаңтар айының 5-і күні Берлин қаласында 100 мың адам демонстрацияға шықты. Олар Эбердің үкіметтен кетуі, Халық уәкілдер кеңесін тарату туралы саяси талаптар қойды. Революцияны басқару үшін ТСДП басшылығымен қимыл комитеті кұрылды. Тәуелсіз социал-демократ партия басшысы үкіметпен келісімге келіп, халық қозғалысын басуға шақырып отырды. ГКП-ның мүшелері де бұл көзқарасты қолдады. Сөйтіп, каңтар айындағы ереуіл біртіндеп жеңіліс таба бастады. Революциялық өрлеуді Германияның Брауншвейг, Гамбург, Галле, Бремен қалаларындағы жұмысшы тобы да қолдады. Берлин қаласындағы ереуілді басу үшін қаңтардың 12-і күні Германия әскер басшысы Носкенің басқаруымен еріктілер әскерлері келіп, ереуілге қатысушылар мен үкімет әскерлерінің арасындағы соғыс қимылдары бірнеше күнге созылды.1919 жылы қаңтардың 15-і күні контрреволюцияшылдардың қолынан Роза Люксембург пен Карл Либкнехт қаза тапты. Революция жеңіліс тауып, караша революциясы барысында құрылған кеңес атқару комитеттер таратылды. 1919 жылы революция жалғасын тауып, сәуір айында Бавария Кеңес Республикасы құрылды. Бірақ та қолдарында күштері бар контрреволюция, оны қолдаған ТСДП-ның басшылары мамыр айында жеңіске жетіп, Германиядағы тұңғыш Бавария кеңес өкіметі құлады. Қараша революциясының үшінші кезеңі 1919 жылғы 19 қаңтардағы Ұлттық жиналыс сайлауының өтуімен, революциялық күштердің жеңіліс табуымен аяқталды.
Германиядағы қараша революциясының мәні туралы Кеңес тарихнамасында социалистік революция болды деген көзқарас болып келді. Оның себебі - 1918 жылы қаңтардың 9-ы күні К.Либкнехт Берлин жұмысшы табының алдында сөз сөйлеп, «Социалистік революция жасасын» деп ұран тастаған болатын. Екінші себебі - революция барысында құрылған кеңес өкіметі болды. Бірақ социалистік революцияның негізгі мақсатының шешілуіне елде жағдай жоқ болатын. Революцияға жұмысшы тобының одақтасы - шаруалар қатысқан жоқ, жер мәселесі буржуазия мүддесіне сәйкес шешілді. Германияда монархия құлатылып, буржуазиялық республика құрылды. 1918-1919 жылдардағы қараша революциясы мәні жағынан буржуазиялық-демократиялық революция болды. Қараша революциясын төрт кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі - қараша айының 10 күні Халықтық кеңес үкіметінің құрылуы; екінші кезеңі -қарашаның 10-нан желтоқсан айының 16-ы аралығындағы Кеңестің 1 съезінің шақырылған күніне дейін; үшінші кезеңі -желтоқсанның 16-нан 1919 жылдың қаңтар айының 19-ы аралығындағы Ұлттық жиналыстың сайлауына дейін; төртінші кезеңі 1919 жылдың ақпан айында Веймар буржуазиялық Республикасының құрылуымен аяқталды. Германия тарихында буржуазиялық республиканың құрылуының маңызы зор болды. Германияның қоғамдық-саяси дамуы демократиялық даму жолына түсті.
Веймар Республикасының құрылуы және оның Конституциясы. 1919 жылы қаңтар айының 19-ы күні Германияда Ұлттық жиналысқа сайлау өтті. Сайлауда 54,5% дауыспен буржуазиялық партиялар жеңіске жетіп, Ұлттық жиналысқа (парламент) буржуазиялық депутаттар сайланды. Сайлаудан кейін ақпан айының 6-ы күні Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың сессиясы өз жұмысын бастады. Елдің Веймар Республикасы болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегі саяси тұрақсыздықпен сәйкес келді. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған революцияға жалғасты, буржуазия үкіметті өз қолына алғанымен, Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілгендігін мойындады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс депутаттары Германияның жаңа үкіметін құруға, алдағы үкіметтің міндеттерін анықтауға кірісті. Ұлттық жиналыстың қолдауымен Ф.Шейдеман бастаған үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партияларынан өкілдер кірді. Веймар Республикасының президенті болып Ф.Эберт сайланды.
Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау мәселесі өте тартысты жүрді. Үкіметтің әлеуметтік бағдарламасы да қызу тартыста өтті. Елдегі саяси күштердін ара салмағын ескере отырып, Ұлттық жиналыс шілде айының 31-ы күні Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекітті. 1919 жылы тамыз айының 4-і күні Конституция өз күшіне енді.
Веймар Конституциясы Германияны республика деп жариялады. Халық - өкіметтік биліктің негізгі тірегі болды. Сонымен қатар еңбек етуге, адам құқықтарын қорғауға, білім алуға Констигуция кепілдік берді. 20 жасқа толған азаматтарға жалпыға бірдей сайлау құқығы берілді және референдум (жалпыхалықтық сұрау) өткізуге рұқсат етілді. Конституция бойынша Германияның заң шығарушы парламенті - Рейхстаг. Жергілікті неміс жерінде заң шығарушы парламент - ландтаг болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парламентінің жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68 депутат сайланды. Германия парламенті Конституция бойынша екі палатадан тұрды. Рейхстаг - жалпыға бірдей сайлау арқылы; жоғарғы палата Рейхсрат - жергілікті неміс жерінің парламент депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге және шыққан заңдарды бекітуге құқылы. Рейхсрат-бақылаушы орган және вето қоюға құқылы болды.
Конституция бойынша атқарушы билік президенттің колында болды. Президент өкімет басшысын (канцлер) және министрлерді тағайындады. Президент елдің жоғарғы әскери қолбасшысы болды. Президент конституцияның 48-бабына сәйкес, елде төтенше жағдай жариялауға, парламентті (рейхстаг) таратуға және Конституцияның баптарына өзгерістер енгізуте құқылы болды. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы 7 жылға сайланды. Веймар Республикасының Конституциясы президентке жеке билік жүргізуге мүмкіндік жасады. Веймар Конституциясы буржуазиялық демократияның қалыптасып, дамуына жол ашты.
1919 жылы наурыз айында Ұлттық жиналыс экономикалық-әлеуметтік бағдарламаны бекітті. Бұл бағдарлама бойынша жеке меншіктің барлық түріне кеңшілік жасалды. Өндірісті басқару және реттеу мемлекеттің құзырында болды. Көмір өндірісіндс жеке меншікті сақтай отырып мемлекеттік реттеуге берді. Көмір өндірісін басқару үшін «Империялық көмір кеңесі» деп аталган мемлекеттік мекеме құрылды. 1919 жылы сәуір айында Ұлттық жиналыс өндірісті басқаруда фабрика-завод комитеттерін құрды. Бұған жұмысшылар кең қамтылды. Өндірістік кеңес ең жоғарғы басқару құқына ие болды. Әлеуметтік бағдарлама мемлекеттік реттеудің жаңа үлгісі - мемлекеттік-монополиялық капитализмнің негізгі механизмі болса, фабрика-завод комитеті өндірістегі еңбек ынтымақтастығын қалыптастырудағы басқару жүйесі болды. Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия реформаны кең түрде жүргізе алды. Әлеуметтік реформа қараша революциясынан кейінгі еңбекші халықтың жеңісі бола алды.
1919 жылғы қаңтарда өз жұмысын бастаған Париж конференциясы Германияда саяси дағдарыстың күшеюіне әкелді. Версаль бітімі жеңген елдердің Германиямен арадағы келісімі неміс халқы үшін ең ауыр сын болды. Германия келісім барысында өзінің отарларынан айрылды. Олардың қатарында Эльзас және Лотариния кемір бассейндері де бар. Германия жеңген елдерге 132 млрд алтын марка репарациялык, төлем төлеу керек болды. Версаль бітімі Германияда неміс халқының Ұлттық намысына қатты соққы болып, Германияның саяси дамуы барысында пайда болған Ұлтшылдық барыттағы саяси ұйымдар халықты кек алуға шақыра бастады. Оңшыл саяси топтар мен консерватор-милитаристік күштер бірігіп үкіметке қарсы күреске, Версаль бітіміне қол койған адамдарды жазалауға шақырды. Арандатушы-милитаристік күштер фашистік топтар құруға кірісті. Алғашқыда халық арасында оларды қолдаушылар аз болды. Фашизмнің әлеуметтік негізі - люмпендер, соғыстан қайтқан солдаттар, жұмыссыздар, жастар және орта топқа жататындар, қоғамнан әлі де болса өз орындарын таппаған адамдар. Үкіметке қарсы реванш - Ұлттық әскери ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдардың негiзгі қызметі террор, кек алу еді. Олардың алғашқы құрбаны 1918 жылгы қараша айында Компьен орманындагы келісімге қол қойган Центр партия-сының басшысы М.Эрнбергер. 1922 жылы Рапалло келісіміне қол қойған Сыртқы істер министрі В Ратенау болды. 1919 жылы Мюнхен қаласында «сыра бұлігін» бастаған А.Гитлер алғашқы фашистік ұйымдарды құруға қатысып, фашизм біртіндеп нацистік (Ұлгшылдық) идеологияға айнала бастады. Елдегі саяси дағдарыстың күшейіп тұрған кезінде, 1920 жылы тұңғыш парламент сайлауы өтті. Жаңа үкімет кабинеті құрылды. Канцлер болып Ференбах тағайындалды. Бірақ елдегі саяси дағдарыс үкіметтің жиі алмасуына әкелді. 1921 жылы мамырда канцлер Ференбах репарация төлеуден бас тартып, отставкаға кетуге мәжбүр болды. 1922 жылы Центр партмясының басшысы И.Вирт үкімет құрды, бірақ үкіметтік дағдарыс И.Виртты отставкаға кетуге мәжбүр етті. 1922-1923 жылдары жаңа үкіметті Куно құрды. Жаңа үкіметтің репарациялық төлемнен бас тартуы 1923 жылы Франция-Бельгия армиясының Рур көмір бассейнін басып алуға алып келді.
1923 жылы қаңтардың 11-і күні Франция мен Бельгия әскерлері Рейн-Рур облысын басып алды. Ол Батыс Германиядағы ең ірі өндіріс орталығы болатын. Көмірдің 70%, болат және шойынның 50%-ы Франция мен Белгияның қолына көшті. Олардың Рур облысын басып алуы немістердің ашуызасын келтіріп, елде саяси дағдарыстың тереңдеуіне әкелді. ГКП-сы халықты революцияға шақырып, біртұтас жұмысшы майданын құру арқылы буржуазиялық үкіметке қарсы күреске шақырды. Неміс буржуазиясы халықты отан қорғауға, «Отанға қауіп төнді» деген ұрандармен Ұлттық бірігуге бастады. Куно бастаған үкімет халықты жаулап алған жерді қайтарып алуға шақырды. ГСДП және кәсіподақ ұйымы үкіметтің саясатын қолдап, жұмысшы тобы бірлігіне шақырып, Ұлттың санасын оятып, елді жаудан қорғауға үгіт-насихат жұмысын белсенді түрде жүргізді. Рур оқиғасы Германияның экономиялық дамуына кері әсер етті, өндіріс өндіру көлемі азайды, инфляция дамып, жалақы төмендеді. Елдің қаржы-ақша құрылысы алтын қорының азаюына әкелді. Үкімет екінші жағынан бұл саясатқа сылбыр келісіп, өзіндік саясат жүргізді.
1.2 Фашизмнiң етек алуы және Германиядағы капитализмнiң тұрақтану.
Елдегі экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. 1923 жылы жаз айында Рур облысында көмір, тау-кен жұмысшылары ереуілге шықты. Ереуілге шыққан жұмысшылардың саны 400 мың адамға жетті. Шілде айында Берлин қаласында, Силезияда 250 мың адам қатысқан ереуілдер болды.
Куно үкіметті, елді басқара алмай, елде жалпы германдық қозғалыс кең етек алып, 2 млн адам қатысқан ереуілдің нәтижесінде Куно үкіметі отставкаға кетті. 1923 жылы тамыз айының 13 күні Неміс халық партиясы (ННП) басшысы Штреземан «Үлкен бірлік» үкіметін құрды. Үкіметтің құрамына ГСДП мүшелері де кірді. Штреземан елдегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында экономикалық заңдар қабылдап, елдің бюджетін тұрақтандыру үшін салықты көбейту, жаңадан алтын марка шығару сияқты шараларды жүргізді. Бұл жүргізілген шаралар елдегі дағдарысты тоқтата алған жоқ. Қазан айының 13-і күні рейхстаг Штреземан үкіметіне төтеніпе жағдай жариялауға келісім берді. Елде қараша революциясынан кейінгі революциялық ахуал кең етек алды. Елде әскери диктатура жеке билікті өз қолына алып, революцияға қарсы қарулы күшпен Саксония, Тюрингиядағы ереуілді басты. ГКП-ына тыйым салды, ГСДП-үкіметпен ынтымақтан бас тартып, құрамынам шығып, ГСДП-оппозицияға айналды. Фашизм бұлігі күшейді. Фашизм елде кең етек ала бастады. Фашисттік бүлікті басып, демократияға жол ашылды. 1923 жылы қарашада Штреземан үкіметі отставкаға кетіп, оның орнына буржуазиялық В.Маркс үкіметі құрылды. 1922-1923 жылдардағы революциялық қозғалыс жеңіліс тауып, контрреволюция жеңіске жетті. Сөйтіп 1918-1923 жылдар аралығында Германияда саяси оқиғалар буржуазиялық-демократиялық қоғамға көшуге жол ашып, буржуазия бейбіт өмірге көшіп, капитализм тұрақтану дәуіріне өтті.
1924 жылы дүниежүзілік капитализм саяси дағдарыстан шығып, тұрақтану кезеңіне аяқ басты. Капитализмнің тұрақтануының негізгі себептері неде? Біріншіден, 1918-1923 жылдардағы революциялық қозғалыстың барысында буржуазия реформалық көзқарастарын іс жүзіне асырып жеңіске жетуі; екіншіден, революцияға белсенді қатысқан пролетариат тәжірибесінің аздығы, В.И Лениннің сезімен айтқанда, маркстік партиялардың жұмысшы табын дүниежүзілік революцияға бастай алмауы. Осының нәтижесінде дүниежүзілік жұмысшы қозғалысы жеңіліс тапты; үшіншіден, революциялық толқудың бәсеңдеуі: Сол кездегі социал-демократтардың буржуазиялық реформа саясаты капитализм қоғамының бейбіт жолмен қайта құрылуына әкелді.
Капитализм жеке меншікті сақтай отырып, мемлекеттік-монополиялық капитализмнің жаңа жолымен, яғни көптеген елдерге экономиканы мемлекет арқылы реттеу жолымен экономикалық дамуға көше бастады. Бұған мысал ретінде Германия мен Ұлыбританияны алуға болады. Капиталистік өндірістің өнім шығаруының өсуі сауданың дамуына әкелді. Өндірістің құрылымы өзгеріп, жаңа технологиялар енгізіліп, өндірістің жаңа салалары (автомобиль, электротехника, химия, синтетика) дамыды. Социал-демократиялық қозғалыстағы реформизм таптық ынтымаққа әкелді. Капитализм өзінің түрақтану кезеңі - жаңа қоғамдық өзгеріс кезеңінде дүниежүзіндегі түңғыш социализм елі КСРО-ға қарсы тұруымен ерекшеленді. Дүниежүзілік екі қоғамдық жүйе - капитализм мен социализм арасындағы таптық күрес барысында капитализм тұрақтану кезеңін бастан кешірді.
Капитализмнің тұрақтануы Веймар Республикасының экономикалық дамуының барлық саласын қамтыды. Экономиканың тұрақтануына әсер еткен жағдай - Маркс үкіметінің төтенше жағдайда жүргізілген қаржы-экономикалық шаралары. Олар әлеуметтік топқа бөлінген мемлекеттік бюджетті қысқарту, жұмыссыздыққа бөлінген қаржыдан бас тартты.
Жұмысшы ереуіліне тыйым салды, кәсіпкерлерге кең жол ашты. Салықтың мөлшері өсті. Федералдық бюджет салық арқылы толықтырылды. Капитализмніц тұрақтану жылдарында репарациялық төлем төлеу реттеле бастады. «Дауэс» жоспары АҚШ-тың көмегімен Германияның төлемін жеңілдетті. Репарациялық төлемді төлеу үшін тұтыну тауарларына салық өсті, темір жол және өндіріс орындарынан түскен таза табыстан мемлекеттік бюджетке қаржы бөліп отырды. АҚШ үкіметі Германияга 16 млрд марка мөлшерінде жеңілдетілген, ұзақ және қысқа мерзімді заемдар бөлді.
1924-1929 жылдардағы экономиканың дамуы айтарлықтай тұрақты бола алған жоқ. Бірақ 1926 жылдан бастап өнеркәсіп өнімдері көптеп шығарыла бастады. Ол 1929 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 117%-ға өсті. Германияныц әлемдегі үлесі 1923 жылы 8% болса, 1929 жылы 12%-ға артты. Көмір өндіру, химия және газ, электротехника саласы жедел қарқынмен дамыды. Капитапизмнің уақытша тұрақтану кезеңінде Германия экономикасының дамуына әсер еткен ішкі жағдайлар: .................
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Фашистiк Германияның өркендеуi курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]